Әкелер конференциясы

#1 слайд
Федоровка қазақ жалпы орта білім беретін мектебі
(әкелер конференциясы)
1 слайд
Федоровка қазақ жалпы орта білім беретін мектебі (әкелер конференциясы)
#2 слайд
Мақсаты:
— Мектеп пен отбасының өзара байланысын, қарым-қатынасын
нығайту;
— Отбасының қарым-қатынасындағы сенімділікті және
сыйластықты қалыптастыру;
— Бала тәрбиесінде Әкенiң рөлі ерекше екендігін
түсіндіру
2 слайд
Мақсаты: — Мектеп пен отбасының өзара байланысын, қарым-қатынасын нығайту; — Отбасының қарым-қатынасындағы сенімділікті және сыйластықты қалыптастыру; — Бала тәрбиесінде Әкенiң рөлі ерекше екендігін түсіндіру
#3 слайд
«Ана – өсiредi, Әке – үйретедi»
Аристотель
«Өмірге ұрпақ келтіріп, оны асырау арқылы әке өз
міндетінің үштен бірін ғана орындайды. Ол адамзатқа
адам, қоғамға қызметкер, мемлекетке азамат беруге
міндетті. Осынау үш міндетті орындауға қабілетті
бола тұра кімде-кім оны орындамаса айыпты».
Жан Жак Руссо.
3 слайд
«Ана – өсiредi, Әке – үйретедi» Аристотель «Өмірге ұрпақ келтіріп, оны асырау арқылы әке өз міндетінің үштен бірін ғана орындайды. Ол адамзатқа адам, қоғамға қызметкер, мемлекетке азамат беруге міндетті. Осынау үш міндетті орындауға қабілетті бола тұра кімде-кім оны орындамаса айыпты». Жан Жак Руссо.
#4 слайд
“Әке” әнімен шақырылған әкелерді қарсы алу.
Әкежаным менің асқар тауым, тірегім,
Бәрінен де сен қымбатсың білемін.
Қанат қағып кетсем алыс қияға,
Сен деп соғар жұдырықтай жүрегім.
4 слайд
“Әке” әнімен шақырылған әкелерді қарсы алу. Әкежаным менің асқар тауым, тірегім, Бәрінен де сен қымбатсың білемін. Қанат қағып кетсем алыс қияға, Сен деп соғар жұдырықтай жүрегім.
#5 слайд
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, ардақты әкелер, құрметті
қонақтар!
Бүгінгі біздің кездесуімізде, Әкелер, сіздер туралы
әңгіме қозғағымыз келеді. Әке… Бұл үш әріпті сөзде не
бар? Әке деген сөз – мейірімділік, ержүректік, әдептілік
деген ұғымдармен іспеттес. Әкенің бала дүние есігін
ашқаннан бастап, оның өсіп дамуына тигізетін әсері
маңызды екені баршаңызға мәлім
— Қадірменді әкелер!
Сіздің осы кездесуге үй шаруаларыңызды тастап, бас
тартпай келуіңіздің өзі – бала бақыты сіз үшін маңызды
екенін көрсетеді
5 слайд
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, ардақты әкелер, құрметті қонақтар! Бүгінгі біздің кездесуімізде, Әкелер, сіздер туралы әңгіме қозғағымыз келеді. Әке… Бұл үш әріпті сөзде не бар? Әке деген сөз – мейірімділік, ержүректік, әдептілік деген ұғымдармен іспеттес. Әкенің бала дүние есігін ашқаннан бастап, оның өсіп дамуына тигізетін әсері маңызды екені баршаңызға мәлім — Қадірменді әкелер! Сіздің осы кездесуге үй шаруаларыңызды тастап, бас тартпай келуіңіздің өзі – бала бақыты сіз үшін маңызды екенін көрсетеді
#6 слайд
Тренинг: «Мен үшін әке болу – бұл …»
Сөз басында мына ойыншықты (жұмсақ қонжық)
бір-бірімізге жалғай отырып, мына фразаны
аяқтайық! «Мен үшін әке болу – бұл… » (бақыт,
жетістік, байлық, арман, дәреже, мәртебе, өмір,
жауапкершілік … т.с.с.)
6 слайд
Тренинг: «Мен үшін әке болу – бұл …» Сөз басында мына ойыншықты (жұмсақ қонжық) бір-бірімізге жалғай отырып, мына фразаны аяқтайық! «Мен үшін әке болу – бұл… » (бақыт, жетістік, байлық, арман, дәреже, мәртебе, өмір, жауапкершілік … т.с.с.)
#7 слайд
«Әке, мені вальсқа шақыр!» бейнеролигін тамашалайық
– «Әке – отбасының тірегі», «Әке – асқар тау», деп
теңестіреді халық даналығы. Әр бала Әкесі мен анасының
махаббатының жемісі болғысы келеді. Бақытты бала тек
бақытты ата-анада ғана болады. Бала тәрбиесінде Әкенiң
рөлі ерекше. Психологтардың зерттеуі бойынша, егер
әкелер балаларымен тығыз байланыста болып, тәрбиелеу
міндетінің жүктемесін мойындарына алатын болса – анаға
қарағанда тигізетін әсері басым болатынын айтады.
7 слайд
«Әке, мені вальсқа шақыр!» бейнеролигін тамашалайық – «Әке – отбасының тірегі», «Әке – асқар тау», деп теңестіреді халық даналығы. Әр бала Әкесі мен анасының махаббатының жемісі болғысы келеді. Бақытты бала тек бақытты ата-анада ғана болады. Бала тәрбиесінде Әкенiң рөлі ерекше. Психологтардың зерттеуі бойынша, егер әкелер балаларымен тығыз байланыста болып, тәрбиелеу міндетінің жүктемесін мойындарына алатын болса – анаға қарағанда тигізетін әсері басым болатынын айтады.
#8 слайд
Ер бала әкені тыңдағысы келеді, оған ұқсас болғысы
келеді. Ерекше әсер, әрине – бірігіп ойын ойнау.
Көптеген зерттеулер нәтижесі бойынша, мысалы, ана
баламен ойын ойнаса, ол әкеге қарағанда, ойнай
отырып, баланы күтуді жалғастырады (мысалы: ойнаса
да, ол бала құлап қалмаса екен, немесе бір жерін
ауыртып алмаса екен, киімін ластап тастамаса екен
т.с.с.) Ал әке керісінше, күш, қозғалыс ойындарын
таңдайды. Осының салдарынан баланың даму
белсенділігі арта түседі
8 слайд
Ер бала әкені тыңдағысы келеді, оған ұқсас болғысы келеді. Ерекше әсер, әрине – бірігіп ойын ойнау. Көптеген зерттеулер нәтижесі бойынша, мысалы, ана баламен ойын ойнаса, ол әкеге қарағанда, ойнай отырып, баланы күтуді жалғастырады (мысалы: ойнаса да, ол бала құлап қалмаса екен, немесе бір жерін ауыртып алмаса екен, киімін ластап тастамаса екен т.с.с.) Ал әке керісінше, күш, қозғалыс ойындарын таңдайды. Осының салдарынан баланың даму белсенділігі арта түседі
#9 слайд
Шынымен де, әкенің бала өміріндегі рөлі зор.
Жастайынан баланы еңбекке баулу – анаға
қарағанда, әкенің рөлі зор. Тіпті мамандық таңдауда
да, әсіресе ер балалар әкенің ақыл-кеңесіне құлақ
түре отырып, өз болашақ мамандығын айқындайды.
Сондықтан да, құрметті ер жүрек әкелер, сіздер
балаларыңыз үшін ең беделді жандардың бірісіз
9 слайд
Шынымен де, әкенің бала өміріндегі рөлі зор. Жастайынан баланы еңбекке баулу – анаға қарағанда, әкенің рөлі зор. Тіпті мамандық таңдауда да, әсіресе ер балалар әкенің ақыл-кеңесіне құлақ түре отырып, өз болашақ мамандығын айқындайды. Сондықтан да, құрметті ер жүрек әкелер, сіздер балаларыңыз үшін ең беделді жандардың бірісіз
#10 слайд
«Сенің өміріндегі әкенің рөлі қандай?»
Сауалнама жүргізілді. 3-4 сынып оқушыларымен
10 слайд
«Сенің өміріндегі әкенің рөлі қандай?» Сауалнама жүргізілді. 3-4 сынып оқушыларымен
#11 слайд
Әке туралы жазған шығармалар
11 слайд
Әке туралы жазған шығармалар
#12 слайд
12 слайд
#13 слайд
13 слайд
#14 слайд
14 слайд
#15 слайд
«Ана – сая болар бағың болса, Әке – асқар тауың» дейді қазақта.
Бір күн бар, жылатар күн, жұбатар күн,
Бір күн бар, мұңайтар күн, қуантар күн.
Мейлі ол шаңырақ сәтті болсын, сәтсіз болсын,
«Әке» деген сезімді ұмытар кім,- дей отырып құрметті әкелерімізге
«Әке –ана» атты бейнероликті ұсынымыз.
15 слайд
«Ана – сая болар бағың болса, Әке – асқар тауың» дейді қазақта. Бір күн бар, жылатар күн, жұбатар күн, Бір күн бар, мұңайтар күн, қуантар күн. Мейлі ол шаңырақ сәтті болсын, сәтсіз болсын, «Әке» деген сезімді ұмытар кім,- дей отырып құрметті әкелерімізге «Әке –ана» атты бейнероликті ұсынымыз.
#16 слайд
«Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз. Жаманнан жақсы
туады, адам айтса нанғысыз» дейді халқымыз. Әр шаңырақта
әкенің орны ерекше. Әке – отбасының асыраушысы, отбасы
мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен
қарым-қатынасы, өнері мен білімі баланың көз алдындағы үлгі,
өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. Отбасының пейіл -
береке, ынтымағы үшін отағасының әділ, ұстамды болуы орасан
маңызға ие. Оның тәрбиелік рөлі де зор. Ер бала әкесімен сырлас,
жолдас, дос. Ол әрқашан бір әрекет жасау үшін әуелі әкесімен
сырласады. Ер баланың өсіп, жетіліп, өз алдына жеке тұлға болып
қалыптасуына, қоғамдағы өз орнын дұрыс табуына әкенің атқарар
еңбегі ерекше. Отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір -шапағат
көзі – әке. Әкенің бұл рөлі бала-шағаның әкеге, анаға деген
сүйіспеншілігімен, қамқорлығымен, ана жанын қас-қабағынан,
жанарынан танығыштықпен нығая биіктей береді
16 слайд
«Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз. Жаманнан жақсы туады, адам айтса нанғысыз» дейді халқымыз. Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке – отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнері мен білімі баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. Отбасының пейіл - береке, ынтымағы үшін отағасының әділ, ұстамды болуы орасан маңызға ие. Оның тәрбиелік рөлі де зор. Ер бала әкесімен сырлас, жолдас, дос. Ол әрқашан бір әрекет жасау үшін әуелі әкесімен сырласады. Ер баланың өсіп, жетіліп, өз алдына жеке тұлға болып қалыптасуына, қоғамдағы өз орнын дұрыс табуына әкенің атқарар еңбегі ерекше. Отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір -шапағат көзі – әке. Әкенің бұл рөлі бала-шағаның әкеге, анаға деген сүйіспеншілігімен, қамқорлығымен, ана жанын қас-қабағынан, жанарынан танығыштықпен нығая биіктей береді
#17 слайд
«Әке, мен сенің 1 сағат уақытыңды сатып алайыншы
бейнеролик көрсету.
Қазіргі кезде бәріміз де жұмыстың арбауында жүрген
адамдардың біріміз. Сондықтан да болар кейде
балаларымызға уақыт бөлмейміз де, балалардан
алыстаймыз.
Құрметті әкелер, балаларыңызға уақыт бөліп, оның
өмірдегі бағыттарын біле отырып, ақыл қоссаңыздар,
балаларыңыз мейірімге толы, адамгершілігі мол ұрпақ
болып өсетініне кәміл сенеміз
17 слайд
«Әке, мен сенің 1 сағат уақытыңды сатып алайыншы бейнеролик көрсету. Қазіргі кезде бәріміз де жұмыстың арбауында жүрген адамдардың біріміз. Сондықтан да болар кейде балаларымызға уақыт бөлмейміз де, балалардан алыстаймыз. Құрметті әкелер, балаларыңызға уақыт бөліп, оның өмірдегі бағыттарын біле отырып, ақыл қоссаңыздар, балаларыңыз мейірімге толы, адамгершілігі мол ұрпақ болып өсетініне кәміл сенеміз
#18 слайд
«Зорлық-зомбылықты алдын алу» бейнеролигі
Өкінішке орай, бақытты отбасылармен қатар
зорлық-зомбылық көріп жүрген отбасылар да
баршылық. Сондықтан да бір-бірімізге
мейірімді, қамқор болайық
18 слайд
«Зорлық-зомбылықты алдын алу» бейнеролигі Өкінішке орай, бақытты отбасылармен қатар зорлық-зомбылық көріп жүрген отбасылар да баршылық. Сондықтан да бір-бірімізге мейірімді, қамқор болайық
#19 слайд
Сіздерге арналған шағын кеңес.
ӘКЕГЕ КЕҢЕС (кеңес парақтарын тарату)
Егер баланы үнемі Сынап отырса, оның өмірге деген
Құлқы болмайды.
Балаға үнемі күлсе ол Бұйығы болып кетеді.
Бала үйде үнемі Төзімділікте өссе, ол – басқаларды түсінуге
үйренеді.
Бала Адалдықта өссе, ол Адал болып өседі.
Бала Қауіпсіз жағдайда өссе, ол адамдарға – үнемі
Сеніммен қарайды.
Бала Кекшілдікте өссе, ол Қатыгез болып өседі.
Бала Түсіністікте және Сүйіспеншілікте – өссе, ол бұл әлемнен
Махаббат табуды үйренеді.
19 слайд
Сіздерге арналған шағын кеңес. ӘКЕГЕ КЕҢЕС (кеңес парақтарын тарату) Егер баланы үнемі Сынап отырса, оның өмірге деген Құлқы болмайды. Балаға үнемі күлсе ол Бұйығы болып кетеді. Бала үйде үнемі Төзімділікте өссе, ол – басқаларды түсінуге үйренеді. Бала Адалдықта өссе, ол Адал болып өседі. Бала Қауіпсіз жағдайда өссе, ол адамдарға – үнемі Сеніммен қарайды. Бала Кекшілдікте өссе, ол Қатыгез болып өседі. Бала Түсіністікте және Сүйіспеншілікте – өссе, ол бұл әлемнен Махаббат табуды үйренеді.
#20 слайд
Құрметті әкелерімізге зор денсаулық,
жанұяларыңа мол бақыт, еңбектеріңе жеміс
тілей отыра осымен біздің конференциямыз
жабық деп жариялаймыз.
Келесі кездескенше аман – сау болыңыздар!
20 слайд
Құрметті әкелерімізге зор денсаулық, жанұяларыңа мол бақыт, еңбектеріңе жеміс тілей отыра осымен біздің конференциямыз жабық деп жариялаймыз. Келесі кездескенше аман – сау болыңыздар!
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген