Әлемдік мәдениеттің дамуына Орталық Азия халықтарының қосқан үлесі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әлемдік мәдениеттің дамуына Орталық Азия халықтарының қосқан үлесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Орта Азия халықтарының көп ғасырлық дамыған мәдениеті XIV-ғасырдың екінші жартысынан бастап қайтадан өрлей бастады. Мәдениетімізді дамытудағы жаңа өрлеуге жағдайлар жасалды. ХV-XVII ғасырда Самарқан, Бұқара қалаларында кітап миниатюрасы өркендеді. Орта Азия өнерінің тарихында Бұхарадағы кітап және ағаш пен тасқа ою-өрнек салу мектебі ашылып көрнекті орын алды. Сондай-ақ сәулет өнерінде әсемдік элементі ретінде қолданылған каллиграфия да асқан шеберлікке қол жеткізді.
Материалдың қысқаша нұсқасы
img_page_1
Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Слайдтың жеке беттері
I тоқсан 10 сынып Қазақстан тарихы №15 сабақ Тақырыбы: Әлемдік мәдениеттің дамуына Орталық Азия халықтарының қосқан үлесі

#1 слайд
I тоқсан 10 сынып Қазақстан тарихы №15 сабақ Тақырыбы: Әлемдік мәдениеттің дамуына Орталық Азия халықтарының қосқан үлесі Тарих пәнінің мұғалімі Ибраева Луза Дихановна Арқалық -2020“ Арқалық қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Кейкі батыр атындағы №4 жалпы орта білім беретін мектебі” ММ

1 слайд

Сабақ мақсаты:  Орталық Азия халықтарының материалдық мәдениет жетістіктерін талдау арқылы адамзаттың дамуына қосқан үлесін

#2 слайд
Сабақ мақсаты:  Орталық Азия халықтарының материалдық мәдениет жетістіктерін талдау арқылы адамзаттың дамуына қосқан үлесін қорытындылау;

2 слайд

Бүгінгі сабақта:  Ежелгі заманғы рухани дүниені зерттеу мәселелері;  Күнге табыну;  Отқа табыну;  «Аң стиліндегі» сақ өнері

#3 слайд
Бүгінгі сабақта:  Ежелгі заманғы рухани дүниені зерттеу мәселелері;  Күнге табыну;  Отқа табыну;  «Аң стиліндегі» сақ өнері туралы білеміз.

3 слайд

Рухани мәдениет Рухани мәдениет - әдебиет пен көркем шығармада, ар

#4 слайд
Рухани мәдениет Рухани мәдениет - әдебиет пен көркем шығармада, архитектуралық және өзге де ескерткіштерде көрініс табатын білім мен дүниетанымдық идеялар жүйесі. Андрондықтар мен сақтардың рухани әлемі Авестадан, жерлеу қорымдары мен бұйымдарынан көрінеді. Мысалы, қорымдарға мәйітпен бірге арбаны қоса көмуі, арбаның қастерленуі, Күн бейнелі таңбалар мен күлдің табылуы отқа табынуды білдіреді. Ежелгі адамның рухани өмірі туралы ақпаратты тасқа қашалған бейнелер - петроглифтерден алуға болады. Қазақстаннан петроглифтері бар көптеген ғибадат орындары (петроглифтер орналасқан жерлер ғибадат орны екендігін оның жанындағы құрбандық шалатын орындар дәлелдейді) табылды. Жартаста адамдар мен жануарлардың бейнесімен қоса, құдайлар, арбалар, құрбандық шалу әрекеттері, Күн таңбалары мен «өмір ағаштарының» қашап салынған суреттері кездеседі.

4 слайд

Күнге табыну Авестаның ежелгі бөлімдерінде Андронов тайпаларының аңыздары мен олар табынған құдайлар туралы айтылады. Ең баст

#5 слайд
Күнге табыну Авестаның ежелгі бөлімдерінде Андронов тайпаларының аңыздары мен олар табынған құдайлар туралы айтылады. Ең басты құдірет Күн бейнелі құдай болды. Ол достық пен махаббаттың үлгісі ретінде сипатталып, әділ сот деп есептелді, келісім кепілі мен сенім сақтаушысы саналды. Ежелгі малшылар Күн құдайы жеңіс сыйлап, малды аман сақтайды, тоқшылық пен байлық дарытады; ол жаулардың үйлерін талқандап, оларды соғыста жеңіліске ұшыратады деп сенді. Жетісудағы Тамғалы петроглифтері Күнгетабынудың кең таралғанын айғақтайды. Бұл жерден көптеген Күн бейнелі таңбаларды кездестіруге болады. Мұндағы басты бейне - адамдардан биік тұрған, үй жануарлары мен билеп жүрген адамдардың қоршауындағы «Күнбасты құдірет». Күн мен Ай құдайлары малдар мен адамдарды аман сақтайды деп саналды. Сондай-ақ бұқаға мінген үлкен Күнбасты құдірет кескіні де кездеседі. Бұл Күн құдайы мен оның cepi г i - шайқастар мен жеңіс құдайы болуы мүмкін. Күнге табыну сақ заманында да сақталды: «Алтын адамның» оң қолынан күн құдіреттің ойып салынған бейнесі бар жүзік та- былды (Күн құдайы тайпалар бірлестігінің көсемдері үшін келісім кепілі саналды). «Алтын адамның» баскиіміндегі қанатты аттың кескіні Күн күймесі деп те түсіндіріледі. Бүркіттің кескіндері де Күн құдайын сипаттайды (өйткені аңыз бойынша Күн құдайының арбасын аспанда не төрт от, не төрт бүркіт сүйреп жүреді). Күн құдайы бейнеленген жүзік. Есік қорғаны Бұқа мінген Күнбасты құдірет. Тамғалы

5 слайд

Отқа табыну Андрондықтар дәуірінің соңы мен сақ заманында Дала тайпаларында отқа табыну болғаны туралы деректер жиі кездесе

#6 слайд
Отқа табыну Андрондықтар дәуірінің соңы мен сақ заманында Дала тайпаларында отқа табыну болғаны туралы деректер жиі кездеседі. Жетісу сақтарында кездесетін қоладан жасалған құрбандық шалуға және иіс шығаруға арналған бұйымдар - отпен байланысты ғұрыптық заттар. Жерлеу ey құрылысы мен мәйітті өртеу де отқа табынумен байланысты салттар болды. Мәйітті отқа өртеп, оның күлі мен заттарын тас жәшікке салып жерледі. Отқа табыну туралы мол мағлұматты Бесшатыр мен Жетісу қорғандарынан кездестіруге болады. Қорған үйіндісінің сыртынан шеңберлей 94 тас қоршау орналасқан. Бұл жерден күлдер көп табылды. Әрбір қоршаудың ішіндегі жерлеу рәсімі кезінде от жанып тұрған және мәйітті шеңберлей жанған алаудың ортасында жерасты әлеміне аттандырған. Сақтар отты қоршау мәйіт жанының дүниеге қайта оралуына кедергі келтіріп, оны аспанға алып кетеді деп сенді. Сақтар киіміндегі алтын және қызыл түстердің басым болуын Күн мен отқа табынумен байланыстырады (олар қызыл киім киген адам Күннің рақымшылығын алады деп сенді).

6 слайд

Бабаларға табыну және о дүние туралы түсінік  Далалық көшпелілер мен жартылай көшпелілерде бабаларға табыну ерекше орын алды

#7 слайд
Бабаларға табыну және о дүние туралы түсінік  Далалық көшпелілер мен жартылай көшпелілерде бабаларға табыну ерекше орын алды. Олар өлгендердің рухына табынып, өздерін қорғайды деп сенді, ал қорымын қасиетті деп санады. Андрондықтар мен оларға жақын мәдениеттің күрделі жерлеу салттары олардың о дүниеге ерекше мән бергенін білдіреді. Жерлеу салттарын Жер-Ана құрсағына қайтадан оралу түсінігімен байланыстырады. Ортада қабір орналасқан дөңгелек қорғанды әлем бейнесі деп санады. Мәйіттің басын батысқа немесе оңтүстік батысқа, яғни Құдайға қарата жерледі. Андрондықтардың ұғымынша, жерасты әлемі жерүсті әлемі секілді орналасқан. Сондықтан қабірге ас салынған ыдыстар, қарулар, киімдер, әшекейлер мен басқа да керекті заттарды қойған. Бұл заттар марқұмның о дүниеде қамсыз өмір сүруіне қажет болады деп санады.  Б. з. б. І мыңжылдықтың басында Заратуштра есімді адам жаңа діннің негізін қалап, ең басты құдай Ахура-Мазда деп атады. Заратуштраның діні зороастризм Орталық Азияның оңтүстігі мен Иранға таралды. Бірақ көптеген далалық тайпалар Күн мен отқа табынуды жалғастыра берді.

7 слайд

Материалдық мәдениет  Материалдық мәдениет - белгілі бір өркениеттің барлық материалдық құндылықтарының (бұйымдар, құрылғыл

#8 слайд
Материалдық мәдениет  Материалдық мәдениет - белгілі бір өркениеттің барлық материалдық құндылықтарының (бұйымдар, құрылғылар, құрылыстар) жиынтығы. Орталық Азияның тарихын ауқымды зерттеулер нәтижелері аймақтың мате- риалдық мәдениеттің дамуында көрнекті орны мен өзіндік ерекшелігі бар екендігін көрсетті. Ежелгі Орталық Азияның өзіндік мәдениеті жөніндегі археологиялық жаңалықтар оның бай мұрасын көрсетіп берді. « Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағындағы Іле өзені аңғарындағы Бесшатыр қорғаны

8 слайд

Андрондықтар өнері  Қола дәуіріндегі далалықтардың өнері туралы мәліметтерді адамдар мен жануарлар бейнеленген саздан, тас

#9 слайд
Андрондықтар өнері  Қола дәуіріндегі далалықтардың өнері туралы мәліметтерді адамдар мен жануарлар бейнеленген саздан, тастардан, сүйектер мен қоладан жасалған бұйымдардан білуге болады. Осылардан жануарларға табынып, оларды рудың бастапқы тегі деп санайтын тотемизмнің көрінісін байқауға болады. Сол кезеңде қолданбалы және зергерлік өнер біршама дамыды. Мыстан жасалып, сыртынан алтынмен қапталған алқалар мен дөңгелек пішінді, ұшын тұтастыра жасалған сырғалар жиі кездеседі. Айналар, моншақтар, түйреуіштер және айылбастар жоғары деңгейде жасалды. Әйелдер қола жүзіктер, әшекейлер, білезіктер мен жүзіктер тақты. Ғалымдар қазақтың дәстүрлі зергерлік өнері өз бастауын осы қола дәуірінен алатынын айтады.

9 слайд

Аң стиліндегі сақ өнері  Аң стиліндегі бұйымдар археологиялық мәдениеттің ертедегі скиф-сақ көшпелі қауымына тиесілі екенді

#10 слайд
Аң стиліндегі сақ өнері  Аң стиліндегі бұйымдар археологиялық мәдениеттің ертедегі скиф-сақ көшпелі қауымына тиесілі екендігін көрсетеді. Аң стилі шеберлерінің жануарларды бейнелеуі андрондықтардағы секілді тотемдік табынуды білдіреді. Көбінесе құдіретті саналатын жануарлар, жыртқыш аңдар, құстар мен аңыз кейіпкерлері, мысалы, грифондар бейнеленді. Жануарлар бейнесін салу үшін түрлі материалдар, бірінші кезекте алтын қолданылды.  Аң стиліндегі өнер Ұлы Даланың орталық аймағындағы сақтардың арасында пайда болды (б. з. б. VIII ғасырда- ғы Аржан қорғанының жәдігерлері). Кейіннен бұл стильге Алдыңғы Азияныңәсері болып, арыстан, сфинкс, қанатты арыстан, «өмір ағашы» секілді бейнелер енді. Олар орталықазиялық тотемдік аңдар (бұғы, арқар, ар, түйе, барыс, жолбарыс, қабан) бейнелерімен араласты. Аң стилі бүкіл Ұлы Далаға кең тарап, тіпті Қаратеңіз маңындағы скифтерге де жетті. Қазақстандық қорғандардан осы стильдегі жәдігерлер көптеп табылды. Есіктен табылған «Алтын адам» киімінде бұлан, жолбарыс, арқар, аңыздардағы хайуанаттар бейнелері кездеседі. Жануарлар бейнелерінің қасиетті мәні болды, өйткені ондай заттардың басым бөлігі жерлеу орындарынан табылды және жерлеу мен табынуға байланысты болды. Жаңа дәуірдің басында сақтардың аң стилі полихромды стильге ауысты. Елбасы Н. Назарбаев аң стилін «Ұлы Даланың жеті қырына» жатқызады. Арқар мүсінші. Есік қорғаны «Алтын адамның» баскиімі. Есік қорғаны

10 слайд

Сақтардың ғарыш туралы түсінігі  Сақтар әлемнің (ғарыштың) құрылымын өз түсініктері бойынша елестетті. Әлемнің өзін жерасты, ж

#11 слайд
Сақтардың ғарыш туралы түсінігі  Сақтар әлемнің (ғарыштың) құрылымын өз түсініктері бойынша елестетті. Әлемнің өзін жерасты, жер беті және аспаннан құралған деп есептеді. Сақтардың әлем туралы түсініктерінің мысалына «Алтын адамның» баскиімін келтіруге болады. Баскиімнің әшекейлері үш қабатқа бөлінген. Баскиімнің жиегі айналдыра тау және ағаш бейнелерімен көмкерілген. Таудың етегіне «жер аңдары» жолбарыстар, ешкілер орналастырылған. Ал төбесіне құстар мен қанатты барыстар бейнесі бекітілген. Таулар - әлемдік жоталар. Олар әлемді барлық жағынан қоршап жатыр деп санаған. Баскиімнің төрт жағына да аңдардың бейнеленуі дүниенің төрт бұрышын қорғаушы жануарлардың нышанын білдіреді. Баскиімнің алдыңғы жағында - Күн таңбасы, төрт қанатты ат және төрт алтын жебе орналастырылған. Бұл - әлемнің үш қабаты мен дүниенің төрт бұрышына билік құрудың белгісі. Осындай символикалық мәнге ие баскиімді көсемнің басына кигізу оған билік аспаннан (ғарыштан) берілген деген түсініктен туындаған

11 слайд

Қорытынды Қола және ерте темір дәуірлеріндегі Ұлы Дала көшпелілерінің рухани әлемі жекелеген жазба деректер, жерлеу орында

#12 слайд
Қорытынды Қола және ерте темір дәуірлеріндегі Ұлы Дала көшпелілерінің рухани әлемі жекелеген жазба деректер, жерлеу орындары, тастағы бейнелер, өнер туындылары арқылы айқындалды. Ертедегі көшпелілер өнерінің айрықша түрлері біздің бабаларымыздың рухани әлемін, кейбір қырларын зерттеуге көмектеседі.

12 слайд

Сұрақ: Андрондықтар мен сақтарда Күнге табыну таралғанын қандай деректер көрсетеді?

#13 слайд
Сұрақ: Андрондықтар мен сақтарда Күнге табыну таралғанын қандай деректер көрсетеді?

13 слайд

Үйге тапсырма Оқулықтың 67-ші бетіндегі кестені үлгі бойынша толтырыңдар.

#14 слайд
Үйге тапсырма Оқулықтың 67-ші бетіндегі кестені үлгі бойынша толтырыңдар.

14 слайд

Үйге тапсырма Оқулықтың 67-ші бетіндегі кестені үлгі бойынша толтырыңдар.

Файл форматы:
pptx
11.02.2021
35299
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі