Материалдар / Әлемнің екінші ұстазы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Әлемнің екінші ұстазы

Материал туралы қысқаша түсінік
Әл Фараби туралы ақпараттар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Ақпан 2020
544
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материалдың қысқаша түсінігі

1 слайд

1 слайд

ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ ӨМІРБАЯНЫ Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби 870 жылы бүгінде Отыр

2 слайд
ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ ӨМІРБАЯНЫ   Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби 870 жылы бүгінде Отырар аталатын, Арыс өзенінің Сырға барып құятын сағасындағы Фараб қаласында дүниеге келді (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысындағы Отырар қаласының маңайындағы ортағасырлық қала). Фарабидің толық аты-жөні Әбу-Насыр Мұхаммед Иби Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан Әл-Фараби. Әл-Фараби түрік тайпасының дәулетті бір ортасынан шыққаны бізге мәлім, бұған дәлел оның толық аты жөнінде "Тархан" деген атаудың болуы. Туған жері қазақтың ежелгі қаласы Отырарды арабтар Барба-Фараб деп атап кеткен, осыдан барып ол Әбу Насыр әл-Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбу Насыр атанған. Сол тұста өмір сүргендердің қалдырған жазбаларына қарағанда, Отырар қаласы IX ғасырда тарихи қатынастар мен сауда жолдарының торабындағы аса ірі мәдениет орталығы болған.

3 слайд

3 слайд

ӘЛ-ФАРАБИ (миләди 872-950 ж.ж.) Қазақ топырағынан шыққан ұлы данышпан Аты-жөні, шыққан тегі: Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед

4 слайд
ӘЛ-ФАРАБИ (миләди 872-950 ж.ж.) Қазақ топырағынан шыққан ұлы данышпан   Аты-жөні, шыққан тегі: Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан әл-Фараби.       Әл- Фараби қазіргі Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан Фараб (Отырар) қаласында түркі тектес әулетте туылған. Оның әкесі әскербасы болатын.       Зерттеуші ғалымдар әл- Фарабидің балалық, жастық шақтары туралы тұщымды әңгіме айтпайды. Себебі ұлы ғалымның өмірінің бұл кезеңі туралы мағлұматтар жоқтың қасы. Сондықтан да зерттеушілер ұлы ойшылдың өмірбаянын оның елуден асқан шағында Бағдат шаһарына қоныс аударуынан ғана бастайды. Оның ғылым жолындағы қызу ізденістері мен ұзақ сапарлары нақ осы кезден басталса керек.       Әл-Фараби жастайынан түрлі ғылымдарды оқып үйренді. Оның ақыл-ойының ұшқырлығы мен білімінің молдығына тәнті болған талай жан еріксіз таңдай қаққан. Ол бірнеше тілдерді әсіресе араб, парсы, түрік тілдерін жетік меңгерді.       Ұлы ойшыл біраз жылдар Бағдат шаһарында ғылыми ізденістермен айналысып тұрақтап қалады. Содан кейін Шам аймағына қоныс аударады да сексен жасқа жетіп, өмірден өткенше сол өлкеде қалады.

5 слайд

5 слайд

Әбу Насыр бала күнінен ғылымға үйір болып өсті, оның бақытына қарай сол заманда Отырарда аса бай кітапхана бар еді. Әл-Фараби

6 слайд
Әбу Насыр бала күнінен ғылымға үйір болып өсті, оның бақытына қарай сол заманда Отырарда аса бай кітапхана бар еді. Әл-Фараби парсы, грек тілдерін үйренеді, осы тілде ғылыми трактаттар оқиды. Фараб пен Бұқарада бастапқы білім алған соң әл-Фараби өз білімін жетілдіру мақсатында Бағдатқа аттанады. Фарабидің дүниетанымының қалыптасуына Мерв мектебінің ғылыми дәстүрлері мен философиялық бағдарлары өз әсерін қалдырды. Бағдадта әл-Фараби ғылым мен әртүрлі пәндерді оқиды. Білімге деген құштарлығының арқасында әл-Фараби сол уақыттағы ғылым мен білімнің ордасы саналған Дамаск, Халеб, Каир, Шаш, Самарқан, Бұхара, Мерв, Нишапур, Рей, Хамадан қалаларында да болып, білімін үнемі жетілдірумен болды. Сол қалаларда оқыды, еңбек етті. Шығыстың осы шаһарларында ол өз дәуірінің ең көрнекті ғалымдарымен, көркем сөз деректерімен танысады. Олардан тәлім-тәрбие алады.

Әл-Фараби – көрнекті ойшыл, өзінің замандастарының арасындағы ең ірі ғалым, философ және шығыс аристотелизмінің ең ірі өкілі.

7 слайд
Әл-Фараби – көрнекті ойшыл, өзінің замандастарының арасындағы ең ірі ғалым, философ және шығыс аристотелизмінің ең ірі өкілі. Өзінің білімділігі мен сауаттылығының арқасында "Екінші Ұстаз" атауына ие болды. Әл-Фарабидің шығармашылық мұрасы орасан зор (150-ге жуық философиялық және ғылыми трактаттар), ал оның айналысқан ғылыми салалары ол – философия мен логика, саясат пен этика, музыка мен астрономия. Ғылыми еңбектерінің ең әйгілісі "Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайлы трактат" деп аталады. Оның атақты “Музыка туралы үлкен трактат” деген шығармасы әлемнің көптеген тілдеріне аударылған.

8 слайд

8 слайд

Әл-Фараби философия саласы бойынша грек ойшылы Аристотельдің "Категориялар", "Метафизика", "Герменевтика", "Риторика", "Поэтик

9 слайд
Әл-Фараби философия саласы бойынша грек ойшылы Аристотельдің "Категориялар", "Метафизика", "Герменевтика", "Риторика", "Поэтика", бірінші және екінші "Аналитика", "Топикасы" және т.б көптеген еңбектеріне түсініктемелер жазды. Әбу Насырдың Платон және Аристотель философиясындағы идеяларға арналған кітабы оның философия саласындағы аса көрнекті ғалым екенін әрі философия пәнін терең меңгергенін дәлелдейді. Фараби Аристотельдің әлеуметтік-қоғамдық идеяларын дамыта отырып, өз тарапынан да “Кемеңгерлік меруерті”, “Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы”, “Мәселелердің түп мазмұны”, “Ғалымдардың шығуы”, “Бақытқа жету”, “Азаматтық саясат”, “Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері” сияқты көптеген сындарлы философиялық еңбектер жазған. Фараби бұл еңбектерде дүние, қоғам, мемлекет, адамдардың қатынастары туралы заманнан озық тұрған пікірлер, пайымдаулар айтады. Әл-Фарабидің еңбектері күні бүгінге дейін өз мән-маңызын жоғалтқан жоқ. Әл-Фарабидің мемлекет, ел басқару жөніндегі тұжырымдары, әлеуметтік-этикалық саяси көзқарастары бүгінгі қоғам үшін де айрықша маңызды. Оның еңбектері еуропалық Ренессанстың өрлеуіне үлкен ықпал етті. Фараби Шығыс пен Батыстың ғылымы мен ежелгі мәдениетін табыстыруда зор рөл атқарды. 

10 слайд

10 слайд

Шығармалары Әл-Фараби жетпіске тарта кітаптар мен зерттеу жұмыстарын жазып кетті. Оларда философия, астроно

11 слайд
Шығармалары        Әл-Фараби жетпіске тарта кітаптар мен зерттеу жұмыстарын жазып кетті. Оларда философия, астрономия, логика, геометрия, музыка сынды ғылым мен өнердің сан алуан түрінің мәселелері талқыланады. Алайда оның еңбектерінің көбі аумалы-төкпелі замандарда жоғалып кетті де бізге осынау мол мұраның аздаған бөлігі ғана жетті.       Әл-Фараби еңбектері һижраның төртінші, бесінші ғасырларында мұсылман әлемінің шығыс бөлігіне таралып, одан соң Андалузияға жетті. Андалузиялықтар әл-Фараби еңбектерін оқып- үйреніп, олардан көршілес европалықтар оқып, көпшілігін өз тілдеріне аударады.       Әл-Фараби ғылымдарды мынадай басты екі бөлімге бөлген: Бірінші: теориялық ғылымдар. Бұл топқа жаратылыстану ғылымдары мен метафизиканы енгізген. Екінші: практикалық ғылымдар. Бұл топқа этика, фиқһ, кәләм ғылымдарын жатқызған.

12 слайд

12 слайд

Данышпан бұл пікірін Ихса әл-Улум («Ғылымдардың классификациясы») атты еңбегінде келтірген. Осы кітап әл- Фарабидің түрл

13 слайд
Данышпан бұл пікірін Ихса әл-Улум («Ғылымдардың классификациясы») атты еңбегінде келтірген. Осы кітап әл- Фарабидің түрлі танымдар мен ғылымдарды энциклопедиялық тәсілмен алғаш рет жүйелеген ғалым екендігін дәлелдейді. Аталмыш еңбегінде ғұлама оқырманды әрбір ғылым саласының қыр-сырымен таныстыруға тырысқан.       Европалық шығыстанушылар мен тарихшылардың пайымдауынша әл-Фараби сондай-ақ Шығыс философияның да негізін қалаушы. Олар ұлы кемеңгердің келелі пікірлерінің астарларына үңіліп, көп зерттеген. Әл-Фарабидің ойшылдығына тәнті болысқан. Ғұламаның пікірлерінің құндылығы сонда – ол философиялық ой- толғаныстарын ежелгі грек философтары Аристотель, Платондардың пікірлері негіздерінде өрбіте отырып, сол пікірлерді ислами негіздерге орайластырған.       Сондай-ақ, әл- Фарабидің Ара’у әл-Мәдинат әл-Фадила («Ізгі қаланың пікірлері») атты атақты кітабы бар. Бұл еңбекте ұлы философтың этика, қоғамтану, саясат, теология, психология салаларындағы құнды пікірлері жинақталған. Әл-Фараби ізгі қала деп идеалды билік жүйесін атайды. Ол қаланың тұрғындарының осы дүниеде де, ақыретте де бақытты болуларының жолдарын іздейді. Әрбір халықтың осы бақытқа жетуі үшін керекті жайттардың ғылыми негіздерін жасап шыққан.

Әл-Фарабидің бұдан басқа да талай шығармалары, өзінен бұрынғы философтардың еңбектеріне жазған түсіндірмелері бар. Атап айтар

14 слайд
Әл-Фарабидің бұдан басқа да талай шығармалары, өзінен бұрынғы философтардың еңбектеріне жазған түсіндірмелері бар. Атап айтар болсақ: Батлеймостың әл- Миджасти кітабына, Аристотельдің әл-Бурһан, әл-Хитаба, әл-Қияс, әл-Мақулат,  әс-Сәмә уа әл-Аләм, әл-Ахлақ, әл- Әсәр әл-Улуия кітаптарына жазған түсіндірмелері. Сондай- ақ, бұларға қосымша өзі жазған Шурут әл-Қияс, әл-Жәдәл, әл-Мауадиъ әл-Муғлита атты кітаптары да бар.       Сонымен қатар түрлі қоғамдық құрылымдар жайында әл- Мәдинат әл-Фадила, әл-Мәдинат әл-Жәһилә, әл-Мәдинат әл-Фасиқа, әл-Мәдинат әл-Мубдәлә, әл-Мәдинат әд-Далла атты еңбектері және теология тақырыбында философ Ар- Разиге жазған жауабы,  Мәбәди Ара’и әл-Мәдинат әл- Фадила, Китаб әл-Мусиқа әл-Кәбир тағы басқа толып жатқан құнды туындылары бар.       Білімінің осыншама молдығына таң қалған бір кісі әл-Фарабиден: «Сіз көп білесіз бе, әлде Аристотель көп біле ме?» – деп сұрағанда, данышпан: «Онымен замандас болған жағдайда мен оның ең мықты шәкірті болар едім», – деген екен.

Әл-Фараби – араб тілінің білгірі әрі ақын Әбу Насыр әл-Фараби алуан түрлі ғылымдардағы біліктілігімен бірге араб тілінің білгі

15 слайд
Әл-Фараби – араб тілінің білгірі әрі ақын Әбу Насыр әл-Фараби алуан түрлі ғылымдардағы біліктілігімен бірге араб тілінің білгірі әрі талантты ақын да болатын. Тіпті араб грамматикасының әл- Мубарридтен кейінгі ірі өкілі Ибн әс-Сарадж замандасы әл-Фарабимен бірге сұхбаттас болғанда ұлы данышпан оған грамматикалық қағидаларды жатқа айтып берсе, ал әс-Сарадж өз кезегінде логика ілімін оқып беретін болған. Сонымен қатар әл-Фараби даналық пен тақуалық мағыналарға толы өлең шығара білетін дарынды шайыр да еді. Ол пәни дүниенің жалған қызықтарынан бойын аулақ ұстап, саф таза рухани әлемге ден қойып, рух азығын тән азықтарынан биік қойды. Оның өлең туындылары жер бетіндегі тақырыптар емес, иләһи әлеммен байланыстылық бар. Сондықтан да оның өлеңдері басқа философтардың шығармаларына оқ бойы озық тұр. Солардың бірі төмендегідей:

Ей, достым! Жалғандыққа жуымағын, Көтеріп ақиқаттың ақ туын алғын. Бұл дүние бізге мәңгі болмас мекен, Пенде һәм жерде

16 слайд
Ей, достым! Жалғандыққа жуымағын, Көтеріп ақиқаттың ақ туын алғын.       Бұл дүние бізге мәңгі болмас мекен,   Пенде һәм жерде бақи болмайды екен.      Сызықтармыз сызылған бар болғаны,   Шимақтар шыр айналған шарда ол- дағы .

 Расында да әл-Фараби қазақ халқының ғана емес, жалпы мұсылман үмметіне, барша адамзатқа ортақ тұлға, ортақ мақтаныш. Ұлы

17 слайд
 Расында да әл-Фараби қазақ халқының ғана емес, жалпы мұсылман үмметіне, барша адамзатқа ортақ тұлға, ортақ мақтаныш. Ұлы ұстаз һижраның сексенінші жылында Дамаск шаһарында дүниеден оз ған.

Н А З А Р Л А Р Ы Ң Ы З Ғ А Р А Х М Е Т !

18 слайд