Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны. Бұрынғы өткен шақ.
Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны. Бұрынғы өткен шақ.

#1 слайд
Әлеуметтік желінің
пайдасы мен зияны.
Бұрынғы өткен шақ. ӘЛЕУМЕТТІК
ЖЕЛІЛЕР
1 слайд
Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны. Бұрынғы өткен шақ. ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕР
#2 слайд
Әлеуметтік желілердің пайдасы неде?
Ең алдымен, бұрын танымайтын, білмейтін адамдармен
араласып танысуға, пікір алмасуға және өз пікірлестеріңді
табуға жәрдемдеседі. Кез-келген сәтте танысыңмен
байланысқа шығып, тегін пікір алмасып, хал-жағдай
сұрасуыңа, соңғы жаңалықтармен бөлісуіңе мүмкіндік бар.
Әлеуметтік желі арқылы соңғы жаңалықтар мен
оқиғалардан әрдайым хабардар болып отырасың. Жәй
хабардар болып қоймай, сол оқиғаға қатысты адамдардың
пікірлерімен де танысуға мүмкіндік болады. Үшіншіден,
әлеуметтік желіден түрлі көңіл көтеретін музыкалар мен
әндер, фильмдер, суреттер, мақалалар табасың және бәрі
тегін. Оған қоса, білім беретін деректі фильмдер мен
кітаптар, лекциялар мен мақалаларды да қалағаныңша
тауып оқуға болады.
Сонымен бірге, өз бизнесіңді дамытуға, сатып алушы
клиенттерді тартуға да мүмкіндік жасалған. Егер сіз
шығармашылықпен айналысатын болсаңыз,
кітаптарыңызды әлеуметтік желіні пайдаланушыларға
ұсынып, сатып алушы оқырмандар табуыңызға болады.
2 слайд
Әлеуметтік желілердің пайдасы неде? Ең алдымен, бұрын танымайтын, білмейтін адамдармен араласып танысуға, пікір алмасуға және өз пікірлестеріңді табуға жәрдемдеседі. Кез-келген сәтте танысыңмен байланысқа шығып, тегін пікір алмасып, хал-жағдай сұрасуыңа, соңғы жаңалықтармен бөлісуіңе мүмкіндік бар. Әлеуметтік желі арқылы соңғы жаңалықтар мен оқиғалардан әрдайым хабардар болып отырасың. Жәй хабардар болып қоймай, сол оқиғаға қатысты адамдардың пікірлерімен де танысуға мүмкіндік болады. Үшіншіден, әлеуметтік желіден түрлі көңіл көтеретін музыкалар мен әндер, фильмдер, суреттер, мақалалар табасың және бәрі тегін. Оған қоса, білім беретін деректі фильмдер мен кітаптар, лекциялар мен мақалаларды да қалағаныңша тауып оқуға болады. Сонымен бірге, өз бизнесіңді дамытуға, сатып алушы клиенттерді тартуға да мүмкіндік жасалған. Егер сіз шығармашылықпен айналысатын болсаңыз, кітаптарыңызды әлеуметтік желіні пайдаланушыларға ұсынып, сатып алушы оқырмандар табуыңызға болады.
#3 слайд
Әлеуметтік желінің залалы
Таяқтың екі ұшы болатыны сияқты, әлеуметтік желілердің
залалы да жетерлік. Ол, тіптен пайдасынан көбірек болып
жатады. Сондықтан, әр адам әлеуметтік желіні пайдаланбас
бұрын оның пайдасы мен залалын таразылап алғаны дұрыс.
Әлеуметтік желі ең алдымен, адамның алтын уақытын жейді.
Уақыт – Алланың адамға берген ең үлкен байлығы және баға
жетпес құндылығы. Жоғалтқан уақытты ешқандай жолмен
қайтара алмайсыз. Әлеуметтік желіде күн сайын жеті-сегіз, тіпті
одан да көп сағаттап отыратындар алтын уақыттарын
жоғалтып жатқандар.
Екінші залалы – әлеуметтік желі адамды белсенді емес
тұтынушыға, яғни көк жалқауға айналдырады. Әрине, әлеуметтік
желіні адамдар әртүрлі мақсатта пайдалануына болады, оның
ішінде жаңа нәрселерді жасап, соны жұртқы ұсынуға да мүмкіндік
бар. Дегенмен, оны тұтынушылардың көбі жаңаны жасағаннан
гөрі, ұсынылып жатқан ақпараттарды тұтынғанды жөн
санайды.
Әлеуметтік желі ақырысында адамды тәуелді етеді. Араққа,
есірткіге тәуелді болған сияқты, адамдар көп ұзамай әлеуметтік
желіге де тәуелділікке түседі. Енді олар күндіз-түні компьютерде
отырып, әлеуметтік желіге қараудан жалықпайтын болады.
Бүгінгі күні, әсіресе жасөспірімдер арасында әлеуметтік желіге
тәуелділік белең алып барады.
3 слайд
Әлеуметтік желінің залалы Таяқтың екі ұшы болатыны сияқты, әлеуметтік желілердің залалы да жетерлік. Ол, тіптен пайдасынан көбірек болып жатады. Сондықтан, әр адам әлеуметтік желіні пайдаланбас бұрын оның пайдасы мен залалын таразылап алғаны дұрыс. Әлеуметтік желі ең алдымен, адамның алтын уақытын жейді. Уақыт – Алланың адамға берген ең үлкен байлығы және баға жетпес құндылығы. Жоғалтқан уақытты ешқандай жолмен қайтара алмайсыз. Әлеуметтік желіде күн сайын жеті-сегіз, тіпті одан да көп сағаттап отыратындар алтын уақыттарын жоғалтып жатқандар. Екінші залалы – әлеуметтік желі адамды белсенді емес тұтынушыға, яғни көк жалқауға айналдырады. Әрине, әлеуметтік желіні адамдар әртүрлі мақсатта пайдалануына болады, оның ішінде жаңа нәрселерді жасап, соны жұртқы ұсынуға да мүмкіндік бар. Дегенмен, оны тұтынушылардың көбі жаңаны жасағаннан гөрі, ұсынылып жатқан ақпараттарды тұтынғанды жөн санайды. Әлеуметтік желі ақырысында адамды тәуелді етеді. Араққа, есірткіге тәуелді болған сияқты, адамдар көп ұзамай әлеуметтік желіге де тәуелділікке түседі. Енді олар күндіз-түні компьютерде отырып, әлеуметтік желіге қараудан жалықпайтын болады. Бүгінгі күні, әсіресе жасөспірімдер арасында әлеуметтік желіге тәуелділік белең алып барады.
#4 слайд
Сондай-ақ, әлеуметтік желі адамдарды жақындарымен, таныс-
достарымен тірілей байланыс жасауына кедергі келтіреді. Жәй
кедергі келтірсе жарайды ғой, олардың еркін алып,
айналасындағылармен қарым-қатынастарын үзуге еріксіз
мәжбүрлейді. Әлеуметтік желінің қызығына түскен адам
туыстарын да, отбасын да, тамыр-таныстарын да естен
шығарады.
Күніне сағаттап интернетте отырып, айналасындағы дүниені
ұмытатын, адамдармен қарым-қатынасын үзетін, әлеуметтік
желіге тәуелді болған пенде ақыр-соңында денсаулығын жоғалтып,
түрлі ауруларға шалдығады. Бар уақыты мен күш-қуатын, қабілет-
қарымын интернетте сағаттап отыруға жұмсайтын ондайлар
күнделікті өмірдегі отбасы, еңбек ұжымы, жалпы қоғам алдындағы
міндеттерін ұмытып, содан қолайсыз жағдайларға тап болады және
тұрмыста да ауыртпалықтарға ұшырайды.
Түйін: әлеуметтік желіні бүгінде жұрттың бәрі дерлік пайдаланады.
Дегенмен, оны шектен тыс пайдаланамын деп тәуелділікке түсіп,
уақытыңызды, денсаулығыңызды құртып, айналаңыздағы
адамдардан аулақтап, тұрмыста, отбасында қолайсыз жағдайларға
тап болмйын десеңіз, оған көп үйір болмағаныңыз жөн. Ең бастысы:
әлеуметтік желі маған не береді? -деп, оның тек пайдалы жағына
ғана назар аударған жөн.
4 слайд
Сондай-ақ, әлеуметтік желі адамдарды жақындарымен, таныс- достарымен тірілей байланыс жасауына кедергі келтіреді. Жәй кедергі келтірсе жарайды ғой, олардың еркін алып, айналасындағылармен қарым-қатынастарын үзуге еріксіз мәжбүрлейді. Әлеуметтік желінің қызығына түскен адам туыстарын да, отбасын да, тамыр-таныстарын да естен шығарады. Күніне сағаттап интернетте отырып, айналасындағы дүниені ұмытатын, адамдармен қарым-қатынасын үзетін, әлеуметтік желіге тәуелді болған пенде ақыр-соңында денсаулығын жоғалтып, түрлі ауруларға шалдығады. Бар уақыты мен күш-қуатын, қабілет- қарымын интернетте сағаттап отыруға жұмсайтын ондайлар күнделікті өмірдегі отбасы, еңбек ұжымы, жалпы қоғам алдындағы міндеттерін ұмытып, содан қолайсыз жағдайларға тап болады және тұрмыста да ауыртпалықтарға ұшырайды. Түйін: әлеуметтік желіні бүгінде жұрттың бәрі дерлік пайдаланады. Дегенмен, оны шектен тыс пайдаланамын деп тәуелділікке түсіп, уақытыңызды, денсаулығыңызды құртып, айналаңыздағы адамдардан аулақтап, тұрмыста, отбасында қолайсыз жағдайларға тап болмйын десеңіз, оған көп үйір болмағаныңыз жөн. Ең бастысы: әлеуметтік желі маған не береді? -деп, оның тек пайдалы жағына ғана назар аударған жөн.
#5 слайд
Бұрынғы өткен шақ қимылдың, іс – әрекеттің сөйлеп
тұрған сәтпен салыстырғанда әлдеқайда бұрын
болғандығын білдіреді. Мысалы: Сен мектепті бітіргенсің.
Ол ауылға барыпты. Бұрынғы өткен шақ екі түрлі жолмен
жасалады.
1. Бұрынғы өткен шақ –ған/-ген, -қан/-кен тұлғалы
есімшенің жіктеліп келуінен жасалады: мен бар-ған-мын,
сен кел-ген-сің, ол айт-қан.
5 слайд
Бұрынғы өткен шақ қимылдың, іс – әрекеттің сөйлеп тұрған сәтпен салыстырғанда әлдеқайда бұрын болғандығын білдіреді. Мысалы: Сен мектепті бітіргенсің. Ол ауылға барыпты. Бұрынғы өткен шақ екі түрлі жолмен жасалады. 1. Бұрынғы өткен шақ –ған/-ген, -қан/-кен тұлғалы есімшенің жіктеліп келуінен жасалады: мен бар-ған-мын, сен кел-ген-сің, ол айт-қан.
#6 слайд
Жақ Жекеше Көпше
І
ІІ
ІІІ Айтқанмын, келгенмін
Айтқансың, келгенсің
Айтқансыз, келгенсіз
Айтқан, келген Айтқанбыз, келгенбіз
Айтқансыңдар, келгенсіңдер
Айтқансыздар, келгенсіздер
Айтқан, келгенЖіктелу үлгісі
2. Бұрынғы өткен шақ –ып/-іп/-п тұлғалы көсемшенің жіктеліп
келуінен жасалады: мен бар-ып-пын, сен кел-іп-сің, ол кел-іп-ті.
Жіктелу үлгісі
Жақ Жекеше Көпше
І
ІІ
ІІІ Айтыппын, келіппін
Айтыпсың келіпсің
Айтыпсыз, келіпсіз
Айтыпты, келіпті Айтыппыз, келіппіз
Айтыпсыңдар, келіпсіңдер
Айтыпсыздар, келіпсіздер
Айтыпты, келіпті
6 слайд
Жақ Жекеше Көпше І ІІ ІІІ Айтқанмын, келгенмін Айтқансың, келгенсің Айтқансыз, келгенсіз Айтқан, келген Айтқанбыз, келгенбіз Айтқансыңдар, келгенсіңдер Айтқансыздар, келгенсіздер Айтқан, келгенЖіктелу үлгісі 2. Бұрынғы өткен шақ –ып/-іп/-п тұлғалы көсемшенің жіктеліп келуінен жасалады: мен бар-ып-пын, сен кел-іп-сің, ол кел-іп-ті. Жіктелу үлгісі Жақ Жекеше Көпше І ІІ ІІІ Айтыппын, келіппін Айтыпсың келіпсің Айтыпсыз, келіпсіз Айтыпты, келіпті Айтыппыз, келіппіз Айтыпсыңдар, келіпсіңдер Айтыпсыздар, келіпсіздер Айтыпты, келіпті
#7 слайд
Бұрынғы өткен шақ –ған (-ген, -қан, -кен) тұлғалы
есімшеге немесе –ып (-іп, -п) тұлғалы көсемшеге е
(еді) көмекші етістігі тіркесуі арқылы да жасалады:
оқыған едім, жазған едім, жазып еді, айтып еді.
Есімше түрінде е көмекші етістігі екен түрінде де
тіркеседі: жазған екен, айтқан екен.
7 слайд
Бұрынғы өткен шақ –ған (-ген, -қан, -кен) тұлғалы есімшеге немесе –ып (-іп, -п) тұлғалы көсемшеге е (еді) көмекші етістігі тіркесуі арқылы да жасалады: оқыған едім, жазған едім, жазып еді, айтып еді. Есімше түрінде е көмекші етістігі екен түрінде де тіркеседі: жазған екен, айтқан екен.
шағым қалдыра аласыз













