Материалдар / "Алмалы қала - Алматы" қашықтықтан жүргізілген ашық тәрбие сағаты

"Алмалы қала - Алматы" қашықтықтан жүргізілген ашық тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Әріптестермен іс - тәжірибе бөлісу
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
21 Мамыр 2020
523
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материалдың қысқаша түсінігі
Алматы облысы Тал ғар қаласындағы облыстық санаториялық үлгідегі мектеп – интернатының 3 “Б”- сынып оқушыларымен қашықтықтан

1 слайд
Алматы облысы Тал ғар қаласындағы облыстық санаториялық үлгідегі мектеп – интернатының 3 “Б”- сынып оқушыларымен қашықтықтан жүргізілген ашық тәрбие сағаты. Сынып жетекшісі: Артыкова Елмира Омарқожақызы

Алмалы қала – Алматы Мақсаты: Елбасының “Ұлы даланың жеті қыры” мақаласында көрсетілгендей алманың отаны – қазақ даласы екенді

2 слайд
Алмалы қала – Алматы Мақсаты: Елбасының “Ұлы даланың жеті қыры” мақаласында көрсетілгендей алманың отаны – қазақ даласы екендігін айта келе оқушылардың қызығушылығын арттыру. Міндеті: өз елінің ұлттық құндылықтарын құрметтей білуге шақыру.

Елбасы өзінің “Ұлы даланың жеті қыры” мақаласында: “Асқақ Алатаудың баурайы алма мен қызғалдақтың “тарихи отаны” екені ғылыми

3 слайд
Елбасы өзінің “Ұлы даланың жеті қыры” мақаласында: “Асқақ Алатаудың баурайы алма мен қызғалдақтың “тарихи отаны” екені ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Қарапайым, бірақ бүкіл әлем үшін өзіндік мән – маңызы зор бұл өсімдіктер осы жерде бүр жарып, жер жүзіне таралған. Қазақстан қазір де әлемдегі алма атаулының арғы атасы – Сиверс алмасының отаны саналады. Дәл осы тұқым ең көп таралған жемісті әлемге тарту етті”, - деп айтып өтті.

• Аты аңызға айналған Алматы шаһары Алатаудың етегінде орналасқан. Алматы сөзі қызғыз тілінен аударғанда “Алмалы мекен” деген

4 слайд
• Аты аңызға айналған Алматы шаһары Алатаудың етегінде орналасқан. Алматы сөзі қызғыз тілінен аударғанда “Алмалы мекен” деген мағына береді. Кейбір дереккөзге сүйенсек, тек қана Алматыға тән алманың 131 тұқымы бар. Барлық алма түрі біздің жерден ғана тараған. Көне заманда Алматының “Алмалы” деп аталғаны да тегін емес. 1895 жылы Қазақстанға Воронеж губерниясынан жер аударылған Егор Редько есімді азамат өз отанында өзге алмалардан еш айырмашылығы болмаған апорт алмасының екпе көшетін Жетісу жеріне алып келеді. Апорт алмасын Алматының жабайы алмаларымен будандастырғанның нәтижесінде әйгілі Алматының апорты дүниеге келді.

Дәмі тіл үйіретін Алматының апорты аз уақыттың ішінде танымал болды. Жиырмасыншы ғасырдың басында Алматыдағы апорт алмасын өс

5 слайд
Дәмі тіл үйіретін Алматының апорты аз уақыттың ішінде танымал болды. Жиырмасыншы ғасырдың басында Алматыдағы апорт алмасын өсіру шаруашылығы Ресейдің барлық аудандарына таралып, 1900жылы Париж қаласында өткен бүкіл әлемдік көрмеде ең жоғарғы бағаға ие болды. Алматының апорты халық арасында алманың ең жоғарғы сорты болып есептеледі. Қаланың атының өзі айтып тұрғандай, Алматы - ежелден алманың отаны.

Апорттың арғы атасы – жабайы алма. Апорт – алманың ірі түріне жатады. Оның қабығы қалың, сары немесе жасыл-сары, қызыл – қоңы

6 слайд
Апорттың арғы атасы – жабайы алма. Апорт – алманың ірі түріне жатады. Оның қабығы қалың, сары немесе жасыл-сары, қызыл – қоңыр түсті. Бұл алма өзінің нәзік дәмімен ерекшеленеді. Апорт - салыстырмалы түрде алып қарағанда кеш пісетін алманың түріне жатады. Нағыз пісіп, жеміс беретін мезгілі- қыркүйек айы. Апорттың тағы бір артықшылығы ол кеш пісетіндіктен қыста жақсы сақталады.

Апорттың өзге алма сорттарынан өзгешелігі неде? Апорттың бір ерекшелігі, ол басқа алмалардай кез келген жерде өспейді. Тек қана

7 слайд
Апорттың өзге алма сорттарынан өзгешелігі неде? Апорттың бір ерекшелігі, ол басқа алмалардай кез келген жерде өспейді. Тек қана топырағы шұрайлы тау беткейінде, теңіз деңгейінен 900 - 1200 метр биіктікте жақсы өседі. Мұны бау-бақша зерттеуші ғалымдар дәлелдеп отыр. Қазақстанда негізінен Сиверс алмасы өседі. Алманың жаздық, күздік, қыстық сұрыптары бар. Алма жемісі тасымалдауға, сақтауға жарамды, әрі жақсы өңделеді. Алманың құрамында көптеген дәрумендер мен минералды заттар бар. Шырынынан сусын дайындалады, жемісін емдік дәрі ретінде де, адам организмін ауыр металл заттардан тазалауға, қан бұзылу және жүрек ауруларын емдеуге қолданады. Алма табиғаттың адамзатқа берген сыйы.

“ Патриот” апорт Алматы апортының көшетін бір жылдары Германияға алып барып еккен екен. Талай жылдан соң өніп шыққан жемісте

8 слайд
“ Патриот” апорт Алматы апортының көшетін бір жылдары Германияға алып барып еккен екен. Талай жылдан соң өніп шыққан жемістері ішінен шіріп, жеуге жарамай қалған. Алматының апортын АҚШ, басқа да дамыған Еуропа мемлекетіндегі биолог ғалымдар өз бақшаларына егіп көрсе, бәрібір дәмі жағынан өзгеше болып кеткен екен. Соған қарағанда Алматының апорты бөтен жерді жерсінбей, тек қазақ жеріне ғана дәмі айрықша жеміс берген нағыз “патриоттың” өзі болды .

Министірлікпен келісілген курстар тізімі