Материалдар / Астана менің жүрегім.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Астана менің жүрегім.

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілерге және 11 сынып оққушыларына арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қараша 2020
559
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материалдың қысқаша түсінігі
Астана менің жүрегім. 11 сынып. ЖЕТЕКШІ: Мулкибаева Баршагул Муратовна

1 слайд

Мақсаты: Астана қаласының көрікті жерлерін таныстыру және оқушылар бойында ұлтжандылық қасиеттерді қалыптастыру. Астана та

2 слайд
Мақсаты: Астана қаласының көрікті жерлерін таныстыру және оқушылар бойында ұлтжандылық қасиеттерді қалыптастыру. Астана тарихын насихаттау арқылы тіл байлығын, сөз саптауын, ойын жеткізе білу дағдыларын жетілдіру. Астананың мәдени жетістіктерінің, оқушыларды Отансүйгіштікке, әсемдікке, салауаттылыққа баулу.

1.Астана қаласы қай жылдардан бастап астана мәртебесіне ие болды? 2.Астананың халық саны қанша? 3. Астананың халықаралық деңгей

3 слайд
1.Астана қаласы қай жылдардан бастап астана мәртебесіне ие болды? 2.Астананың халық саны қанша? 3. Астананың халықаралық деңгейдегі тұсаукесері қашан болды? 4.1998 ж. ЮНЕСКО Астанаға қандай қала атағын берді? 5.

Сарыарқа төсіндегі бұрынғы Ақмола, қазіргі Астана қаласы 1997 жылдан бері астана мәртебесіне ие. Осы күндері Астанада 1 миллио

4 слайд
Сарыарқа төсіндегі бұрынғы Ақмола, қазіргі Астана қаласы 1997 жылдан бері астана мәртебесіне ие. Осы күндері Астанада 1 миллионға жуық адам тұрады. 1998 жылы 10 - шілдеде Астананың халықаралық тұсаукесері болды. Сол жылы ЮНЕСКО - ның шешімі бойынша, Астанаға «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы берілді. Ерке Есілдің жағасында болашақ мыңжылдықтарға батыл қадам басқан жаңа Астананың бой көтергеніне уақыт шешімімен алғанда аз уақыт өтсе де, жас қала күннен күнге құлпырып, қанатын кең жайып келеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуекелшіл бастамасымен өмірге келген тәуелсіз еліміздің бас қаласы Астана бүгінде төрткүл дүниеге танымал әлем астаналарының қатарынан ойып орын алды. Тәуелсіз еліміздің тірегі мен жүрегіне айналған. Астана қаласы дүние жүзіне өзінің қайталанбас архитектуралық құрылыстарымен таңданыс тудырған мемлекетіміздің бас қаласы. Ал енді осы ғимараттармен таныс болыңыздар.

5 слайд

5 слайд

sxБәйтерек – Астанадағы архитектуралық құрылыс кешені, сәулет өнерінің бірегей туындысы. Елорданың ең көрнекті ғимаратта

6 слайд
sxБәйтерек  – Астанадағы  архитектуралық   құрылыс  кешені,  сәулет өнерінің  бірегей туындысы. Елорданың ең көрнекті ғимараттарының бірі. Металлдан ,  әйнек  пен  бетоннан  жасалған бұл «терек» сәулеттік мағынасы жағынан да, жасалуы жағынан да бірегей: биіктігі 105 метрлік металл құрамасынан, салмағы 1000 тоннадан жоғары бес жүзге жуық қададан тұрады.  Есіл  өзенінің сол жағалауында бой көтерген зәулім «Бәйтеректің» биіктігі 97 м (Астана қаласының елорда статусына ие болған жылға байланысты таңдалған), диаметрі 27 м; негізгі есікке бастайтын әшекейлі темірбетон саты жер бетінен 4,8 м жоғары орналасқан. Әлемде бірінші рет диаметрі 22 метрлік және салмағы 300 тоннадан тұратын күннің түсуіне қарай түсін өзгертетін « хамелеон»  әйнегінен жасалынған шар биіктігі жағынан рекордқа (әлемдегі ең үлкен шардың ең биіке көтерілуі бойынша) ие болды. «Бәйтерек» нысаны үш бөліктен тұрады; жер асты бөлігі ұлттың тамыр жаюы, ал одан кейінгілері өркендеу кезеңдерінің нышандарын білдіреді. Ең жоғарғы жағында «Аялы алақан» композициясы орын тепкен. Одан әрі қосымша түріндегі композиция өз негізінен бөлініп, жер бетіне қалықтап тұрғандай әсерге бөлейді.

7 слайд

7 слайд

Ақ Орда резиденциясы — Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясы. Астана қаласы Есілдің сол жағалау

8 слайд
Ақ Орда резиденциясы  —  Қазақстан Республикасы Президентінің  Резиденциясы. Астана  қаласы  Есілдің  сол жағалауындағы жаңа әкімшілік орталығының аумағында  2001  ж.  қыркүйек  айында салына бастады. Ғимараттың жалпы көлемі 36 720 m 2 . Қазақстан Республикасы Президентінің Ақ ордасының ресми тұсаукесері  2004  ж.  желтоқсанның 24  күні өтті. Ғимарат қазіргі заманғы құрылыстың ең таңдаулы әдістерін қолдана отырып, монолит құйматастан салынған. Шатырсүмбіні қоса есептегендегі ғимараттың биіктігі 80 м. Қасбеттің қаптамасы қалыңдығы 20—40  см. болатын итальян мәрмәрынан жасалған. Ғимарат жер бетінде 5 және жер астындағы 2 қабаттан тұрады, оның ішінде жер бетіндегі 1-қабаттың биіктігі 10 м., қалған қабаттардың биіктігі 5 м. Жертөле қабаттарында техникалық қызмет, ас үй, асхана және гараж орналасқан. Бірінші қабатта жалпы ауданы 1800 м 2  құрайтын, еденіне гранит төселген салтанатты хол орналасқан. Екінші қабатта қызметтік орынжайлар орналасқан.

Үшінші қабатта: • киіз үйге ұқсатып жасалған, мәрмәр және гранит таспен өңделген Шығыс залы; • сыйлықтар мен сенім грамоталарын

9 слайд
Үшінші қабатта: • киіз үйге ұқсатып жасалған, мәрмәр және гранит таспен өңделген Шығыс залы; • сыйлықтар мен сенім грамоталарын тапсыру залы; • екіжақты кездесулерге арналған «Алтын» зал; • камин залы; • қызметтік орынжайлар мен мәжіліс залдары орналасқан. Төртінші қабатта: • қызметтік орынжайлар мен мәжіліс залдары; • Саммиттің Үлкен залы; • кітапхана; • кіші Шығыс залы орналасқан. Барлық залдар ерекше мәнермен әрленген, люстралар мен жиһаз бар. Едендерге түрлі сортты мәрмәр, гранит тастары және көркем паркет төселген. Резиденцияны салу барысында әлемдік ірі өндірушілердің озық инженерлік құрал-жабдықтары пайдаланылған.

10 слайд

10 слайд

• Бейбітшілік пен келісім сарайы – архитектуралық құрылыс кешені, сәулет өнерінің бірегей туындысы. Ол Астана қаласының

11 слайд
• Бейбітшілік пен келісім сарайы  –  архитектуралық  құрылыс кешені,  сәулет  өнерінің бірегей туындысы. Ол  Астана қаласының қолдан жасалған жота үстінде орналасқан. • Пирамида  іспетті етіп тұрғызылған сарай 2006 жылы 2 қыркүйекте салтанатты түрде ашылды. Оның табан қабырғасының ұзындығы 62 м; ауданы 25,5 мың м².  Ғимарат  ағылшын архитекторы Н.Фостердің жобасымен салынған. Болат пен тастан тұрғызылған  сарай  өзара рухани түсінушіліктің жаһандық орталығына айналды. Ғимарат экстерьері пирамида түрінде болса, сарайдың орталық күмбезді залы  Нью-Йорк  қаласындағы  БҰҰ  Қауіпсіздік кеңесінің холлы тәрізді етіп салынған. • Бейбітшілік пен келісім сарайы сарайында  Қазақстан  халықтары ассамблеясы, ұлтаралық және дінаралық келісім орталығы,  мұражай ,  университет , 1,5 мың орынды опера залы, кең орталық атриум мен қысқы бақ орналасқан. Сарай ғимаратының құрылысы құбылмалы ауа райын ескере отырып салынған; оның кіре берісі жер астында орналасқан.

12 слайд

12 слайд

Тәуелсіздік Сарайы - мемлекеттік ресми іс-шараларды, форумдарды, мәжілістерді, кездесулерді, съездерді өткізу орны болып табы

13 слайд
Тәуелсіздік Сарайы  - мемлекеттік ресми іс-шараларды, форумдарды, мәжілістерді, кездесулерді, съездерді өткізу орны болып табылады. Ғимараттың сыйымдылығы, техникалық жабдықталуы, жайлылығы іс-шараларды жоғары халықаралық деңгейде өткізуге және көрсетуге мүмкіндік береді. Ресми іс- шаралармен қатар концерттерді, көрмелерді, мерекелік жиындарды өткізуге барлық мүмкіндік бар. Ішкі құрылымы қатаң шешімдер мен жайлылық эстетикасының үйлесімділігі болып табылады. Тәуелсіздік Сарайының құрылымы: • Конгресс зал; • Рәсімдеу залы; • Пресс-орталық; • Қол өнер және этнография, археология және антропология галереясы • Қазіргі заман галереясы; • Астана тарихы мұражайы; • 4D кинотеатры ; • 360 град. кинотеатры • Электронды кітапхана;

14 слайд

14 слайд

Қазақ елі монументі -Тарихи-мемориалдық кешеннің жалпы аумағы 5,2 гектар, соның монумент орна лас қан орталық тұғырнамасы 1 ге

15 слайд
Қазақ елі монументі -Тарихи-мемориалдық кешеннің жалпы аумағы 5,2 гектар, соның монумент орна лас қан орталық тұғырнамасы 1 гек тар жерді алып жатыр. Ақ  мәр мәрдан  құйылған монумент тің биіктігі – 91 метр, бұл – Қазақстан  тәуелсіздігін алған  1991  жыл дың белгісі. Ал оның басындағы алтын түстес бояу мен әрленген алып құс – Сам ұрық Қазақ стан ның тынышты ғын «күзетіп» тұр. Монументтің түсі – ақ. Ол қазақстан дық тардың дос тық қа адал, бау ырмал, ақ ниетін паш етсе ке рек. Көптеген елдерде орнатыл ған мұндай стелалар қара, кейде қызыл түсті болып келеді. Олар тиісінше қара күш тің, қанның белгісі іспетті. «Қазақ елі» монументінің сыртқы бөлігінде 28 колоннадан тұратын жалпы ұзындығы 120 метрлік доға пішіндес ақ колон на да орнатылған. Стеланың өзі осы ақ колоннаданың қақ орта сында, қызыл граниттен жасалған төрт қырлы тұғырға отырғызыл ған. Оның төрт қырлы болған се бебі – дүниенің төрт бұрышына да Қазақстанның құшағы ашық, көңілі адал дегенді айғақтайды. Орталық барельеф – « Халық және Президент » деп аталады. Онда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен оның сыртында халықтың бейнесі көрінеді. Алдыңғы фигура ның биіктігі – 5 м, онда Н.Назар баевтың Конституцияның үстіне қолын қойып, ант беріп тұрған сәті бейнеленген. Бұл – біздің тәуелсіз, демократиялық елімізде заңның үс тем дік құратынын айғақтайтын нышан. Президенттің сыртындағы халық – қазақстандықтар, олардың бейбіт, мейірімді көңілін ұшып жүрген қарлығаштар дәйектейді.

16 слайд

16 слайд

Тәуелсіздік Сарайы 3 қабаттан тұрады. Бірінші қабат - ұлттық және қазіргі заман стильдерінің біртума үйлесімділігі. Осында 3082

17 слайд
Тәуелсіздік Сарайы 3 қабаттан тұрады. Бірінші қабат - ұлттық және қазіргі заман стильдерінің біртума үйлесімділігі. Осында 3082 адамға жасалған Конгресс-зал, 268 орны бар Рәсімдеу залы, 220 орны бар Пресс-орталық, сыйымдылығы 678 адамға арналған және сахна мен дыбыс аппаратурасымен жабдықталған кең мейрамхана орналасқан. Екінші қабатта қол өнер және  этнография ,  археология  және  антропология  галереясы орналасқан. Композициялық үйлестірілген археология залы  Алтын адам, Сармат батыры, Берел аттары, құпия жазулары бар тастар сияқты сирек кездесетін ежелгі экспонаттарымен толққан. Адам киімі, аттардың әшекейлері, аң стилінде жасалған скиф- сақ әлемінің бұйымдары да осында орын тепкен. Этнография мен қол өнері әйел әшекей-бұйымдары, қазақ даласының түрлі аймақтарының ұлттық киімдері, батырлардың қару-жарақтары, ән аспаптары, қолдан тігілген кілемдер, аңға шығу композициясы, әсерлі қыз ұзату көрінісі ретінде ұсынылған. 18-19 ғғ. экспонаттарымен қатар қазіргі заман шеберлерінің жұмыстары да орын тапты. Көшпенді цивилизациясының ұлы жетістігі - бұл қазақ  киіз үйі , қазіргі заман шеберімен жасалған көрермендер назарына ұсынылады. Антропология залы неолит дәуірінен бастап бүгінгі күнге дейінгі бұрыңғы қалпына келтірілген адам бейнесінің көрінісі келтірілген. Үшінші қабатта  Астана қаласы  тарихының мұражайы орналасқан. «Астана 2030» макет залы астананың 2030 жылға дейінгі даму көріністерін көрсетеді.

Монументтің оң жағындағы екінші барельеф – « Қаһармандық » деп аталады. Онда Отан қорғау қазақ ұлдарының ежелден қасиетті боры

18 слайд
Монументтің оң жағындағы екінші барельеф – « Қаһармандық » деп аталады. Онда Отан қорғау қазақ ұлдарының ежелден қасиетті борышы болғанын көрсететін бейнелер шоғырланған. Соның ішінде ерлік пен елдікке үндеген жыраудың, ат үстіндегі ел қорғаған сарбаздың және қолында автоматы бар жауынгердің елдің шебін күзеткен бейнелері орналастырылған. Батыс жақ бетке орналастырылатын « Жасампаздық » атты барельефте авторлар Қазақстанның көшпелі дәуірден ғарышқа ұшқанға дейінгі жолын бейнелемек болған. Сондағы жасампаздықты туғызған ғалымдар мен инженерлер, металлургтер мен диқандар бейнесі көрінеді. Ал монументтің шығыс жағындағы « Болашақ » атты барельефте тәуелсіз елде өсіп, өз тағдырларын өздері жасап, ғылымда, мәдениетте, спортта үлкен жетістіктерге жетіп келе жатқан қазақстандық жастардың көңілді шақтары бейнеленген. Осы идеялардың бәрі Қазақстан халқының тәуелсіздік алғандағы шаттанған сезімдерін бейнелеген « Бірлік » атты мүсіндік композициямен аяқталады.

19 слайд

19 слайд

• Нұр Астана мешіті - Бүгінде әлем жұртшылығын өзінің әсем сәулетімен тамсандырған «Нұр Астана» орталық мешітінің құрылысы 20

20 слайд
• Нұр Астана мешіті - Бүгінде әлем жұртшылығын өзінің әсем сәулетімен тамсандырған «Нұр Астана» орталық мешітінің құрылысы 2002 жылы басталып, 2005 жылы пайдалануға берілді. Ол заманауи бейнеде салынған үйлердің арасынан өзгеше көрінгенмен, үйлесімі де жоқ емес. Шыны, бетон, болат, гранит және алюкобондттың қоспасынан шыққан шығыс үлгісіндегі әсем ғимарат. Ішкі қабырғалары жартылай табиғи мәрмәрмен көмкерілген бұл мешіттің биіктігі 63 метрлік төрт мұнарасы бар. Күмбезі алтынмен жалатылған. Оның күмбездерін тіреп тұрған  8 тіреу діңгектері бар. Әрі ол оюлармен ғана емес, ойып нақышталған сүре жазуларымен бедерленген. Ішкі жағында 5 мың адам бір уақытта намаз оқи алатын үлкен зал бар. Екінші қабатта 2 мың әйелдің намаз оқуына арналған балкон бар. Мешіттің ауданы шамамен 4000 ш.м. құрайды.

21 слайд

21 слайд

• Цирк ғимаратының құрылысы 2001 жылғы желтоқсанда басталып, 2005 жылғы 14 желтоқсанда есіктерін айқара ашты. Циркті салу идея

22 слайд
• Цирк ғимаратының құрылысы 2001 жылғы желтоқсанда басталып, 2005 жылғы 14 желтоқсанда есіктерін айқара ашты. Циркті салу идеясы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың еншісінде.  • Бірегей үлгідегі «ұшатын тәрелкенің» авторы – Төлеген Әбділдә мен оның әріптестері. Ұқсастығы жоқ архитектуралық қиял, жоғары технологиялық жоба, ішкі құрылымдық эргономика, кеңейтілген инфрақұрылым, ал ең бастысы – цирктің барлық жанрын ұсынатын бағдарлама жасауға қабілетті жас, жаңа ұжым. • Цирктің жүрегі – арена – диаметрі 92 м. тостаған формасындағы темір конструкцияда орналасқан. Аренаның диаметрі 13 м. және ол қазіргі заман цирк өнерінің талаптарына сәйкестендіріп жабдықталған: цирк күмбезінің астындағы акробатикалық ұшу жаттығулары үшін керек құрылғы, лазерлік шоу қондырғысы, мұздыайдынға айналатын манеж – трансформер. Сонымен қатар, бұл жабын паркетке де айнала алады. Ал цирк қойылымын, концерт немесе би марафонын бір мезгілде 2 мыңдай адам көре алады.

23 слайд

23 слайд

• " Думан" ойын-сауық орталығының Мұхитаралы-ТМД-дағы тұңғыш дүниеге келген бірден-бір нысан. Бұл әлемдегі көк мұхиттан 3 00

24 слайд
•   " Думан" ойын-сауық орталығының Мұхитаралы-ТМД-дағы тұңғыш дүниеге келген бірден-бір нысан. Бұл әлемдегі көк мұхиттан 3 000 шақырымнан астам қашықтыққа алыстаған жалғыз Мұхитарал. Мұхитаралдың су қоры - 3 миллион литрді құрайды. Оны әзірлеу үшін 120 тонна теңіз тұзы қажет болды. Мұнда жұмыр Жердің әр түкпіріндегі теңіз жәндіктерінің 100-ден астам түрінен тұратын 2 000- нан артық теңіз тұрғындары тіршілік құруда. •    Осындағы түрлі көрме аймақтарында Оңтүстік Америкадағы және Оңтүстік-Шығыс Азиядағы тұщы сулардың, жағалау маңдарының, тұңғиықтар мен кораллды рифтердің тұрғындары тіршілік кешуде. •    Мұхитарал түбінде жылжымалы жолмен жарақтанған, қалыңдығы 7 сантиметрлік акри...