Материалдар / Ашық сабақ " Темір және оның қосылыстары"9 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ " Темір және оның қосылыстары"9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
9 сынып оқушыларына қажет және де оқушылардың ой өрісін дамытады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қырқүйек 2018
299
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
ТЕМІР ЖƏНЕ ОНЫҢ ҚОСЫЛЫСТАРЫ. ТЕМІР ҚОСЫЛЫСТАРЫНЫҢ ГЕНЕТИКАЛЫҚ ҚАТАРЫ.

1 слайд
ТЕМІР ЖƏНЕ ОНЫҢ ҚОСЫЛЫСТАРЫ. ТЕМІР ҚОСЫЛЫСТАРЫНЫҢ ГЕНЕТИКАЛЫҚ ҚАТАРЫ.

Сабақтың мақсаты Білімділік: Темірдің тотығу дәрежесіне байланысты, химиялық қасиеттері туралы түсінігін қалыптастыру, өмірмен

2 слайд
Сабақтың мақсаты Білімділік: Темірдің тотығу дәрежесіне байланысты, химиялық қасиеттері туралы түсінігін қалыптастыру, өмірмен байланыстыра отырып оқыту. Дамытушылық: Жаңа сабақпен өткен тақырыптарды ұштастыра отырып оқушылардың білімдерін одан әрі дамыту және өз беттерімен жұмыс істеу қабілеттерін, дағдыларын қалыптастыру. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік:  оқушылардың іздемпаздылығын , іскерлігін қалыптастыра тәрбиелеу

Кім көп біледі? (үй тапсырмасы) Сұрақтар: 1. Алюминийдің атом құрлысы қандай? 2. Периодтық жүйеде алюминий қай топта, қай пе

3 слайд
Кім көп біледі? (үй тапсырмасы) Сұрақтар:  1. Алюминийдің атом құрлысы қандай?  2. Периодтық жүйеде алюминий қай топта, қай периодта орналасқан?  3. Табиғатта қандай күйде кездеседі? Қосылыстарын ата.  4. Алюминийдің химиялық қасиеттері қандай?  5. Алюминийдің физикалық қасиеттері қандай?  6. Алынуы  7. Қолданылуы 

Жаңа сабақ: Темір және оның қосылыстары. 1.Темірдің периодтық жүйедегі орны (химик) 2.

4 слайд
Жаңа сабақ: Темір және оның қосылыстары. 1.Темірдің периодтық жүйедегі орны (химик) 2.Табиғатта таралуы және маңызы (геолог) 3.Темірдің ашылу тарихы (тарихшы) 4.Физикалық қасиеттері (физик) 5.Темірдің алынуы (металлург) 6.Темірдің табиғатта таралуы (географ) 7.Темірдің химиялық қасиеттері (химик) 8.Темір биологияда (биолог)

Химик: 4-период, 4 — қатар, 8 — топ, қосымша топша орналасқан реттік нөмірі 26, салыстырмалы атомдық массасы 56 26 электрон,

5 слайд
Химик:   4-период, 4 — қатар, 8 — топ, қосымша топша орналасқан реттік нөмірі 26, салыстырмалы атомдық массасы 56 26 электрон, 26 протон, 30 нейтрон, 4 электрондық қабат, 2)8)14)2), электрондық конфигурациясы:  1s 2 2s 2 2p 6 3s 2 3p 6 3d 6 4s 2   Темір – VIIIБ топ элементі, d — элемент. Темірдің валенттік электрондары сыртқы s-e және сырттан санағанда екінші деңгейдегі d-e  болып табылады, сондықтан ол ауыспалы тотығу дәрежелерін көрсетеді. +2, +3  

Химик: Жай заттармен әрекеттесуі: Темір оттекте жанғанда екі тотығу дәрежесін де (+2, +3) көрсетеді, ұшқын шашыратып жанады: 3F

6 слайд
Химик: Жай заттармен әрекеттесуі: Темір оттекте жанғанда екі тотығу дәрежесін де (+2, +3) көрсетеді, ұшқын шашыратып жанады: 3Fe + 2O 2 = Fe 3 O 4  (FeO * Fe 2 O 3 )  Белсенді бейметалдар темірді тотықтырады: 2Fe + 3Cl 2 = 2FeCl 3 Fe + S = FeS Күрделі заттармен әрекеттесуі: Қатты қыздырылған темір су буымен әрекеттеседі: Fe + H 2 O = FeO + H 2 Ылғалды ауада тат түзеді: 4Fe 0 + 6H 2 O + 3 О 2 = 4Fe(OH) 3 Fe 0 – 3 е - = Fe +3        4 O 2 0 +4 е - = 2 О -2        3 Концентрлі азот және күкірт қышқылдарында темір енжарланады , өйткені ерімейтін қосылыстардың қорғағыш қабатшасымен қапталады . Сұйытылған азот және күкірт қышқылдарымен әрекеттесіп , темір тотықсызданады : Fe + 4HNO3 ( сұй ) = Fe(NO3)3 + NO  + 2H2O Fe + H2SO4 ( сұй ) = FeSO4 + H2 Темір белсенділігі төмен металдарды олардың тұздарынан тотықсыздандырып , ығыстырып шығарады : Fe + CuCl2 = FeCl2 + Cu

Геолог: Маңызды қосылыстары: магнетит-Fe 3 O 4 , гематит- Fe 2 O 3 , лимонит-Fe 2 O 3 ∙ nH 2 O, пирит- FeS 2

7 слайд
Геолог: Маңызды қосылыстары: магнетит-Fe 3 O 4 , гематит- Fe 2 O 3 , лимонит-Fe 2 O 3 ∙ nH 2 O, пирит- FeS 2

Тарихшы: Темірдің ашылу тарихы: Месопотамия өркениетті метеориттік темірді білген, олар б.з.д. ІІІ мыңжылдықта темірді қолданы

8 слайд
Тарихшы: Темірдің ашылу тарихы: Месопотамия өркениетті метеориттік темірді білген, олар б.з.д. ІІІ мыңжылдықта темірді қолданып оны «аспаннан түскен от» деп атаған. Оның құймасынан қару-жарақ, әсемдік бұйымдар жасаған. Египет фараоны ІІ Рамзес Хеттер патшасына (б.з.д. 2500 жыл) жазған хатында кендерді тотықсыздандыру арқылы темір алу туралы мәліметтер бар. Жер бетінде темір алтыннан да бағалы болған уақыттар болды. “Темір ғасыры” деген терминді ғылымға ХІХ ғасырдың басында дат ғалымы Томсен енгізді. Бұл темір металлургиясы дами бастаған кез. Әйгілі Дамаск болатты Шығыста тіпті Аристотель (б.з.д. ІҮғ) кезінде жасалған. Болат қылыш жасау құпияда сақталып келді.

Физик: Темір күмістей ақ түсті, жұмсақ, соғуға, созуға, таптауға, жақсы өңделетін және қиын балқитын металл. Т(б)-1539 С, Т(

9 слайд
Физик: Темір күмістей ақ түсті, жұмсақ, соғуға, созуға, таптауға, жақсы өңделетін және қиын балқитын металл. Т(б)-1539  С, Т(қ)-3200 С p-7,87 г/см. Темір оңай магниттеледі және магниттік қасиетін жоюға бейім келеді… Меккедегі қара тастың өзі де таза темірден жасалғаны белгілі, оның ауада тіреусіз қалқып тұруы- темірдің магниттік қасиетіне негіделген. “Темірді қызған кезде соқ” қандай физикалық қасиетіне негізделген. (созылғыштығына)

Металлург: Темірді 3 түрлі әдіспен алуға болады: Пирометаллургиялық әдіспен: оксидінен тотықсыздандыру арқылы: Fe 2 O 3 + 3H 2

10 слайд
Металлург: Темірді 3 түрлі әдіспен алуға болады: Пирометаллургиялық әдіспен: оксидінен тотықсыздандыру арқылы: Fe 2 O 3 + 3H 2 = 2Fe + 3H 2 O соның ішінде алюминтермиялық әдіспен: Fe 2 O 3 + 2Al = Al 2 O 3 + 2Fe көміртек (ІІ) оксидімен тотықсыздандыру арқылы: Fe 3 O 4 + 4CO = 3Fe + 4CO 2

Географ: Темір – табиғатта таралуы бойынша екінші орындағы металл. Оның жер қыртысындағы үлесі 5,1%. Көптеген метеориттердің

11 слайд
Географ: Темір – табиғатта таралуы бойынша екінші орындағы металл. Оның жер қыртысындағы үлесі 5,1%. Көптеген метеориттердің құрамында темір бар, сондықтан оны ертеде “аспан” және “жұлдыз” тасы деп атаған. Жер қыртысында темір көптеген минералдар түзеді. Темірдің маңызды өнеркәсіптік кендері: қызыл теміртас (Fe2O3), магниттік  теміртас (Fe3O4), пирит (FeS2). Елімізде темір кендерінің үлкен қоры Рудный темір кені бассейінінде және Орталық Қазақстанда бар. Қазіргі уақытта елімізде бірнеше жүздеген кен орындары мен кен ошақтары белгілі. Көптеген кен орындарында кендердің аз тереңдікте орналасуы оларды арзан ашық әдіспен өндіруге мүмкіндік береді. Темір кендерінің ең үлкен қоры Оралда .Онда таулар толық темірден құралған.Курск,Кольск жартылай аралында Шығыс және Батыс Сібірде темір кенінің Үлкен қорлары бар.Қазақстанда темір кендері Оралдың шығыс беткейінде, Қостанай өңірінде көптеп кездеседі(Соколов-Cарыбай). Темір табиғи суларда ең кең тараған элементтердің бірі болып табылады,оның орташа құрамы 0,01 -20 мг/л интервалында тербеліп тұрады.

Биолог: Темір тірі организмдерде де болады. Ересек адамның денесінде 4-5 грамм темір бар. Оның 65%-і қандағы гемоглобиннің құр

12 слайд
Биолог: Темір тірі организмдерде де болады. Ересек адамның денесінде 4-5 грамм темір бар. Оның 65%-і қандағы гемоглобиннің құрамына кіреді. Гемоглобин қанға қызыл түс береді және тыныс алу процесінде оттекті әр түрлі ұлпаларға тасымалдайды. Қанның құрамында темірдің жетіспеуі қан азаюына әкеліп, адам денсаулығын әлсіретеді.   Байланысқан күйдегі темір көптеген тағамдық өнімдерде: қара нан, картоп, алма, өрік, қарақұмық жармасында, малдың бауырында, сары майда кездеседі. Бұл өнімдерді әркім өзінің тамақтану рационына кіргізіп, қан азаюының алдын алуға тиісті.

Сәйкестікті тап формулалар аттары 1.Fe 3 O 4 а)темір(III)гид роксиді 2.FeO ә) темір сульфаты

13 слайд
Сәйкестікті тап формулалар                 аттары 1.Fe 3 O 4         а)темір(III)гид роксиді 2.FeO  ә) темір сульфаты 3.FeSO 4 б) темір  (II)оксиді 4.Fe(OH) 3                в)  темір қағы

Толықтыру тест тапсырмалары 1.Темір —— түстес ——- металл. 2.Темір иілімді,——- қасиеті бар, тығыздығы——-. 3.Темір қосылыстарын

14 слайд
Толықтыру тест тапсырмалары 1.Темір —— түстес ——- металл. 2.Темір иілімді,——- қасиеті бар, тығыздығы——-. 3.Темір қосылыстарында ——- тотығу дәрежелерін көрсетеді. 4.Темір құймалары ——-және ——түрінде қолданылады. Керекті сөздер: +2, магниттелетін, ақ, +3, шойын, күміс, 3,87г/см, болат.