Материалдар / Ашық сабақ «Бала Бауыржаннан – батыр Бауыржанға дейін"

Ашық сабақ «Бала Бауыржаннан – батыр Бауыржанға дейін"

Материал туралы қысқаша түсінік
Көзінің тірісінде аты аңызға айналған ұлы тұлға – Бауыржан Момышұлы туралы біз не білеміз? Рас, ол - жаужүрек батыр да, қолбасшы да, қаламгер. Әрине қазақ тарихында батыр да, қолбасшы да, қаламгер де аз болған жоқ. Бірақ олардың ешбірінің даңқы алты алаштан әріге асып көрген емес. Ал, Бауыржан атамызды төрткүл дүние халқы түгел таныды, оның қаһармандық қайсар тұлғасы мен адамзат баласында сирек кездесетін озық ақыл – ойы, қарағайға қарсы біткен бұтақтай алабөтен ірі мінезі естіген жұртты тегіс тәнті етті. Бауыржан Момышұлын өзгелерден даралап тұрған айырықша қасиеті - оның қалам мен қаруды қатар ұстауы, қай кезде де ұлт мүддесін қаймықпай қорғауы.
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
ЖИ арқылы жасау
Материалдың қысқаша түсінігі
Тақырыбы: «Бала Бауыржаннан – батыр Бауыржанға дейін» Жас сарбаз үйірмесі Үйірме жетекшісі: Е. Жалимбетов

1 слайд

Сабақтың мақсаты: 1. Ұлы Отан соғысында елін, жерін қорғап қалуда асқан қаһармандық көрсеткен, халық қаһарманы Бауыржан Момышұл

2 слайд
Сабақтың мақсаты: 1. Ұлы Отан соғысында елін, жерін қорғап қалуда асқан қаһармандық көрсеткен, халық қаһарманы Бауыржан Момышұлын әрдайым еске ала отырып, қадір тұту. 2. Оқушыларға батырдың өмір жолын, мәңгі өшпес ерлігін таныстыру 3. Оқушыларды ұлтжандылыққа, бауырмалдыққа, батырлыққа баули отырып тәрбиелеу. Тәрбиелік: Оқушыларға Бауыржан Момышұлының өмірін насихаттай отырып, Отанға деген, өмірге деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту. Жас ұрпақты елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу Көрнекіліктер: Қанатты сөздер, батырдың өмірін бейнелейтін слайдтар, бүктемелер, жұлдызшалар.

Сабақтың барысы: І. Өмірдерек. «Бала Бауыржаннан – батыр Бауыржанға дейін» ІІ. Б. Момышұлының қанатты сөздері ІІІ. Б.Момышұлы ту

3 слайд
Сабақтың барысы: І. Өмірдерек. «Бала Бауыржаннан – батыр Бауыржанға дейін» ІІ. Б. Момышұлының қанатты сөздері ІІІ. Б.Момышұлы туралы деректі фильм IV. Қорытынды

Мұғалім сөзі: Көзінің тірісінде аты аңызға айналған

4 слайд
Мұғалім сөзі: Көзінің тірісінде аты аңызға айналған ұлы тұлға – Бауыржан Момышұлы туралы біз не білеміз? Рас, ол - жаужүрек батыр да, қолбасшы да, қаламгер. Әрине қазақ тарихында батыр да, қолбасшы да, қаламгер де аз болған жоқ. Бірақ олардың ешбірінің даңқы алты алаштан әріге асып көрген емес. Ал, Бауыржан атамызды төрткүл дүние халқы түгел таныды, оның қаһармандық қайсар тұлғасы мен адамзат баласында сирек кездесетін озық ақыл – ойы, қарағайға қарсы біткен бұтақтай алабөтен ірі мінезі естіген жұртты тегіс тәнті етті. Бауыржан Момышұлын өзгелерден даралап тұрған айырықша қасиеті - оның қалам мен қаруды қатар ұстауы, қай кезде де ұлт мүддесін қаймықпай қорғауы.

Батырдың өмір жолына көз жүгіртсек ол Жамбыл облысының Жуалы ауданына қарасты Көлбастау ауылында дүниеге келген. Шымкенттегі 7

5 слайд
Батырдың өмір жолына көз жүгіртсек ол Жамбыл облысының Жуалы ауданына қарасты Көлбастау ауылында дүниеге келген. Шымкенттегі 7 жылдық мектеп-интернатын бітірген соң, біраз жылдар мектепте мұғалім болыпты. Бұл сол кездегі ең бір абыройлы, беделді мамандықтардың бірі. Сол кездің өзінде-ақ еңбекқорлығымен, өз қызметіне деген ынта, жігерімен, дарынымен көзге түскен жас жігітке ауаткомның хатшысы, милиция бастығы сияқты аса жауапты қызметтер сеніп тапсырылған. Бауыржан Момышұлы әскер қатарына 1932 жылы алыныпты. Еңбекқор, іскер азаматтардың қандай да болсын істен нәтиже шығара білетіні белгілі. Баукең бойындағы мұндай қасиеттерін әскер қатарынан оралғаннан кейінгі жылдары көрсетсе керек.

Осы уақытта біраз жылдар Шымкент, Алматы қалаларындағы банк саласында жемісті еңбек еткен ол, жақсылап қолға алса, өзінен тәп

6 слайд
Осы уақытта біраз жылдар Шымкент, Алматы қалаларындағы банк саласында жемісті еңбек еткен ол, жақсылап қолға алса, өзінен тәп-тәуір қаржыгердің де шығатынын көрсеткен. Бұдан әрі қарай Баукеңнің өмірі өзінің туа біткен қасиеттерімен байланысты, яғни әскер саласындағы қызметтермен жалғасады. Яғни ол 1936 жылы Ленинград финанс академиясы жанындағы курсты тәмамдап, қайтадан Қызыл Армия қатарына алынған. Онда жүріп, взвод, рота, командирі полк штабы бастығының көмекшісі сияқты басшылық қызметтерді атқарады. 1941 жылы Қазақ әскери комиссариатының нұсқаушысы болады. 1941 жылғы күзгі, қысқы кескілескен шайқастар кезінде өз батальонын 27 рет шабуылға бастап шықты. 5 рет қоршауды бұзып, негізгі жауынгерлік құрамымен аман-есен дивизиясына қосылды.

Ал Ұлы Отан соғысы басталысымен 316-шы атқыштар дивизиясының жасақталуына атсалысып, сол дивизия құрамында майданға аттанады. О

7 слайд
Ал Ұлы Отан соғысы басталысымен 316-шы атқыштар дивизиясының жасақталуына атсалысып, сол дивизия құрамында майданға аттанады. Онда Баукең немістермен Мәскеу түбінде болған айқастарға қатысып, әйгілі 8-ші гвардиялық дивизияның батальон, полк командирі болып, соғыс бітердің алдында осы гвардияны басқарады. Тап осы сұрапыл соғыс жылдарында ол өзінің асқан ерлігімен, соғыс өнерінің қыр-сырын меңгерген білікті жауынгерлік қасиетімен ерекшеленіп, оның атақ-даңқы аңызға айналады. Соғыстан соң Баукең Кеңес армиясы Бас штабы жанындағы Жоғары әскери академияны бітірген. Ал 1950-1956 жылдар аралығында әскери академияда сабақ берген және түрлі әскери қызметтерді атқарған.

Бауыржан Момышұлының ерлік істері мен оның соғыс қимылдары жөнінде жазып қалдырған еңбектері мен естеліктері, халық арасында

8 слайд
Бауыржан Момышұлының ерлік істері мен оның соғыс қимылдары жөнінде жазып қалдырған еңбектері мен естеліктері, халық арасында «Бауыржан айтқан екен» деген әңгімелері кейінгі ұрпаққа, өз еліне деген сүйіспеншілік пен махаббатың, ерлік пен елдіктің үлгісі болып қалды. Баукеңнің ерліктері жөнінде осы уақытқа дейін көптеген еңбектер жазылды. Олардың ең танымалдарының бірі белгілі орыс жазушысы Александр Бектің «Арпалыс» («Волоколам шоссесі») повесі. Бұл кітап неміс, чех, еврей, ағылшын, француз, т.б. шет ел тілдеріне аударылған.

Бауыржан Момышұлы туралы шығармаларды қазақ жазушылары да көп жазды. Ол туралы түсірілген фильмдер де жеткілікті. Ал осыншама к

9 слайд
Бауыржан Момышұлы туралы шығармаларды қазақ жазушылары да көп жазды. Ол туралы түсірілген фильмдер де жеткілікті. Ал осыншама көпті көрген, белді қызметтерді атқарып, үлкен марапаттардың, атақтардың иесі атанған танымал тұлғаның өзгелерге айтары, кейінгі ұрпаққа қалдырары аз болмаса керек. Оның соғыстан кейінгі жылдары айналысқан шығармашылық жұмыстары мен жазып қалдырған еңбектері осындай ниеттен туған дүниелер деуге болады. Көрнекті жазушының орыс және қазақ тілдерінде жазып қалдырған «Бір түннің тарихы», «Ұшқан ұя» сияқты алғаш шыққан кітаптары мен одан кейін жазылған «Мәскеу үшін шайқас», «Жауынгердің тұлғасы», «Майдан» сияқты өзге де көптеген шығармалары оқырман жүрегіне жол тауып, көпшіліктің іздеп оқитын кітаптарының біріне айналды. Бұл шығармалардың барлығы да көптеген елдердің тілдеріне аударылып басылды.

Бауыржан Момышұлының қанатты сөздері: 1. Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу – сатқындықтың белгісі. 2. Жақсы сөз жанға - жақы

10 слайд
Бауыржан Момышұлының қанатты сөздері: 1. Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу – сатқындықтың белгісі. 2. Жақсы сөз жанға - жақын, құлаққа - жағымды, ойға - қонымды келеді. 3. Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген ел - құл болмайды. 4. Ұлттық рух пен ұлттық патриотизм — бұл ұлттың ішіндегі жеке адамның асыл белгісі мен қасиеті. 5. Әділдікті мойындау - адал кісінің ісі. 6. Қайратыңа - әдісіңді жолдас ет, әдісіңе - ақылынды жолдас ет. 7. Ата-ана қадірін білмеген - ел қадірін біле алмас, Ел қадірін білмеген - ата-ана қадірін біле алмас. 8. Тіл - ұлт қасиетін айқындайтын белгі, ұлттық салт-сана өзегі.

Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі