Ашық сабақ: "Жеті қасиетті сан"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
1 слайд
Есік гуманитарлық – экономикалық колледжі
“ Жеті қасиетті сан”
Топ: 418
Оқытушы: Еменақынова Ж.Н.
1 слайд
Есік гуманитарлық – экономикалық колледжі “ Жеті қасиетті сан” Топ: 418 Оқытушы: Еменақынова Ж.Н.
2 слайд
Сабақ мақсаты : Қазақтың қасиетті жеті санына байланысты ең
маңызды, қызықты және түсінікті мәліметтерді жинақтау,
білімдерін бекіту.
Міндеттері:
1.Киелі санның сырын жан – жақты аша отырып,
студенттердің білімін тиянақтау.
2. Студенттердің ой – өрісін, өз бетінше және топпен жұмыс
жасай білу қабілеттерін дамыту.
3. Студенттерді дұрыс ойлауға , дұрыс іс – әрекет етуге, өзін
және өзгені дұрыс бағалауға тәрбиелеу.
2 слайд
Сабақ мақсаты : Қазақтың қасиетті жеті санына байланысты ең маңызды, қызықты және түсінікті мәліметтерді жинақтау, білімдерін бекіту. Міндеттері: 1.Киелі санның сырын жан – жақты аша отырып, студенттердің білімін тиянақтау. 2. Студенттердің ой – өрісін, өз бетінше және топпен жұмыс жасай білу қабілеттерін дамыту. 3. Студенттерді дұрыс ойлауға , дұрыс іс – әрекет етуге, өзін және өзгені дұрыс бағалауға тәрбиелеу.
3 слайд
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер: шыншылдық,
адалдық, уәдеге беріктік,
сенімділік, өз ісіне деген
сүйіспеншілік.
3 слайд
Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: шыншылдық, адалдық, уәдеге беріктік, сенімділік, өз ісіне деген сүйіспеншілік.
4 слайд
Сабақта “5Т”ережесін
сақтайық:
1. Тәртіп
2. Тазалық
3. Татулық
4. Төзімділік
5. Терең ой
4 слайд
Сабақта “5Т”ережесін сақтайық: 1. Тәртіп 2. Тазалық 3. Татулық 4. Төзімділік 5. Терең ой
5 слайд
Жағымды көңіл күй
5 слайд
Жағымды көңіл күй
6 слайд
Бүгінгі сабақта біз сіздермен халық
педагогикасындағы ақыл-ой тәрбиесі
туралы теориялық білімімізді
практикамен байланыстыра отырып
бекітеміз.
6 слайд
Бүгінгі сабақта біз сіздермен халық педагогикасындағы ақыл-ой тәрбиесі туралы теориялық білімімізді практикамен байланыстыра отырып бекітеміз.
7 слайд
7 слайд
8 слайд
Дәйексөз.
«Ақылды болсаң ,арыңды сақта,
Ар – ұждан керек әр уақытта».
Нақыл сөз
8 слайд
Дәйексөз. «Ақылды болсаң ,арыңды сақта, Ар – ұждан керек әр уақытта». Нақыл сөз
9 слайд
Әңгiмелеу
«Бәйшешек бақшасы».
Дүниені көп көрген бір адамнан: «Қандай қатты
кейіс не қатты қуаныш көрдіңіз?» - деп сұрағанда,
ол айтыпты: «Африканың зор шөлінде бір
керуенмен еріп келе жатып, ауырып жүре алмай, бір
судың басында қалып, аздан соң жазылып,
керуендерге жеткенше азығым таусылып, аштан
өлер болып, әлім кетіп бір жерге отыра
кеттім.Өмірде осыдан қатты кейіген
емеспін.Қайтерімді білмей, қасымдағы дөңкейген
құмға қарасам, құмнан бір киімнің етегі шығып
жатыр екен.Құмды ашсам, мендей бір сорлы өзін-өзі
құмға көміп, өлерінде алдындағы тақырға
таяғымен мынаны жазыпты:
9 слайд
Әңгiмелеу «Бәйшешек бақшасы». Дүниені көп көрген бір адамнан: «Қандай қатты кейіс не қатты қуаныш көрдіңіз?» - деп сұрағанда, ол айтыпты: «Африканың зор шөлінде бір керуенмен еріп келе жатып, ауырып жүре алмай, бір судың басында қалып, аздан соң жазылып, керуендерге жеткенше азығым таусылып, аштан өлер болып, әлім кетіп бір жерге отыра кеттім.Өмірде осыдан қатты кейіген емеспін.Қайтерімді білмей, қасымдағы дөңкейген құмға қарасам, құмнан бір киімнің етегі шығып жатыр екен.Құмды ашсам, мендей бір сорлы өзін-өзі құмға көміп, өлерінде алдындағы тақырға таяғымен мынаны жазыпты:
10 слайд
«Азықсыз аш адамға ат басындай алтыннан түк
пайда жоқ, менің мына бір кесе меруертім мен
белбеуімдегі жүз ділдәм мені бір шақырым жердегі
мөлдір бұлақ, жемісті ағашқа жеткізе алмай, аштан
өлдім, мені сол бұлақтың басына көміп, моланың
басына не тас, не тақтайға: «Азықсыз аш адамға ат
басындай алтыннан түк пайда жоқ» деп жазған
адамға осы меруертім де, ділдәларым да адал
болсын», - деп жазыпты. Бір шақырымда су бар
екенін білгенде, жаным кіріп, етегімді беліметүріп,
бар қуатымды жинап алып, жүгіріп келсем, мені
тастап кеткен керуендер шөлден меспен су алып
өтіп, сол бұлақта тынығып жатыр екен.
10 слайд
«Азықсыз аш адамға ат басындай алтыннан түк пайда жоқ, менің мына бір кесе меруертім мен белбеуімдегі жүз ділдәм мені бір шақырым жердегі мөлдір бұлақ, жемісті ағашқа жеткізе алмай, аштан өлдім, мені сол бұлақтың басына көміп, моланың басына не тас, не тақтайға: «Азықсыз аш адамға ат басындай алтыннан түк пайда жоқ» деп жазған адамға осы меруертім де, ділдәларым да адал болсын», - деп жазыпты. Бір шақырымда су бар екенін білгенде, жаным кіріп, етегімді беліметүріп, бар қуатымды жинап алып, жүгіріп келсем, мені тастап кеткен керуендер шөлден меспен су алып өтіп, сол бұлақта тынығып жатыр екен.
11 слайд
Керуенге келіп тамақтанып, көлік һәм
жұмысшы жалдап алып, әлгі өлікті жерлеп,
бұлақ басына қойған тасқа: «Азықсыз аш
адамға ат басындай алтыннан түк пайда
жоқ» - деп жаздырдым.
Бір тілім нан – ардақты жанның досы,
Ақша деген – мақтаншақ паңның досы.
«Арпа, бидай – ас екен,
Алтын күміс – тас екен» деген осы.
11 слайд
Керуенге келіп тамақтанып, көлік һәм жұмысшы жалдап алып, әлгі өлікті жерлеп, бұлақ басына қойған тасқа: «Азықсыз аш адамға ат басындай алтыннан түк пайда жоқ» - деп жаздырдым. Бір тілім нан – ардақты жанның досы, Ақша деген – мақтаншақ паңның досы. «Арпа, бидай – ас екен, Алтын күміс – тас екен» деген осы.
12 слайд
Адам өмірін қалай түзетуге болады? Адам қайткенде тату
тұра алады? Ойлы, саналы адамдардың ғасырлар бойы
миын тыншытпайтын осы сұрақтар.Адам өмірін түзейміз
деп сан ғалымдар түрлі ойлар айтып, ол ойларын халыққа
таратып, том-том кітаптар жазды.Солардың мен білетін
бастылары: біреулер адам өмірі жаратқан иесін танумен
түзеледі десе, кейбіреулер үкімет жойылса, әркім өз бетімен
өмір сүрсе, түзеледі деді.Ал біреулер оқу біліммен, халықты
ағартумен адам өмірі түзеледі деді.Біреулер бай, кедейді
теңеумен түзеледі десе, біреулер тәрбиемен түзеуге болады
дейді.Өмірдің өзі – тіршілік таласы.Сондықтан адам өмірін
жаратылыстың өзі солай жаратқан, бірін-бірі жеп, талап,
таласып өмір сүрмек дегендер де болған.
Біздіңше, бұларды жекелей алғанда, ешқайсысы да адам
өмірін түзей алмайды.
12 слайд
Адам өмірін қалай түзетуге болады? Адам қайткенде тату тұра алады? Ойлы, саналы адамдардың ғасырлар бойы миын тыншытпайтын осы сұрақтар.Адам өмірін түзейміз деп сан ғалымдар түрлі ойлар айтып, ол ойларын халыққа таратып, том-том кітаптар жазды.Солардың мен білетін бастылары: біреулер адам өмірі жаратқан иесін танумен түзеледі десе, кейбіреулер үкімет жойылса, әркім өз бетімен өмір сүрсе, түзеледі деді.Ал біреулер оқу біліммен, халықты ағартумен адам өмірі түзеледі деді.Біреулер бай, кедейді теңеумен түзеледі десе, біреулер тәрбиемен түзеуге болады дейді.Өмірдің өзі – тіршілік таласы.Сондықтан адам өмірін жаратылыстың өзі солай жаратқан, бірін-бірі жеп, талап, таласып өмір сүрмек дегендер де болған. Біздіңше, бұларды жекелей алғанда, ешқайсысы да адам өмірін түзей алмайды.
13 слайд
Бізше, адам өмірін түзеуге , барлық адамдар тату тұруы–
адал еңбек, ақ жүрек, арлы ақыл болуы керек. Дүниеде бұл
үшеуі үстем болмай, адам баласына тыныш өмір сүруге
мүмкіндік жоқ.
Әрине, адам оқып, біліп үйренуі қажет.Білімсіз, ғылымсыз
өнер табылмайды.Сол алған білім-өнерлерін адал еңбекпен
жаратылыстың мол байлығын пайдалануға салса,
табылмайтын нәрсе жоқ.Сол тапқан байлықты барша адам
басының керегіне, пайдасына жаратуы керек. Мейірімділік,
махаббат, қайырымдылық, адалдық ақ жүректен шығады.Ал
арлы, ақылды адам қиянатты, зорлықты, өзімшілдікті,
мақтануды білмейді және істемейді.
13 слайд
Бізше, адам өмірін түзеуге , барлық адамдар тату тұруы– адал еңбек, ақ жүрек, арлы ақыл болуы керек. Дүниеде бұл үшеуі үстем болмай, адам баласына тыныш өмір сүруге мүмкіндік жоқ. Әрине, адам оқып, біліп үйренуі қажет.Білімсіз, ғылымсыз өнер табылмайды.Сол алған білім-өнерлерін адал еңбекпен жаратылыстың мол байлығын пайдалануға салса, табылмайтын нәрсе жоқ.Сол тапқан байлықты барша адам басының керегіне, пайдасына жаратуы керек. Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық ақ жүректен шығады.Ал арлы, ақылды адам қиянатты, зорлықты, өзімшілдікті, мақтануды білмейді және істемейді.
14 слайд
Осы үшеуінің басы қосылса, адам жақсы өмір сүріп, бір-
бірімен тату тұруында сөз жоқ.Бірақ осы айтылғандарға
қарсы, жолдан қосылған, адамның бойына біржолата сіңісіп,
біте қайнасып қалған күшті, зиянды жау нәрселер, әдеттер де
бар. Олар: нәпсі, өзімшілдік, мақтаншақтық.Бұлардан ұшы-
қиыры жоқ жаман әдеттер туа бермек. Мысалы зорлық,
алдау, мансапқорлық, рақымсыздық, мейірімсіздік,
қанішерлік, тағы басқалар.Бұлай болғанда осы жаман
әдеттерден құтылудың айласын іздеу керек.Ең алдымен
барлық адамды адал еңбек ететін жолға салу керек.Сол адал
еңбек, білім үйренумен қабат «ар білімі» деген білім
оқытылуы керек.Бұл ғылымды ақылды адамдар
ойластырып, пән ретінде жазып, пәпсіні жойып, адам
бойында жеке ардың қожа болып қалу жағын көздеу керек.
Адам бойындағы нәпсі кеселі кетсе, өзгерісі оңай...
14 слайд
Осы үшеуінің басы қосылса, адам жақсы өмір сүріп, бір- бірімен тату тұруында сөз жоқ.Бірақ осы айтылғандарға қарсы, жолдан қосылған, адамның бойына біржолата сіңісіп, біте қайнасып қалған күшті, зиянды жау нәрселер, әдеттер де бар. Олар: нәпсі, өзімшілдік, мақтаншақтық.Бұлардан ұшы- қиыры жоқ жаман әдеттер туа бермек. Мысалы зорлық, алдау, мансапқорлық, рақымсыздық, мейірімсіздік, қанішерлік, тағы басқалар.Бұлай болғанда осы жаман әдеттерден құтылудың айласын іздеу керек.Ең алдымен барлық адамды адал еңбек ететін жолға салу керек.Сол адал еңбек, білім үйренумен қабат «ар білімі» деген білім оқытылуы керек.Бұл ғылымды ақылды адамдар ойластырып, пән ретінде жазып, пәпсіні жойып, адам бойында жеке ардың қожа болып қалу жағын көздеу керек. Адам бойындағы нәпсі кеселі кетсе, өзгерісі оңай...
15 слайд
Сұрақтар:
1. Құм астында көмілген кісі дұрыс
өмір сүрген бе?
2. Ол кісі өмірден өтерде қандай
кемшілігін еске алған?
3. Адам өмірін түзеу үшін қандай
құндылықтар қажет?
4. Ар-ұждан құндылығының
қасиеттерін атаңыз.
15 слайд
Сұрақтар: 1. Құм астында көмілген кісі дұрыс өмір сүрген бе? 2. Ол кісі өмірден өтерде қандай кемшілігін еске алған? 3. Адам өмірін түзеу үшін қандай құндылықтар қажет? 4. Ар-ұждан құндылығының қасиеттерін атаңыз.
16 слайд
Бейне фильм :
«Призвание»
(Таңдау)
16 слайд
Бейне фильм : «Призвание» (Таңдау)
17 слайд
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс:
«Ар-ожданмен өмір сүр» ережесін түзу.
Төмендегі әлеуметтік ролдерге байланысты «Мен кіммін?»,
«Менің мақсатым не?» сұрақтарына жауап бере отырып,
абыроймен жетістікке жету жолдарыңыздың ережесін
құрыңыздар.
1 –топ: «Мен бүгін студентпін».
2- топ: «Мен болашақ маманмын».
3-топ: «Мен болашақ анамын».(қыздар).
4-топ: «Мен болашақ әкемін» (ұлдар).
5-топ: «Мен болашақ мемлекеттік қызметкермін».
17 слайд
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс: «Ар-ожданмен өмір сүр» ережесін түзу. Төмендегі әлеуметтік ролдерге байланысты «Мен кіммін?», «Менің мақсатым не?» сұрақтарына жауап бере отырып, абыроймен жетістікке жету жолдарыңыздың ережесін құрыңыздар. 1 –топ: «Мен бүгін студентпін». 2- топ: «Мен болашақ маманмын». 3-топ: «Мен болашақ анамын».(қыздар). 4-топ: «Мен болашақ әкемін» (ұлдар). 5-топ: «Мен болашақ мемлекеттік қызметкермін».
18 слайд
Топпен ән айту:
“ Ғашықтық мұңы”
Сөзі: М.Шаханов.
Әні: Н.Байкөзев.
18 слайд
Топпен ән айту: “ Ғашықтық мұңы” Сөзі: М.Шаханов. Әні: Н.Байкөзев.
19 слайд
Үй тапсырмасы:
«Шығыс ұлына хат»,
Б.Бұлқышев, 83 бет.
Мәтінді үйден оқып келу.
«Ар-ожданмен өмір сүр» ережесіне
слайдтар жасау.
19 слайд
Үй тапсырмасы: «Шығыс ұлына хат», Б.Бұлқышев, 83 бет. Мәтінді үйден оқып келу. «Ар-ожданмен өмір сүр» ережесіне слайдтар жасау.
20 слайд
Соңғы тыныштық сәт i .
Тыныштық, тыныштық, тыныштық, тыныштық бар жерде,
Тыныштық, тыныштық, тыныштық, тыныштық бүкіл әлемде.
20 слайд
Соңғы тыныштық сәт i . Тыныштық, тыныштық, тыныштық, тыныштық бар жерде, Тыныштық, тыныштық, тыныштық, тыныштық бүкіл әлемде.
21 слайд
Назарларыңызға рахмет!
21 слайд
Назарларыңызға рахмет!