Материалдар / Ашық сабақ Несіпбек Айтұлы "Бәйтерек"поэмасы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ Несіпбек Айтұлы "Бәйтерек"поэмасы

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Сәуір 2020
2284
3 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Іле ауданы №38 мектеп-гимназиясы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі ӘКІМБЕРДІ ДИНАРАӘКІМБЕРДІҚЫЗЫ Сабақтың тақырыбы: Нес

1 слайд
Іле ауданы №38 мектеп-гимназиясы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі   ӘКІМБЕРДІ ДИНАРАӘКІМБЕРДІҚЫЗЫ Сабақтың тақырыбы: Несіпбек Айтұлы «Бәйтерек» поэмасы.         9-сынып  Қазақ әдебиеті сабағы №1 

Сабақтың мақсаты шығармадағы ұрпақтар сабақтастығы көрінісін заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру

2 слайд
Сабақтың мақсаты шығармадағы ұрпақтар сабақтастығы көрінісін заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру

Қазақ әдебиеті оқулығының 234-237-беттерін ашайық

3 слайд
Қазақ әдебиеті оқулығының 234-237-беттерін ашайық

• Нес і пбек Айтұлы жылы Өмір жолы 1950 жылы 22.09 ҚХР,Шығыс Түркістанның Тарбағатай аймағы,Шәуешек ауданы,Теректі ауылының

4 слайд
• Нес і пбек Айтұлы жылы Өмір жолы 1950 жылы 22.09 ҚХР,Шығыс Түркістанның Тарбағатай аймағы,Шәуешек ауданы,Теректі ауылының Апиындыбұлақ деген жерде дүниеге келген. 1962 жылы Ата-анасымен атамекенге оралып, орта мектепті бұрынғы Семей облысы, Шұбартау ауданы Баршатас ауылында бітірген. Еңбек жолын Шұбартау аудандық “Жаңа өмір” газетінде бастайды. 1974-1984 жж “ Жалын”, “Балдырған”, “Жұлдыз”журналдарында редактор қызметін атқарған. 1984-1994 жж Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші болып қызмет атқарады 2001 жылдан бері Нұр-сұлтандағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық университетінде, Президенттік Мәдениет орталығында қызмет істеген. Қазір “Алтын тамыр” журналдарында бас редактор қызметін атқарады. 3,0

жылы Шығармашылығы 1965 жылы “ Балалық” атты алғашқы өлеңі Шұбартау аудандық “Жаңа өмір” газетінде жарық көрді. 1972 жылы М.М

5 слайд
жылы Шығармашылығы 1965 жылы “ Балалық” атты алғашқы өлеңі Шұбартау аудандық “Жаңа өмір” газетінде жарық көрді. 1972 жылы М.Мақатаевтың тілеуімен “Лениншіл жас” газетінде алғашқы топтамасы жарық көрді. 1974 жылы “ Қозыкөш” деген алғашқы кітабы жарық көрді. кітаптары “ Жүректегі жаңғырықтар” (1979 ж), “Әке туралы сыр”, “Жаңбыр әні”, “Түнделеп ұшқан тырналар”, “Рухымның падишасы”, “Мұқағали –Желтоқсан”, “Бәйтерек”, балаларға арналған “Балабақшаға барар жолда”, “Желкілдеп өскен құрақтай”, “Күміс күйме”, “Қартаймайды күн неге?” атты кітаптары бар. Аудармалар ы “ Ескендір қорғаны”, “Игорь жорығы туралы жыр” аударма кітаптары шыққан. Түріктің ҮІІ ғасырда өмір сүрген ұлы ақыны Жүніс Еміре, қытайдың көне дәуір ақыны Бо Цызюдың, италиялық ақын Дж.Родаридың және орыс,қырғыз кеңес ақындары Михаил Исаковский, Агния Барто, Сергей Михалков, Сергей Баруздин,Валентин Берестов, Сооронбай Жусуев өлеңдерін аударған.

жылы Марапаттаулары 1976- 1979 жж 1997 жылы “ Бас сүйектері”, “Жасынның сынығы”, “Найзағай” , “ Жүректегі жаңғырықтар” поэмала

6 слайд
жылы Марапаттаулары 1976- 1979 жж 1997 жылы “ Бас сүйектері”, “Жасынның сынығы”, “Найзағай” , “ Жүректегі жаңғырықтар” поэмалары “Жалын” альманахы жариялаған республикалық конкурстардың жүлделі орындарын алған. “ Мұхтар мен Абыз” толғауы М.Әуезовтің 100 жылдығына арналған мүшәйраның бас жүлдесін алған 2001 жылы 2004 жылы “ Мұқағали –Желтоқсан” поэмасы республикалық әдеби конкурстық жүлдесіне ие болды. “ Бәйтерек” поэмасы әдеби қауым тарапынан жоғары бағаланды. Мәдениет министрлігі жариялаған Республикалық патриоттық әндер конкурсының Бас жүлдегері. Қазақстан Жазушылар одағының Мұқағали Мақатаев және Халықаралық Жамбыл атындағы сыйлықтардың лауреаты. “Парасат” орденінің иегері. Н.Айтұлы – ән-өлең жанрына да ерекше үлес қосқан ақын. Оның “Ән домбыра”, “Сарыарқа”, “Дәурен-ай”, “Арман”,”Қазақтай ел қайда” секілді көптеген туындыларын халық сүйіп тыңдайды.

Несіпб ек Айтұлы Ақын Әдеби қызметк ер (редакто р) Аудар машыҚоғам қайрат кері

7 слайд
Несіпб ек Айтұлы Ақын Әдеби қызметк ер (редакто р) Аудар машыҚоғам қайрат кері

«Ойлан, бөліс,талқыла!» «Бәйтерек» ненің символы? 1. Өмір ағашы 2. Аңыз ағашы 3. Киелі ағаш ,әулие ағаш 4. Қазақстанның симв

8 слайд
«Ойлан, бөліс,талқыла!» «Бәйтерек» ненің символы? 1. Өмір ағашы 2. Аңыз ағашы 3. Киелі ағаш ,әулие ағаш 4. Қазақстанның символы 5. Астананың символы 6. Бейбіт өмір мен ғұмырлық мұраттың белгісі

1.Қазақстанның заманға лайық жаңа астанасын салу кімнің идеясы? Н.Ә.Назарбаев 2.Ақмоланың атауы Астана болып қай жылы ауыс

9 слайд
1.Қазақстанның заманға лайық жаңа астанасын салу кімнің идеясы? Н.Ә.Назарбаев 2.Ақмоланың атауы Астана болып қай жылы ауысты? 1998 жылы 6 мамыр 3. Нұр-сұлтан қаласына 2019 жылы 20 наурызда Қазақстанның президенті Қасым- Жомарт Тоқаев қаланың атын тұңғыш президенті Н.Назарбаевтың құрметіне өзгертуге бұйрық берді.

www.infoportal.kz Н.Айтұлының «Бәйтерек» поэмасынан үзіндіні оқыңдар.

10 слайд
www.infoportal.kz Н.Айтұлының «Бәйтерек» поэмасынан үзіндіні оқыңдар.

• Н. Айтұлы «Бәйтерек» поэмасы (үзінді) Ақмола кеше ғана басқа қала, Айналды Бәйтеректі Астанаға! Еміреніп өз анасы емізбесе,

11 слайд
• Н. Айтұлы «Бәйтерек» поэмасы (үзінді) Ақмола  кеше ғана басқа қала, Айналды Бәйтеректі Астанаға!  Еміреніп өз анасы емізбесе,  Сәбиге шайнап берген ас бола ма?  Бақытым басымда тұр талай күткен,  Сеземін келмегенін оңайлықпен.  Үзіле жаздап еді өндіршегім,  Өзекке тепкілеген өгейліктен.  Көңілге сәуле құяр Сарай нұры,  Астана – ел тірегі, ел айбыны!  Кемері шалқып жатқан Қазақстан –  Мұхиттың аласұрған көк айдыны.  Тіршілік түзегенде көркін жаңа,  Сұрапыл соқпаса екен толқын жара.  Армысың, Азаттықтың астанасы –  Талпынған арманына еркін қала!  Жаһанның жанарында жаңа қала,  Жұлдыздай туы қалған өліарада.  Бес жылда бой көтерген ғимараттар,  Жайнап тұр шомылғандай самалаға! Жырламас ғажайыпты кім мұндағы,  Жеткенше сөздің дәмі, тілдің нәрі.  Алғысын жаудырады Елбасыға,  Болашақ бұл шаһардың тұрғындары. 

Қарашы, шаңырағы жас қаланың, Аспанның бұлтты серпіп тастағанын! Бүгіннен басталатын шежіресі, Авторы – Назарбаев Астананың

12 слайд
Қарашы, шаңырағы жас қаланың,  Аспанның бұлтты серпіп тастағанын!  Бүгіннен басталатын шежіресі,  Авторы – Назарбаев Астананың! ..  Самсаған қара орманым – байтақ елім,  Сынға сап сан жақсыны байқап едің.  Еңсесін елдігіңнің биіктеткен,  Ортаңда бойлап өскен Бәйтерегің!  Өтінде арпалысқан өмір- майдан,  Бәйтерек – болашағың тамыр жайған.  Немесе Елбасының өр тұлғасы,  Қолымен өзі әкеліп Тәңір қойған!  Туыңдай қанат керген желді күнгі,  Танытты кең әлемге теңдігіңді.  Тұрғанда Бәйтерегің көкке шырқап,  Ұстай біл Асқақтатып Елдігіңді! 

1-тапсырма. 1. Поэмадағы Елбасы бейнесін суреттеңіздер. 2. Ақынның Бәйтеректі тақырып етіп алудағы мақсатын анықтаңыздар. Қ

13 слайд
1-тапсырма. 1. Поэмадағы Елбасы бейнесін суреттеңіздер. 2. Ақынның Бәйтеректі тақырып етіп алудағы мақсатын анықтаңыздар. Қазақ халқының өткен өмірі поэмада қалай көрініс тапқан? Дескриптор Білім алушы  Елбасын суретейді;  тақырыптың мақсатын анықтайды;

2-тапсырма. Қазақ халқының өткен тарихы мен бүгінгі күнге бәйтерек тамырынан басталатын сурет-сызбасын сызыңыздар. Деск

14 слайд
2-тапсырма. Қазақ халқының өткен тарихы мен бүгінгі күнге бәйтерек тамырынан басталатын сурет-сызбасын сызыңыздар. Дескриптор Білім алушы  қазақ халқының өткенін және бүгінгі күнін саралайды;

3-тапсырма Поэмадағы қазақ халқының өткен тарихы мен бүгінгі заманын “Венн “ диаграммасында салыстырыңдар. Дескриптор Білі

15 слайд
3-тапсырма Поэмадағы қазақ халқының өткен тарихы мен бүгінгі заманын “Венн “ диаграммасында салыстырыңдар. Дескриптор Білім алушы  екі кезеңді салыстырады;  бағасын береді.

Үйге тапсырма: «Бәйтерек» поэмасының мазмұны бойынша тірек сызба құрастырыңдар

16 слайд
Үйге тапсырма: «Бәйтерек» поэмасының мазмұны бойынша тірек сызба құрастырыңдар

• Бүгінгі сабақ несімен ұнады? • Оқу мақсатына жеттім деп ойлайсыз ба? • Қай тапсырма сізге көбірек ұнады?

17 слайд
• Бүгінгі сабақ несімен ұнады? • Оқу мақсатына жеттім деп ойлайсыз ба? • Қай тапсырма сізге көбірек ұнады?