Ашық сабақ. Қазақ халқының ырым-тыйым сөздері

#1 слайд
Үйірме сабақ
Тақырыбы: «Қазақ халқының ырым –тыйым сөздері
Сабақтың мақсаты:
Қазақ халқының терең тамырлы өнегелі әдет ғұрпын, салт- дастүрін,ырым-тыйым ,мәдени мұрасын, окушылар бойына
дарытып, теориялык білімдерінің жүзінде ұштастыра отырып, ата-аналар тәжірибесінің ең жақсы үлгілеріне, халықшылыққа,
имандылыққа, еңбекшілдік және адамгершілік рухында тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: саяхат сабағы
1 слайд
Үйірме сабақ Тақырыбы: «Қазақ халқының ырым –тыйым сөздері Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының терең тамырлы өнегелі әдет ғұрпын, салт- дастүрін,ырым-тыйым ,мәдени мұрасын, окушылар бойына дарытып, теориялык білімдерінің жүзінде ұштастыра отырып, ата-аналар тәжірибесінің ең жақсы үлгілеріне, халықшылыққа, имандылыққа, еңбекшілдік және адамгершілік рухында тәрбиелеу. Сабақтың түрі: саяхат сабағы
#2 слайд
Ұйымдастыру
Психологиялық сәт
Кіріспе бөлім
-Сәлеметсіздерме құрметті қонақтар мен оқушылар! Бүгінгі үйірме
сабағымыздың тақырыбы «Қазақ халқының ырым-тыйым сөздері» деп
аталады.
Жас кезінен ұрпағын «тек» деп өсірген халқымыз теріс қылық
мінезге де тыйым салған. Бұл балалық шақтан бастап, отбасы болғанша
сақталған ереже тәрізді. «Олай жасама, бұлай жасама, жаман сөз айтпа,
дұрыс емес» т. б. сөздердің жауабы «жаман болады» дегенмен аяқталып
отырған. Өмірде әр тақырыпқа байланысты ырым - тыйым сөздер
кездеседі. Балаға, малға, киім киюге, жол жүруге қатысты т. б
Негізгі бөлім
Бүгінгі сабақта біз осы ырым-тыйым сөздердің мағынасын біліп, түсіну
мақсатында « Әдепті елдің тұрғындары » елді мекеніне саяхатқа
шығамыз.
2 слайд
Ұйымдастыру Психологиялық сәт Кіріспе бөлім -Сәлеметсіздерме құрметті қонақтар мен оқушылар! Бүгінгі үйірме сабағымыздың тақырыбы «Қазақ халқының ырым-тыйым сөздері» деп аталады. Жас кезінен ұрпағын «тек» деп өсірген халқымыз теріс қылық мінезге де тыйым салған. Бұл балалық шақтан бастап, отбасы болғанша сақталған ереже тәрізді. «Олай жасама, бұлай жасама, жаман сөз айтпа, дұрыс емес» т. б. сөздердің жауабы «жаман болады» дегенмен аяқталып отырған. Өмірде әр тақырыпқа байланысты ырым - тыйым сөздер кездеседі. Балаға, малға, киім киюге, жол жүруге қатысты т. б Негізгі бөлім Бүгінгі сабақта біз осы ырым-тыйым сөздердің мағынасын біліп, түсіну мақсатында « Әдепті елдің тұрғындары » елді мекеніне саяхатқа шығамыз.
#3 слайд
1- аялдама:
Жұмбақ шешейік
Арқаным бар тым ұзын
Ала –алмайсың бір үзім
Табыңдаршы, балалар!
Бұл жұмбақтың шешуін
( . . . )
Көліктің қаншасын үстінен өткізген,
Іргеден басталып алысқа жеткізген
( . . . )
3 слайд
1- аялдама: Жұмбақ шешейік Арқаным бар тым ұзын Ала –алмайсың бір үзім Табыңдаршы, балалар! Бұл жұмбақтың шешуін ( . . . ) Көліктің қаншасын үстінен өткізген, Іргеден басталып алысқа жеткізген ( . . . )
#4 слайд
- Ал, ендеше, балалар, бәріміз саяхаттан қалмай керуенімізбен саяхаттау үшін мына
конверттердегі тапсырмаларда орындауымыз керек. Елді мекенге жету үшін әр аялдама сайын
бізге тапсырмалар орындап отыру қажет
1-аялдама. « Жолға жүруге қатысты тыйымдар»
Сейсенбі күні алыс жолға шықпайcың.
Сәрсенбі күні жолға шыққан жолаушының жолы болады.
Жолда кездескен адамнан «кайда барасың ?» деп сұрамайды, «жол оң болсын» деу керек.
Жүкпен жолға шыққанда, үйден тұз алмайды.
Жүрер жолдың уақытын кесіп айтуға болмайды.Ол құдайға астамшылық, күпірлік болады. Жол
жүретін адам «Алла жазса», «Алла жол берсе», «Құдай қаласа», «Барар жердің дәмі тартса»
деп тілек тілегенде , жол бойындағы кедергілердің бәрі аластатылады.
Жұма күні көшуге болмайды.
Жұма – қасиетті күн.Бұл күні ата – баба әруақтары шаңыраққа келіп, дұға дәметеді.
4 слайд
- Ал, ендеше, балалар, бәріміз саяхаттан қалмай керуенімізбен саяхаттау үшін мына конверттердегі тапсырмаларда орындауымыз керек. Елді мекенге жету үшін әр аялдама сайын бізге тапсырмалар орындап отыру қажет 1-аялдама. « Жолға жүруге қатысты тыйымдар» Сейсенбі күні алыс жолға шықпайcың. Сәрсенбі күні жолға шыққан жолаушының жолы болады. Жолда кездескен адамнан «кайда барасың ?» деп сұрамайды, «жол оң болсын» деу керек. Жүкпен жолға шыққанда, үйден тұз алмайды. Жүрер жолдың уақытын кесіп айтуға болмайды.Ол құдайға астамшылық, күпірлік болады. Жол жүретін адам «Алла жазса», «Алла жол берсе», «Құдай қаласа», «Барар жердің дәмі тартса» деп тілек тілегенде , жол бойындағы кедергілердің бәрі аластатылады. Жұма күні көшуге болмайды. Жұма – қасиетті күн.Бұл күні ата – баба әруақтары шаңыраққа келіп, дұға дәметеді.
#5 слайд
2-аялдама : Ребус шешейік
5 слайд
2-аялдама : Ребус шешейік
#6 слайд
2-аялдама:
Киім киюге қатысты тыйымдар
Киімді оң қолдан бастап киіп, сол қолдан бастап шешеді. Оң қолдан
бастап киім кию жақсы ырым саналады.
Киімді желбегей жамылмайды, өйткені екі қолы жоқ адам ғана киімді
желбегей жамылып жүреді.
Тозбаған киімді тастауға болмайды. Қазақ халқында тозбаған киімді
тастау – жаман ырым. Егер оны адам кигісі келмесе, біреуге сыйлау
керек.
Көпшіліктің алдында жалаңаш – жалпы жүруге болмайды. Бұл әдепсіздік
болып саналады.
Өте ұзын немесе қысқа киім киюге болмайды. Бұлай киіну адам жұмыс
істеген кезде қолайсыздық тудырады .
Қыздарға ер баланың киімін киюге болмайды. Ер баланың киімін кию
жаман ырым саналады.
6 слайд
2-аялдама: Киім киюге қатысты тыйымдар Киімді оң қолдан бастап киіп, сол қолдан бастап шешеді. Оң қолдан бастап киім кию жақсы ырым саналады. Киімді желбегей жамылмайды, өйткені екі қолы жоқ адам ғана киімді желбегей жамылып жүреді. Тозбаған киімді тастауға болмайды. Қазақ халқында тозбаған киімді тастау – жаман ырым. Егер оны адам кигісі келмесе, біреуге сыйлау керек. Көпшіліктің алдында жалаңаш – жалпы жүруге болмайды. Бұл әдепсіздік болып саналады. Өте ұзын немесе қысқа киім киюге болмайды. Бұлай киіну адам жұмыс істеген кезде қолайсыздық тудырады . Қыздарға ер баланың киімін киюге болмайды. Ер баланың киімін кию жаман ырым саналады.
#7 слайд
3- аялдама
Сөзжұмбақ шешу
1. Бәрімізге жарық дүние сыйлаған жан
2. Біздің ұлтымыз
3. ҚР -ның туында не бейнеленген ?
7 слайд
3- аялдама Сөзжұмбақ шешу 1. Бәрімізге жарық дүние сыйлаған жан 2. Біздің ұлтымыз 3. ҚР -ның туында не бейнеленген ?
#8 слайд
3 – аялдама . « Нанға қатысты тыйымдар »
Нанды басуға болмайды
Нанды төңкеріп қоюға болмайды.
Нанды бір қолмен сындыруға болмайды. Кемтар адам ғана нанды бір
қолмен сындырады.
Нанды басып Құранды алуға болмайды .
«Нан қатты екен», «шала піскен», «күйіп кеткен», «езіліп кеткен»
т.б.сөздерді айтып нанды, тамақты сынамайды.
Нанды , тамақты сынау – ашаршылықты шақыратын жаман ырым.
Ас ішіп болған соң, «тойдым» демейді, «қанағат» деген жөн.
8 слайд
3 – аялдама . « Нанға қатысты тыйымдар » Нанды басуға болмайды Нанды төңкеріп қоюға болмайды. Нанды бір қолмен сындыруға болмайды. Кемтар адам ғана нанды бір қолмен сындырады. Нанды басып Құранды алуға болмайды . «Нан қатты екен», «шала піскен», «күйіп кеткен», «езіліп кеткен» т.б.сөздерді айтып нанды, тамақты сынамайды. Нанды , тамақты сынау – ашаршылықты шақыратын жаман ырым. Ас ішіп болған соң, «тойдым» демейді, «қанағат» деген жөн.
#9 слайд
4 – аялдама . «Үй тұрмысына, қоршаған ортаға байланысты тыйымдар »
Ас ішкен ыдысты төңкеріп қоймайды . Ол ырысыңның таусылғанын білдіреді.
Көкті жұлса , «Көктей соласың » деп жамандыққа жориды.
Құстардың ұясын , құмырсқаның илеуін бұзуға болмайды , үй ішіңе кесепаты тиеді .
Отты шашуға, аттауға және басуға болмайды. Отты шашса,аттаса немесе басса, отбасының
берекесі кетеді.
Отқа түкірме - сол үйдің оты сөнсін, иесіз қалсын деген мағынада жаман ырымға жориды.
Жұлдызды қолмен көрсетсе, қолға сүйел шығады деген ырым бар .
Жол үстіне күл төкпейді, үйтсе жол кесіледі, дерт жабысады деп ырымдайды
9 слайд
4 – аялдама . «Үй тұрмысына, қоршаған ортаға байланысты тыйымдар » Ас ішкен ыдысты төңкеріп қоймайды . Ол ырысыңның таусылғанын білдіреді. Көкті жұлса , «Көктей соласың » деп жамандыққа жориды. Құстардың ұясын , құмырсқаның илеуін бұзуға болмайды , үй ішіңе кесепаты тиеді . Отты шашуға, аттауға және басуға болмайды. Отты шашса,аттаса немесе басса, отбасының берекесі кетеді. Отқа түкірме - сол үйдің оты сөнсін, иесіз қалсын деген мағынада жаман ырымға жориды. Жұлдызды қолмен көрсетсе, қолға сүйел шығады деген ырым бар . Жол үстіне күл төкпейді, үйтсе жол кесіледі, дерт жабысады деп ырымдайды
#10 слайд
5-аялдама
Мақалдың жалғасына тап
… келсе - құт, қарақшы келсе - жұт.
Құтты …… келсе,
Қой егіз табар.
Құтсыз ….. келсе,
Қойға қасқыр шабар.
10 слайд
5-аялдама Мақалдың жалғасына тап … келсе - құт, қарақшы келсе - жұт. Құтты …… келсе, Қой егіз табар. Құтсыз ….. келсе, Қойға қасқыр шабар.
#11 слайд
5-аялдама . «Қонаққа қатысты ырым -тыйымдар
Қонақ келгенде есікті үй иесінің өзі ашады. Ал қонақ шығарда, есікті қонақ өзі ашып шығады.
«Қонақ үйге келгенде -құт бірге кіреді, қонақ кетерде үй иесі есік ашып берсе, құт та әлгі
кісімен бірге ілесіп кетеді» деп ырымдалады.
Қонаққа кетік кесеге шай құю ға болмайды. Бұл қонақты құрметтемеу болып саналады.
Үйде отырған қонақты саусақпен санамайды. Малды, қолға түскен тұтқындарды ғана саусақты
шоша йтып санайды.
Үйге кіріп келе жатқан қонақ абайсызда сүрініп кетсе, үй иесі марқайған түрмен төрінен
сыйлы орын ұсынады. Мұның түп төркіні «үйге күтпеген жерден байлық келеді, бақ дариды»
деген ырымды білдіреді.
Егер көршілер тамақ әкелсе, ыдысын бос қайтармайды. Бос қайтару көргенсіздік болып
саналады.
11 слайд
5-аялдама . «Қонаққа қатысты ырым -тыйымдар Қонақ келгенде есікті үй иесінің өзі ашады. Ал қонақ шығарда, есікті қонақ өзі ашып шығады. «Қонақ үйге келгенде -құт бірге кіреді, қонақ кетерде үй иесі есік ашып берсе, құт та әлгі кісімен бірге ілесіп кетеді» деп ырымдалады. Қонаққа кетік кесеге шай құю ға болмайды. Бұл қонақты құрметтемеу болып саналады. Үйде отырған қонақты саусақпен санамайды. Малды, қолға түскен тұтқындарды ғана саусақты шоша йтып санайды. Үйге кіріп келе жатқан қонақ абайсызда сүрініп кетсе, үй иесі марқайған түрмен төрінен сыйлы орын ұсынады. Мұның түп төркіні «үйге күтпеген жерден байлық келеді, бақ дариды» деген ырымды білдіреді. Егер көршілер тамақ әкелсе, ыдысын бос қайтармайды. Бос қайтару көргенсіздік болып саналады.
#12 слайд
«Әдепті елдің тұрғындары»
елді мекені
Қош келдіңдер, әдепті балалар!
12 слайд
«Әдепті елдің тұрғындары» елді мекені Қош келдіңдер, әдепті балалар!
#13 слайд
13 слайд
#14 слайд
Қорытынды.
Ырымдар мен тыйымдар халық арасында ерте кезден қалыптасып, бүгінгі
күнге дейін жетті. Әрбір тыйым бекер айтылмаған, әрқайсысының тәрбиелік
мәні бар.
Халық өзінің осы ырымдар мен тыйымдар арқылы ұрпақтарын тәрбиелеп,
дұрыс жолға салған.
Қазақ халқының көнеден келе жатқан салт- дәстүрлері, ырымдары өте көп.
Қазақ «қазақ» деген атын осы кезге дейін қазақи салт-дәстүрлерімен,
ырымдарымен, той –мереке, тағы басқа да жол-жосындарымен талай елді таң
қалдырып келеді. Ата- бабамыздың қалдырған асыл мұрасын қадірлеп,
жоғалғанды жаңғыртып, қайта жаңартатын ендігі болашақ ұрпақтың өз
қолында.
Сендер бүгін «Әдепті елдің тұрғындары» елді мекеніне жаңылмай, адаспай
тез әрі жылдам жеттіңдер. Жарайсыңдар!
Сабағымыз аяқталды. Сау болыңдар.
14 слайд
Қорытынды. Ырымдар мен тыйымдар халық арасында ерте кезден қалыптасып, бүгінгі күнге дейін жетті. Әрбір тыйым бекер айтылмаған, әрқайсысының тәрбиелік мәні бар. Халық өзінің осы ырымдар мен тыйымдар арқылы ұрпақтарын тәрбиелеп, дұрыс жолға салған. Қазақ халқының көнеден келе жатқан салт- дәстүрлері, ырымдары өте көп. Қазақ «қазақ» деген атын осы кезге дейін қазақи салт-дәстүрлерімен, ырымдарымен, той –мереке, тағы басқа да жол-жосындарымен талай елді таң қалдырып келеді. Ата- бабамыздың қалдырған асыл мұрасын қадірлеп, жоғалғанды жаңғыртып, қайта жаңартатын ендігі болашақ ұрпақтың өз қолында. Сендер бүгін «Әдепті елдің тұрғындары» елді мекеніне жаңылмай, адаспай тез әрі жылдам жеттіңдер. Жарайсыңдар! Сабағымыз аяқталды. Сау болыңдар.
#15 слайд
15 слайд
#16 слайд
16 слайд
шағым қалдыра аласыз













