ата анаман жүмыс

#1 слайд
Оқушыларды ҰБТ – ға
дайындау жұмысының
жүйесі
І жартыжылдық бойынша ҰБТ қорытындысы
1 слайд
Оқушыларды ҰБТ – ға дайындау жұмысының жүйесі І жартыжылдық бойынша ҰБТ қорытындысы
#2 слайд
Балаға қолдау көрсету керек
Балаға қолдау көрсету керекмектеп
мектепотбасы
отбасыдостары
достары
2 слайд
Балаға қолдау көрсету керек Балаға қолдау көрсету керекмектеп мектепотбасы отбасыдостары достары
#3 слайд
Жиналыс мақсаты:
•Оқушылардың жартыжылдық бойынша
ҰБТ нәтижелерін сараптау;
•Оқушылардың білімге деген құштарлығын
ояту;
•Ата-аналарға ҰБТ жөнінде түсінік жүргізу;
3 слайд
Жиналыс мақсаты: •Оқушылардың жартыжылдық бойынша ҰБТ нәтижелерін сараптау; •Оқушылардың білімге деген құштарлығын ояту; •Ата-аналарға ҰБТ жөнінде түсінік жүргізу;
#4 слайд
Баланың еріктік және
адамгершілік қасиеттерін сіз
қалыптастырасыз. Оның мінезі,
талғамы, ақыл-парасаты, білім аясы,
қызығушылық әлемі, дағдылары
мен әдеттері, мінез артықшылығы
мен кемшілігі сізге байланысты.
Жақсы қасиеттер балаға ақыл
үйретумен, тыйым салумен, жазалау
мен қорқытумен емес, әкесі мен
анасының үлгілі өмірлік
тәжірибесімен, отбасы ошағының
жылуы мен жақсылық арқылы
беріледі.
Есте сақтаңыз:
4 слайд
Баланың еріктік және адамгершілік қасиеттерін сіз қалыптастырасыз. Оның мінезі, талғамы, ақыл-парасаты, білім аясы, қызығушылық әлемі, дағдылары мен әдеттері, мінез артықшылығы мен кемшілігі сізге байланысты. Жақсы қасиеттер балаға ақыл үйретумен, тыйым салумен, жазалау мен қорқытумен емес, әкесі мен анасының үлгілі өмірлік тәжірибесімен, отбасы ошағының жылуы мен жақсылық арқылы беріледі. Есте сақтаңыз:
#5 слайд
Балаңыздың денсаулығына көңіл бөліңіз. Дені сау бала оқу мен
тәрбиеге ықыласты болмақ. Кішкентай кезінен денесін шынықтыруды
дағды етіңіз. Тазалық пен ұқыптылықты үйретіңіз.
Баламен сырласыңыз. Балаңызды бауырыңызға тартыңыз.
Сырын айтуға, сізбен бөлісуге үйретіңіз. Мұқият тыңдап, кеңес айтып,
баланы сеніміне кіргізіңіз. Сіздің балаңызға тұлға ретінде қарап,
онымен ақылдасып.,бірлесіп жұмыс істеуіңіз, балаңызды жігерлендіреді.
Бала қателік жасаса, ұрсудан гөрі түсіністікпен қарай білуге тырысыңыз.
Ондай кезде онсыз да бала қорқып тұрады.
Керісінше ақыл айтып, жол көрсеткен пайдалы.
Бала өз қатарларымен бірде дос болып, бірде ренжіседі, кейде таяқ та
жеуі мүмкін. Ондай сәттерде баланың арасына түспеген дұрыс.
Балаңызды жақтап арасына түссеңіз, бала соған әдеттенеді, қит етсе
бәрін жеткізіп отыратын болады. Мұндай жағдайда балаңызды сырттай
бақылау қажет. Балаңыз үнемі орынсыз таяқ жегендей болса, араласуға
тура келеді.
5 слайд
Балаңыздың денсаулығына көңіл бөліңіз. Дені сау бала оқу мен тәрбиеге ықыласты болмақ. Кішкентай кезінен денесін шынықтыруды дағды етіңіз. Тазалық пен ұқыптылықты үйретіңіз. Баламен сырласыңыз. Балаңызды бауырыңызға тартыңыз. Сырын айтуға, сізбен бөлісуге үйретіңіз. Мұқият тыңдап, кеңес айтып, баланы сеніміне кіргізіңіз. Сіздің балаңызға тұлға ретінде қарап, онымен ақылдасып.,бірлесіп жұмыс істеуіңіз, балаңызды жігерлендіреді. Бала қателік жасаса, ұрсудан гөрі түсіністікпен қарай білуге тырысыңыз. Ондай кезде онсыз да бала қорқып тұрады. Керісінше ақыл айтып, жол көрсеткен пайдалы. Бала өз қатарларымен бірде дос болып, бірде ренжіседі, кейде таяқ та жеуі мүмкін. Ондай сәттерде баланың арасына түспеген дұрыс. Балаңызды жақтап арасына түссеңіз, бала соған әдеттенеді, қит етсе бәрін жеткізіп отыратын болады. Мұндай жағдайда балаңызды сырттай бақылау қажет. Балаңыз үнемі орынсыз таяқ жегендей болса, араласуға тура келеді.
#6 слайд
Ата-аналармен ситуациялық сұрақтарды
шешу
•1-топқа жағдаят
•ҰБТ. Айтулы күн жақындаған сайын мектеп бітіруші баланың ұйқысы қашып, мазасыздана
бастады. Ең алдымен ол мектептің, ата-анасы мен өзінің абыройын ойлады. Осыған дейін тер
төгіп дайындаған еңбегінің еш кеткенін қаламайды. Оның үстіне ата-анасы баласына тым
жоғары талап қойып отыр. ҰБТ күні ол төмен ұпай жинады. Баланың ата-анасы ретінде балаға
қандай көмек көрсетесіз? Оның төмен ұпай жинаған себебі?
•2-топқа жағдаят
•Балаңыз 11 сынып оқушысы. Ол мамандық таңдауға қатысты өз шешімін жасап қойған.
«Болашақ дәрігермін» дейді. Ал сіз болсаңыз балаңыздың медицинаға еш қабілеті жоқ екенін
нақты білесіз. Тәжірибелі, ересек, жанашыр адам ретінде сіз балаңызға қалай кеңес
берередіңіз? Оның өз бейімділігіне қарай мамандық таңдауына қалай бағыттар едіңіз?
•3-топқа жағдаят
•Сіздің 16 жасар қызыңыз және 2 жасар ұлыңыз бар. Сіз екі мезгіл жұмыс жасайсыз. Қызыңыз
биыл 11 сыныпқа келді. Алдында ҰБТ күтіп тұр. Әдетте, уй шаруасын тындырып, баланы да
бағатын үлкен қызыңыздың күн тәртібін енді сіз қалай өзгертесіз? Қызыңызға өзіңіздің
тарапыңыздан қандай қолдау көрсетіп, оның алдында күтіп тұрған емтиханға дайындалуына
қалай жағдай жасайсыз?
•Әрбір топ өз жағдаяттарының шешімін тауып, өз ойларын ортаға салды.
6 слайд
Ата-аналармен ситуациялық сұрақтарды шешу •1-топқа жағдаят •ҰБТ. Айтулы күн жақындаған сайын мектеп бітіруші баланың ұйқысы қашып, мазасыздана бастады. Ең алдымен ол мектептің, ата-анасы мен өзінің абыройын ойлады. Осыған дейін тер төгіп дайындаған еңбегінің еш кеткенін қаламайды. Оның үстіне ата-анасы баласына тым жоғары талап қойып отыр. ҰБТ күні ол төмен ұпай жинады. Баланың ата-анасы ретінде балаға қандай көмек көрсетесіз? Оның төмен ұпай жинаған себебі? •2-топқа жағдаят •Балаңыз 11 сынып оқушысы. Ол мамандық таңдауға қатысты өз шешімін жасап қойған. «Болашақ дәрігермін» дейді. Ал сіз болсаңыз балаңыздың медицинаға еш қабілеті жоқ екенін нақты білесіз. Тәжірибелі, ересек, жанашыр адам ретінде сіз балаңызға қалай кеңес берередіңіз? Оның өз бейімділігіне қарай мамандық таңдауына қалай бағыттар едіңіз? •3-топқа жағдаят •Сіздің 16 жасар қызыңыз және 2 жасар ұлыңыз бар. Сіз екі мезгіл жұмыс жасайсыз. Қызыңыз биыл 11 сыныпқа келді. Алдында ҰБТ күтіп тұр. Әдетте, уй шаруасын тындырып, баланы да бағатын үлкен қызыңыздың күн тәртібін енді сіз қалай өзгертесіз? Қызыңызға өзіңіздің тарапыңыздан қандай қолдау көрсетіп, оның алдында күтіп тұрған емтиханға дайындалуына қалай жағдай жасайсыз? •Әрбір топ өз жағдаяттарының шешімін тауып, өз ойларын ортаға салды.
#7 слайд
Оқушыны психологиялық жағынан ҰБТ – ға
дайындауда ата – аналарға кеңес
1. Балаңыздың ҰБТ – ға барар алдындағы алдын – ала тестілеу кезінде
алып жүрген ұпайларына немқұрайдылықпен қарамай, дұрыс ақыл –
кеңес беруге тырысыңыз.
2. Балаңыздың Күнделікті ҰБТ – ға дайындалатын белгілі бір уақыт, орны
болуына жағдай жасаңыз
3. Балаңыздың көңіл – күйіне, денсаулығына әрқашан назар аударып
отырыңыз
4. Балаңызды алдағы уақытта жетістікке жететініне үнемі сенім артыңыз
5. Балаңыздың дұрыс тамақтануына, әсіресе есте сақтау қабілетін
арттыратын жеміс – жидектерге, дәрумендерге көп көңіл бөліңіз және
қамтамасыз етіңіз.
6. Балаға шамадан тыс ауыртпалық жүктеп, шаршатпаңыз. Дұрыс дем
алуын қадағалаңыз.
7. Ешқашан балаңызды сынап - мінемеңіз. Ақылмен ұғындырыңыз.
Сабырлы болуға баулыңыз.
7 слайд
Оқушыны психологиялық жағынан ҰБТ – ға дайындауда ата – аналарға кеңес 1. Балаңыздың ҰБТ – ға барар алдындағы алдын – ала тестілеу кезінде алып жүрген ұпайларына немқұрайдылықпен қарамай, дұрыс ақыл – кеңес беруге тырысыңыз. 2. Балаңыздың Күнделікті ҰБТ – ға дайындалатын белгілі бір уақыт, орны болуына жағдай жасаңыз 3. Балаңыздың көңіл – күйіне, денсаулығына әрқашан назар аударып отырыңыз 4. Балаңызды алдағы уақытта жетістікке жететініне үнемі сенім артыңыз 5. Балаңыздың дұрыс тамақтануына, әсіресе есте сақтау қабілетін арттыратын жеміс – жидектерге, дәрумендерге көп көңіл бөліңіз және қамтамасыз етіңіз. 6. Балаға шамадан тыс ауыртпалық жүктеп, шаршатпаңыз. Дұрыс дем алуын қадағалаңыз. 7. Ешқашан балаңызды сынап - мінемеңіз. Ақылмен ұғындырыңыз. Сабырлы болуға баулыңыз.
#8 слайд
Сынып оқушыларының жартыжылдық бойынша көрсеткен нәтижелері:
№ФИО №1
2.10.18
№2
16.10.18
№3
13.11.18
№4
27.11.18
№5
5.12.18
№6
20.12.18
№7
15.01.19
1Ануарова Б.41 44 56 32 89 38 64
2Балғабай С.52 56 84 47 90 64 105
3Бакытова А.49 35 56 48 108 43 73
4Елеубаев Ә.54 57 74 34 107 47 76
5Қабдрашев Б.73 73 87 69 119 65 92
6Қанатқызы А.76 63 84 46 99 52 107
7Мыңжасарова
Н.
63 56 66 52 82 49 91
8Сағындық М.82 105 91 68 122 92
9Сарбозов Е.72 47 45 44 57 41 40
8 слайд
Сынып оқушыларының жартыжылдық бойынша көрсеткен нәтижелері: №ФИО №1 2.10.18 №2 16.10.18 №3 13.11.18 №4 27.11.18 №5 5.12.18 №6 20.12.18 №7 15.01.19 1Ануарова Б.41 44 56 32 89 38 64 2Балғабай С.52 56 84 47 90 64 105 3Бакытова А.49 35 56 48 108 43 73 4Елеубаев Ә.54 57 74 34 107 47 76 5Қабдрашев Б.73 73 87 69 119 65 92 6Қанатқызы А.76 63 84 46 99 52 107 7Мыңжасарова Н. 63 56 66 52 82 49 91 8Сағындық М.82 105 91 68 122 92 9Сарбозов Е.72 47 45 44 57 41 40
#9 слайд
Сынып оқушыларының жартыжылдық бойынша
ҰБТ нәтижелерінің орташа балы
9 слайд
Сынып оқушыларының жартыжылдық бойынша ҰБТ нәтижелерінің орташа балы
#10 слайд
10 слайд
#11 слайд
11 слайд
#12 слайд
12 слайд
#13 слайд
13 слайд
#14 слайд
14 слайд
#15 слайд
15 слайд
#16 слайд
16 слайд
#17 слайд
17 слайд
#18 слайд
18 слайд
#19 слайд
Арман терегі
•«Арман терегі» бейнеленген плакат
ілінеді. Әрбір ата-ана өз баласына
деген жылы лебізін, арман, тілектерін
стикерге жазып, «Арман терегіне» іледі.
19 слайд
Арман терегі •«Арман терегі» бейнеленген плакат ілінеді. Әрбір ата-ана өз баласына деген жылы лебізін, арман, тілектерін стикерге жазып, «Арман терегіне» іледі.
#20 слайд
Ата-аналарды марапаттау
20 слайд
Ата-аналарды марапаттау
#21 слайд
Қорытынды
•Бала әрдайым ата-ананың аялы алақанын қажетсініп тұрады. Қиындықтар туған
сәтте ата-анасының тарапынан қолдау тауып, үлкен сенім артылған бала ісі оңға
басады.
•Әрине, әр ата-ана баласына деген сезімін түрліше жеткізеді. Қандай жағдай
болмасын, баланың өзіне деген сенім тудырып, қолдап отыру керек. Бала бір істен
қателескен жағдайда оған шыдамдылық көрсету керек. Рас, кейде өзге біреудің
балалары бойындағы қабілеті айрықша сияқты көрінеді. Бірақ ол басқа бала.
Сондықтан әр баланың өзінің жеке басының ерекшелігін, ешкімге ұқсамайтын
кейбір қасиеттерін сезіну керек. Кейде бала бір сәтсіздіктерге ұрынады. Ата-ана
уайымдап, баланың еш нәрсеге икемі жоқ, қабілетсіз деген қорытындыға келеді.
Осыдан баланың өзіне деген сенімі күрт жойылады, қолын қусырып, кездескен
қиыншылықтарды жоюға дәрменсіз болады. Мұндай жағдайда ата-ана баласының
жай ғана талпынысының өзін қолдап түсіне білуі керек. Ең бастысы, бала біздің оны
қалай бағалайтынымызды және одан не күтетінімізді сезінуі және түсінуі тиіс.
•Отбасын бақыт жағалауын бетке алып, өмір айдынында жүзіп келе жатқан қайыққа
теңесек, оның қос ескегін әке мен ана дер едік. Сондықтан ата-ананың үлкен
мақсаты- өз баласын үлкен әріппен жазылатын Азамат етіп тәрбиелеу. Сіздің
балаңыз-еліміздің ертеңгі болашағы.
21 слайд
Қорытынды •Бала әрдайым ата-ананың аялы алақанын қажетсініп тұрады. Қиындықтар туған сәтте ата-анасының тарапынан қолдау тауып, үлкен сенім артылған бала ісі оңға басады. •Әрине, әр ата-ана баласына деген сезімін түрліше жеткізеді. Қандай жағдай болмасын, баланың өзіне деген сенім тудырып, қолдап отыру керек. Бала бір істен қателескен жағдайда оған шыдамдылық көрсету керек. Рас, кейде өзге біреудің балалары бойындағы қабілеті айрықша сияқты көрінеді. Бірақ ол басқа бала. Сондықтан әр баланың өзінің жеке басының ерекшелігін, ешкімге ұқсамайтын кейбір қасиеттерін сезіну керек. Кейде бала бір сәтсіздіктерге ұрынады. Ата-ана уайымдап, баланың еш нәрсеге икемі жоқ, қабілетсіз деген қорытындыға келеді. Осыдан баланың өзіне деген сенімі күрт жойылады, қолын қусырып, кездескен қиыншылықтарды жоюға дәрменсіз болады. Мұндай жағдайда ата-ана баласының жай ғана талпынысының өзін қолдап түсіне білуі керек. Ең бастысы, бала біздің оны қалай бағалайтынымызды және одан не күтетінімізді сезінуі және түсінуі тиіс. •Отбасын бақыт жағалауын бетке алып, өмір айдынында жүзіп келе жатқан қайыққа теңесек, оның қос ескегін әке мен ана дер едік. Сондықтан ата-ананың үлкен мақсаты- өз баласын үлкен әріппен жазылатын Азамат етіп тәрбиелеу. Сіздің балаңыз-еліміздің ертеңгі болашағы.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген