Ауызекі сөйлеу стилі және ресми іс-қағаздар стилі
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
1 слайд
Ауызекі сөйлеу стилі және
Ресми іс-қағаздар стилі
Орында ғандар: Жамал Айжан
Молдағали Нұршат
1 слайд
Ауызекі сөйлеу стилі және Ресми іс-қағаздар стилі Орында ғандар: Жамал Айжан Молдағали Нұршат
2 слайд
Ауызекі тіл, ауызекі сөйлеу -
адамдардың тіл арқылы қарым-
қатынас жасауының бір түрі.
Ауызекі тілдің басты ерекшелігі -
сөйлеудің алдын ала
дайындықсыз, тікелей қарым-
қатынас жасау барысында жүзеге
асатындығы.
2 слайд
Ауызекі тіл, ауызекі сөйлеу - адамдардың тіл арқылы қарым- қатынас жасауының бір түрі. Ауызекі тілдің басты ерекшелігі - сөйлеудің алдын ала дайындықсыз, тікелей қарым- қатынас жасау барысында жүзеге асатындығы.
3 слайд
Тілдегі экспрессивті, эмоциональдық
қасиеттер көп жағдайда ауызекі тілде
байқалады. Ауызекі тілде тілдік
(лингвистикалық) факторлармен
қоса, тілден тысқары факторлардың
(экстралингвистикалық) да жарыса
пайдалануы осы стильдің өзіндік
ерекшелігі болып табылады.
Ауызекі сөйлеу стилі тұрмыста,
отбасыда, өндірістегі бейресми
қатынастарда адамдардың еркін
қарым-қатынас жасау саласын
қамтамасыз етеді. Функционалды
стильдерге, әсіресе, олардың ауызекі
түрлеріне ықпал жасайды: баяндама,
пікірталас, дәріс т.б.
3 слайд
Тілдегі экспрессивті, эмоциональдық қасиеттер көп жағдайда ауызекі тілде байқалады. Ауызекі тілде тілдік (лингвистикалық) факторлармен қоса, тілден тысқары факторлардың (экстралингвистикалық) да жарыса пайдалануы осы стильдің өзіндік ерекшелігі болып табылады. Ауызекі сөйлеу стилі тұрмыста, отбасыда, өндірістегі бейресми қатынастарда адамдардың еркін қарым-қатынас жасау саласын қамтамасыз етеді. Функционалды стильдерге, әсіресе, олардың ауызекі түрлеріне ықпал жасайды: баяндама, пікірталас, дәріс т.б.
4 слайд
Ауызекі сөйлеу тілі
стилінің басқа
стильдік тармақтардан
бірнеше өзіндік
ерекшелігі бар:
1) негізгі мақсаты
хабар беру, хабар алу,
пікір білдіру, пікір
алмасу;
2) сөйлесуде
қамтылатын
тақырыптар әр түрлі
болып келеді; 3) сөйлемнің модальдық
түрлерінің (хабарлы,
сұраулы, лепті,
бұйрықты) барлығы
қолданылады;4) экспрессивті (әсерлі),
эмоциональды (сезімдік),
образды (бейнелі) және
нейтралды (бейтарап)
сөйлеу элементтерінің
барлығы дерлік
қамтылады;5) лексикасында
диалект, тұрпайы және
варваризм сөздер де
аралас болуы мүмкін.
4 слайд
Ауызекі сөйлеу тілі стилінің басқа стильдік тармақтардан бірнеше өзіндік ерекшелігі бар: 1) негізгі мақсаты хабар беру, хабар алу, пікір білдіру, пікір алмасу; 2) сөйлесуде қамтылатын тақырыптар әр түрлі болып келеді; 3) сөйлемнің модальдық түрлерінің (хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты) барлығы қолданылады;4) экспрессивті (әсерлі), эмоциональды (сезімдік), образды (бейнелі) және нейтралды (бейтарап) сөйлеу элементтерінің барлығы дерлік қамтылады;5) лексикасында диалект, тұрпайы және варваризм сөздер де аралас болуы мүмкін.
5 слайд
Ауызекі сөйлеу стилі
диалогқа құрылады.
Қатысушы екі
адам.Интонация ерекше
қызмет атқарады.
Эмоционалды сипаттың
ең озық үлгілері
интонация арқылы
жеткізілетіні еш даусыз. Сөйлеу тілінің тағы
бір ерекшелігі
монолог (бір кісінің
сөзі көпшілік
алдында сөйлеу,
баяндама, дәріс,
консультация). Ерекшеліктерінің екінші
түрі оның эмоциялығы,
өйткені айтушы өз
эмоциясын сол сөздің
аясына сыйғызуға
тырысады. Мысалы,
“Көбірек сөйлеп кетті
(бәсеңдеу түрі, бірақ
эмоция сезіледі),
“Мылжыңдап кеттің
ғой!” (Эмоцияның қатаң
түрі)
5 слайд
Ауызекі сөйлеу стилі диалогқа құрылады. Қатысушы екі адам.Интонация ерекше қызмет атқарады. Эмоционалды сипаттың ең озық үлгілері интонация арқылы жеткізілетіні еш даусыз. Сөйлеу тілінің тағы бір ерекшелігі монолог (бір кісінің сөзі көпшілік алдында сөйлеу, баяндама, дәріс, консультация). Ерекшеліктерінің екінші түрі оның эмоциялығы, өйткені айтушы өз эмоциясын сол сөздің аясына сыйғызуға тырысады. Мысалы, “Көбірек сөйлеп кетті (бәсеңдеу түрі, бірақ эмоция сезіледі), “Мылжыңдап кеттің ғой!” (Эмоцияның қатаң түрі)
6 слайд
Ауызекі сөйлеу стилі әдеби кейіпкердің сөйлеу ерекшелігі мен
мінезін таныту үшін ол өмір сүрген ортадағы жергілікті диалект
сөздерді стильдік мақсатта әдеби қолданады.
Қыстырма, қаратпа, одағай сөздер жиі қолданылады. Мысалы;
“Айналайын-ау, сені түсінеді деп айтып отырмын”. Сондай-ақ,
сыйлау, құрметтеу, кішірейту, еркелету амал-тәсілдері көбірек
пайдаланылады.
Тілдің көркемдегіш бейнелеуші тәсілдері де қолданылады (теңеу,
эпитет, гипербола). Мысалы: “Өгіздей біреу алдымнан шыға
келді”“Алтын күнді, қара жерді сағындым, Жан-жолдасым - жүйрік
желді сағындым”“Айшылық алыс жерлерді бір күнде өтіп жеткені”.
6 слайд
Ауызекі сөйлеу стилі әдеби кейіпкердің сөйлеу ерекшелігі мен мінезін таныту үшін ол өмір сүрген ортадағы жергілікті диалект сөздерді стильдік мақсатта әдеби қолданады. Қыстырма, қаратпа, одағай сөздер жиі қолданылады. Мысалы; “Айналайын-ау, сені түсінеді деп айтып отырмын”. Сондай-ақ, сыйлау, құрметтеу, кішірейту, еркелету амал-тәсілдері көбірек пайдаланылады. Тілдің көркемдегіш бейнелеуші тәсілдері де қолданылады (теңеу, эпитет, гипербола). Мысалы: “Өгіздей біреу алдымнан шыға келді”“Алтын күнді, қара жерді сағындым, Жан-жолдасым - жүйрік желді сағындым”“Айшылық алыс жерлерді бір күнде өтіп жеткені”.
7 слайд
Ресми-іскери
стильдің негізгі
мақсаты – іскери
ақпаратты дәл беру.
Ресми стиль
функционалды
стильдің бірі болып
табылады.
Бұл стиль мемлекеттік
актілерден бастап,
жай іскерлік хаттарға
(қатынас қағаздары)
дейінгі әртүрлі
құжаттардың тілін
қамтиды. Міндеті: үкімет
органдары мен халық
арасындағы байланысты
орнату. Әр түрлі
құжаттардың тілінде
айырмашылықтар
болғанмен, тұтас
алғанда, ортақ белгілері
мол.
7 слайд
Ресми-іскери стильдің негізгі мақсаты – іскери ақпаратты дәл беру. Ресми стиль функционалды стильдің бірі болып табылады. Бұл стиль мемлекеттік актілерден бастап, жай іскерлік хаттарға (қатынас қағаздары) дейінгі әртүрлі құжаттардың тілін қамтиды. Міндеті: үкімет органдары мен халық арасындағы байланысты орнату. Әр түрлі құжаттардың тілінде айырмашылықтар болғанмен, тұтас алғанда, ортақ белгілері мол.
8 слайд
Ресми-іскери стиль қай салада қызмет ететініне қарай:
1)заңдық-құқықтық(конституция, қаулы-қарар, заң, жарғы,
азаматтық және қылмыстық актілерінің т.б. мәтіндері жатады);
2) дипломатиялық (нота, коммюнике, конвенция, меморандум,
халықаралық келісімшарттар т.б. мәтіндері жатады);
3) әкімшілік-кеңсе кіші стильдеріне бөлінеді (кеңсе хаттары,
әкімшілік актілер, шешімдер, договорлар,әртүрлі құжаттар
(өтініш, сенімхат, қолхат, мінездеме, хаттама т.б.) мәтіндері
жатады).
8 слайд
Ресми-іскери стиль қай салада қызмет ететініне қарай: 1)заңдық-құқықтық(конституция, қаулы-қарар, заң, жарғы, азаматтық және қылмыстық актілерінің т.б. мәтіндері жатады); 2) дипломатиялық (нота, коммюнике, конвенция, меморандум, халықаралық келісімшарттар т.б. мәтіндері жатады); 3) әкімшілік-кеңсе кіші стильдеріне бөлінеді (кеңсе хаттары, әкімшілік актілер, шешімдер, договорлар,әртүрлі құжаттар (өтініш, сенімхат, қолхат, мінездеме, хаттама т.б.) мәтіндері жатады).
9 слайд
Ресми
стилдің
негізгі
белгілері: көпшілігінде
жазбаша
түрде келуі;Стандартты
лығы; регламентті
лігі; мазмұны
баяндалуының
қатаңдығы
мен
қарапайымды
лығы;
ақпараттық
толыққан-
дылығы;
мазмұнының
ресмилігі; жақсыз
болып
келуі.
9 слайд
Ресми стилдің негізгі белгілері: көпшілігінде жазбаша түрде келуі;Стандартты лығы; регламентті лігі; мазмұны баяндалуының қатаңдығы мен қарапайымды лығы; ақпараттық толыққан- дылығы; мазмұнының ресмилігі; жақсыз болып келуі.
10 слайд
Ресми іс қағаз стилі басқа стильдерден оқшау
тұрады. Себебі бұл стильдердегі мәтіндер
қалыпты үлгі бойынша құрылып, одан ауытқу
сирек болады. Осыған байланысты мұндай
мәтіндердің интонациясында да бір
сарындылық позиторий байқалады. Мәтіннің
құрылымына қарай әр түрлі бөліктері тиісті
интонациялық әуенмен оқылады да, дауыс
әуезінде құбылғыштық, әсерлілік өте сирек
байқалады.
Себебі, іс қағаз стиліндегі мәтіндердің басты
мақсаты – адресаттың басты көңіл-күйіне әсер
ету, оның эстетикалық талғамын тәрбиелеу
емес, ақпарат жеткізіп, сол арқылы бір
шараларға ұйымдастыру болып табылады. Осы
мақсатына орай оның интонациясы да
ерекшеленеді. Сонымен, ресми мақсаттағы іс
қағаз стиліндегі мәтіндердің интонациясына,
негізінен, бірқалыптылық, әуеннің бірте-бірте
өзгеруі, ұстамды дауыс сазы, орта немесе баяу
қарқын тән болады.
10 слайд
Ресми іс қағаз стилі басқа стильдерден оқшау тұрады. Себебі бұл стильдердегі мәтіндер қалыпты үлгі бойынша құрылып, одан ауытқу сирек болады. Осыған байланысты мұндай мәтіндердің интонациясында да бір сарындылық позиторий байқалады. Мәтіннің құрылымына қарай әр түрлі бөліктері тиісті интонациялық әуенмен оқылады да, дауыс әуезінде құбылғыштық, әсерлілік өте сирек байқалады. Себебі, іс қағаз стиліндегі мәтіндердің басты мақсаты – адресаттың басты көңіл-күйіне әсер ету, оның эстетикалық талғамын тәрбиелеу емес, ақпарат жеткізіп, сол арқылы бір шараларға ұйымдастыру болып табылады. Осы мақсатына орай оның интонациясы да ерекшеленеді. Сонымен, ресми мақсаттағы іс қағаз стиліндегі мәтіндердің интонациясына, негізінен, бірқалыптылық, әуеннің бірте-бірте өзгеруі, ұстамды дауыс сазы, орта немесе баяу қарқын тән болады.
11 слайд
Ресми стиль екі түрлі тіл
қызметін атқарады: бірі -
информативтік (ақпарат беру),
екіншісі - волюнтативтік (іске
итермелеу) қызмет. Кейде оның
екі қызметі жарыса жүреді.
11 слайд
Ресми стиль екі түрлі тіл қызметін атқарады: бірі - информативтік (ақпарат беру), екіншісі - волюнтативтік (іске итермелеу) қызмет. Кейде оның екі қызметі жарыса жүреді.
12 слайд
Ресми іс қағаздарына кейде бір
заттың я ұғымның атауы қолданылу
орнына қарай әр түрлі аталады.
Мысалы: адам деген сөз ресми
құжаттарда - азамат, жолдас,
телефон станциясында - абонент,
ательеде - заказ беруші, шаштаразда
- клиент, ауруханада - науқас т.б.
болып айтылады.
12 слайд
Ресми іс қағаздарына кейде бір заттың я ұғымның атауы қолданылу орнына қарай әр түрлі аталады. Мысалы: адам деген сөз ресми құжаттарда - азамат, жолдас, телефон станциясында - абонент, ательеде - заказ беруші, шаштаразда - клиент, ауруханада - науқас т.б. болып айтылады.
13 слайд
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Ж.Д.РАПИШЕВА, Е.Е.ТҮЙТЕ, Ж.У.ЕСИНБАЕВА, ҚАЗАҚ
ТІЛІНІҢ СТИЛИСТИКАСЫ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ -
Қарағанды-2011
2. Б.Шалабай “Қазақ тілінің стилистикасы”
3. https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D1%83%D1%
8B%D0%B7%D0%B5%D0%BA%D1%96_%D1%81%D3
%A9%D0
4. М.Балақаев “ Қазақ тілінің стилистикасы”
Алматы : Дәуір, 2005. - 253 б.
13 слайд
Пайдаланған әдебиеттер: 1. Ж.Д.РАПИШЕВА, Е.Е.ТҮЙТЕ, Ж.У.ЕСИНБАЕВА, ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ СТИЛИСТИКАСЫ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ - Қарағанды-2011 2. Б.Шалабай “Қазақ тілінің стилистикасы” 3. https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D1%83%D1% 8B%D0%B7%D0%B5%D0%BA%D1%96_%D1%81%D3 %A9%D0 4. М.Балақаев “ Қазақ тілінің стилистикасы” Алматы : Дәуір, 2005. - 253 б.
14 слайд
14 слайд