Ауызекі сөйлеу стилінің тілдік белгілері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ауызекі сөйлеу стилінің тілдік белгілері

Материал туралы қысқаша түсінік
мақсаты: оқушыға сабақ өткізу кезінде презентация түрінде таныстыруға болады. Бұл презентацияда ауызекі сөйлеу стилінің тілдік ерекшеліктері толыққанды жазылған
Материалдың қысқаша нұсқасы
img_page_1
Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Слайдтың жеке беттері
АУЫЗЕКІ СӨЙЛЕУ СТИЛІНІҢ ТІЛДІК БЕЛГІЛЕРІАБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ФИЛОЛОГИЯ ЖӘНЕ КӨПТІЛДІ БІЛІМ

#1 слайд
АУЫЗЕКІ СӨЙЛЕУ СТИЛІНІҢ ТІЛДІК БЕЛГІЛЕРІАБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ФИЛОЛОГИЯ ЖӘНЕ КӨПТІЛДІ БІЛІМ БЕРУ ИНСТИТУТЫ Пән: Қазіргі қазақ тілінің стилистикасы Орындаған: Таңатарова Алтын 5В011700-мамандығы, 3-курс, 304-топ

1 слайд

Әрбір сөздің, әрбір құрылымның өз алдына стильдік өңі болатындығы туралы О.С.Ахманова сөздің стильдік сипатын екі тұрғыда алып

#2 слайд
Әрбір сөздің, әрбір құрылымның өз алдына стильдік өңі болатындығы туралы О.С.Ахманова сөздің стильдік сипатын екі тұрғыда алып қарайды: «сөздің таза семантикасынан келіп шығатын стильдік сипат және сөздің қолданылу ерекшелігіне байланысты тарихи қалыптасатын стильдік сипат бар. Бұл екеуін бір-бірімен шатастырмай, өзара жігін дәлді ажырата білу керек» Сөйлеу тілінің лексикасы – адамдардың күнделікті қарым- қатынастағы үйреншікті жағдайда қолданатын, сөйлеу тіліне, яғни әдеби тілдің ауызша түріне тән сөздердің жиынтығы. Сөйлеу тілінің лексикасына жалпылама, күнделікті қарым–қатынастағы сөздер, диалектизмдер, кәсіби сөздер, қарапайым және экспрессивті сөздер, көнерген сөздер мен неологизмдер, терминдік, бейтарап стильдегі (аспан, жер, су, адам, кітап, қағаз т.б.), сондай–ақ, ауыспалы мағынадағы сөздер де енеді.

2 слайд

Сөйлеу тілінің лексикасы әдеби тілге қарағанда сөздердің мағыналық жағынан қарапайымдылығымен, кейде тұрпайы, дөрекілігімен, с

#3 слайд
Сөйлеу тілінің лексикасы әдеби тілге қарағанда сөздердің мағыналық жағынан қарапайымдылығымен, кейде тұрпайы, дөрекілігімен, сөздік қолданыста көмекші сөздер мен одағайлардың көптеп ұшырасуымен ерекшеленеді Үйбай, шірік–ау! Сенің мұнда не істеп жүрсің? Сөйлеу тілінің лексикалық жүйесінде фразеологизмдердің алатын орны ерекше. Айтпақ ойды тұспалымен, астарлап жеткізуде тұрақты тіркестер (идиома, мақал-мәтел, нақыл сөздер т.б.) жиі жұмсалады шыбындай жаны, «ақ» дегені – алғыс, «қара» дегені – қарғыс, жаман айтпай, жақсы жоқ, бетінің арын бес төкті, соқырға таяқ ұстатқандай, жылан жалағандай т.б.

3 слайд

Ауызекі сөйлеудің тілдік ерекшеліктеріне Д.Розенталь мыналарды жатқызады 1) лексикалық емес сөздерді қолдану: интонация, е

#4 слайд
Ауызекі сөйлеудің тілдік ерекшеліктеріне Д.Розенталь мыналарды жатқызады 1) лексикалық емес сөздерді қолдану: интонация, екпін, сөйлеу жылдамдылығы, ритм; 2) күнделікті тұрмыста фразеологизмдердің, эмоционалды- экспрессивті лексиканың кең көлемде қолданылуы; 3) синтаксистің өзіндік ерекшелігі: эллиптикалық және толымсыз сөйлемдердің әр түрлігі (өтініш сөздер, қайталама сөздер т.б.).

4 слайд

сирек те болса кездесіп қалып отыратын одаға йлар мен қарат палар , әсіресе көбірек кездесетіні – әрқайсысы бірнеш

#5 слайд
сирек те болса кездесіп қалып отыратын одаға йлар мен қарат палар , әсіресе көбірек кездесетіні – әрқайсысы бірнеше мағынада жұмсалатын әртүрллі демеуліктер; сұрау мағыналы ма/ме, ба/бе, па/пе, ше, әлде ; күшейту және тежеу мағыналы ғана, тек, ақ, да/де, та/те, ғой, әсіресе ; модальды- экспрессивті – ау, ай, ғой ; Авторлық баяндауға қарағанда, ауызекі сөйлеу тілі интонациясы әлдеқайда басым, айқынырақ сезіледі. Кенеттен сөйлеу тілі интонациясының пайда болуы баяндаудың сол арасының модальдық бағытының өзгергенін аңғартады кейде ауызекі сөйлеу тіліне тән лексика мен морфологияны;  осы, сол, мына, ана, әне, міне  тәрізді сілтеу есімдіктерін де жатқызуға болады.

5 слайд

Пікір алысу жағдайы ауызекі сөйлеу тілінің лексикалық, грамматикалық ерекшеліктерін, стильдік реңкін белгілейді. біріншіден, ек

#6 слайд
Пікір алысу жағдайы ауызекі сөйлеу тілінің лексикалық, грамматикалық ерекшеліктерін, стильдік реңкін белгілейді. біріншіден, екі кісінің бетпе-бет қатысып пікір алысуы диалог түрінде жүреді. Диалогке қатысатын сөздер өзара тақырып жағынан ғана бірігіп қоймайды, репликалардың байланысқан грамматикалық жүйесінен де көрініс табады. Екіншіден, диалог түріндегі сөз тыңдаушыға барынша әсерлі болуы көзделеді. Сондықтан да ауызекі сөйлеу тілінде эмоциялы мағына білдіретін грамматикалық формалар мол. Осы эмоциялыққа талпынудың ізі құрмалас сөйлемдер жүйесінде де байқалады. Үшіншіден, бетпе-бет отырып пікір алысу сөздің қысқа, жинақы құрылуын қалайды. Коммуникативті жағдайдың бұл талабы да ауызекі тілдегі құрмалас сөйлемдердің құрылымына әсерін тигізген.

6 слайд

Г.Смағұлова ауызекі сөйлеу тілінде коммуникативті функциясы аса айқын көрінеді дей келіп, сөйлеу тілі негізінен үш түрлі шартта

#7 слайд
Г.Смағұлова ауызекі сөйлеу тілінде коммуникативті функциясы аса айқын көрінеді дей келіп, сөйлеу тілі негізінен үш түрлі шартта жүзеге асырылады дейді: Біріншіден, қатынас жасаушылар арасында ресмилік болмайды. Егер ресмилік туа қалса, онда мекеме басшысы қол астындағы қызметкеріне немесе адамдардың өзара әңгімесінде ауызекі сөйлеу кезінде қатынас стилі, назар аударту формасы, сөздік қоры бірден өзгереді. Екіншіден, қарым-қатынас кезінде сөйлеушілер арасында еркіндік болуы тиіс. Мұнда адамдар өзара қысылмай емін-еркін сөйлейді. Бұл арада сөйлеу тақырыбына сай көбінесе тұрмыстық лексика жұмсалады, сондай-ақ сөйлеу тілінің басты элементтері диалект, жаргон, варваризмдер жиі ұшырасады. Үшіншіден, ауызекі сөйлеуде сөз бұрын дайындалмаған, табан астында суырып салғандай айтыла береді. Ауызекі сөйлеу тіліндегі коммуникативті функциясында сөйлеушілер арасында еркіндіктің басым болатындығына баса назар аударуға болады.

7 слайд

Ауызекі сөйлеу стилі негізгі тілдің қызметімен қарым қатынас функциясы атқарады, тікелей хабар берудің айрықша формасын құрайд

#8 слайд
Ауызекі сөйлеу стилі негізгі тілдің қызметімен қарым қатынас функциясы атқарады, тікелей хабар берудің айрықша формасын құрайды. Ауызекі сөйлеу тілінің тілдік белгілері оның қызметінің ерекше шартын анықтайды. Олардың бастылары мыналар: Сөйлеу қарым- қатынасының экспрессивтілігі; Сөйлеудің еркінділігі;Бейресмилік; -Тілдік тәсілдерді сұрыптаудың қажетсіздігі; -Сөйлеудің автоматтығы; -Сөйлеудің мазмұны: диалогтық форма мен қарапайымдылық.

8 слайд

Файл форматы:
pptx
01.12.2020
1402
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі