Балалар және театр
Балалар және театр

#1 слайд
“ Балалар және театр “
жобасы
Театр сиқыры
1 слайд
“ Балалар және театр “ жобасы Театр сиқыры
#2 слайд
“ Театр –халықты эстетикалық адамгершілік пен
ізгілікке тәрбиелеудің аса маңызды құралы.
(Қазақстан “ ұлттық энциклопедиясынан )
2 слайд
“ Театр –халықты эстетикалық адамгершілік пен ізгілікке тәрбиелеудің аса маңызды құралы. (Қазақстан “ ұлттық энциклопедиясынан )
#3 слайд
Театр (грек тілінен ) –ойын –
сауық орны; ойын-сауық
Б.з.д. 2500 жылы ежелгі Мысырда , кейін
Грекияда пайда болды.
1917 жылы Ойқұдық жайлауында М.Әуезовтің
“Еңлік-Кебек” драмасы қойылды.
1925 жылы кәсіби театр Қызылордада ашылды.
1928 жылы алматыға көшірілді.
3 слайд
Театр (грек тілінен ) –ойын – сауық орны; ойын-сауық Б.з.д. 2500 жылы ежелгі Мысырда , кейін Грекияда пайда болды. 1917 жылы Ойқұдық жайлауында М.Әуезовтің “Еңлік-Кебек” драмасы қойылды. 1925 жылы кәсіби театр Қызылордада ашылды. 1928 жылы алматыға көшірілді.
#4 слайд
4 слайд
#5 слайд
Театр ( грек. theatron – ойын-сауық орны; ойын-сауық ) –
сахналық өнердің өмір көріністерін драмалық әрекет
арқылы көрермендердің көз алдында актерлер күшімен
бейнелейтін бір түрі; ойын-сауық немесе спектакль ; түрлі
сахналық ойын-сауықтар, сонымен қатар жалпы
мәдени шаралар өткізілетін орын-жай.
Театрдың тарихи жағынан қалыптасып, даму, өсіп-
өркендеу жолы әрбір ұлттың, әр халықтың өмір-
тұрмысымен, олардың жалпы тарихымен және тұрлаулы
мәдениетімен тығыз байланысты. Басқа өнер түрлері
сияқты театр өнері де қоғамдық ой-сананың негізгі бір
формасы болып табылады.
5 слайд
Театр ( грек. theatron – ойын-сауық орны; ойын-сауық ) – сахналық өнердің өмір көріністерін драмалық әрекет арқылы көрермендердің көз алдында актерлер күшімен бейнелейтін бір түрі; ойын-сауық немесе спектакль ; түрлі сахналық ойын-сауықтар, сонымен қатар жалпы мәдени шаралар өткізілетін орын-жай. Театрдың тарихи жағынан қалыптасып, даму, өсіп- өркендеу жолы әрбір ұлттың, әр халықтың өмір- тұрмысымен, олардың жалпы тарихымен және тұрлаулы мәдениетімен тығыз байланысты. Басқа өнер түрлері сияқты театр өнері де қоғамдық ой-сананың негізгі бір формасы болып табылады.
#6 слайд
Театр түрлері
драмалық
опера
балет
Опера және балет
пантомимо
қуыршақ
көлеңке
6 слайд
Театр түрлері драмалық опера балет Опера және балет пантомимо қуыршақ көлеңке
#7 слайд
7 слайд
#8 слайд
Білгенің жөн
Қазақ театр өнері ежелден келе жатқан салт-дәстүрлерімізге негізделген. Үйлену салты,
шілдехана тойымен байланысты өтетін ойын-сауықтар, ақындар айтысы,т.б. дәстүрлеріміз
театр өнерінің алғашқы көріністері болған.
1917 жылы Ойқұдық жайлауында (қазіргі Семей облысы, Абай ауданында) М.Әуезовтың
«Еңлік-Кебек » трагедиясы тұңғыш рет қойылды.
Кейіннен 1925 жылдың аяғында Қызылорда қаласында тұңғыш музыка театры ашылды.
Театр шымылдығы 1926 жылы ақпанның 13-де М.Әуезовтың «Еңлік-Кебек» трагедиясымен
ашылды.
Театр алғаш рет құрылған жылы онда Иса Байзақов, Әміре Қашаубаев, Қалибек
Қуанышбаев, Елебек Өмірзақов, Серке Қожамқұлов, Жұмат Шанин, Шара Жиенқұлова және
тағы басқа өнер тарландары қызмет етті. Олар театр тарихына өшпес із қалдырды.
1934 жылы қазақ драма театрының құрылуына негіз болды.
Бұл күнде Қазақстанның барлық облыс орталықтарында драма театрлар ашылды. Соңғы
жылдары театр репертуары байи түсті .
8 слайд
Білгенің жөн Қазақ театр өнері ежелден келе жатқан салт-дәстүрлерімізге негізделген. Үйлену салты, шілдехана тойымен байланысты өтетін ойын-сауықтар, ақындар айтысы,т.б. дәстүрлеріміз театр өнерінің алғашқы көріністері болған. 1917 жылы Ойқұдық жайлауында (қазіргі Семей облысы, Абай ауданында) М.Әуезовтың «Еңлік-Кебек » трагедиясы тұңғыш рет қойылды. Кейіннен 1925 жылдың аяғында Қызылорда қаласында тұңғыш музыка театры ашылды. Театр шымылдығы 1926 жылы ақпанның 13-де М.Әуезовтың «Еңлік-Кебек» трагедиясымен ашылды. Театр алғаш рет құрылған жылы онда Иса Байзақов, Әміре Қашаубаев, Қалибек Қуанышбаев, Елебек Өмірзақов, Серке Қожамқұлов, Жұмат Шанин, Шара Жиенқұлова және тағы басқа өнер тарландары қызмет етті. Олар театр тарихына өшпес із қалдырды. 1934 жылы қазақ драма театрының құрылуына негіз болды. Бұл күнде Қазақстанның барлық облыс орталықтарында драма театрлар ашылды. Соңғы жылдары театр репертуары байи түсті .
#9 слайд
Театр-өмірлік сұрақтарға шешім
табатын орын. (А.И.Герцен)
9 слайд
Театр-өмірлік сұрақтарға шешім табатын орын. (А.И.Герцен)
#10 слайд
Театр – халықты эстетикалық адамгершілік пен ізгілікке тәрбиелеудің аса
маңызды құралы. Оның өзгеше бір қасиеті, яғни әрекетке құрылған
табиғаты сахналық ойын-сауықтың мазмұн-желісі мен идеялық-эстетика
негізін құрайтын драма арқылы ашылады. Театр әдеби шығарманы
сахналық әрекетпен, өзіне тән бейнелі театрлық бояу-өрнекпен жаңа күйге
түсіреді де драмадағы мінез-кейіптерді, олардың өзара қарым-
қатынастарынан, қақтығыстарынан туатын талас-тартыс пен іс-
қарекеттеріне жан бітіріп, тірілтіп жібереді. Осыған орай көрермендер де
театр сахнасында өтіп жатқан оқиға әрекет пен оған қатысушы-
қаһармандардың ой-арманына, шат күлкісі мен сезім діріліне, күйінішіне,
жалпы тіршілік-тынысына бейжай, немқұрайлы емес, қайта бар ынта-
зейінімен, ынтызар көңілімен қарайды, яғни олар осы сәтте сахналық өмір
көріністерінің жай бейтарап, салқынқанды бақылаушысынан гөрі тікелей
қатысушысы ретінде бой көрсетеді. Түптеп келгенде театрдың қоғамдық-
тәрбиелік қызметі мен идеялық-эмоциялық және көркемдік-эстетикалық
әсер күші де осыған саяды. Өнердің өзге түрлеріндей театр да өмір
шындығын көркем образдар жүйесі арқылы бейнелейді. Ал мұның өзі
спектакль бойынша жүзеге асады.
10 слайд
Театр – халықты эстетикалық адамгершілік пен ізгілікке тәрбиелеудің аса маңызды құралы. Оның өзгеше бір қасиеті, яғни әрекетке құрылған табиғаты сахналық ойын-сауықтың мазмұн-желісі мен идеялық-эстетика негізін құрайтын драма арқылы ашылады. Театр әдеби шығарманы сахналық әрекетпен, өзіне тән бейнелі театрлық бояу-өрнекпен жаңа күйге түсіреді де драмадағы мінез-кейіптерді, олардың өзара қарым- қатынастарынан, қақтығыстарынан туатын талас-тартыс пен іс- қарекеттеріне жан бітіріп, тірілтіп жібереді. Осыған орай көрермендер де театр сахнасында өтіп жатқан оқиға әрекет пен оған қатысушы- қаһармандардың ой-арманына, шат күлкісі мен сезім діріліне, күйінішіне, жалпы тіршілік-тынысына бейжай, немқұрайлы емес, қайта бар ынта- зейінімен, ынтызар көңілімен қарайды, яғни олар осы сәтте сахналық өмір көріністерінің жай бейтарап, салқынқанды бақылаушысынан гөрі тікелей қатысушысы ретінде бой көрсетеді. Түптеп келгенде театрдың қоғамдық- тәрбиелік қызметі мен идеялық-эмоциялық және көркемдік-эстетикалық әсер күші де осыған саяды. Өнердің өзге түрлеріндей театр да өмір шындығын көркем образдар жүйесі арқылы бейнелейді. Ал мұның өзі спектакль бойынша жүзеге асады.
#11 слайд
Театр –ұжымдық өнер
11 слайд
Театр –ұжымдық өнер
#12 слайд
Театр – ұжымдық өнер, өйткені қазіргі театр спектакльі драматург ,
актерлер, қоюшы-режиссер , сценограф ( декоратор-суретші ; қара
Театр декорация өнері ), композитор (қара Театр музыкасы ) мен
хореографиялық өнерінің және киім-кешек жасаушылар, гримшілер ,
жарық берушілер секілді, театрдағы т.б. көптеген қызметкерлер
еңбегінің өзара тоғысуы нәтижесінде туады. Театр өнерінің синтездік
табиғаты оның тарихи даму сатысымен тығыз байланысты. Әсіресе,
театрдың өзіне тән мұндай ерекшелігі драмалық әрекет, музыка , ән мен
бидің бір-бірінен бөлінбей тұрған кезіндегі кең таралған халық ойын-
сауықтарынан айқын көрініс тапты.
Театр – табиғатынан көпшілік қауымға ғана арналған, қоғамдық-мәдени
мән-маңызы үлкен өнердің бірі. Ол көрерменсіз, жеке өз алдына өмір
сүре алмайды. Осыған байланысты сахна мен көрермен бірігіп отырып
шынайы өмір құбылысына ой жүгіртеді, оған өз тұрғысынан баға
береді; театр көрермендердің ішкі жан сезіміне әсер етіп, терең
толғандырған жағдайда ғана өзінің қоғамдық-әлеуметтік қызметін
атқарып, эстетикалық мақсат-мұратына жетеді.
12 слайд
Театр – ұжымдық өнер, өйткені қазіргі театр спектакльі драматург , актерлер, қоюшы-режиссер , сценограф ( декоратор-суретші ; қара Театр декорация өнері ), композитор (қара Театр музыкасы ) мен хореографиялық өнерінің және киім-кешек жасаушылар, гримшілер , жарық берушілер секілді, театрдағы т.б. көптеген қызметкерлер еңбегінің өзара тоғысуы нәтижесінде туады. Театр өнерінің синтездік табиғаты оның тарихи даму сатысымен тығыз байланысты. Әсіресе, театрдың өзіне тән мұндай ерекшелігі драмалық әрекет, музыка , ән мен бидің бір-бірінен бөлінбей тұрған кезіндегі кең таралған халық ойын- сауықтарынан айқын көрініс тапты. Театр – табиғатынан көпшілік қауымға ғана арналған, қоғамдық-мәдени мән-маңызы үлкен өнердің бірі. Ол көрерменсіз, жеке өз алдына өмір сүре алмайды. Осыған байланысты сахна мен көрермен бірігіп отырып шынайы өмір құбылысына ой жүгіртеді, оған өз тұрғысынан баға береді; театр көрермендердің ішкі жан сезіміне әсер етіп, терең толғандырған жағдайда ғана өзінің қоғамдық-әлеуметтік қызметін атқарып, эстетикалық мақсат-мұратына жетеді.
#13 слайд
Театрдағы
әдептілік
1.Қойылым басталғанға дейін 15-20 минут ерте
келіңіз.
2.Киім үлгіңіздің көше стилінде болмауын
қадағалаңыз.
3.Отырған көрермендерге жүзіңізді беріп өтіңіз.
4.Қойылым соңынан “бис” деп айқайламаңыз.
5. Спектакль біткен соң асығыс шыға
жөнелмеңіз.
6.Театр мәдениет ордасы екенін ұмытпаңыз.
13 слайд
Театрдағы әдептілік 1.Қойылым басталғанға дейін 15-20 минут ерте келіңіз. 2.Киім үлгіңіздің көше стилінде болмауын қадағалаңыз. 3.Отырған көрермендерге жүзіңізді беріп өтіңіз. 4.Қойылым соңынан “бис” деп айқайламаңыз. 5. Спектакль біткен соң асығыс шыға жөнелмеңіз. 6.Театр мәдениет ордасы екенін ұмытпаңыз.
#14 слайд
14 слайд
#15 слайд
15 слайд
#16 слайд
Театр –көрерменнің тіпті түсінде көрмеген не армандамаған ойларының
орындалатын орны.
Петер Падек.
16 слайд
Театр –көрерменнің тіпті түсінде көрмеген не армандамаған ойларының орындалатын орны. Петер Падек.
шағым қалдыра аласыз













