Тақырып бойынша 15 материал табылды

"Бақытсыз Жамал" шығармасы

Материал туралы қысқаша түсінік
"Бақытсыз Жамал" шығармасы туралы. Шығармаға композициялық талдау. Сюжеттік желісі және маңызды мәліметтер
Материалдың қысқаша нұсқасы
img_page_1
Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Слайдтың жеке беттері
Міржақып Дулатұлының «Бақытсыз Жамал» романы

#1 слайд
Міржақып Дулатұлының «Бақытсыз Жамал» романы

1 слайд

Міржақып Дулатұлының «Бақытсыз Жамал» романы

Жоспар: І. Кіріспе 1. Міржақып Дулатұлы және шығармашылығы туралы ІІ. Негізгі бөлім 1. “Бақытсыз Жам

#2 слайд
Жоспар: І. Кіріспе 1. Міржақып Дулатұлы және шығармашылығы туралы ІІ. Негізгі бөлім 1. “Бақытсыз Жамал” шығармасы 2. “Бақытсыз Жамал” шығармасын талдау 3. Маңызды деректер ІІІ. Қорытынды

2 слайд

Міржақып Дулатұлы (1885-1934) — қазақтың көрнекті жазушысы, қоғам қайраткері, ағартушы және мәдениеттанушы

#3 слайд
Міржақып Дулатұлы (1885-1934) — қазақтың көрнекті жазушысы, қоғам қайраткері, ағартушы және мәдениеттанушы. Ол қазақ әдебиетінің қалыптасуына және ұлттық сана- сезімнің оянуына үлкен үлес қосқан. МІРЖАҚЫП ДУЛАТҰЛЫ Міржақыптың шығармашылығы кең ауқымды поэзияпроза публицистика Оның «Абай» атты поэмасы және «Бақытсыз Жамал» романы қазақ әдебиетінің классикалық туындылары ретінде танымал. Ол қазақ тілінде жазылған алғашқы романдардың бірі болып табылады.

3 слайд

Міржақып Дулатұлының өмірі мен шығармашылығы қазақ әдебиеті мен мәдениетінде маңызды орын алады. Ол 1910

#4 слайд
Міржақып Дулатұлының өмірі мен шығармашылығы қазақ әдебиеті мен мәдениетінде маңызды орын алады. Ол 1910 жылдары "Қазақ" газетінде жұмыс істеп, қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық мәселелері туралы мақалалар жазды. Дулатұлының «Оян, қазақ!» атты поэмасы ұлттық қозғалыстың символына айналды. Бұл шығармада ол қазақ халқының ұйқыдан ояну, білім алу, ұлт болып бірігу қажеттігін жырлады. Оның шығармалары тек әдебиетпен шектелмей, қоғамдық пікір қалыптастыруға да әсер етті. Міржақыптың шығармашылығында халықтың тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрлері, болашаққа деген үміт, білім мен мәдениеттің маңызы сияқты тақырыптар өзекті болды. Ол қазақтың ұлттық мүддесін қорғап, білімге, ағартушылыққа шақырды.

4 слайд

«Бақытсыз Жамал» — Міржақып Дулатұлының 1910 жылы жарық көрген, қазақ әдебиетінде көркем прозалық үлгіде жа

#5 слайд
«Бақытсыз Жамал» — Міржақып Дулатұлының 1910 жылы жарық көрген, қазақ әдебиетінде көркем прозалық үлгіде жазылған тұңғыш роман. Міржақып осы шығармасы арқылы бұдан кейін жазылған Т. Жомартбаевтың «Қыз көрелік», С.Көбеевтің «Қалың мал», С. Торайғыровтың «Қамар сұлу», т.б. романдарына жол ашты. Бұлардың бәрі де сол кезектегі аса маңызды әлеуметтік мәселеге арналды. Қазақ ауылының тұрмысы жайында жазылды. Әйелдердің бас еркі, қоғамдағы жағдайы туралы баяндады. «Бақытсыз Жамал» романының оқиғасына арқау болған мәселе де осы, ескі әдет-ғұрыптың тұтқыны болған қазақ қызының тағдыры. Сүйгеніне қосылып, бақытты өмір сүруді армандаған бойжеткеннің трагедиялық жолы. «БАҚЫТСЫЗ ЖАМАЛ»

5 слайд

«БАҚЫТСЫЗ ЖАМАЛ» Тақырыбы: Әйел теңдігі, қазақ қыздарының бас бостандығы. Идеясы: Бостандық іздеген қаза

#6 слайд
«БАҚЫТСЫЗ ЖАМАЛ» Тақырыбы: Әйел теңдігі, қазақ қыздарының бас бостандығы. Идеясы: Бостандық іздеген қазақ қызының махаббат жолындағы күресін арқау етіп, сол кездің өмір шындығын бейнелеу. Жанры: Роман Композициялық талдау Басталуы: Сәрсенбайдың бір перзентке зар болуы. Қазақ елінің болмысы. Байланысуы: Жамалдың балалық шағы. Алғаш білім алуы. Сәрснбайдың болыстыққа таласы. Дамуы: Сәрсенбай мен Байжанның құда болуы. Жамал мен Ғалидың алғашқы таныстығы. Шиеленісуі: Екі жастың хат алмасуы. Бақыт жолында қашып кетуі, ел арасындағы қозғалған іс. Шарықтау шегі: Ғалидің ауырып, жан тапсыруы. Жамалдың Жұманға келуі, оның қайғысы. Шешімі: Жұманнан көрген қорлық. Жамалдың қашып кетіп, боранда жантәсілім қылуы.

6 слайд

«БАҚЫТСЫЗ ЖАМАЛ» РОМАНЫНЫҢ КЕЙІПКЕРЛЕРІ Жамал РОМАНЫНЫҢ КЕЙІПКЕРЛЕРІ Сәрсенбай мен Шолпанның сағынып көрге

#7 слайд
«БАҚЫТСЫЗ ЖАМАЛ» РОМАНЫНЫҢ КЕЙІПКЕРЛЕРІ Жамал РОМАНЫНЫҢ КЕЙІПКЕРЛЕРІ Сәрсенбай мен Шолпанның сағынып көрген баласы, ата-анасы қолдан келгенше әлпештеп өсірген. Ақылды, ауылдағы қыздардың алды болған, сауатты бойжеткен қыз. Өз бақытын іздеп сол үшін күрескен, өз заманынан озық болған тәрбиелі жан. Сәрсенбай Жамалдың әкесі, ешбір ғылым оқымаған, момын, мал баққан бай кісі. Басқа адамдардың дегеніне ергіш, момын, надан адам.

7 слайд

РОМАННЫҢ КЕЙІПКЕРЛЕРІ Ғали оқыған, мәдениетті жастардың жиынтық бейнесі, Жамалды шын сүйген жан. «Бұл жігіт

#8 слайд
РОМАННЫҢ КЕЙІПКЕРЛЕРІ Ғали оқыған, мәдениетті жастардың жиынтық бейнесі, Жамалды шын сүйген жан. «Бұл жігіт орта бойлы, қияпатты, бетінде азырақ қорасан дағы бар, жаңа мұрт шығып келе жатқан, сөйлеген сөзі сыпайы, әдепті, киімі ноғайшалау Ғали есімді бір зат еді. Дүйсебек деген кісінің баласы еді. Жасынан талапты болып, Қызылжар, Троицкідегі медреселерде оқып жүріп және де частный учительден оқып та орысша азырақ сөйлеп, жазарлықтай шамасы бар... Атасы бай адам болмаса да, Ғали инабатты жігіт болып, әрдайым алыс-беріс істерінде уағдаласында опашыл болғандығы көрінгенге байлар шамалап несие беруден тартынбаушы еді. Әуелгі уақыттарда оқуда болып, бұл уақыттан саудамен жүрген себепті елде тұруынан тұрмауы көбірек болып, өзін халық, халықты өзі анық танымайтын да еді. Тек сыртынан Дүйсебектің баласы талапты, еті тірі жігіт, қысы-жазы үйде отырмай оқу оқып, кәсіп қылады деуші еді...» Шолпан Жамалдың анасы, сауаты бар, ақыл-парасатты кісі. Сайболат деген жердегі Жарас молланың қызы, 14 жасында 42 жастағы Сәрсенбайға айттырылған. Жамалдың бақытты болуын қалаған жан.

8 слайд

РОМАННЫҢ КЕЙІПКЕРЛЕРІ Қалампыр Сәрсенбайдың бірінші әйелі, бас пайдасын ойлайтын таяз адам. Шолпанға күн кө

#9 слайд
РОМАННЫҢ КЕЙІПКЕРЛЕРІ Қалампыр Сәрсенбайдың бірінші әйелі, бас пайдасын ойлайтын таяз адам. Шолпанға күн көрсетпей жүреді, баласы болмайды. Байжан бай, беделі бар надан адам. Жұманның әкесі. Жұман сүйкімсіз, «Таз Жұман» атанған Байжанның баласы, жағымсыз кейіпкер. Фатихолла шаһардағы ірі саудагер, Ғали мен Жамалды паналатқан, көмек берген жақсы адам. Ғазиз Жамалға алғаш білім берген, жазуды үйреткен мұғалім. «Уфа медреселерінің бірінен оқыған шәкірт екен. Қазақ ішінде қымыз ішіп, күзгі тәхсилгә қаражат жинап алу үшін мұғалімділікке шыққан ноғай жігіт, жасы жиырма екілерде – ашық пікірлі, ұсүл тағылымнан жақсы ғана хабары бар еді.» Бабас Қырыққұдықтағы Ғалидің нағашысы. Жүніс, Нұрмаш Ғалидің қашуға көмек берген жақын достары.

9 слайд

МАҢЫЗДЫ ДЕРЕКТЕР Өткен қыс шаруаға жеңіл болғандықтан, мал күйлі, бие ішті болып, Көктал қыстаған Құрман де

#10 слайд
МАҢЫЗДЫ ДЕРЕКТЕР Өткен қыс шаруаға жеңіл болғандықтан, мал күйлі, бие ішті болып, Көктал қыстаған Құрман деген атаның ауылы жылдағыдан жайлауға ерте шығып еді. Екі ауылнай елдің жайлауы Саумалкөлге жағалай ауылдар қонған. Ауылға шаңдатып келген: бір орыс пен бір қазақ. Бекжан деген ауылнайдың үйіне түсті. «Ертең ерте крестьянский начальник келеді,» - деген хабар мағлұм болады. Әлгі екеуі - бірі стражник, бірі поштабай екен, төренің алдынан үй тіктіріп, лау байлатып, қой саудыруға шыққан. Төре пәуескемен сәске кезінде келді. Алды-артынан шыққан қазақтар, мойындарына шынжырлы знак таққан ауылнай, билер неше мәрте шұлғып, қошаметпен «тақсырлап» үйге кіргізеді. Төреден жеткен хабар: «Қазақтан солдат алынбайды, бірақ мұжықтар секілді қала болам десең, 15 десятина жер беріледі, егін салыңдар, школ ашыңдар, ұлықтарыңды сыйлап, бұйрықтарын орнына келтіріңдер». Осы кезде бір жас жігіт сүйіншілеп, Сәрсенбайдың Шолпаны қыз тапқанын хабарлайды. «Үмітсіз - шайтан» деп, баласы жоқ Сәрсенбай тоқал алуды ұйғарады.

10 слайд

Шолпан 17-ге келгенде, Сәрсенбай 45-ке келгенде қыз табады, атын Жамал қойып, шілдехана жасайды. Басында Жа

#11 слайд
Шолпан 17-ге келгенде, Сәрсенбай 45-ке келгенде қыз табады, атын Жамал қойып, шілдехана жасайды. Басында Жамалды еркекше киіндіріп жүреді, бір надан молда сөзінен кейін қызша киіндіріп, шашын жіберіп, оқыта бастайды. Молда тұлым қою дұрыс емес деген. Жамал 9-ға толғанда. Сәрсенбай Уфа медресесінде оқыған Ғазизбен келісіп, Жамалды сентябрьге дейін 5ай оқытады. Мұғалім Сәрсенбай үйінде тұрғанда Шолпан бір ұл перзент тауып, сол себепті «аяғы құтты» болды деп, мұғалімді Сәрсенбай жақсы қаражатпен қайтарады. Осы молдадай жігіт болсын деп есімін Ғазиз қояды. Жамалдың жатқа білген қиссалары: «Сал-сал», «Қыз Жібек», «Зарқұм», «Қисса уақиға Кѳр бала», «Біржан сал мен Сара қыздың айтысқаны», «Ноғай мен қазақтың айтысқаны», «Ақсұлу», «Айман - Шолпан», «Бозжігіт», «Шәкір-Шәкірат», Ақмолда, Нұржан, Әбубәкір молданың ѳлеңдері.

11 слайд

Шолпан мен Жамалға қарап елдің айтқаны: «Сәрсенбай үйінде бір жақсы бала бар, анасы да ақылды, көркем...»,

#12 слайд
Шолпан мен Жамалға қарап елдің айтқаны: «Сәрсенбай үйінде бір жақсы бала бар, анасы да ақылды, көркем...», «Анасын көріп - қызын ал, аяғын көріп - асын іш» деген мақал. Сәрсенбай басқалардың сөзіне еріп, болыстыққа таласады, бірақ Байжанның көмегімен Нұрпейіс сайланады, көп шығын босқа кетеді. Келер сайлауда, Байжанның құда іздеп жүргенін есітіп, Сәрсенбай өзінің болыстыққа сайлануына пайдасы тиер деп Жамалды айттырады. Жұман 17 жаста, Жамал 11-де болады. Жамал кәмелетке жеткен соң, күйеуінің нашар екенін біліп (қатта бір тойда көрсе керек), көңіліне күннен-күнге уайым, қайғы түсе бастады. Жамалдың бұл қасіреттерін көбейтуге себеп болған Жұманның жамандығынан құрбы арасында күлкі болған істері еді. Мысалы: Жұманды үйі қант-шай, ғайыры нәрселер әкелуге қалаға жібергенде, жолда терілерін алыпсатарға сатып, он теңге алтын орнына алданып, бір тиын жаңа бақыр алып келуі еді. Һәм елде бозбалалық қылмақшы болып бір қызы бар үйдің босағасында ұйықтап қалғандықтан, қыздың әкесі таңертең: «Тұр, балам, ұйқың қанған шығар», – деп үйіне жіберуі еді. Мұның һәммәсін Жамал естіген еді. Қыс ортасы елде бір байдың баласы болмай жүріп, жамағаты ұл тапқанға, қыз-бозбала үшін үлкен мәжіліс-шілдехана болды. Жамал мен Ғали алғаш кездеседі, қатар отырып, бір- бірімен жарасып-ақ кетеді. Ойналған ойындар: «Бұғыбай», «Мыршалай-Мырыш», одан кейін домбырамен ән салып. өлең айтады. Іштерінен бір-біріне ұнағандығы білініп, «бір көрген біліс, екі көрген таныс» мұнан былай да кез келіп жүрерміз деп, бұл сапарда айырылысқан еді. Жамал мен Ғали аз күнгі ойын-күлкінің қызығымен ѳздерін дүниедегі бақытты адамдардан санап жүргенде, бір күні бұларға үлкен қасіретті хабар естілді: «Байжан мен Сәрсенбайдың арасындағы уағдалары болып, енді бір айда Жұман күйеу ұрын келіп қалыңдық ойнайды», - деген ѳсек расқа шықты.

12 слайд

Ғали өз хатында Жүсіп пен Зылиқаны сөз етеді. Ғали мен Жамалды шығарып салған екі дос: Жүніс пен Нұрмаш, Шо

#13 слайд
Ғали өз хатында Жүсіп пен Зылиқаны сөз етеді. Ғали мен Жамалды шығарып салған екі дос: Жүніс пен Нұрмаш, Шолпан да мүны біледі. Ғалидың достарымен ақылдасқанда Жамалды алып барып, жатпақшы жері – дуанда өзі бірге саудалас болып, несие алып жүрген Фатихолла бай еді. Фатихолла бай әуелін де осындай қазақтың қызды жастай құда болып, біреуге беріп қоятын жаман ғадетін жек көргендігі себепті және де Ғалиды һәм тәуір көретіндігінен бұл екі мүсәпірді қабыл алды. Фатихолла бай өзінше тәуір пікірлі ғана, өзі айтқан сөзін болдыруды жақсы көретін бір татар еді. Осы жерде жүріп Жамалдың атынан начальникке барып, арыз жазғызады. Бұл дауды шешуге қатысқан молда Ахметжанға Байжандар пара беріп өз жақтарына тартпақ болады. Фатихоллаға Байжанның адамдары келіп, несиенді бергізбейміз дейді. Одан кейін Ғали мен Жамал екеуі ноғайша киініп, 4 күн жүріп Қырыққұдықтағы нағашысы Бабасқа келеді. Ғали 13 күн ауырып, жұма күні қаза болады. Көкен моласы деген зиратқа жерлейді. Октябрь айында іс-қағаздар жайы бітеді. Жамал 1 ай өз үйінде жүріп, соңында Жұманмен тұруға келіседі. Жұман Жамалға ерегесіп, оны күнде ұруды әдетке айналдырады. Осылай қыстың бір-екі айы өтіп, Жамал шыдамай қашып кетеді, Фатихолла байға баруды ойлайды, бірақ қатты боран болып жолда қаза табады. Жамалдың соңғы айтқан сөзі: «Ғали, Ғали, қиналды жаным, қайдасың?» Салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар: ат қою, шілдехана, ұрын беру, атастыру, қалыңмал беру, ерулік.

13 слайд

Романда оқиға желісі—суреттелетін ауыл өмірі, әр түрлі әлеуметтік топтар өкілдері арасындағы қарым-қатынаст

#14 слайд
Романда оқиға желісі—суреттелетін ауыл өмірі, әр түрлі әлеуметтік топтар өкілдері арасындағы қарым-қатынастар мен жекелеген адамдар түсінігіндегі қайшылықтар шырмауына түскен Жамал мен Ғалидың мөлдір махаббаты, өз еркіндіктеріне жету жолындағы үмтылысы осы арнада өрбиді. Ақыр аяғында трагедиямен аяқталады. М. Дулатұлы бұл оқиғаны кездейсоқ болған бірді-екілі жай ретінде қарамайды. Ғашықтар трагедиясын ол қазақ даласындағы әлеуметтік мәселе дәрежесіне көтереді. Сол арқылы қазақ қыздарының бас еркі, жастардың өз қалауымен өмір сүру қажеттігі туралы ой ұсынады. Жазушы үшін әйелдің бас бостандығы, өзінің сүйгеніне қосылып, өмір сүруге мүмкіндік алуы ең бір түйінді мәселе болды. Ол әйелдің арын аяққа басатын ескі әдет-ғұрыпқа үзілді-кесілді қарсы шығады. Міржақып Дулатұлының романдағы Жамал бейнесін сомдаудағы жаңалығы да өзінің осы идеясына негізделеді. Романдағы Ғали — сол замандағы оқыған, мәдениетті жастарының жиынтық бейнесі. Сырт келбетіне ақылы сай жігіт Ғалидың әрбір іс-әрекетінен, сөйлеген, жазған хаттарынан бұл қасиет айқын аңғарылады. Ал шығармадағы Байжан бай, оның баласы Жұман, сондай-ақ Жамалдың әкесі Сәрсенбай, үлкен шешесі Қалампыр — ескі психологияның адамдары. Оларға адамгершіліктен гөрі байлық, шен мақтанышы қымбатырақ. Тұтастай алғанда, "Бақытсыз Жамал" романы сол кездегі тарихи-әлеуметтік шындықты шынайы да көркем бейнелеуімен, авторлық идеяның айқындығымен өзінен кейінгі қазақ прозасының өркендеуіне дәстүрлі жол көрсетті, үлгі болды.

14 слайд

ҚОРЫТЫНДЫ: Романның басты кейіпкерлері арқылы автордың адамгершілік, сүйіспеншілік және қоғамдағы әділетсі

#15 слайд
ҚОРЫТЫНДЫ: Романның басты кейіпкерлері арқылы автордың адамгершілік, сүйіспеншілік және қоғамдағы әділетсіздік туралы ойлары ашылады. Бұл шығарма қазақ әдебиетінде әйелдер мәселесін қозғаған алғашқы туындылардың бірі болып табылады. Жалпы, Дулатұлы қазақ халқының мәдени және әлеуметтік мәселелеріне назар аударып, отаршылдыққа қарсы күресті. Оның идеялары мен көзқарастары ұлт-азаттық қозғалысының дамуына ықпал етті. Саяси себептермен көптеген қиыншылықтарға ұшырағанымен, Міржақып Дулатұлының мұрасы бүгінгі күнге дейін маңызын жоғалтпай, жастар арасында кеңінен оқылады.

15 слайд

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ!

#16 слайд
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ!

16 слайд

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ!

Файл форматы:
pptx
21.01.2025
263
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі