Баяндама (Облыстық онлайн семинарында оқылған) Қазақ тілі сабақтарында ойын элементтерін қолдану
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
1 слайд
Баяндама
Қазақ тілі сабақтарында ойын
элементтерін қолдану
Оқыған:Аскер Куралай
2016-2017ж.
Осакаров ауданы
№29 орта мектебі
1 слайд
Баяндама Қазақ тілі сабақтарында ойын элементтерін қолдану Оқыған:Аскер Куралай 2016-2017ж. Осакаров ауданы №29 орта мектебі
2 слайд
2 слайд
3 слайд
1. «Өз жұбыңды тап» ойыны
«Өз жұбыңды тап» оқыта үйрету ойыны. Сөз тіркестерін
меңгертуге арналған ойын. Сабақта сөз тіркестерінің лексикалық
мағынасын жаттықтыру мақсатында осы ойынды ойнатамын. Бұл
ойында оқушылар саны жұп болуы керек. Әр оқушыға бір-бірден сөз
үлестіремін. Барлық оқушылар өздеріне берілген сөздерді дауыстап
оқиды. Осыдан кейін оқушылар сөз тіркесін жасау үшін өз
жұбын :іздейді. Мысалы : оқушылар, ұзын, шақ, бойлы, балалық,
мыңға, сарайы, жуық т.б. деген сөздер таратылады. Жуық деген
сөзді оқыған бала мыңға деген сөзді оқыған баланың қасына барып,
екеуі бірігіп, мыңға жуық деген тіркесті айтады.
3 слайд
1. «Өз жұбыңды тап» ойыны «Өз жұбыңды тап» оқыта үйрету ойыны. Сөз тіркестерін меңгертуге арналған ойын. Сабақта сөз тіркестерінің лексикалық мағынасын жаттықтыру мақсатында осы ойынды ойнатамын. Бұл ойында оқушылар саны жұп болуы керек. Әр оқушыға бір-бірден сөз үлестіремін. Барлық оқушылар өздеріне берілген сөздерді дауыстап оқиды. Осыдан кейін оқушылар сөз тіркесін жасау үшін өз жұбын :іздейді. Мысалы : оқушылар, ұзын, шақ, бойлы, балалық, мыңға, сарайы, жуық т.б. деген сөздер таратылады. Жуық деген сөзді оқыған бала мыңға деген сөзді оқыған баланың қасына барып, екеуі бірігіп, мыңға жуық деген тіркесті айтады.
4 слайд
Бұл ойынды өткен сабақты пысықтау мақсатында немесе жаңа сабақты
қорытындылауда қолданамын.
А) Сабақты пысықтауда ұлттық киімнің суреттері бар үлестірмелі қағаздарды
жіпке жайып, астына сұрақтар жасырдым. Сұраққа жауап беріп, киімнің атауын
тапса, қолындағы сұраққа дұрыс жауап берген болып саналады.
Ә) Жаңа сабақты қорытындылауда ұлттық нақыштағы киім суреттерін таратып
беремін. Оқушылар жаңа сабақта алған білімдері мен әсерлерін қысқаша
жазады , оқиды да жіпке іледі. (Суреттегі заттың аталуын айта кетеді).
2. «Ептілік» ойыны
4 слайд
Бұл ойынды өткен сабақты пысықтау мақсатында немесе жаңа сабақты қорытындылауда қолданамын. А) Сабақты пысықтауда ұлттық киімнің суреттері бар үлестірмелі қағаздарды жіпке жайып, астына сұрақтар жасырдым. Сұраққа жауап беріп, киімнің атауын тапса, қолындағы сұраққа дұрыс жауап берген болып саналады. Ә) Жаңа сабақты қорытындылауда ұлттық нақыштағы киім суреттерін таратып беремін. Оқушылар жаңа сабақта алған білімдері мен әсерлерін қысқаша жазады , оқиды да жіпке іледі. (Суреттегі заттың аталуын айта кетеді). 2. «Ептілік» ойыны
5 слайд
3. «Білезік» ойыны
3. «Білезік» ойыны. Қазақ халқында әшекей
бұйымдардың орны ереше болғандығын
түсіндіре келіп, үй жұмысын «Білезік» ойыны
арқылы сұраймын. Алдымен ойын шартын
түсіндіремін. Сұрақтар жазылған
дөңгелектелінген түрлі-түсті қағаз білезіктер
(шынайы білезіктер қолдануға болады)
таратып шығамын. Оқушылар білезіктегі
сұрақтарға дұрыс жауап берсе қолдарына өзім
кигіземін. Сабақ соңында бағалауда білезік
ұпайын қосамын. Нәтижесінде білезікті кию
үшін әрекет ету арқылы білімділікке, кию
барысында әдемілікке үйренеді және
әшекейлер туралы ұғымы артады.
5 слайд
3. «Білезік» ойыны 3. «Білезік» ойыны. Қазақ халқында әшекей бұйымдардың орны ереше болғандығын түсіндіре келіп, үй жұмысын «Білезік» ойыны арқылы сұраймын. Алдымен ойын шартын түсіндіремін. Сұрақтар жазылған дөңгелектелінген түрлі-түсті қағаз білезіктер (шынайы білезіктер қолдануға болады) таратып шығамын. Оқушылар білезіктегі сұрақтарға дұрыс жауап берсе қолдарына өзім кигіземін. Сабақ соңында бағалауда білезік ұпайын қосамын. Нәтижесінде білезікті кию үшін әрекет ету арқылы білімділікке, кию барысында әдемілікке үйренеді және әшекейлер туралы ұғымы артады.
6 слайд
4.«Тойбастар» ойыны
Бір бөлімді аяқтаған кезде
нәтиже сабақта ойнаймыз.
Үш топ болса үш қоржын
дайындаймыз. Әр қоржында
нөмірленген қорапшалар
немесе асықтар саламын.
Сандар арқылы аударма
жұмысы, сөз тіркесін құру,
буынға бөлу, тақырыпқа сәйкес
грамматикалық тапсырма,
мәнерлеп оқу, диалог т.б.
тапсырмалар болады. Қай топ
тез дайындалып, дұрыс айтып
шықса, сол топ жеңімпаз
атанады. Бұл ойын барысында
оқушылардың бойынан
ұйымшылдық, бірлікті
байқаймын. Өткен тақырып
бойынша оқушының қандай
деңгейде меңгергенін тексере
аламын және кәде сый туралы
түсініктерін қалыптастырамын.
6 слайд
4.«Тойбастар» ойыны Бір бөлімді аяқтаған кезде нәтиже сабақта ойнаймыз. Үш топ болса үш қоржын дайындаймыз. Әр қоржында нөмірленген қорапшалар немесе асықтар саламын. Сандар арқылы аударма жұмысы, сөз тіркесін құру, буынға бөлу, тақырыпқа сәйкес грамматикалық тапсырма, мәнерлеп оқу, диалог т.б. тапсырмалар болады. Қай топ тез дайындалып, дұрыс айтып шықса, сол топ жеңімпаз атанады. Бұл ойын барысында оқушылардың бойынан ұйымшылдық, бірлікті байқаймын. Өткен тақырып бойынша оқушының қандай деңгейде меңгергенін тексере аламын және кәде сый туралы түсініктерін қалыптастырамын.
7 слайд
5. «Қазақ ауылы» ойыны
«Қазақ ауылы» танымдық ойын.
Жаппай сынып болып немесе екі-
үш топқа бөлініпте ойнауға болады.
Киіз үйдің бөлшектері мен
жабдықтары бойынша тапсырмалар
беремін. Оқушылар тапсырманы
орындау арқылы киіз үйді құрады.
Нәтижесінде біліммен бірге киіз үй
құрылысының атауларын, құрылу
жолдарын меңгереді.
7 слайд
5. «Қазақ ауылы» ойыны «Қазақ ауылы» танымдық ойын. Жаппай сынып болып немесе екі- үш топқа бөлініпте ойнауға болады. Киіз үйдің бөлшектері мен жабдықтары бойынша тапсырмалар беремін. Оқушылар тапсырманы орындау арқылы киіз үйді құрады. Нәтижесінде біліммен бірге киіз үй құрылысының атауларын, құрылу жолдарын меңгереді.
8 слайд
6. «Өз орнын тап!» ойыны
«Өз орнын тап!» танымдық ойын. Кесілген суреттердің астындағы
тапсырмаларды орындай отырып, суретті құрау. Мысалы: Абай Құнанбайұлының
“Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ” шығармасын оқытуда «Өз орнын тап!»
танымдық ойынын қолдандым. Ойын сәтті шықты. Шығарманы талдай отырып,
өлең жолдарындағы жылқының сыртқы дене мүшелерін тауып жапсырды.
Мәселен, «Ой желке, үңірейген болса сағақ» деген жолдардан желкені, сағақты
құрастырды. Тақырыпты меңгерту жолдарында тиімді болды.
8 слайд
6. «Өз орнын тап!» ойыны «Өз орнын тап!» танымдық ойын. Кесілген суреттердің астындағы тапсырмаларды орындай отырып, суретті құрау. Мысалы: Абай Құнанбайұлының “Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ” шығармасын оқытуда «Өз орнын тап!» танымдық ойынын қолдандым. Ойын сәтті шықты. Шығарманы талдай отырып, өлең жолдарындағы жылқының сыртқы дене мүшелерін тауып жапсырды. Мәселен, «Ой желке, үңірейген болса сағақ» деген жолдардан желкені, сағақты құрастырды. Тақырыпты меңгерту жолдарында тиімді болды.
9 слайд
Ұтымдылыққа
Шыдамдылыққа
ОЙЫН
Ұтқырлыққа
Талаптылыққа
Тапқырлыққа
Адамгершілікке
Белсенділікке
Шапшандыққа
9 слайд
Ұтымдылыққа Шыдамдылыққа ОЙЫН Ұтқырлыққа Талаптылыққа Тапқырлыққа Адамгершілікке Белсенділікке Шапшандыққа
10 слайд
Қазақ халқында «Баланы ойын өсіреді» деген
даналық сөз бар. Ойын элементтері - балалар
өмірінің нәрі. Ойын баламен мәңгілік өмір сүреді.
Ойынды баланы алдаушы құрал ретінде ғана
қолданбай, ойын арқылы баланың дүниетанымын
қалыптастыруға, қиялын шыңдауға, баланың
арман, тілегін білуге, зейінін, жадыны
қалыптастыруға, ойлау қабілетінің дамуына әсер
етуге болатынын ұмытпайық!
10 слайд
Қазақ халқында «Баланы ойын өсіреді» деген даналық сөз бар. Ойын элементтері - балалар өмірінің нәрі. Ойын баламен мәңгілік өмір сүреді. Ойынды баланы алдаушы құрал ретінде ғана қолданбай, ойын арқылы баланың дүниетанымын қалыптастыруға, қиялын шыңдауға, баланың арман, тілегін білуге, зейінін, жадыны қалыптастыруға, ойлау қабілетінің дамуына әсер етуге болатынын ұмытпайық!