Баяндама, Тиімді әдіс-тәсілдер - сапалы білім кепілі




1 слайд
“Тиімді әдіс-тәсілдер -
сапалы білім кепілі”
Автор: Байжанова Нурайна
Галымжановна
Жұмыстың тақырыбы:
1 слайд
“Тиімді әдіс-тәсілдер - сапалы білім кепілі” Автор: Байжанова Нурайна Галымжановна Жұмыстың тақырыбы:

2 слайд
Аннотация.
Баяндамада қазақ тілі
пәнінде қолданылатын
әдістер түсінігі анықталған.
Сонымен бірге қазақ тілі
сабағында интерактивті
әдістерді пайдалану
ерекшеліктері көрсетілген.
Автор өз тәжірибесінен
мысалдар келтірген.
Мен шәкірттерімді
ешқашан да
үйретпеймін;
мен тек олардың
үйренуіне тиімді
жағдайлар
жасауға тырысамын.
А.Эйнштейн
2 слайд
Аннотация. Баяндамада қазақ тілі пәнінде қолданылатын әдістер түсінігі анықталған. Сонымен бірге қазақ тілі сабағында интерактивті әдістерді пайдалану ерекшеліктері көрсетілген. Автор өз тәжірибесінен мысалдар келтірген. Мен шәкірттерімді ешқашан да үйретпеймін; мен тек олардың үйренуіне тиімді жағдайлар жасауға тырысамын. А.Эйнштейн

3 слайд
Кіріспе
Қазіргі кезде тіл мамандары мен әдіскерлерді оқыту үдерісінде
дидактикалық мақсатты шешуде оқыту әдістемесінің белсенді түрлеріне бет
бұруда. Оқытушының тіл үйренушілермен педагогикалық қатынасты
ұйымдастыра алу қабілеті бүгінгі таңдағы тілді оқыту үдерісінің тиімділігін
арттырады, ол оқушының жеке тұлға ретінде ерекшеліктерін ашуға және
тілді меңгерудегі мәдениетаралық қарым-қатынас құралы ретінде меңгеруіне
бағытталады. Аталған мәселені шешу үшін педагогтар мен әдіскерлер оқыту
үдерісінде оқытудың белсенді түрлерін қолдануды көздейді.Сол себепті
қысқа мерзімде ақпараттың көлемді бөлігін тиімді түрде ұсынатын, сол
ақпаратты жоғарғы деңгейде игеретін және практикада бекіте алатын
әдістерді қолдануды талап етеді. Бұл талап білім саласында инновациялық
өзгерістерге әкеліп, оқыту мен үйретудің негізі ретінде тұлғалық дамуды
қарастыру, себебі динамика мен өзгерістерге толы ақпараттық кезең адамның
білімді әрі білікті тұлғасына тәуелді.
3 слайд
Кіріспе Қазіргі кезде тіл мамандары мен әдіскерлерді оқыту үдерісінде дидактикалық мақсатты шешуде оқыту әдістемесінің белсенді түрлеріне бет бұруда. Оқытушының тіл үйренушілермен педагогикалық қатынасты ұйымдастыра алу қабілеті бүгінгі таңдағы тілді оқыту үдерісінің тиімділігін арттырады, ол оқушының жеке тұлға ретінде ерекшеліктерін ашуға және тілді меңгерудегі мәдениетаралық қарым-қатынас құралы ретінде меңгеруіне бағытталады. Аталған мәселені шешу үшін педагогтар мен әдіскерлер оқыту үдерісінде оқытудың белсенді түрлерін қолдануды көздейді.Сол себепті қысқа мерзімде ақпараттың көлемді бөлігін тиімді түрде ұсынатын, сол ақпаратты жоғарғы деңгейде игеретін және практикада бекіте алатын әдістерді қолдануды талап етеді. Бұл талап білім саласында инновациялық өзгерістерге әкеліп, оқыту мен үйретудің негізі ретінде тұлғалық дамуды қарастыру, себебі динамика мен өзгерістерге толы ақпараттық кезең адамның білімді әрі білікті тұлғасына тәуелді.

4 слайд
Интербелсенді оқыту
және оқу
Қазіргі күні әрекеттік педагогика ең танымал оқу жүйесіне айналған,
яғни мектепте оқу процесінің негізінде интербелсенді әдістемелер керек:
әрбір мұғалім әрбір сабақта интербелсенді әдістер, құралдар мен тәсілдерді
қолдануы қажет.
Интербелсенді оқыту бірінші кезекте білім игеру процесінде
қатысушылардың тиімді қарым-қатынасына негізделеді. Ағылшын тілінен
келген «интерактив» сөзі де осы ұғымды білдіреді: «inter» дегеніміз
«өзара» мағынасында, ал «act» -«әрекет жасау» дегенді білдіреді. Басқаша
сөзбен айтқанда, «интербелсенді» дегеніміз біреумен тығыз қарым-қатынаста
болу, онымен бірлесе әрекет жасау, диалог құру.
Интербелсенді оқыту көптеген жұмыс түрлері мен әрекеттері арқылы
жүзеге асырылады: бірлескен жұмыстар, жеке және бірлескен ізденіс пен
зерттеу жұмыстары, ситуативтік және рөлдік ойындар, ақпараттың әртүрлі
көздерімен жұмыс жасау, шығармашылық жұмыстар, т.б.
4 слайд
Интербелсенді оқыту және оқу Қазіргі күні әрекеттік педагогика ең танымал оқу жүйесіне айналған, яғни мектепте оқу процесінің негізінде интербелсенді әдістемелер керек: әрбір мұғалім әрбір сабақта интербелсенді әдістер, құралдар мен тәсілдерді қолдануы қажет. Интербелсенді оқыту бірінші кезекте білім игеру процесінде қатысушылардың тиімді қарым-қатынасына негізделеді. Ағылшын тілінен келген «интерактив» сөзі де осы ұғымды білдіреді: «inter» дегеніміз «өзара» мағынасында, ал «act» -«әрекет жасау» дегенді білдіреді. Басқаша сөзбен айтқанда, «интербелсенді» дегеніміз біреумен тығыз қарым-қатынаста болу, онымен бірлесе әрекет жасау, диалог құру. Интербелсенді оқыту көптеген жұмыс түрлері мен әрекеттері арқылы жүзеге асырылады: бірлескен жұмыстар, жеке және бірлескен ізденіс пен зерттеу жұмыстары, ситуативтік және рөлдік ойындар, ақпараттың әртүрлі көздерімен жұмыс жасау, шығармашылық жұмыстар, т.б.

5 слайд
Білім беруді дамытудың
мемлекеттік бағдарламасын
жүзеге асыруда мен
инновациялық
технологиялар ішінен
«Тиімді әдіс-тәсілдер -
сапалы білім кепілі »
тақырыбын алдым. Негізгі
мақсат - оқушылар
арасында еркін, ашық
шығармашылық қарым-
қатынас орнату,
оқушыларға білімді өз
бетімен ізденуге бағыт-
бағдар сілтеу, оқушыларға
қажетті білік-дағдыларды
қалыптастыру,
белсенділікті дамыту;
Аталған мақсатты жүзеге асыруда
алдыма қойған міндеттерім:
• Зерттеу жүргізу және жоспарлау,
сабақта интербелсенді оқыту
технологиясының әдіс-тәсілдерін
қолдану;
• Оқушыларды өз бетімен білімді
игеруге, бір-бірімен қарым-қатынас
жасауға, сыни тұрғыдан ойланып,
проблемаларды шешуге дағдыландыру;
• Қазіргі заманғы жаңа техникаларды
қолдана білу білімдерімен және
дағдыларымен қаруландыру, оқу
үрдісінде кеңінен қолдану.
Күтілетін нәтиже: еркін, өзіндік
дәлел-уәждерін нанымды жеткізе
білетін, ынталы, сенімді, белсенді, сыни
пікір-көзқарастары жүйелі дамыған,
сандық технологияларда құзырлылық
танытатын оқушы қалыптасады.
5 слайд
Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда мен инновациялық технологиялар ішінен «Тиімді әдіс-тәсілдер - сапалы білім кепілі » тақырыбын алдым. Негізгі мақсат - оқушылар арасында еркін, ашық шығармашылық қарым- қатынас орнату, оқушыларға білімді өз бетімен ізденуге бағыт- бағдар сілтеу, оқушыларға қажетті білік-дағдыларды қалыптастыру, белсенділікті дамыту; Аталған мақсатты жүзеге асыруда алдыма қойған міндеттерім: • Зерттеу жүргізу және жоспарлау, сабақта интербелсенді оқыту технологиясының әдіс-тәсілдерін қолдану; • Оқушыларды өз бетімен білімді игеруге, бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, сыни тұрғыдан ойланып, проблемаларды шешуге дағдыландыру; • Қазіргі заманғы жаңа техникаларды қолдана білу білімдерімен және дағдыларымен қаруландыру, оқу үрдісінде кеңінен қолдану. Күтілетін нәтиже: еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, белсенді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы қалыптасады.

6 слайд
Интербелсенді тәсілдерді
қолдану жолдары
«Интербелсенді» дегеніміз біреумен қоян-
қолтық қарым-қатынаста болу, онымен бірлесе әрекет
жасау, диалог құру. Ал «интербелсенді оқу» дегеніміз
өзара қарым-қатынасқа негізделген оқыту, диалог
арқылы үйрету.
Интербелсенді оқыту үйренушілердің оқу процесіндегі
белсенді әрекеттерін үйренудің негізгі құралдары мен
тәсілдері ретінде таниды. Сондықтан да интербелсенді
оқыту оқу процесінің тиімділігі мен нәтижелігін
үйренушілердің есте сақтау дәрежесімен өлшемей,
олардың әрекеттерімен бағалайды, тек әрекет арқылы
ғана үйрену ықтимал деген қағида ұстанады.
Осы қағиданы ұстанған мұғалім оқушыға нақты білім
беруді мақсат тұтып, сабақтарында оқушы бойындағы
идеясы мен білім – біліктілігін дамытуға ықпал ететін
міндеттерге сай ұйымдастыруды талап етеді.
Интербелсенді
оқытудың негізгі
қағидалары:
• Орта қалыптастыру
• Әрекет арқылы үйрету
• Өмірмен байланыстыру
• Өзінділік пен дербестікке
баулу
6 слайд
Интербелсенді тәсілдерді қолдану жолдары «Интербелсенді» дегеніміз біреумен қоян- қолтық қарым-қатынаста болу, онымен бірлесе әрекет жасау, диалог құру. Ал «интербелсенді оқу» дегеніміз өзара қарым-қатынасқа негізделген оқыту, диалог арқылы үйрету. Интербелсенді оқыту үйренушілердің оқу процесіндегі белсенді әрекеттерін үйренудің негізгі құралдары мен тәсілдері ретінде таниды. Сондықтан да интербелсенді оқыту оқу процесінің тиімділігі мен нәтижелігін үйренушілердің есте сақтау дәрежесімен өлшемей, олардың әрекеттерімен бағалайды, тек әрекет арқылы ғана үйрену ықтимал деген қағида ұстанады. Осы қағиданы ұстанған мұғалім оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтып, сабақтарында оқушы бойындағы идеясы мен білім – біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруды талап етеді. Интербелсенді оқытудың негізгі қағидалары: • Орта қалыптастыру • Әрекет арқылы үйрету • Өмірмен байланыстыру • Өзінділік пен дербестікке баулу

7 слайд
Интербелсенді оқудың әдістері:
• Интербелсенді лекциялар мен семинарлар;
• Броундық қозғалыс;
• Пікірталастар ;
• Ойындар (оқу, рөлдік, іскерлік, өндірістік,
имитациялық және т.б.);
• Тренингтер;
• Оқытудың компьютерлік технологиялары;
• Жұптасып жұмыс істеу;
• Сұрақтар қоюда ынталандыру (СТО - ға
үйрету);
• Шағын топтармен жұмыс;
• Аяқталмаған сөйлем;
• Есептеу ағашы;
• Өз атынан сот;
• Рөлдік /іскерлік/ ойын;
• Өз позицияңды ұстан;
• Дискуссия;
• Дебаттар.
Сабақтың қызықты
өтуі мұғалімнің
үнемі іздену,
ұтымды әдіс-
тәсілдерді қолдану,
оқыту әдістемесін
жаңартып отыруына
байланысты.Сондық
тан қазіргі таңдағы
педагогика
жаңалықтарын
қазіргі қолданып
жүрген пән
ерекшеліктеріне
қарай қолдана білу –
оқыту мақсатына
жетудің бірден-бір
жолы.
7 слайд
Интербелсенді оқудың әдістері: • Интербелсенді лекциялар мен семинарлар; • Броундық қозғалыс; • Пікірталастар ; • Ойындар (оқу, рөлдік, іскерлік, өндірістік, имитациялық және т.б.); • Тренингтер; • Оқытудың компьютерлік технологиялары; • Жұптасып жұмыс істеу; • Сұрақтар қоюда ынталандыру (СТО - ға үйрету); • Шағын топтармен жұмыс; • Аяқталмаған сөйлем; • Есептеу ағашы; • Өз атынан сот; • Рөлдік /іскерлік/ ойын; • Өз позицияңды ұстан; • Дискуссия; • Дебаттар. Сабақтың қызықты өтуі мұғалімнің үнемі іздену, ұтымды әдіс- тәсілдерді қолдану, оқыту әдістемесін жаңартып отыруына байланысты.Сондық тан қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын қазіргі қолданып жүрген пән ерекшеліктеріне қарай қолдана білу – оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы.

8 слайд
Интербелсенді тәсілдерді
қолдану тәжірибемнен
Интербелсенді оқытудың теориясындағы жетістікке жетелейтін әдіс-
тәсілдер арқылы жүргізілген тәжірибеме тоқталып өтейін:
«Диалог негізінде оқыту және оқу» және «Қалай оқыту керектігін үйрету» деген
атауларға негіз болып саналады. Оқушыны өз бетімен білім алуға, ол үшін ізденуге,
терең ойлауға, зерттеуге дағдыларын қалыптастыру қажет екенін аңғара отырып,
жаңа білімді меңгерту үшін ең тиімді әдіс сұрақ–жауап, әңгімелесу, диалог болып
табылады.
Менің әр сабағым диалогтан құрылады, себебі тіл үйрету ауызша
болғандықтан көбінесе оқушылардың сөйлеуіне мән беремін. Диалогтық
оқытуда қолданып жүрген тәсілдерім: «дискуссия», «дебат», «іскерлік
ойын»,ашық сұрақ және жабық сұрақ қою, «рөлдік қойылым»т.б. Мысалы,
ертегі кейіпкерлеріне дебат әдісі арқылы баға беруге болады. Әсіресе,
жағымсыз кейіпкерлерге талдау жасағанда, жақтаушы, даттаушы бола
отырып, ол бейненің жағымды жақтарын да анықтауға болады
8 слайд
Интербелсенді тәсілдерді қолдану тәжірибемнен Интербелсенді оқытудың теориясындағы жетістікке жетелейтін әдіс- тәсілдер арқылы жүргізілген тәжірибеме тоқталып өтейін: «Диалог негізінде оқыту және оқу» және «Қалай оқыту керектігін үйрету» деген атауларға негіз болып саналады. Оқушыны өз бетімен білім алуға, ол үшін ізденуге, терең ойлауға, зерттеуге дағдыларын қалыптастыру қажет екенін аңғара отырып, жаңа білімді меңгерту үшін ең тиімді әдіс сұрақ–жауап, әңгімелесу, диалог болып табылады. Менің әр сабағым диалогтан құрылады, себебі тіл үйрету ауызша болғандықтан көбінесе оқушылардың сөйлеуіне мән беремін. Диалогтық оқытуда қолданып жүрген тәсілдерім: «дискуссия», «дебат», «іскерлік ойын»,ашық сұрақ және жабық сұрақ қою, «рөлдік қойылым»т.б. Мысалы, ертегі кейіпкерлеріне дебат әдісі арқылы баға беруге болады. Әсіресе, жағымсыз кейіпкерлерге талдау жасағанда, жақтаушы, даттаушы бола отырып, ол бейненің жағымды жақтарын да анықтауға болады

9 слайд
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету -
Қазақстандағы білім беруді
дамыту үшін маңызды болып
табылатын қазіргі ең басты
педагогикалық түсінік. Сын
тұрғысынан ойлаудың 60-тан
астам стратегиялары бар. Өз іс-
тәжірибемде болжау, Т-кестесі,
инсерт, кластер, ассоциация, венн
диаграммасы, семантикалық
карта, джигсо, мозаика, ыстық
орындық, ақылдың 6 қалпағы,
дананың кілті, БҮҮ, РАФТ, 5
тармақ, екі жақты күнделік,
кубизм т.б. стратегияларын
кеңінен қолданып, сын
тұрғысынан ойлауды қарастыруға
болатын ойлау дағдыларының
иерархиялық моделі Блум
таксономиясы арқылы жоспарлап
өткізудемін.
9 слайд
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету - Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Сын тұрғысынан ойлаудың 60-тан астам стратегиялары бар. Өз іс- тәжірибемде болжау, Т-кестесі, инсерт, кластер, ассоциация, венн диаграммасы, семантикалық карта, джигсо, мозаика, ыстық орындық, ақылдың 6 қалпағы, дананың кілті, БҮҮ, РАФТ, 5 тармақ, екі жақты күнделік, кубизм т.б. стратегияларын кеңінен қолданып, сын тұрғысынан ойлауды қарастыруға болатын ойлау дағдыларының иерархиялық моделі Блум таксономиясы арқылы жоспарлап өткізудемін.

10 слайд
«Миға шабуыл» әдісі – қойылған
проблеманы оқушылардың
шығармашылық белсенділігіне сүйене
отырып шешуге бағытталған,
оқушыларға проблеманы шешуде
жауап нұсқасын таңдауға еркіндік
беріліп, оны шешудің неғұрлым көп
жолдарын көрсетуге негізделген. Кейін
ең жақсы идеялар, шешімдер
таңдалынып алынады. Мысалы, 5-
сыныпта «Отбасы мерекелері»
тақырыбы бойынша оқушылар отбасы
туралы мәтінді тыңдап, бұрыннан
таныс білімдерін жан-жақты еске
түсірді. Бұл мәтінде кім туралы
айтылып тұр? Әр отбасында
мерекелердің атап өту ерекшеліктері?
Сендерге басқа отбасындағы мерекені
өткізу дәстүрі ұнады ма? Неге? т.б
сұрақтарға жауап береді.
10 слайд
«Миға шабуыл» әдісі – қойылған проблеманы оқушылардың шығармашылық белсенділігіне сүйене отырып шешуге бағытталған, оқушыларға проблеманы шешуде жауап нұсқасын таңдауға еркіндік беріліп, оны шешудің неғұрлым көп жолдарын көрсетуге негізделген. Кейін ең жақсы идеялар, шешімдер таңдалынып алынады. Мысалы, 5- сыныпта «Отбасы мерекелері» тақырыбы бойынша оқушылар отбасы туралы мәтінді тыңдап, бұрыннан таныс білімдерін жан-жақты еске түсірді. Бұл мәтінде кім туралы айтылып тұр? Әр отбасында мерекелердің атап өту ерекшеліктері? Сендерге басқа отбасындағы мерекені өткізу дәстүрі ұнады ма? Неге? т.б сұрақтарға жауап береді.

11 слайд
«Броундық қозғалыста»
оқушылар бүкіл сынып ішінде қозғала
жүріп, берілген тақырыбы бойынша
ақпарат жинайды.
«Есептеу ағашы» – сынып сандары
бірдей 3 немесе 4 топқа бөлінеді. Әр топ
өз сұрақтарын талдап, ағаштың өздеріне
тиісті тармағына жауап жазады, содан соң
топтар орындарын ауыстырып,
көршісінің ағашына өз идеяларын
жазады.
«Өз позицияңды ұстан» деп
аталатын интеграцияның да пайдасы бар.
Қандай да бір ұйғарым, көзқарас
оқылады, содан кейін оқушылар «Иә»
немесе «Жоқ» деген аймаққа бөлінген
тақтаға (плакатқа) барады.
Мүмкіндігінше олар өз позицияларын
түсіндіргені дұрыс, әсіресе кейіпкерлерге,
олардың іс-әрекеттеріне қатысты
пайданалануға болады.
11 слайд
«Броундық қозғалыста» оқушылар бүкіл сынып ішінде қозғала жүріп, берілген тақырыбы бойынша ақпарат жинайды. «Есептеу ағашы» – сынып сандары бірдей 3 немесе 4 топқа бөлінеді. Әр топ өз сұрақтарын талдап, ағаштың өздеріне тиісті тармағына жауап жазады, содан соң топтар орындарын ауыстырып, көршісінің ағашына өз идеяларын жазады. «Өз позицияңды ұстан» деп аталатын интеграцияның да пайдасы бар. Қандай да бір ұйғарым, көзқарас оқылады, содан кейін оқушылар «Иә» немесе «Жоқ» деген аймаққа бөлінген тақтаға (плакатқа) барады. Мүмкіндігінше олар өз позицияларын түсіндіргені дұрыс, әсіресе кейіпкерлерге, олардың іс-әрекеттеріне қатысты пайданалануға болады.

12 слайд
«Желідегі байланыс» әдісі.Желідегі байланыс түрлерінде берілген бейне
сұрақтарға жауап беруде оқушылар сабақта белсенділік танытып,олардың пәнге
деген қызығушылықтары артты.
«Қыстырғыш» әдісі. Бұл әдісті үй тапсырмасын тексергенде,жаңа сабақты
қорыту кезінде және сөздік жұмысы кезінде қолдануға болады.
«Бірін-бірі оқыту» тәсілі, яғни «Үйрете отырып,үйренемін» қағидасын жүзеге
асыратын тәсіл. Белсенді оқушы өз тобына мәтіннің мазмұнын түсіндіреді,мәтін
бойынша сұрақтар қояды және оқушылар бір-біріне түсініктерін айтып береді.
«Білемін», «Білгім келеді», «Үйрендім» тәсілін сабақта жиі
қолданамын.Оқушылар әр бөлікті стикер арқылы толтырады,өз ойларын білдіреді.
Білгім келеді атты бөлімі өте қызықты сұрақтарға толы болды.
«Драма» әдісі оқушылардың сөздік қорын дамытуға көп мүмкіндік береді. Іс-
әрекет пен сөйлеу арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттері арта түсті.
«Алты ойшыл қалпақ» әдісі ойлаудың алты түрлі әдісін білдіреді.Бұл әдіс
оқушылардың жан-жақты ойлау қабілеттерін дамытады және дұрыс шешім қабылдап
білуді үйретеді.
«Детальдарын қосу» әдісі. Топта жұмыс істеу кезінде оқушы меңгерген
білімдерін көрсету үшін сөйлемді кеңейтуі қажет. Сөйлемі барынша дұрыс және
нақты болса, сол топ сыйлық алады. Бастапқы сөйлемнің мысалы:
Сабақ басталды. Кеңейтілген сөйлемнің мысалы:
Қазақ тілі сабағы басталып, мұғалім оқушыларды түгендей бастады.
12 слайд
«Желідегі байланыс» әдісі.Желідегі байланыс түрлерінде берілген бейне сұрақтарға жауап беруде оқушылар сабақта белсенділік танытып,олардың пәнге деген қызығушылықтары артты. «Қыстырғыш» әдісі. Бұл әдісті үй тапсырмасын тексергенде,жаңа сабақты қорыту кезінде және сөздік жұмысы кезінде қолдануға болады. «Бірін-бірі оқыту» тәсілі, яғни «Үйрете отырып,үйренемін» қағидасын жүзеге асыратын тәсіл. Белсенді оқушы өз тобына мәтіннің мазмұнын түсіндіреді,мәтін бойынша сұрақтар қояды және оқушылар бір-біріне түсініктерін айтып береді. «Білемін», «Білгім келеді», «Үйрендім» тәсілін сабақта жиі қолданамын.Оқушылар әр бөлікті стикер арқылы толтырады,өз ойларын білдіреді. Білгім келеді атты бөлімі өте қызықты сұрақтарға толы болды. «Драма» әдісі оқушылардың сөздік қорын дамытуға көп мүмкіндік береді. Іс- әрекет пен сөйлеу арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттері арта түсті. «Алты ойшыл қалпақ» әдісі ойлаудың алты түрлі әдісін білдіреді.Бұл әдіс оқушылардың жан-жақты ойлау қабілеттерін дамытады және дұрыс шешім қабылдап білуді үйретеді. «Детальдарын қосу» әдісі. Топта жұмыс істеу кезінде оқушы меңгерген білімдерін көрсету үшін сөйлемді кеңейтуі қажет. Сөйлемі барынша дұрыс және нақты болса, сол топ сыйлық алады. Бастапқы сөйлемнің мысалы: Сабақ басталды. Кеңейтілген сөйлемнің мысалы: Қазақ тілі сабағы басталып, мұғалім оқушыларды түгендей бастады.

13 слайд
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта айтқанда, диалогтық оқытудың маңыздылығы оқушы
«Көре, көре көсем, сөйлей, сөйлей шешен» болады деген тұжырым жасауға
негіз бар. Ал сын тұрғысынан ойлауға үйрету модульдері стратегиялары
арқылы сыныпта ынтымақтастық атмосферасы қалыптасты, оқушылармен
кері байланыс орнатылды. Топтық жұмыстар негізінде барлық оқушы
жұмыспен қамтылып, көптеген оқушылардың қабілеттері ашыла түсті.
Әдебиеттегі тұлғаларды сомдау арқылы импровизациялық қабілеттері
дамыды. Сұрақтар қоюды, соның ішінде ашық және жабық сұрақтарды
ажырата білуді үйренді. Постер қорғай отырып, дарынды оқушылармен бір
топтағы оқушылар белсенділік танытып, ашыла түсті. Сабақты өздері
түсіндіріп, өз қолдарымен жасағанда есте жақсы сақталатынын мойындады.
Ең бастысы, өз білімдері мен ұстанымдары жайында ойланып, білімін
толықтырып, белгілі бір тақырыпты оқып білу кезеңінде өз түсінігін өзгерте
білді және білімді саналы түрде меңгеруге бейімделді.
13 слайд
ҚОРЫТЫНДЫ Қорыта айтқанда, диалогтық оқытудың маңыздылығы оқушы «Көре, көре көсем, сөйлей, сөйлей шешен» болады деген тұжырым жасауға негіз бар. Ал сын тұрғысынан ойлауға үйрету модульдері стратегиялары арқылы сыныпта ынтымақтастық атмосферасы қалыптасты, оқушылармен кері байланыс орнатылды. Топтық жұмыстар негізінде барлық оқушы жұмыспен қамтылып, көптеген оқушылардың қабілеттері ашыла түсті. Әдебиеттегі тұлғаларды сомдау арқылы импровизациялық қабілеттері дамыды. Сұрақтар қоюды, соның ішінде ашық және жабық сұрақтарды ажырата білуді үйренді. Постер қорғай отырып, дарынды оқушылармен бір топтағы оқушылар белсенділік танытып, ашыла түсті. Сабақты өздері түсіндіріп, өз қолдарымен жасағанда есте жақсы сақталатынын мойындады. Ең бастысы, өз білімдері мен ұстанымдары жайында ойланып, білімін толықтырып, белгілі бір тақырыпты оқып білу кезеңінде өз түсінігін өзгерте білді және білімді саналы түрде меңгеруге бейімделді.