Білім беру мазмұны: оқу жоспары, оқулықтар, оқу бағдарламалары
Білім беру мазмұны: оқу жоспары, оқулықтар, оқу бағдарламалары

#1 слайд
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігі
Түркістан облысының адами әлеуетті
дамыту басқармасы
Анвар Исмаилов атындағы кәсіптік
колледжі
Пәні: Педагогика
Тақырыбы : Білім беру мазмұны: оқу жоспары,
оқулықтар, оқу бағдарламалары
Оқытушы: Султанова Д.С.
1 слайд
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы Анвар Исмаилов атындағы кәсіптік колледжі Пәні: Педагогика Тақырыбы : Білім беру мазмұны: оқу жоспары, оқулықтар, оқу бағдарламалары Оқытушы: Султанова Д.С.
#2 слайд
1.Білім мазмұны туралы түсінік
2.Оқу жоспары, оқулықтар, оқу
бағдарламалары Жоспар:
2 слайд
1.Білім мазмұны туралы түсінік 2.Оқу жоспары, оқулықтар, оқу бағдарламалары Жоспар:
#3 слайд
Білімнің мазмұны дидактиканың негізгі
ұғымдарының бірі . Білім беру мазмұны
дидактикалық категория ретінде ''нені оқыту
керек?'' сұрағына жауап береді. Оқушыларды
жан-жақты дамыту үшін оларға адамзат
жинақтаған білімдер, біліктер мен
дағдылардың жүйесін меңгерту керек. Білім
беру мазмұны қоғамның мектеп алдына қоятын
ағымдағы және болашақ мақсаттары арқылы
айқындалады.
3 слайд
Білімнің мазмұны дидактиканың негізгі ұғымдарының бірі . Білім беру мазмұны дидактикалық категория ретінде ''нені оқыту керек?'' сұрағына жауап береді. Оқушыларды жан-жақты дамыту үшін оларға адамзат жинақтаған білімдер, біліктер мен дағдылардың жүйесін меңгерту керек. Білім беру мазмұны қоғамның мектеп алдына қоятын ағымдағы және болашақ мақсаттары арқылы айқындалады.
#4 слайд
Лернер Исаак Яковлевичтің
анықтамасы бойынша "білімнің
мазмұны дегеніміз - оқушыға
берілетін білім, іскерлік және дағды
жүйесі, шығармашылық іс-әрекет,
эмоциялық қарым-қатынас
тәжірибесі". Ең бастысы, білімнің
мазмұны жеке тұлғаны жан-жақты
үйлесімді дамыту керек.
4 слайд
Лернер Исаак Яковлевичтің анықтамасы бойынша "білімнің мазмұны дегеніміз - оқушыға берілетін білім, іскерлік және дағды жүйесі, шығармашылық іс-әрекет, эмоциялық қарым-қатынас тәжірибесі". Ең бастысы, білімнің мазмұны жеке тұлғаны жан-жақты үйлесімді дамыту керек.
#5 слайд
Оқу жоспары
оқу жылының, тоқсандардың, демалыс күндерінің
мерзімін, оқытылуға тиісті оқу пәндерінің тізімін,
әрбір оқу жылы /сыныптар/ бойынша оқу тәртібін
және ретін, әрбір пәнге бүкіл оқу мерзімінде және
апта сайын әр пәнге бөлінетін сағаттардың мөлшерін
көрсететін мемлекеттік құжат. Мемлекеттік базистік
оқу жоспарында міндетті оқылатын қазақ тілі,оқу
және тіл дамыту, екінші тіл - орыс тілі, матема-тика,
дүниетану, бейнелеу өнері, еңбекке баулу, дене
шыныңтыру, музыка пәндері бар.
5 слайд
Оқу жоспары оқу жылының, тоқсандардың, демалыс күндерінің мерзімін, оқытылуға тиісті оқу пәндерінің тізімін, әрбір оқу жылы /сыныптар/ бойынша оқу тәртібін және ретін, әрбір пәнге бүкіл оқу мерзімінде және апта сайын әр пәнге бөлінетін сағаттардың мөлшерін көрсететін мемлекеттік құжат. Мемлекеттік базистік оқу жоспарында міндетті оқылатын қазақ тілі,оқу және тіл дамыту, екінші тіл - орыс тілі, матема-тика, дүниетану, бейнелеу өнері, еңбекке баулу, дене шыныңтыру, музыка пәндері бар.
#6 слайд
Оқу бағдарламалары
оқу жоспары негізінде
құрастырылады. Жалпы білім
беретін мектептегі оқу пәнінің
бағдарламасы – оқушылар
меңгеруі тиіс негізгі білім,
іскерлік, дағдылардың көлемі
белгіленген мемлекеттік құжат .
6 слайд
Оқу бағдарламалары оқу жоспары негізінде құрастырылады. Жалпы білім беретін мектептегі оқу пәнінің бағдарламасы – оқушылар меңгеруі тиіс негізгі білім, іскерлік, дағдылардың көлемі белгіленген мемлекеттік құжат .
#7 слайд
Бағдарламаның түрлері:
Типтік оқу бағдарламалары мемлекеттік білімдік стандарт
талаптарына сай жасалып, оны Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрлігі бекітеді.
Жұмыс істеуге керекті бағдарламалар типтік бағдарламаға
сүйеніп, аймақтық ерекшелігі, әдістемелік, ақпараттық
құралдар, оқушылардың дайындық деңгейлерін ескеріп
құрастырылады.
Авторлық оқу бағдарламалары мемлекеттік стандарт
талаптарын ескеріп жасалады. Қандай да бір пәнді оқу үшін
бағдарлама авторы өз тұжырымдамасын ұсынады. Авторлық
бағдарламанық сол пән саласында еңбек етіп жатқан
ғалымдардан, педагогтардан, психологтардан, әдіскерлерден
алған сын-пікірі болу керек. Сонда ғана бағдарламаны
мектептің педагогикалық кеңесі бекітеді. Авторлық оқу
бағдарламалары көбіне оқушылардың таңдауы бойынша
жүретін курстар, факультативтер үшін жасалады.
7 слайд
Бағдарламаның түрлері: Типтік оқу бағдарламалары мемлекеттік білімдік стандарт талаптарына сай жасалып, оны Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекітеді. Жұмыс істеуге керекті бағдарламалар типтік бағдарламаға сүйеніп, аймақтық ерекшелігі, әдістемелік, ақпараттық құралдар, оқушылардың дайындық деңгейлерін ескеріп құрастырылады. Авторлық оқу бағдарламалары мемлекеттік стандарт талаптарын ескеріп жасалады. Қандай да бір пәнді оқу үшін бағдарлама авторы өз тұжырымдамасын ұсынады. Авторлық бағдарламанық сол пән саласында еңбек етіп жатқан ғалымдардан, педагогтардан, психологтардан, әдіскерлерден алған сын-пікірі болу керек. Сонда ғана бағдарламаны мектептің педагогикалық кеңесі бекітеді. Авторлық оқу бағдарламалары көбіне оқушылардың таңдауы бойынша жүретін курстар, факультативтер үшін жасалады.
#8 слайд
Бағдарламаның бөліктері:
1) пәнді оқудағы мақсат, оқушылардың білім, біліктілік және
дағдыларына қойылатын негізгі талаптар, оқыту нысандары
және әдістері туралы жазылған түсінік хат;
2) зерделенетін материалдың тақырыбы, оның мазмұны;
3) жекелеген сұрақтарды оқуға керекті шамамен берілген уақыт;
4) мазмұнның негізгі бөліктерінің тізімі;
5) пәнаралық байланысты жүзеге асыруға берілген нұсқаулар;
6) оқу жабдықтарының және көрнекі құралдардың тізімі;
7) ұсынылатын әдебиеттер.
8 слайд
Бағдарламаның бөліктері: 1) пәнді оқудағы мақсат, оқушылардың білім, біліктілік және дағдыларына қойылатын негізгі талаптар, оқыту нысандары және әдістері туралы жазылған түсінік хат; 2) зерделенетін материалдың тақырыбы, оның мазмұны; 3) жекелеген сұрақтарды оқуға керекті шамамен берілген уақыт; 4) мазмұнның негізгі бөліктерінің тізімі; 5) пәнаралық байланысты жүзеге асыруға берілген нұсқаулар; 6) оқу жабдықтарының және көрнекі құралдардың тізімі; 7) ұсынылатын әдебиеттер.
#9 слайд
Бағдарламаның қызметі
Тәрбиелік: пәндік бағдарламалардың бір-бірімен
байланысы, біріктірілген бағдарламалар дүние туралы
барлық ғылыми білімдерді зерделеуге, баланың болмыс
құбылыстары туралы көзқарасының қалыптасуына
көмектеседі.
Ұйымдастырушылық: мұғалімнің жұмысын ұйымдастырып,
оған әдістемелік көмек беруі.
9 слайд
Бағдарламаның қызметі Тәрбиелік: пәндік бағдарламалардың бір-бірімен байланысы, біріктірілген бағдарламалар дүние туралы барлық ғылыми білімдерді зерделеуге, баланың болмыс құбылыстары туралы көзқарасының қалыптасуына көмектеседі. Ұйымдастырушылық: мұғалімнің жұмысын ұйымдастырып, оған әдістемелік көмек беруі.
#10 слайд
Оқу процесінің мазмұнындағы және оны
ұйымдастырудағы маңызды элемент мектеп
оқулықтары.
Оқулық - оқу бағдарламасына сай оқу пәнінің
мазмұнын жүйелі түрде баяндайтын кітап. Оның
мазмұны, құрылысы міндетті түрде сол пәннің
бағдарламасына сәйкес келу керек. Оқулық
ғылым негіздерін баяндаумен қатар оқу
материалын түсінуге керекті өздік жұмыстарды
ұйымдастырып, оқуға үйретеді.
10 слайд
Оқу процесінің мазмұнындағы және оны ұйымдастырудағы маңызды элемент мектеп оқулықтары. Оқулық - оқу бағдарламасына сай оқу пәнінің мазмұнын жүйелі түрде баяндайтын кітап. Оның мазмұны, құрылысы міндетті түрде сол пәннің бағдарламасына сәйкес келу керек. Оқулық ғылым негіздерін баяндаумен қатар оқу материалын түсінуге керекті өздік жұмыстарды ұйымдастырып, оқуға үйретеді.
#11 слайд
Қолданылған әдебиеттер:
1.Ш.Х.Құрманалина, Б.Ж.Мұқанова,
Ә.У.Ғалымова, Р.К.Ильясова «Педагогика»
Астана 2007ж.
2. С.Б.Бабаев., Ж.К.Оңалбек. «Жалпы
педагогика» Алматы, 2011Оқулыққа қойылатын негізгі талаптар:
қысқа, нақты, деректі материалдарды енгізілуі;
ақиқат ғылымның мазмұнын баяндауы;
балаларға түсініктілігі;
баланың қызығушылықтарын, қабылдауын, ақыл-ойының, есінің
ерекшеліктерін ескеріп, танымға, тәжірибеге деген қызығушылықты
оятып, білімге және тәжірибелік іс-әрекетке деген сұранысты дамытуы;
оқулықтың өз ғылымның, оқу бағдарламасының логикасына сәйкес келуі;
білімнің әр саласынан хабар беруі;
оқу материалына қосымша әдебиеттер енгізіп, өздігінен білім алуға және
шығармашылыққа итермелеуі;
оқулық мәтініндегі негізгі ережелер, қорытындылардың анықтығы және
нақтылығы болу керек;
қызықтылығы, мәселелі түрде баяндалуы;
әдеби тіл нормаларына сәйкестігі;
эстетикалық талаптарға сай безендірілуі.
11 слайд
Қолданылған әдебиеттер: 1.Ш.Х.Құрманалина, Б.Ж.Мұқанова, Ә.У.Ғалымова, Р.К.Ильясова «Педагогика» Астана 2007ж. 2. С.Б.Бабаев., Ж.К.Оңалбек. «Жалпы педагогика» Алматы, 2011Оқулыққа қойылатын негізгі талаптар: қысқа, нақты, деректі материалдарды енгізілуі; ақиқат ғылымның мазмұнын баяндауы; балаларға түсініктілігі; баланың қызығушылықтарын, қабылдауын, ақыл-ойының, есінің ерекшеліктерін ескеріп, танымға, тәжірибеге деген қызығушылықты оятып, білімге және тәжірибелік іс-әрекетке деген сұранысты дамытуы; оқулықтың өз ғылымның, оқу бағдарламасының логикасына сәйкес келуі; білімнің әр саласынан хабар беруі; оқу материалына қосымша әдебиеттер енгізіп, өздігінен білім алуға және шығармашылыққа итермелеуі; оқулық мәтініндегі негізгі ережелер, қорытындылардың анықтығы және нақтылығы болу керек; қызықтылығы, мәселелі түрде баяндалуы; әдеби тіл нормаларына сәйкестігі; эстетикалық талаптарға сай безендірілуі.
#12 слайд
Мектеп оқулығының атқаратын қызметін оны
зерттеуші Зуев Дмитрий Павлович анықтады.
Оқулық ақпараттық қызмет атқарғанда балаларды
керекті мәліметтермен қаруландырып, баланың
дүниетанымын қалыптастырып, рухани дамуына,
дүниені іс жүзінде тануына мүмкіншілік жасайды.
12 слайд
Мектеп оқулығының атқаратын қызметін оны зерттеуші Зуев Дмитрий Павлович анықтады. Оқулық ақпараттық қызмет атқарғанда балаларды керекті мәліметтермен қаруландырып, баланың дүниетанымын қалыптастырып, рухани дамуына, дүниені іс жүзінде тануына мүмкіншілік жасайды.
#13 слайд
Трансформациялық қызмет атқарғанда ғылым
салаларынан іріктелген мәліметтер балалардың жас
ерекшеліктері мен дидактикалық талаптарға сай
қайта өзгеріп, бала түсінігіне жеңіл болады.
Жүйелеуші қызметінің нәтижесінде
оқулықтағы материалдар жүйелі және бірізділікпен
баяндалады. Оқулық материалды бекіту және
оқушыға өзін-өзі бақылату жұмыстарын жүргізеді.
Оқулық оқушыға ол білетін ұғымды өзінің тексеруіне
мүмкіндік жасайды.
13 слайд
Трансформациялық қызмет атқарғанда ғылым салаларынан іріктелген мәліметтер балалардың жас ерекшеліктері мен дидактикалық талаптарға сай қайта өзгеріп, бала түсінігіне жеңіл болады. Жүйелеуші қызметінің нәтижесінде оқулықтағы материалдар жүйелі және бірізділікпен баяндалады. Оқулық материалды бекіту және оқушыға өзін-өзі бақылату жұмыстарын жүргізеді. Оқулық оқушыға ол білетін ұғымды өзінің тексеруіне мүмкіндік жасайды.
#14 слайд
Біріктіруші
қызметі
нәтижесінде оқушы
оқулықтың
материалына оған
жақын ғылымдардан
қосымша
мәліметтер қосады. Үйлестіруші
қызметі
нәтижесінде
материалды түсінуге
керекті алуан түрлі
оқыту құралдары
(карта, суреттер,
диапозитив, табиғи
көрнекіліктер)
қолданылды.
14 слайд
Біріктіруші қызметі нәтижесінде оқушы оқулықтың материалына оған жақын ғылымдардан қосымша мәліметтер қосады. Үйлестіруші қызметі нәтижесінде материалды түсінуге керекті алуан түрлі оқыту құралдары (карта, суреттер, диапозитив, табиғи көрнекіліктер) қолданылды.
#15 слайд
Қолданылған әдебиеттер:
1.Ш.Х.Құрманалина, Б.Ж.Мұқанова,
Ә.У.Ғалымова, Р.К.Ильясова «Педагогика»
Астана 2007ж.
2. С.Б.Бабаев., Ж.К.Оңалбек. «Жалпы
педагогика» Алматы, 2011Дамыту, тәрбие беру қызметінің
нәтижесінде оқулықтағы материал
баланың рухани өміріне, ақыл-ойына,
шығармашылығына әсер етеді.
Оқыту қызметі арқылы баланы
өздігінен білім алуға, әдебиетпен
жұмыс істеуге, талдап, зертханалық
жасауға үйретеді.
15 слайд
Қолданылған әдебиеттер: 1.Ш.Х.Құрманалина, Б.Ж.Мұқанова, Ә.У.Ғалымова, Р.К.Ильясова «Педагогика» Астана 2007ж. 2. С.Б.Бабаев., Ж.К.Оңалбек. «Жалпы педагогика» Алматы, 2011Дамыту, тәрбие беру қызметінің нәтижесінде оқулықтағы материал баланың рухани өміріне, ақыл-ойына, шығармашылығына әсер етеді. Оқыту қызметі арқылы баланы өздігінен білім алуға, әдебиетпен жұмыс істеуге, талдап, зертханалық жасауға үйретеді.
#16 слайд
Сонымен, оқу пәндерінің бағдарламалары және оқулықтары білім
мазмұнындағы маңызды элементтер. Олар оқыту процесін ұйымдастырудың
да маңызды бөлігі болып табылады. Бағдарламалар мен оқулықтарда
оқушыларға берілу керек білім, іскерлік, дағдылардың мөлшері
белгіленген.Оларды меңгеру баланың жеке тұлғасын қалыптастырады.
1990-1995 жылдарда еліміздегі бастауыш мектептер үшін бірінші буын
оқулық жазылып, 1995-1996 оқу жылдарында республика мектептерінің
бастауыш сыныптары толығымен республикалық оқулықтарға көшірілді. І-І V
сыныптар үшін математика (Авторлары: Т.Қ.Оспанов, Ш.Х.Құрманалина,
К.Ерешова, т.б.) басқада оқу құралдары жарық көрді.
Сонымен қатар 5-11 сыныптардағы тіл және әдебиет курстары 2-3 рет толық
өңдеуден өткізілді. Мектептер үшін 90 жаңа оқулық пен 300-ге жуық
әдістемелік басшылық әзірленген және оның көбі баспадан шығарылды. Қорытынды
16 слайд
Сонымен, оқу пәндерінің бағдарламалары және оқулықтары білім мазмұнындағы маңызды элементтер. Олар оқыту процесін ұйымдастырудың да маңызды бөлігі болып табылады. Бағдарламалар мен оқулықтарда оқушыларға берілу керек білім, іскерлік, дағдылардың мөлшері белгіленген.Оларды меңгеру баланың жеке тұлғасын қалыптастырады. 1990-1995 жылдарда еліміздегі бастауыш мектептер үшін бірінші буын оқулық жазылып, 1995-1996 оқу жылдарында республика мектептерінің бастауыш сыныптары толығымен республикалық оқулықтарға көшірілді. І-І V сыныптар үшін математика (Авторлары: Т.Қ.Оспанов, Ш.Х.Құрманалина, К.Ерешова, т.б.) басқада оқу құралдары жарық көрді. Сонымен қатар 5-11 сыныптардағы тіл және әдебиет курстары 2-3 рет толық өңдеуден өткізілді. Мектептер үшін 90 жаңа оқулық пен 300-ге жуық әдістемелік басшылық әзірленген және оның көбі баспадан шығарылды. Қорытынды
#17 слайд
Қолданылған әдебиеттер:
1.Ш.Х.Құрманалина, Б.Ж.Мұқанова,
Ә.У.Ғалымова, Р.К.Ильясова «Педагогика»
Астана 2007ж.
2. С.Б.Бабаев., Ж.К.Оңалбек. «Жалпы
педагогика» Алматы, 2011
17 слайд
Қолданылған әдебиеттер: 1.Ш.Х.Құрманалина, Б.Ж.Мұқанова, Ә.У.Ғалымова, Р.К.Ильясова «Педагогика» Астана 2007ж. 2. С.Б.Бабаев., Ж.К.Оңалбек. «Жалпы педагогика» Алматы, 2011
#18 слайд
Қолданылған әдебиеттер:
1.Ш.Х.Құрманалина, Б.Ж.Мұқанова,
Ә.У.Ғалымова, Р.К.Ильясова «Педагогика»
Астана 2007ж.
2. С.Б.Бабаев., Ж.К.Оңалбек. «Жалпы
педагогика» Алматы, 2011 Назарларыңызға
рахмет!
18 слайд
Қолданылған әдебиеттер: 1.Ш.Х.Құрманалина, Б.Ж.Мұқанова, Ә.У.Ғалымова, Р.К.Ильясова «Педагогика» Астана 2007ж. 2. С.Б.Бабаев., Ж.К.Оңалбек. «Жалпы педагогика» Алматы, 2011 Назарларыңызға рахмет!
шағым қалдыра аласыз













