Білім сферасын руханилық және ізгілік бағытында жаңартудың қажеттілігі»
Білім сферасын руханилық және ізгілік бағытында жаңартудың қажеттілігі»

#1 слайд
Тақырыбы: «Білім сферасын руханилық
және ізгілік бағытында жаңартудың
қажеттілігі»
1 слайд
Тақырыбы: «Білім сферасын руханилық және ізгілік бағытында жаңартудың қажеттілігі»
#2 слайд
Мақсаты: Білім сферасын руханилық және
ізгілік бағытында жаңартудың
қажеттілігі туралы түсінік беру
2 слайд
Мақсаты: Білім сферасын руханилық және ізгілік бағытында жаңартудың қажеттілігі туралы түсінік беру
#3 слайд
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман
дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім.
Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның
сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана
білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің
борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз
сүйетін , рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға.
3 слайд
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін , рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға.
#4 слайд
Рухани-адамгершілік білім беру үдерісі жүрекке арналған білім, ол
интелектуалдық білімнен айтарлықтай өзгеше. Рухани-адамгершілік білім
ішкі білім.
Білім өзінің шынайы міндетіне жауап беруі үшін балаларда жас
кезеңінен бастап, ең маңызды адамдық саналарды – адамгершілікті,
сүюді, аяушылықты, төзімділікті, имандылықты, әдептілікті,
мейірбандылықты, шыншылдықты және басқа асыл қасиеттерді дамыту
керек.
4 слайд
Рухани-адамгершілік білім беру үдерісі жүрекке арналған білім, ол интелектуалдық білімнен айтарлықтай өзгеше. Рухани-адамгершілік білім ішкі білім. Білім өзінің шынайы міндетіне жауап беруі үшін балаларда жас кезеңінен бастап, ең маңызды адамдық саналарды – адамгершілікті, сүюді, аяушылықты, төзімділікті, имандылықты, әдептілікті, мейірбандылықты, шыншылдықты және басқа асыл қасиеттерді дамыту керек.
#5 слайд
Француз жазушысы әрі философы Жан-Жак Руссо өзінің «Эмиль немесе тәрбие туралы» атты кітабында «баланы
өмір сүруге үйрету керек» деп жазған болатын, өйткені өмір сүру адамның – ең басты мақсаты мен міндеті. Ал өмір
сүру дегеніміз өмірдің әрбір мезетін, әрбір көрінісін толыққанды, бар мүмкіншіліктерімен, мүшелерімен сезіну. Дана
деп көп ғұмыр сүрген адамды емес, өмірді жан – жақты сезіне білген адамды атамаймыз ба?!
Сондықтан да шәкірт оқу орнының табалдырығынан қандай да бір ғылым иемденіп қана емес, бірінші кезекте
адам болып шығуы қажет. Ол өз жүрегі мен жанын өмірге және басқа адамдарға айқара ашқан, жалған қағидаларды
ұстанбайтын, дүниеге өз көзқарасы бар тұлға болуы керек. Адам болу дегеніміз адамгершілік қағидалар мен
құндылықтарды ұстану, өмірдің мәнін өзіңнен емес, басқадан көру. «Өзің үшін!» қағидасының «Өзге үшін!»
ұстанымынан бәсең болуы. Адамгершіліксіз білімнің еш қажеті жоқ екендігін ХХ-шы ғасыр дәлелдеді
Сол себепті де ұстаздың басты мақсаты – шәкірттерін адам болуға баулу деп тұжырымдауға тұрарлық. Әрбір пән,
әрбір сабақ, әрбір тақырып осы мақсатты жүзеге асыруға бағытталуы керек. Керек десеңіз, олардың барлығы да тек
осы мақсаттың құралы ғана.
Ал егер де оқушы қандай да болмасын бір тақырыпты немесе бір пәнді білмесе, бұл қынжылуға тұрарлық жәйт
емес, өйткені мұндай жетіспеушілікті аталған биік мақсат толықтырады. Басқаша сөзбен айтқанда, шәкірт оқу
нәтижесінде қандай да болмасын пәнді біліп емес, адам болып қалыптасуы керек.
5 слайд
Француз жазушысы әрі философы Жан-Жак Руссо өзінің «Эмиль немесе тәрбие туралы» атты кітабында «баланы өмір сүруге үйрету керек» деп жазған болатын, өйткені өмір сүру адамның – ең басты мақсаты мен міндеті. Ал өмір сүру дегеніміз өмірдің әрбір мезетін, әрбір көрінісін толыққанды, бар мүмкіншіліктерімен, мүшелерімен сезіну. Дана деп көп ғұмыр сүрген адамды емес, өмірді жан – жақты сезіне білген адамды атамаймыз ба?! Сондықтан да шәкірт оқу орнының табалдырығынан қандай да бір ғылым иемденіп қана емес, бірінші кезекте адам болып шығуы қажет. Ол өз жүрегі мен жанын өмірге және басқа адамдарға айқара ашқан, жалған қағидаларды ұстанбайтын, дүниеге өз көзқарасы бар тұлға болуы керек. Адам болу дегеніміз адамгершілік қағидалар мен құндылықтарды ұстану, өмірдің мәнін өзіңнен емес, басқадан көру. «Өзің үшін!» қағидасының «Өзге үшін!» ұстанымынан бәсең болуы. Адамгершіліксіз білімнің еш қажеті жоқ екендігін ХХ-шы ғасыр дәлелдеді Сол себепті де ұстаздың басты мақсаты – шәкірттерін адам болуға баулу деп тұжырымдауға тұрарлық. Әрбір пән, әрбір сабақ, әрбір тақырып осы мақсатты жүзеге асыруға бағытталуы керек. Керек десеңіз, олардың барлығы да тек осы мақсаттың құралы ғана. Ал егер де оқушы қандай да болмасын бір тақырыпты немесе бір пәнді білмесе, бұл қынжылуға тұрарлық жәйт емес, өйткені мұндай жетіспеушілікті аталған биік мақсат толықтырады. Басқаша сөзбен айтқанда, шәкірт оқу нәтижесінде қандай да болмасын пәнді біліп емес, адам болып қалыптасуы керек.
#6 слайд
Қазіргі жағдайда білім сферасын руханилық және ізгілік бағытында жаңартуды
жүзеге асырудың мынадай мүмкіндіктері бар:
1. Рухани-адамгершілік құндылықтарды кез-келген пәнді оқытудың мазмұнына енгізу.
2. Сыныптан тыс сабақтарды баланың адамдық асыл қасиеттерді игеруіне ықпал ететіндей бағытта
ұйымдастыру.
3. Жеке пән ретінде жүргізілетін сабақтардың бағдарламасына енгізу.
Руханилық және ізгілікті әр бағыттаналуға болады. Олай болса, кез-келген оқу пәні балалардың
адамгершілігін, жақсы мінез-құлқын қалыптастыру құралы бола алады.
6 слайд
Қазіргі жағдайда білім сферасын руханилық және ізгілік бағытында жаңартуды жүзеге асырудың мынадай мүмкіндіктері бар: 1. Рухани-адамгершілік құндылықтарды кез-келген пәнді оқытудың мазмұнына енгізу. 2. Сыныптан тыс сабақтарды баланың адамдық асыл қасиеттерді игеруіне ықпал ететіндей бағытта ұйымдастыру. 3. Жеке пән ретінде жүргізілетін сабақтардың бағдарламасына енгізу. Руханилық және ізгілікті әр бағыттаналуға болады. Олай болса, кез-келген оқу пәні балалардың адамгершілігін, жақсы мінез-құлқын қалыптастыру құралы бола алады.
#7 слайд
Сабақтан тыс кезіндегі пікірталас, әсерлі әңгімелер, мұражайға, театрға немесе классикалық музыка
концертіне бірге бару, үйірмелердегі театрланған сабақтар – осының бәрі рухани-адамгершлік тәрбие үшін
таптырмас құралдар.
Олар білімгерлердің шығармашылығын оятып, жан дүниесімен сезінетін тамаша ойларға жетелейді. Ал
одан тек жағымды қасиеттер туындайтыны белгілі.
7 слайд
Сабақтан тыс кезіндегі пікірталас, әсерлі әңгімелер, мұражайға, театрға немесе классикалық музыка концертіне бірге бару, үйірмелердегі театрланған сабақтар – осының бәрі рухани-адамгершлік тәрбие үшін таптырмас құралдар. Олар білімгерлердің шығармашылығын оятып, жан дүниесімен сезінетін тамаша ойларға жетелейді. Ал одан тек жағымды қасиеттер туындайтыны белгілі.
#8 слайд
Жалпы адамзаттық құндылықтар оқушыларға жеке сабақтарда берілуі керек. Мұғалім әрбір
сабақты жан-тәнімен беріле оқытуды, бала жанына әсер ететін құндылықтарды қалыптастыруды
өзі үшін заң санауы қажет. Шын мәнінде жалпыадамзаттық құндылықтар ұғымына енетін өмір
құбылыстарының бәрін сабақтардың кез келгенінде көрсетуге болады.
Сухомлинский айтқан екен: «Дәрігер балаға жақындар алдында қолын жылыту керек деп, ал
мұғалім жүрегін».
8 слайд
Жалпы адамзаттық құндылықтар оқушыларға жеке сабақтарда берілуі керек. Мұғалім әрбір сабақты жан-тәнімен беріле оқытуды, бала жанына әсер ететін құндылықтарды қалыптастыруды өзі үшін заң санауы қажет. Шын мәнінде жалпыадамзаттық құндылықтар ұғымына енетін өмір құбылыстарының бәрін сабақтардың кез келгенінде көрсетуге болады. Сухомлинский айтқан екен: «Дәрігер балаға жақындар алдында қолын жылыту керек деп, ал мұғалім жүрегін».
#9 слайд
Сабақта оқушының ішкі жан дүниесін
оятудың және дамытудың тәсілдері:
•Тыныштық сәті.
•Ән және музыка тыңдау.
•Топтық, шығармашылық жұмыс .
•Шығармашылық жұмыс
9 слайд
Сабақта оқушының ішкі жан дүниесін оятудың және дамытудың тәсілдері: •Тыныштық сәті. •Ән және музыка тыңдау. •Топтық, шығармашылық жұмыс . •Шығармашылық жұмыс
#10 слайд
«Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып
ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды. сондайдан білгені, көргені көп
болған адам білімді болады. Естілердің сөздерін естіп жүрген кісі өзі де есті
болады. Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман
дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады» - деп
жазады. «Он тоғызыншы қара сөзі» Абай Құнанбаев
10 слайд
«Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды. сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің сөздерін естіп жүрген кісі өзі де есті болады. Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады» - деп жазады. «Он тоғызыншы қара сөзі» Абай Құнанбаев
#11 слайд
Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде
тұрған мәселе – білім беру, ғылымды дамыту. Өркениет біткеннің өзегі,
ғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Осы орайда білім ордасы
– мектеп, ал мектептің жаны – мұғалімдердің басты міндеті - өз ұлтының
тарихын, мәдениетін, тілін қастерлей және оны жалпы азаматтық
деңгейдегі рухани құндылықтарға ұштастыра білетін тұлға тәрбиелеу.
Қорыта айтатын болсақ, білім саласын руханилық және ізгілік бағытында
жаңартудың қажеттілігі адамгершілік білім беру барлық пәндермен
ықпалдастыру негізінде құрылуы тиіс. Сонда ғана біз рухы биік, рухани-
адамгершілігі мол, бір-біріне сүйіспеншілікпен, құрметпен қарайтын, өмір
сүруге деген құштарлығы жоғары адам тәрбиелей аламыз.
11 слайд
Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе – білім беру, ғылымды дамыту. Өркениет біткеннің өзегі, ғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Осы орайда білім ордасы – мектеп, ал мектептің жаны – мұғалімдердің басты міндеті - өз ұлтының тарихын, мәдениетін, тілін қастерлей және оны жалпы азаматтық деңгейдегі рухани құндылықтарға ұштастыра білетін тұлға тәрбиелеу. Қорыта айтатын болсақ, білім саласын руханилық және ізгілік бағытында жаңартудың қажеттілігі адамгершілік білім беру барлық пәндермен ықпалдастыру негізінде құрылуы тиіс. Сонда ғана біз рухы биік, рухани- адамгершілігі мол, бір-біріне сүйіспеншілікпен, құрметпен қарайтын, өмір сүруге деген құштарлығы жоғары адам тәрбиелей аламыз.
#12 слайд
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!
12 слайд
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
шағым қалдыра аласыз













