Биологиялық
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
1 слайд
№ 14 Саба қ :
Авторлар: Жулдызбаев Н.Е., Мырзакулов Б.Б.
1 слайд
№ 14 Саба қ : Авторлар: Жулдызбаев Н.Е., Мырзакулов Б.Б.
2 слайд
Сабақ мақсаттары:
• Нарықта тепе-теңдіктің қалыптасуы,
артықшылық пен тапшылықты білу;
• Негізгі факторлардың өзгерісіне нарықтың
бейімделу үрдісі ретінде сұраныс пен ұсыныс
икемділігін түсіну
2 слайд
Сабақ мақсаттары: • Нарықта тепе-теңдіктің қалыптасуы, артықшылық пен тапшылықты білу; • Негізгі факторлардың өзгерісіне нарықтың бейімделу үрдісі ретінде сұраныс пен ұсыныс икемділігін түсіну
3 слайд
НАРЫҚТЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІК
Алдыңғы тақырыптарда біз сұраныс пен ұсынысты жеке-
жеке қарастырдық. Енді біз сұраныс пен ұсынысты
біріктіріп қарастырамыз, олардың өзара қалай
әрекеттесетінін анықтай аламыз және осы өзара
әрекеттесудің нәтижесінде нарықтық бағалар қалай
орнайтынын көрсете аламыз және нарықтың негізгі
факторларының, яғни бағалар мен табыстың өзгеруіне
бейімделу үдерісі процесі ретінде, сұраныс пен
ұсыныстың икемділігін түсіне аламыз.
3 слайд
НАРЫҚТЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІК Алдыңғы тақырыптарда біз сұраныс пен ұсынысты жеке- жеке қарастырдық. Енді біз сұраныс пен ұсынысты біріктіріп қарастырамыз, олардың өзара қалай әрекеттесетінін анықтай аламыз және осы өзара әрекеттесудің нәтижесінде нарықтық бағалар қалай орнайтынын көрсете аламыз және нарықтың негізгі факторларының, яғни бағалар мен табыстың өзгеруіне бейімделу үдерісі процесі ретінде, сұраныс пен ұсыныстың икемділігін түсіне аламыз.
4 слайд
Нарықтық тепе-теңдіктің қалыптасуы
Нарықтық тепе-теңдік осы тауарлар мен қызметтерді
сатып алушылар мен сатушыларды қанағаттандыратын
баға кезінде белгіленеді, яғни сұраныс көлемі
ұсыныстың көлеміне тең болған кезде ( Qd=Qs)
қалыптасады. Тауардың тепе-теңдік бағасын (Р0) және
осы тауардың тепе-теңдік көлемін ( Q0) қалыптастыратын
нарықтық тепе теңдік(Е нүктесі) сұраныс пен ұсыныстың
қисықтарының графикалық қиылысуы арқылы орнайды
және ол келесідей көрінеді (1-сурет):
4 слайд
Нарықтық тепе-теңдіктің қалыптасуы Нарықтық тепе-теңдік осы тауарлар мен қызметтерді сатып алушылар мен сатушыларды қанағаттандыратын баға кезінде белгіленеді, яғни сұраныс көлемі ұсыныстың көлеміне тең болған кезде ( Qd=Qs) қалыптасады. Тауардың тепе-теңдік бағасын (Р0) және осы тауардың тепе-теңдік көлемін ( Q0) қалыптастыратын нарықтық тепе теңдік(Е нүктесі) сұраныс пен ұсыныстың қисықтарының графикалық қиылысуы арқылы орнайды және ол келесідей көрінеді (1-сурет):
5 слайд
Осы графиктегі қиылысу
нүктесі осы тауарға сатып
алушылардың қажеттілігі
немесе сұранысы
өндірушілердің нарыққа
ұсына алатын осы тауардың
санына сәйкес келетінін
көрсетеді.
Сұраныстың немесе
ұсыныстың өзгеруі тепе-
теңдік баға мен тепе-теңдік
өнімнің мөлшерін өзгертеді.
5 слайд
Осы графиктегі қиылысу нүктесі осы тауарға сатып алушылардың қажеттілігі немесе сұранысы өндірушілердің нарыққа ұсына алатын осы тауардың санына сәйкес келетінін көрсетеді. Сұраныстың немесе ұсыныстың өзгеруі тепе- теңдік баға мен тепе-теңдік өнімнің мөлшерін өзгертеді.
6 слайд
«Көрінбейтін қол» әдісі
Әрине, сіз нарықтың көрінбейтін қолы туралы метафораны жиі естіген шығарсыз.
Оны енгізген шотландық экономист Адам Смит(1723-1790 жж.), кез келген нарықта
сатып алушылар мен сатушылардың шешімдерін үйлестіретін объективті нарықтық
механизм жұмыс істейтінін көрсеткен.
«Әрбір адам өз пайдасын ғана ойлайды, бірақ оны
бағыттайтын көрінбейтін қол бар және бұл оны өзі
ойламаған нәтижеге әкеледі»
Бұл «көрінбей тін қол» деген не? Бұл термин нің астында А. Смит
қоғамның экономикалық өмірін үйлестіре тін нарықтық
қатынастардың жұмбақ
механизмі бар екенін айтқан болатын.
6 слайд
«Көрінбейтін қол» әдісі Әрине, сіз нарықтың көрінбейтін қолы туралы метафораны жиі естіген шығарсыз. Оны енгізген шотландық экономист Адам Смит(1723-1790 жж.), кез келген нарықта сатып алушылар мен сатушылардың шешімдерін үйлестіретін объективті нарықтық механизм жұмыс істейтінін көрсеткен. «Әрбір адам өз пайдасын ғана ойлайды, бірақ оны бағыттайтын көрінбейтін қол бар және бұл оны өзі ойламаған нәтижеге әкеледі» Бұл «көрінбей тін қол» деген не? Бұл термин нің астында А. Смит қоғамның экономикалық өмірін үйлестіре тін нарықтық қатынастардың жұмбақ механизмі бар екенін айтқан болатын.
7 слайд
Нарықтың тапшылығы мен артықшылығы
Нарық көбінесе біркелкі емес жағдайда әрекет етеді: сатып алушылар тауарды арзан
алғысы келеді, ал сатушылар — қымбат сатқысы келеді (тепе-теңдік өнімге немесе
қызметке бекітілген баға сатып алушыларда, сатушыларда қанағаттандыратын жағдай
да ғана болады).Берілген бағадағы сұраныс ұсыныстың көлемінен көп болатын
жағдай жиі кездеседі, яғни арзан бір килограмына 200 теңгеден алма сатып
алғысы келетіндер дүкендегі алма көлемінен артық болады. Сатушылар нарықта
болған тапшылықты сезеді де және олар жоғары бағамен көп алма сатуға ынталанады.
Нәтижесінде дүкендегі алма құнын арттырады.
7 слайд
Нарықтың тапшылығы мен артықшылығы Нарық көбінесе біркелкі емес жағдайда әрекет етеді: сатып алушылар тауарды арзан алғысы келеді, ал сатушылар — қымбат сатқысы келеді (тепе-теңдік өнімге немесе қызметке бекітілген баға сатып алушыларда, сатушыларда қанағаттандыратын жағдай да ғана болады).Берілген бағадағы сұраныс ұсыныстың көлемінен көп болатын жағдай жиі кездеседі, яғни арзан бір килограмына 200 теңгеден алма сатып алғысы келетіндер дүкендегі алма көлемінен артық болады. Сатушылар нарықта болған тапшылықты сезеді де және олар жоғары бағамен көп алма сатуға ынталанады. Нәтижесінде дүкендегі алма құнын арттырады.
8 слайд
Нарықтың тапшылығы мен артықшылығы
Бұған қарама-қарсы жағдай — ол тауарлар артықшылығы , яғни тауарлар
нарықта артық мөлшерде пайда болады, белгілі бағадағы ұсыныстың көлемі
сұраныстан жоғары болады. Мысалы, алманы сатып алғысы келетіндер саудасын
жасап болғаннан кейін, тұтынушылар сатып алмаған алмалар дүкен сөрелерінде
көп мөлшерде қажетсіз болып жатып қалады.
Енді осы дүкенге алмаларды бірнеше фирма әкелетін інелестетіп көріңіз .Сонда олар
бір-бірімен бәсекелес болады. Енді оларға өз өнімдерін тұтынушыға өткізу үшін жаңа
нәрселер ойлап табуға тура келеді — мәселен, әдемі қорап жасау, алманың сапасын
жақсарту, алманың дәмін тегін татып көру сияқты маркетингтік қадам жасауқажет
болады.
Бұл — нарықтық экономика ,яғни негізгі қозғаушы күші бәсеке болып табылатын
нарықтық жағдай. Мұндай нарықта бірінші кезекте сатушы сатып алушының
сұранысына қарай икемделеді.
8 слайд
Нарықтың тапшылығы мен артықшылығы Бұған қарама-қарсы жағдай — ол тауарлар артықшылығы , яғни тауарлар нарықта артық мөлшерде пайда болады, белгілі бағадағы ұсыныстың көлемі сұраныстан жоғары болады. Мысалы, алманы сатып алғысы келетіндер саудасын жасап болғаннан кейін, тұтынушылар сатып алмаған алмалар дүкен сөрелерінде көп мөлшерде қажетсіз болып жатып қалады. Енді осы дүкенге алмаларды бірнеше фирма әкелетін інелестетіп көріңіз .Сонда олар бір-бірімен бәсекелес болады. Енді оларға өз өнімдерін тұтынушыға өткізу үшін жаңа нәрселер ойлап табуға тура келеді — мәселен, әдемі қорап жасау, алманың сапасын жақсарту, алманың дәмін тегін татып көру сияқты маркетингтік қадам жасауқажет болады. Бұл — нарықтық экономика ,яғни негізгі қозғаушы күші бәсеке болып табылатын нарықтық жағдай. Мұндай нарықта бірінші кезекте сатушы сатып алушының сұранысына қарай икемделеді.
9 слайд
Сұраныс пен ұсыныс икемділігі
Ал енді, біз тауар мен қызметтің өзгерген бағасына сұраныс пен ұсыныс қалай
өзгеретінін қарастырамыз.
«Нарықтың негізгі факторлардың өзгеруіне бейімделу үдерісі икемділік деп
аталады.»
Кәсіпкерлер үшін икемділік тақырыбының өзекті мәселесі сатуды арттыру үшін
жеңілдіктер құралын пайдалану болып табылады. «Икемділік» сөзі қандай да бір
объект оған қалай әсер етеді деген мағынада пайдаланылады. Мысалы, күш
қолданғанда серпімді бинт созылып, пішінін өзгертіп, бейімделеді. Өз кезегінде
резеңке өшіргіш икемсіз, біз оны қанша созсақ та, пішінін өзгертпейді.
9 слайд
Сұраныс пен ұсыныс икемділігі Ал енді, біз тауар мен қызметтің өзгерген бағасына сұраныс пен ұсыныс қалай өзгеретінін қарастырамыз. «Нарықтың негізгі факторлардың өзгеруіне бейімделу үдерісі икемділік деп аталады.» Кәсіпкерлер үшін икемділік тақырыбының өзекті мәселесі сатуды арттыру үшін жеңілдіктер құралын пайдалану болып табылады. «Икемділік» сөзі қандай да бір объект оған қалай әсер етеді деген мағынада пайдаланылады. Мысалы, күш қолданғанда серпімді бинт созылып, пішінін өзгертіп, бейімделеді. Өз кезегінде резеңке өшіргіш икемсіз, біз оны қанша созсақ та, пішінін өзгертпейді.
10 слайд
Баға бойынша икемді сұранысқа ие тауарлар:
Қымбат сән салтанат заттары:
Бағалы заттар, деликатестер;
Сатып алу құны отбасылық бюджетке елеулі әсер ететін
тауарлар: жиһаз, тұрмыстық техника;
Тез алмасатын тауарлар: ет, жемістер
Баға бойынша икемсіз сұранысқа ие тауарлар:
Бірінші қажеттілік заттары: дәрі-дәрмек, су, электр және
басқа да энергия көздері;
Құны отбасылық бюджет үшін әсері елеусіз тауарлар:
қарындаштар, тіс тазалау таяқшалары
Алмастырылуы қиын тауарлар: нан, электр шамы ,
бензин.
10 слайд
Баға бойынша икемді сұранысқа ие тауарлар: Қымбат сән салтанат заттары: Бағалы заттар, деликатестер; Сатып алу құны отбасылық бюджетке елеулі әсер ететін тауарлар: жиһаз, тұрмыстық техника; Тез алмасатын тауарлар: ет, жемістер Баға бойынша икемсіз сұранысқа ие тауарлар: Бірінші қажеттілік заттары: дәрі-дәрмек, су, электр және басқа да энергия көздері; Құны отбасылық бюджет үшін әсері елеусіз тауарлар: қарындаштар, тіс тазалау таяқшалары Алмастырылуы қиын тауарлар: нан, электр шамы , бензин.
11 слайд
Сұраныс икемділігін қалай анықтауға болады ?
Сұраныс икемділігін анықтаудың көптеген жолдары бар:
Сатып алушыларға сауалнама жүргізу;
AB-тесттер (баға эксперименті) және басқалар;
Бірақ ең жақсы әдіс — ол сараптамалық бағалау.
Яғни сіздің нарықтағы жағдайды жақсы түсінетін : «Егер сіз бағаны
төмендетсеңіз, сіздің сатылым қаншалықты өседі?» деген сұраққа жауап
бере алатын маман. Уақыт өте келе, сізде өзіңіз осындай сарапшы бола
аласыз: ол үшін сізге өз тауарыңызды жақсы білуіңіз, күн сайын
клиенттермен жұмыс істеп және олардан кері байланыс алып тұруыңыз
қажет.
11 слайд
Сұраныс икемділігін қалай анықтауға болады ? Сұраныс икемділігін анықтаудың көптеген жолдары бар: Сатып алушыларға сауалнама жүргізу; AB-тесттер (баға эксперименті) және басқалар; Бірақ ең жақсы әдіс — ол сараптамалық бағалау. Яғни сіздің нарықтағы жағдайды жақсы түсінетін : «Егер сіз бағаны төмендетсеңіз, сіздің сатылым қаншалықты өседі?» деген сұраққа жауап бере алатын маман. Уақыт өте келе, сізде өзіңіз осындай сарапшы бола аласыз: ол үшін сізге өз тауарыңызды жақсы білуіңіз, күн сайын клиенттермен жұмыс істеп және олардан кері байланыс алып тұруыңыз қажет.
12 слайд
Тауар бағасын қалай дұрыс көтеру керек?
• Сіздің тауарлар немесе қызметтерге орнатылған баға орынды екеніне көз
жеткізіңіз. Егер сіз өзіңіз оған сенбесеңіз, сіз өз клиенттеріңізді сендіре
алмайсыз.
• Алдымен бағаны 5-10% — ға көтеріп, нарықта қандай реакция болатынын
көруіміз тиіс. Тестілеу немесе сынақ кезеңі үшін бір ай жеткілікті. Тәжірибе
басталғаннан кейін барлық сандарды (өзгерістерді ) белгілеп және сату
динамикасын талдау қажет.
• Сұраныс жоғары болып, клиенттер тарапынан ұзын кезек қалыптасқан
жағдайда, сіз міндетті түрде тауар құнын көтергеніңіз орынды. Бұл сіздің
тауарыңыз немесе қызметіңіздің үлкен сұранысқа ие екенін айқындайтын
көрсеткіш. Тіпті егер клиенттердің бір бөлігі бағаны көтергеннен кейін кетіп
қалса да, сіз аз жұмыс істей отырып, сонша табыс ала аласыз.
12 слайд
Тауар бағасын қалай дұрыс көтеру керек? • Сіздің тауарлар немесе қызметтерге орнатылған баға орынды екеніне көз жеткізіңіз. Егер сіз өзіңіз оған сенбесеңіз, сіз өз клиенттеріңізді сендіре алмайсыз. • Алдымен бағаны 5-10% — ға көтеріп, нарықта қандай реакция болатынын көруіміз тиіс. Тестілеу немесе сынақ кезеңі үшін бір ай жеткілікті. Тәжірибе басталғаннан кейін барлық сандарды (өзгерістерді ) белгілеп және сату динамикасын талдау қажет. • Сұраныс жоғары болып, клиенттер тарапынан ұзын кезек қалыптасқан жағдайда, сіз міндетті түрде тауар құнын көтергеніңіз орынды. Бұл сіздің тауарыңыз немесе қызметіңіздің үлкен сұранысқа ие екенін айқындайтын көрсеткіш. Тіпті егер клиенттердің бір бөлігі бағаны көтергеннен кейін кетіп қалса да, сіз аз жұмыс істей отырып, сонша табыс ала аласыз.
13 слайд
1 - тапсырма
Осы сабақта алынған сұраныс пен ұсыныс туралы білімді
пайдалана отырып, сұраққа жауап беріңіз . Неге нарықтық
экономикада тұтынушы өзі қажет ететін игіліктерді өндіруді
бұйыратын «билеуші» болып табылады?
2 - тапсырма
Мына сұрақтарға жауап беруге тырысыңыз:
«Неге өнеркәсіп тауарларының ұсынысы (спиннерлер,
телефонның жаңа үлгісі, жиһаз, киім) ауылшаруашылық
өнімдеріне қарағанда (алма, шабдалы, жүзім және т. б.)
неғұрлым икемді?»
13 слайд
1 - тапсырма Осы сабақта алынған сұраныс пен ұсыныс туралы білімді пайдалана отырып, сұраққа жауап беріңіз . Неге нарықтық экономикада тұтынушы өзі қажет ететін игіліктерді өндіруді бұйыратын «билеуші» болып табылады? 2 - тапсырма Мына сұрақтарға жауап беруге тырысыңыз: «Неге өнеркәсіп тауарларының ұсынысы (спиннерлер, телефонның жаңа үлгісі, жиһаз, киім) ауылшаруашылық өнімдеріне қарағанда (алма, шабдалы, жүзім және т. б.) неғұрлым икемді?»
14 слайд
3 - тапсырма
Көрсетілген тауарларды екі санатқа бөліңіз :
•
«Баға бойынша икемді сұранысқа ие тауарлар»
•
«Баға бойынша икемсіз сұранысқа ие тауарлар»:
Картоп , компьютер, кірсабын, ұялы байланыс,
шоколад, косметологтің қызмет , галстук, мектеп
формасы, қарындаштар.
Өз жауабыңызды негіздеңіз
14 слайд
3 - тапсырма Көрсетілген тауарларды екі санатқа бөліңіз : • «Баға бойынша икемді сұранысқа ие тауарлар» • «Баға бойынша икемсіз сұранысқа ие тауарлар»: Картоп , компьютер, кірсабын, ұялы байланыс, шоколад, косметологтің қызмет , галстук, мектеп формасы, қарындаштар. Өз жауабыңызды негіздеңіз
15 слайд
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
15 слайд
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!