ДНҚ құрылысы 9 сынып
ДНҚ құрылысы 9 сынып

#1 слайд
ДНҚ молекуласы
Дезоксирибонуклеин қышқылы ( ДНҚ ) - тірі
организмдердегі генетикалық ақпараттың
ұрпақтан -ұрпаққа берілуін, сақталуын, дамуы
мен қызметін қамтамасыз етуіне
жауапты нуклеин қышқылының екі түрінің бірі.
ДНҚ-ның жасушадағы басты қызметі - ұзақ
мерзімге РНҚ мен ақуызға қажетті ақпаратты
сақтау.
ДНҚ-ның ерекшелiгi. Бiр организмнiң барлық
жасушарындағы ДНҚ молекуласының құрамы,
құрылымы бiрдей болады да, жасына, ортадағы
жағдайына тәуелдi емес. ДНҚ молекуласының
нуклеотидтiк құрамы, құрылымы, тiзбегiндегi
нуклеотидтердiң реттелiп орналасуы
организмнiң ерекше қасиетiн анықтайды. ДНҚ
молекуласының полинуклеотид тiзбегiндегi
нуклеотидтердiң ретi – ұрпақтан-ұрпаққа
берiлетiн генетикалық мәлiмет.
Полинуклеотид тiзбегiндегi нуклеотидтердiң
реттелiп орналасуы ДНҚ молекуласының бiрiншi
реттiк құрылымы деп аталады. ДНҚ
молекуласының екiншi реттiк құрылымын 1953 ж.
Уотсон мен Крик анықтады. ДНҚ құрылымының
анықталуы ХХ ғасырдағы биологияның ең
маңызды жаңалығы деп саналады. Уотсон мен
Крик теориясы бойынша екi полинуклеотид
тiзбегiнен құралған ДНҚ-ның молекуласы
кеңiстiкте оң қос қабат спираль болып табылады.
Қос қабат спиральдағы екi тiзбектiң жолдамасы –
антипараллель, бiр тiзбектегi нуклеотидтер
арасындағы байланыс 3'5'-бағыттағы
қалдықтардан түзiледi, екiншi тiзбектегi
нуклеотидтер арасындағы байланыс 5'3'
бағыттағы қалдықтардан түзiледi .
1 слайд
ДНҚ молекуласы Дезоксирибонуклеин қышқылы ( ДНҚ ) - тірі организмдердегі генетикалық ақпараттың ұрпақтан -ұрпаққа берілуін, сақталуын, дамуы мен қызметін қамтамасыз етуіне жауапты нуклеин қышқылының екі түрінің бірі. ДНҚ-ның жасушадағы басты қызметі - ұзақ мерзімге РНҚ мен ақуызға қажетті ақпаратты сақтау. ДНҚ-ның ерекшелiгi. Бiр организмнiң барлық жасушарындағы ДНҚ молекуласының құрамы, құрылымы бiрдей болады да, жасына, ортадағы жағдайына тәуелдi емес. ДНҚ молекуласының нуклеотидтiк құрамы, құрылымы, тiзбегiндегi нуклеотидтердiң реттелiп орналасуы организмнiң ерекше қасиетiн анықтайды. ДНҚ молекуласының полинуклеотид тiзбегiндегi нуклеотидтердiң ретi – ұрпақтан-ұрпаққа берiлетiн генетикалық мәлiмет. Полинуклеотид тiзбегiндегi нуклеотидтердiң реттелiп орналасуы ДНҚ молекуласының бiрiншi реттiк құрылымы деп аталады. ДНҚ молекуласының екiншi реттiк құрылымын 1953 ж. Уотсон мен Крик анықтады. ДНҚ құрылымының анықталуы ХХ ғасырдағы биологияның ең маңызды жаңалығы деп саналады. Уотсон мен Крик теориясы бойынша екi полинуклеотид тiзбегiнен құралған ДНҚ-ның молекуласы кеңiстiкте оң қос қабат спираль болып табылады. Қос қабат спиральдағы екi тiзбектiң жолдамасы – антипараллель, бiр тiзбектегi нуклеотидтер арасындағы байланыс 3'5'-бағыттағы қалдықтардан түзiледi, екiншi тiзбектегi нуклеотидтер арасындағы байланыс 5'3' бағыттағы қалдықтардан түзiледi .
#2 слайд
ДНҚ молекуласы
ДНҚ молекуласының
құрылымы
Жасушадағы ДНҚ
Полинуклеотидтік тізбегі
Мынандай нуклеотидтер -
ден d-AM Ф ,d- ГМФ ,d- ЦТД
т.б құрамында дезокси -
рибоза қанты болады . Екі полинуклеотидті
тізбектің комплимен -
тарлы орналасуы нә -
тижесінде ДНҚ моле -
к уласы түзіледі . ДНҚ молекуласында
полинуклеотидті тіз -
бек бір - біріне антипа -
рарельді , бірақ спирал
түрінде .
2 слайд
ДНҚ молекуласы ДНҚ молекуласының құрылымы Жасушадағы ДНҚ Полинуклеотидтік тізбегі Мынандай нуклеотидтер - ден d-AM Ф ,d- ГМФ ,d- ЦТД т.б құрамында дезокси - рибоза қанты болады . Екі полинуклеотидті тізбектің комплимен - тарлы орналасуы нә - тижесінде ДНҚ моле - к уласы түзіледі . ДНҚ молекуласында полинуклеотидті тіз - бек бір - біріне антипа - рарельді , бірақ спирал түрінде .
#3 слайд
ДНҚ құрылысы
Нуклеин қышқылдары биологиялық
полимерлер. ДНҚ мен РНҚ мономерлік
бөлшектерінің міндетін нуклеотидтер
атқарады. Нуклеотидтер - нуклеозидердің
фосфорлы эфирлері, олар өз кезегінде
пентоза мен гетероциклді негіздерден
құралған. РНҚ құрамында көмірсу – D-рибоза
болса, ДНК құрамында - D-2-дезоксирибоза
орналасқан. Нуклеотидте көмірсу қалдығы
мен гетероциклдік негіздің арасындағы
бірігу N-гликозидтік байланыс арқылы іске
асады. Гетероциклдік негіз ретінде ДНҚ
құрамында екі пурин: аденин (А) и гуанин
(G), және екі пиримидин: тимин (Т) и
цитозин (С) кездеседі. РНҚ құрамында
тиминнің (Т) орнында урацил (U)
орналасқан.
Нуклеин қышқылдарының мономер
қалдықтары бір-бірімен фосфодиэфир
байланыстарымен біріккен. ДНҚ-да және
РНҚ- да бұл байланыс бірінші нуклеотид
қалдығының 3'-ОН мен екіншісінің 5’-ОН
топтары арасындағы байланыс арқылы іске
асады. Мұндай нуклеотид арасындағы
байланысты 3’,5’-фосфодиэфирлік байланыс
деп атайды. ДНҚ және РНҚ тізбектері белгілі
полярлық қасиет көрсетеді, себебі, барлық
нуклеотидтер арасындағы фосфодиэфирлік
байланыстары тізбек бойымен бірдей
бағытқа бағытталған. Осы себепті әрбір
полипептид тізбегінің 5'-ұшы және 3'-ұшы
болады.
3 слайд
ДНҚ құрылысы Нуклеин қышқылдары биологиялық полимерлер. ДНҚ мен РНҚ мономерлік бөлшектерінің міндетін нуклеотидтер атқарады. Нуклеотидтер - нуклеозидердің фосфорлы эфирлері, олар өз кезегінде пентоза мен гетероциклді негіздерден құралған. РНҚ құрамында көмірсу – D-рибоза болса, ДНК құрамында - D-2-дезоксирибоза орналасқан. Нуклеотидте көмірсу қалдығы мен гетероциклдік негіздің арасындағы бірігу N-гликозидтік байланыс арқылы іске асады. Гетероциклдік негіз ретінде ДНҚ құрамында екі пурин: аденин (А) и гуанин (G), және екі пиримидин: тимин (Т) и цитозин (С) кездеседі. РНҚ құрамында тиминнің (Т) орнында урацил (U) орналасқан. Нуклеин қышқылдарының мономер қалдықтары бір-бірімен фосфодиэфир байланыстарымен біріккен. ДНҚ-да және РНҚ- да бұл байланыс бірінші нуклеотид қалдығының 3'-ОН мен екіншісінің 5’-ОН топтары арасындағы байланыс арқылы іске асады. Мұндай нуклеотид арасындағы байланысты 3’,5’-фосфодиэфирлік байланыс деп атайды. ДНҚ және РНҚ тізбектері белгілі полярлық қасиет көрсетеді, себебі, барлық нуклеотидтер арасындағы фосфодиэфирлік байланыстары тізбек бойымен бірдей бағытқа бағытталған. Осы себепті әрбір полипептид тізбегінің 5'-ұшы және 3'-ұшы болады.
#4 слайд
ДНҚ молекуласы
Молекулалық биология - тіршілікті молекулалық деңгейде зерттейтін кешенді
биология ғылымының маңызды саласының бірі.
Молекулалық биология ғылымының негізгі зерттеу объекттері — жасушаның
ақпараттық макромолекулалары-ақуыз және нуклеин қышқылдары болып
саналады. Ол ақпараттық макромолекулалардың құрылысын, қызметтерін,
таралуын зерттейді.
Қазіргі таңда молекулалық биология жедел дамып келе жатқан ғылым ретінде
теориялық және қолданбалы биология, генетика, медицина, ауылшаруашылығы
т.б. ғылымдардың дамуында маңызды рөл атқарады. XXI ғасырды молекулалық
биология ғасыры деп атауда.
Молекулалық биология ғылымы бірнеше бөлімдерге бөлінеді: геномика — тұқым
қуалаушылықтың материалдық негіздері-ДНҚ, РНҚ молекулаларының
құрылыстарын, қызметтерін зерттейді; протеомика — жасуша ақуыздарьшың
құрылысын, қызметгерін зертгейтін бөлім.
Геномика ғылымының негізгі міндеті мен мақсаты - адам және басқа да тірі
ағзалардың геномдарының құрылысын, қызмет ету тетіктерін зерттеп, анықтап,
анықталған деректерді, білімдерді адам өмірінің сапасын жақсартуға пайдалану
болып табылады.
Молекулалық биология ғылымының дербес ғылым ретінде қалыптасуы 1953
жылдан кейін басталды, себебі осы жылы Ф.Крик және Дж. Уотсон
дезоксирибонуклеотид қышқылының (ДНҚ) қос ширатпалы құрылысын анықтап,
оның моделін құрастырған. Соңғы 50-55 жыл ішінде молекулалық биология
ғылымы тіршіліктің сырларын зерттеуде көптеген маңызды жетістіктерге қол
жеткізді.
4 слайд
ДНҚ молекуласы Молекулалық биология - тіршілікті молекулалық деңгейде зерттейтін кешенді биология ғылымының маңызды саласының бірі. Молекулалық биология ғылымының негізгі зерттеу объекттері — жасушаның ақпараттық макромолекулалары-ақуыз және нуклеин қышқылдары болып саналады. Ол ақпараттық макромолекулалардың құрылысын, қызметтерін, таралуын зерттейді. Қазіргі таңда молекулалық биология жедел дамып келе жатқан ғылым ретінде теориялық және қолданбалы биология, генетика, медицина, ауылшаруашылығы т.б. ғылымдардың дамуында маңызды рөл атқарады. XXI ғасырды молекулалық биология ғасыры деп атауда. Молекулалық биология ғылымы бірнеше бөлімдерге бөлінеді: геномика — тұқым қуалаушылықтың материалдық негіздері-ДНҚ, РНҚ молекулаларының құрылыстарын, қызметтерін зерттейді; протеомика — жасуша ақуыздарьшың құрылысын, қызметгерін зертгейтін бөлім. Геномика ғылымының негізгі міндеті мен мақсаты - адам және басқа да тірі ағзалардың геномдарының құрылысын, қызмет ету тетіктерін зерттеп, анықтап, анықталған деректерді, білімдерді адам өмірінің сапасын жақсартуға пайдалану болып табылады. Молекулалық биология ғылымының дербес ғылым ретінде қалыптасуы 1953 жылдан кейін басталды, себебі осы жылы Ф.Крик және Дж. Уотсон дезоксирибонуклеотид қышқылының (ДНҚ) қос ширатпалы құрылысын анықтап, оның моделін құрастырған. Соңғы 50-55 жыл ішінде молекулалық биология ғылымы тіршіліктің сырларын зерттеуде көптеген маңызды жетістіктерге қол жеткізді.
шағым қалдыра аласыз













