Материалдар / Дүниетану бастауыш сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дүниетану бастауыш сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушы, мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Наурыз 2021
562
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материалдың қысқаша түсінігі
«РЕВОЛЮЦИЯҒА ДЕЙІНГІ ЖАРАТЫЛЫСТАНУДЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСНАМАСЫ НЕГІЗІНІҢ ДАМУЫ» Орында ған: Шахман Л. Тобы: 19 - 1 Қабылдаған: Ж

1 слайд
«РЕВОЛЮЦИЯҒА ДЕЙІНГІ ЖАРАТЫЛЫСТАНУДЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСНАМАСЫ НЕГІЗІНІҢ ДАМУЫ»  Орында ған: Шахман Л. Тобы: 19 - 1 Қабылдаған: Жуанышова А.

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ РЕВОЛЮЦИЯҒА ДЕЙІНГІ КЕЗЕҢДЕГІ ДАМУЫ.  Мектепте жаратылыстану пәнінің енгізілуі және оның дамуын 3

2 слайд
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ РЕВОЛЮЦИЯҒА ДЕЙІНГІ КЕЗЕҢДЕГІ ДАМУЫ.  Мектепте жаратылыстану пәнінің енгізілуі және оның дамуын 3 кезеңге бөлуге болады. Айталық; 1- революцияға дейінгі кезең болып саналады. Жаратылыстану оқу пәні ретінде орыстың жалпы білім беретін мектебіне алғаш рет 1786 ж. енгізілді. Мектептегі білім беруді реформалау кезінде үкімет халық училищелерінің жарғысын жариялады. Ашылған училищелер шағын және негізгі болып бөлінді. Жаратылыстану пәндерінің курсы тек негізгі училищелердің бағдарламасына енгізіліп, олар география, физика, жаратылыстану тарихынан тұрды. Жаратылыстану тарихы 4-сыныпта оқытылды. Сол кездегі Халық училищесіне арналып жазылған жаратылыстанудан алғашқы оқулық, оның авторы натуралист, саяхатшы, академик Василий Федорович Зуев болды.  В.Ф.Зуевтің бұл кітабы «Жаратылыс тарихының бейнелері» деп аталады. Ол «Қазбалар әлемі», «Өсімдіктер әлемі», «Жануарлар әлемі» делінген үш бөлімнен тұрды. Оқулықтың алғашқы бөлімі жерлерді, тастарды, тұздарды, жанғыш заттарды, металдарды сипаттауға арналған. Өлі табиғатты зерттеу топырақты, сазды және құмды сипаттаудан басталды. Екінші бөлімі өсімдіктердің тіршілігі мен құрылысын зерттеуге арналса, ал үшінші бөлімде зоология материалдары кірістірілген. В.Ф.Зуевтің оқулығы сол мезгілде мектептегі жаратылыстану бойынша бірінші бағдарлама,  әрі мұғалімнің алғашқы әдістемелік құралы болды. Мұнда автор заттай көрнекілікті пайдалануды, мүмкін болмаған жағдайда ғана суретін қолдануды насихаттады. Ол жергілікті табиғатты және адамға пайдалы өсімдіктер мен жануарларды зерттеуге көп көңіл бөлді. В.Ф.Зуевтің бұл жетекші әдістемелік құралы ширек ғасыр бойы жаратылыстанудың негізгі оқулық ретінде қолданылды.

 XÌX ғасырдың басында халыққа білім беру саласында маңызды өзгерістер болды. Жаратылыстануды оқыту 1804 жылғы жар

3 слайд
 XÌX ғасырдың басында халыққа білім беру саласында маңызды өзгерістер болды. Жаратылыстануды оқыту 1804 жылғы жарлық бойынша айтарлықтай кеңейтілді. Жаратылыстану жеке пән болып оқытылмаса да оқушыларға табиғат, ауыл шаруашылығы және адам денсаулығы туралы қысқаша мәліметтер беру ұсынылды. Мұндай оқудың мақсаты табиғат құбылыстары туралы түсінік қалыптастыру еді. Гимназия мектептерінде жаратылыстану пәнін 2 - класс пен 4 - класта оқытылды.  Пәнді ойдағыдай оқыту үшін мұғалімдерге оқушыларды табиғатқа ғана емес, сондай-ақ фабрикалар мен зауыттарға экскурсияға шығару ұсынылды. Жарлық бойынша барлық гимназия  мектептерінде табиғаттың барлық үш патшалығы бойынша табиғи көрнекілік ретінде коллекциялары болу тиіс деп талап етілді. Сонымен бірге жергілікті материалды пайдалануға айырықша көңіл бөлінді.  Уақыт өте келе пән мазмұны өзгерді, тіпті 1828 жылы жалпы білім беретін мектептерде жаратылыстану оқу пәні ретінде ширек ғасыр бойы өткізілмей қалды. Бұл декабристер көтерілісінен соң үкіметтің ғылым атаулыға сенбеуінен туындаған реакция еді.  Жаратылыстану мектепке ұзақ үзілістен соң, 1852 жылы оралды. Бекітілген бағдарлама бойынша бастауыш мектептің 1- класында пәнді оқытуға 2 сағат бөлінді. Одан кейінгі сыныптарда сәйкесінше биология, география, физика пәндері оқытылды.  Ал 1864 жылғы жаңа мектеп реформасының жарлығына сәйкес реальдық және классикалық гимназиялардың бағдарламасынан пропедевтикалық курсы алынып тасталды да, биологияны, географияны және физиканы оқыту пәндік түрі сақталды. Осы кезеңде кіші мектеп жасындағыларға жаратылыстануды оқыту әдістемесін дамытуға ерекше үлкен үлес қосқан Ушинский Константин Дмитриевич болды.  Ушинский Константин Дмитриевич (1824-1870) – бастауыш білім беру саласындағы аса ірі педагог-әдіскер. Ол кіші мектеп жасындағы лардың логикалық ойы мен тілін дамыту үшін бастауыш мектептерде жаратылыстану және географияны оқып үйренуге үлкен мән берді. Ол көрнекі құралдармен оқытудың қажеттігін дәлелдей келе көрнекілік теориясын талдап жасады.

 Ушинский Константин Дмитриевич (1824-1870) – бастауыш білім беру саласындағы аса ірі педагог-әдіскер. Ол кіші мектеп жа

4 слайд
 Ушинский Константин Дмитриевич (1824-1870) – бастауыш білім беру саласындағы аса ірі педагог-әдіскер. Ол кіші мектеп жасындағы лардың логикалық ойы мен тілін дамыту үшін бастауыш мектептерде жаратылыстану және географияны оқып үйренуге үлкен мән берді. Ол көрнекі құралдармен оқытудың қажеттігін дәлелдей келе көрнекілік теориясын талдап жасады.  К.Д.Ушинский табиғат құбылыстарын бақылау және оны қорыту білімнің қайнар көздері болуы керек деп атап көрсетті. «Жаратылыс ғылымдары түгелдей адамның ақыл ойының табиғат құпиясымен осынау мәңгілік күресі болып табылады» - деп жазды.   К.Д.Ушинскийдің бастауыш кластарда жаратылыстануды оқыту жөніндегі көзқарастары  «Ана тілі», «Балалар әлемі» деген кітаптарында, сонымен бірге мұғалімдерге арналған «Ана тілі» кітабында және  «Балалар әлемі» оқулығының кіріспесінде ашып көрсетеді. Әдістемелік тұрғыда К.Д.Ушинскийдің кітабы үлкен жетістікке ие және ол ерекше педагогикалық білгірлікпен жазылған деп бағаланаған . Кітап көрнекілік және оқушылардың өздігінен ойлау белсенділігін жүйелі түрде арттыру негізінде құрылған. Кітаптың өн бойындағы материалдар жеңіл, әрі қарапайымнан күрделіге қарай орналастыру принципі сақталынған, әрбір жеке тақырып материалы тұтас кейінгі тақырыптағы материалдармен байланысып отырады.  К.Д.Ушинский балалардың дамуы үшін тікелей табиғаттағы бақылаулардың орасан мәні бар, педагогтың сөзінің онымен бәсекелесуі қиын деп көрсетті. Сондай-ақ, ол «табиғат логикасы балалар үшін ең жеңіл және ең пайдалы логика» деп есептеді.

 Осы кезеңде жаратылыстануды оқыту әдістемесін дамытуға және А.Я.Герд (1841-1888) елеулі үлес қосты. А.Я.Герд жара

5 слайд
 Осы кезеңде жаратылыстануды оқыту әдістемесін дамытуға және А.Я.Герд (1841-1888) елеулі үлес қосты. А.Я.Герд жаратылыстану оқушыларға дұрыс дүниетаным, оларда белгілі бір көзқарас қалыптастыруы тиіс деп санады. Ол 1877 жылы жаратылыстанудың мектептік курсын құру жоспарын жариялады. Осы жоспар бойынша 2-және 3-класта табиғаттың органикалық емес әлемін оқып үйрену ұсынылды. Мұнда тау жыныстарының, топырақтың, минералдардың қасиеттері сияқты түсініктер, әртүрлі тау жыныстарының шығу тегі, жанартау, жер сілкіну ұғымдары, пайдалы қазбаны пайдалану т.с.с. материалдар кірді.  А.Я.Гердтің пікірінше, бастауыш мектепте жекелеген жаратылыс ғылымын оқып білуге орын жоқ, табиғатты зерттеп, танып білуге кешенді тұрғыдан келу қажет, яғни біріккен пән түрін енгізу керек дегенді насихаттайды. Оның «Құдірет әлемі» оқулығы мен «Заттық сабақтар» деп аталатын әдістемелік құралдары көп жылдар бойы өлі табиғат курсын оқып-үйренуде мұғалімнің негізгі әдістемелік көмекші құралы болып келді. Өзінің әдістемелік еңбектерінде А.Я.Герд бірқатар идеялар ұсынады. Айталық; 1. Практикалық сабақтар мен экскурсияларда баланың өзіндік белсенді әрекетін тудыра білу; 2. Мектептің тірі табиғатпен байланысын кеңейту; 3. Табиғатты танып  білу үшін  тікелей зерттеу  жүргізу; 4. Бастауыш кластарда табиғатты зерттеуге кешенді тұрғыдан келу; 5. Оқушылардың эволюциялық көзқарасын қалыптастыру. А.Я.Гердтің осы сияқты көптеген идеялары мектеп практикасында көп жылдардан соң, яғни тек біздің уақытта кең қолдау тапты.

 70-жылдардағы реакция 1871 жылы жаратылыстануды гимназияның бастауыш кластарынан алып тастауға әкелді. Ал жоғары

6 слайд
 70-жылдардағы реакция 1871 жылы жаратылыстануды гимназияның бастауыш кластарынан алып тастауға әкелді. Ал жоғары кластарда бұл циклді пәндерді оқыту күрт қысқарды. Кейбір гимназияларда бұл пәнге мүлде тиым салынды. Тек либеральдық училищелердің жоғары сыныптарында ғана ол қысқартылған түрде оқытылды.  Капитализмнің дамуы XÌX ғасырдың соңындағы революциялық қозғалыс мектептегі білім беру ісін реформалау қажеттігін туғызды. Қоғамдық пікірдің қысымымен Халық ағарту министрлігі гимназиялық білім беруді түбірімен қайта құру мәселесін қоюға мәжбүр болды. 1901 жылы  комиссия құрылып, жаратылыстану пәнін орта мектептің барлық класында енгізуді ұсынды. Бұл жобаны қоғамның либеральдық бөлігі мақұлдады, ал классикалық білім беруді жақтаушылар мұны құр әурешілік деп санады, өйткені бастауыш сынып оқушылары жаратылыс ғылымдарын түсінбейді деп есептеді.  Жаратылыстану саласы бойынша сарапшы ретінде натуралист Д.Н.Кайгородов шақырылды. Ол кезде Д.Н.Кайгородов табиғат туралы ғылыми – көпшілік кітаптардың авторы ретінде белгілі болатын. Бірнеше жыл бойы ол табиғаттың жылнамасын жариялап, Россияда фенологияның дамуына жол ашқан. Д.Н.Кайгородов мектепте табиғатты зерттеудің міндеті деп балаларды «табиғатты көріп, естіп, түсіне білуге және табиғатпен біртұтас байланыста екенімізді сезіндіруге үйретуден тұрады»- деп насихаттады. Алайда ол жаратылыстану баланың ақыл–ойын дамытуда маңызды роль атқарады деген көзқарасты қолдаған жоқ. Табиғат оның пікірінше «өскелең ұрпақтың рухани–адамгершілік тұрғыдан сауығуына» қызмет етуі тиіс. Сондықтан анатомиялық-морфологиялық және физиологиялық мәліметтер баланың табиғатты қабылдауын бұзады деген жаңсақ пікірді қолдады.

 Д.Н.Кайгородовтың бағдарламасы табиғи бүтін бірлестікті зерттеуден тұрды. Ол мынадай алты бірлестікті көрсетеді: о

7 слайд
 Д.Н.Кайгородовтың бағдарламасы табиғи бүтін бірлестікті зерттеуден тұрды. Ол мынадай алты бірлестікті көрсетеді: орман, дала, бақ, шалғын, тоған және өзен. Әр бірлестік алғашқы үш класта жыл мезгілі бойынша қарапайымнан күрделіге қарай оқытылуы тиіс болды және жаратылыстануды оқытудың негізгі тәсілдері экскурсиялар мен фенологиялық бақылаулар деп санады.  Д.Н Кайгородов жаратылыс ғылымдарының ғылыми жүйелі білімі қажет дегенді теріске шығарды. Сондықтан педагог ғалымдар оның бағдарламасына қарсы болды. Осы келіспеудің нәтижесінде Халық ағарту министрлігі Д.Н Кайгородовтың бағдарламасын қайта қарап, бастауыш кластарда оны қысқартуға мәжбүр болды.

Содан кейінгі жаңа бағдарлама авторы Петербург университетінің профессоры, зоолог В.М.Шимкевич болды. Бұл бағдарламаға А.Я.Герд

8 слайд
Содан кейінгі жаңа бағдарлама авторы Петербург университетінің профессоры, зоолог В.М.Шимкевич болды. Бұл бағдарламаға А.Я.Гердтің бастауыш мектепке арналған идеялары қоса алынып, ол мынадай мазмұнда болды:  1 - класс Қатты, сұйық, газды заттармен танысу; Қыздыру барысында дене көлемінің ұлғаюы; термометрмен танысу. Су. Суды сүзу,  мұзға айналуы, булануы, тұманның және шықтың пайда болуы; тұздың еруі мен кристалдануы; ауа құрамындағы су. Ауа, ауаның серпімділігі, қысымы, қозғалысы; Ауа құрамы және тыныс алу және жану кезіндегі ауаның өзгеруі. Топырақ, топырақтың құрамы; тау жыныстары (қарапайым физикалық қасиеттері). 2 - класс Тұқым, тұқымның құрылысы, құрамы және өнуі. Сабақ, сабақ түрлері және атқаратын қызметі. Бүршік. Тамыр, түрлері және қызметтері; тамырдың түрөзгерісі. Жапырақ, құрылысы мен түрлері. Гүл,  түрлері, құрылысы мен бөліктерінің  атқаратын қызметтері. Жемістер, түрлері мен таралуы. 3 - класс Адам қаңқасы және оның құрамы. Сүтқоректілер, құстар мен балықтардан  айырмашылығы. Ас қорыту мүшелері; Қан айналу мүшелері; тыныс алу мүшелері; Сезім мүшелері. Тері жабыны. Осы бағдарлама «табиғаттану» курсы атауымен мектеп бағдарламасына мықтап енді, онда білім «табиғаттың үш патшалығы» бойынша жүргізілді. Жаратылыстанудың бастауыш мектепке арналған барлық оқулықтары осы нұсқа бойынша құрастырыла бастады.

1902 ЖЫЛДЫҢ КҮЗІНЕН БАСТАП БАҒДАРЛАМА БАРЛЫҚ МЕКТЕПТЕРГЕ ТОЛЫҚ ЕНГІЗІЛДІ. КУРС БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ «ТАБИҒАТТАНУ» ДЕП АТАЛА БАСТА

9 слайд
1902 ЖЫЛДЫҢ КҮЗІНЕН БАСТАП БАҒДАРЛАМА БАРЛЫҚ МЕКТЕПТЕРГЕ ТОЛЫҚ ЕНГІЗІЛДІ. КУРС БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ «ТАБИҒАТТАНУ» ДЕП АТАЛА БАСТАДЫ. ОҚУ МАТЕРИАЛЫ ТӨМЕНДЕГІДЕЙ ЖҮЙЕЛЕНДІ:  1 - класс. Өлі табиғат.  2 - класс. Өсімдіктер.  3 - класс. Жануарлар мен адам.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

10 слайд
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

10 слайд

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!