Ежелгі астрономия
Ежелгі астрономия

#1 слайд
Саба қтың тақырыбы: Ежелгі
Астрономия
Орындаған:
Кеңесова Айдана;
Мұратова Құндыз;
Болатбек Ботагөз
Тексерген: Иманжанова К.Т
1 слайд
Саба қтың тақырыбы: Ежелгі Астрономия Орындаған: Кеңесова Айдана; Мұратова Құндыз; Болатбек Ботагөз Тексерген: Иманжанова К.Т
#2 слайд
Астрономияның даму тарихы
Астрономия - табиғат туралы көне ғылымдардың бірі. Оның
дамуына ертедегі адамдардың тұрмыс тіршілігіне байланысты
қажеттілік себеп болды. Ол кезде уақытты, бағыт-бағдарды дәл
көрсететін құралдар мен жабдықтар болмаған. Сондықтан да
адамдар Күн мен Айға, аспандағы жұлдыздарға қарап жыл
мерзімі мен уақытты айыратын болған. Ал мұндай жұмыс аспан
денелерінің қозғалысын үнемі бақылап отыруды талап етті.
Аспан денелерінің қозғалысын бақылау қажеттігінен туындаған
ежелгі құрылыстардың орны Қазақстанда көптеп кездеседі.
Сөйтіп практикалық қажеттілік астрономия ғылымының тууына
ең басты түрткі болды.
Шығыс халықтарында біздің заманымыздан б.з.б. 6-шы ғ-дың
өзінде-ақ алғашқы астрономиялық түсініктер пайда
болған. Ежелгі Қытай мен Вавилонда негізгі уақыт бірлігінен
басқа, экватордың эклиптикаға көлбеулігі, Күн мен
Ай тұтылуының қайталану периоды ( сарос ) белгілі
еді. Грекияда Жердің шар тәрізділігі туралы ілім қалыптасты.
Қытай астрономы, 1765 ж.
Салынған сурет
2 слайд
Астрономияның даму тарихы Астрономия - табиғат туралы көне ғылымдардың бірі. Оның дамуына ертедегі адамдардың тұрмыс тіршілігіне байланысты қажеттілік себеп болды. Ол кезде уақытты, бағыт-бағдарды дәл көрсететін құралдар мен жабдықтар болмаған. Сондықтан да адамдар Күн мен Айға, аспандағы жұлдыздарға қарап жыл мерзімі мен уақытты айыратын болған. Ал мұндай жұмыс аспан денелерінің қозғалысын үнемі бақылап отыруды талап етті. Аспан денелерінің қозғалысын бақылау қажеттігінен туындаған ежелгі құрылыстардың орны Қазақстанда көптеп кездеседі. Сөйтіп практикалық қажеттілік астрономия ғылымының тууына ең басты түрткі болды. Шығыс халықтарында біздің заманымыздан б.з.б. 6-шы ғ-дың өзінде-ақ алғашқы астрономиялық түсініктер пайда болған. Ежелгі Қытай мен Вавилонда негізгі уақыт бірлігінен басқа, экватордың эклиптикаға көлбеулігі, Күн мен Ай тұтылуының қайталану периоды ( сарос ) белгілі еді. Грекияда Жердің шар тәрізділігі туралы ілім қалыптасты. Қытай астрономы, 1765 ж. Салынған сурет
#3 слайд
Әлемнің геоцентрлік жүйесі
Астрономияның алғашқы жетістіктерін б.д. ІІ ғасырда Александрия
астрономы Клавдий Птоломей қорытындылады. Ол жасаған дүниенің
геоцентрлік жүйесі бойынша қозғалмайтын Жерді айнала Ай, Меркурий,
Шолпан, Күн, Марс, Юпитер, Сатурн мен «жылжымайтын жұлдыздар
сферасы» қозғалып жүретін болды. Көптеген ғасырлар бойына шіркеу
дүниенің геоцентрлік жүйесін қолдап келді, өйткені шіркеу оқуының
өзінде Жер «Ғаламның орталығы» болып саналды. Птоломейдің дүние
жүйесі Ғаламның құрылымы жөніндегі мүлдем қате түсінікке
негізделгенімен , қанше дегенмен де ол аспан шырақтарының көрінерлік
қозғалысының көптеген ерекшеліктерін, соның ішінде ғаламшарлардың
тұзақ тәрізді қозғалысының мәнісін түсіндірді. Бұған Птоломей әрбір
ғаламшардың қозғалысын бірнеше бірқалыпты қозғалыстар үйлесімі
ретінде қарастыра отырып, көз жеткізді. Мысалы, ғаламшар Жерді айнала
қозғалып қана қоймайды, оның өзі де Жерді айнала қозғалатын нүктенің
маңайында қозғалады деп есептелді. Птоломей жасаған кестелер
аспандағы ғаламшардың орындарын алдын ала анықтауға мүмкіндік
туғызды.
3 слайд
Әлемнің геоцентрлік жүйесі Астрономияның алғашқы жетістіктерін б.д. ІІ ғасырда Александрия астрономы Клавдий Птоломей қорытындылады. Ол жасаған дүниенің геоцентрлік жүйесі бойынша қозғалмайтын Жерді айнала Ай, Меркурий, Шолпан, Күн, Марс, Юпитер, Сатурн мен «жылжымайтын жұлдыздар сферасы» қозғалып жүретін болды. Көптеген ғасырлар бойына шіркеу дүниенің геоцентрлік жүйесін қолдап келді, өйткені шіркеу оқуының өзінде Жер «Ғаламның орталығы» болып саналды. Птоломейдің дүние жүйесі Ғаламның құрылымы жөніндегі мүлдем қате түсінікке негізделгенімен , қанше дегенмен де ол аспан шырақтарының көрінерлік қозғалысының көптеген ерекшеліктерін, соның ішінде ғаламшарлардың тұзақ тәрізді қозғалысының мәнісін түсіндірді. Бұған Птоломей әрбір ғаламшардың қозғалысын бірнеше бірқалыпты қозғалыстар үйлесімі ретінде қарастыра отырып, көз жеткізді. Мысалы, ғаламшар Жерді айнала қозғалып қана қоймайды, оның өзі де Жерді айнала қозғалатын нүктенің маңайында қозғалады деп есептелді. Птоломей жасаған кестелер аспандағы ғаламшардың орындарын алдын ала анықтауға мүмкіндік туғызды.
#4 слайд
Астрономияның қалыптасуының қысқаша хронологиясы
Б.з.б.4 ғасырда Қытайда тұңғыш жұлдыз каталогы ( тізімі ) жасалды. Сол
ғасырда Ежелгі Грекияда Аристотель дүние құрылысының жалпы жүйесін
жасаған, оның орталығы Жер деп есептеген.
Б.з.б.3 ғасырда Александрия ғалымы Эратосфен Жердің мөлшерін анықтаған.
9-шы ғасырда Халиф Мамунның нұсқауы бойынша Бағдат маңындағы
Жер меридианы доғасының ұзындығы өлшенген.
13 ғасырда ат-Туси Оңтүстік Әзербайжанда обсерватория салдырып,
планеталар қозғалысының жаңа кестесін жасады. Осы ғасырда Пекинде
обсерватория салынды.Б.з.б.2 ғасырда Гиппарх Жер дүниенің ортасында қозғалмай тұрады деп
есептеп, планеталардың қозғалу теориясын жасаған. Ол 1022
жұлдыздың каталогын ұсынды. Ежелгі қазақ даласын мекендеген халық
жұлдыздар мен шоқжұлдыздардың орны бойынша жыл мезгілдері мен жер
тараптарын айыра білген.
11 ғасырда Бируни Жердің қозғалуы мүмкін деген идея айтқан.
4 слайд
Астрономияның қалыптасуының қысқаша хронологиясы Б.з.б.4 ғасырда Қытайда тұңғыш жұлдыз каталогы ( тізімі ) жасалды. Сол ғасырда Ежелгі Грекияда Аристотель дүние құрылысының жалпы жүйесін жасаған, оның орталығы Жер деп есептеген. Б.з.б.3 ғасырда Александрия ғалымы Эратосфен Жердің мөлшерін анықтаған. 9-шы ғасырда Халиф Мамунның нұсқауы бойынша Бағдат маңындағы Жер меридианы доғасының ұзындығы өлшенген. 13 ғасырда ат-Туси Оңтүстік Әзербайжанда обсерватория салдырып, планеталар қозғалысының жаңа кестесін жасады. Осы ғасырда Пекинде обсерватория салынды.Б.з.б.2 ғасырда Гиппарх Жер дүниенің ортасында қозғалмай тұрады деп есептеп, планеталардың қозғалу теориясын жасаған. Ол 1022 жұлдыздың каталогын ұсынды. Ежелгі қазақ даласын мекендеген халық жұлдыздар мен шоқжұлдыздардың орны бойынша жыл мезгілдері мен жер тараптарын айыра білген. 11 ғасырда Бируни Жердің қозғалуы мүмкін деген идея айтқан.
#5 слайд
Аспандағы кезеңдік өзгерістер ежелгі
дәуірден белгілі:
Күн мен түннің ауысуы.
Ай фазаларының өзгеруі.
Жыл мезгілдерінің ауысуы.
5 слайд
Аспандағы кезеңдік өзгерістер ежелгі дәуірден белгілі: Күн мен түннің ауысуы. Ай фазаларының өзгеруі. Жыл мезгілдерінің ауысуы.
#6 слайд
Аспан сферасындағы өзгерістерді бақылай отырып,
адамдар жердегі жыл мезгілдерінің ауысуымен олардың
байланысын байқады. Бұл аспан қозғалыстары жердегі
басқа құбылыстармен де байланысты деген идеяны
тудырды - олар жер тарихына әсер етеді немесе ең
маңызды оқиғаларды болжайды - патшалардың тууы,
соғыстар, ашаршылық, індеттер және т.б. Астрологиялық
қиялдарға сену ғылыми астрономияның дамуына үлкен
үлес қосты, әйтпесе билікке аспанды бақылаудың
практикалық пайдасын ақтау оңай болмас еді.Осы
себептерге байланысты ежелгі астрономдар тұтылу,
кометалардың пайда болуы, метеориттердің құлауы және
т.б. сияқты сирек және мерзімді емес құбылыстарға
ерекше назар аударды.
6 слайд
Аспан сферасындағы өзгерістерді бақылай отырып, адамдар жердегі жыл мезгілдерінің ауысуымен олардың байланысын байқады. Бұл аспан қозғалыстары жердегі басқа құбылыстармен де байланысты деген идеяны тудырды - олар жер тарихына әсер етеді немесе ең маңызды оқиғаларды болжайды - патшалардың тууы, соғыстар, ашаршылық, індеттер және т.б. Астрологиялық қиялдарға сену ғылыми астрономияның дамуына үлкен үлес қосты, әйтпесе билікке аспанды бақылаудың практикалық пайдасын ақтау оңай болмас еді.Осы себептерге байланысты ежелгі астрономдар тұтылу, кометалардың пайда болуы, метеориттердің құлауы және т.б. сияқты сирек және мерзімді емес құбылыстарға ерекше назар аударды.
#7 слайд
Ежелгі обсерваториялардың негізгі құралдары:
гномон (көлеңкенің ұзындығы бойынша Күннің
түскі биіктігін өлшеуге арналған тірек), уақытты
өлшеуге арналған күн сағаты және клепсидра;
аспаптардың көмегінсіз олар Айды және оның
фазаларын, планеталарды, шамдардың шығуы мен
бату сәттерін, олардың меридианнан өтуін, күн мен
айдың тұтылуын бақылаған. Кейінірек әртүрлі
жүйедегі гониометриялық аспаптар пайда болды.
Ежелгі Мысырлық күн сағаты Гномон
Су сағаты - Клепсидра
Ежелгі Мысырлық күн сағаты.
7 слайд
Ежелгі обсерваториялардың негізгі құралдары: гномон (көлеңкенің ұзындығы бойынша Күннің түскі биіктігін өлшеуге арналған тірек), уақытты өлшеуге арналған күн сағаты және клепсидра; аспаптардың көмегінсіз олар Айды және оның фазаларын, планеталарды, шамдардың шығуы мен бату сәттерін, олардың меридианнан өтуін, күн мен айдың тұтылуын бақылаған. Кейінірек әртүрлі жүйедегі гониометриялық аспаптар пайда болды. Ежелгі Мысырлық күн сағаты Гномон Су сағаты - Клепсидра Ежелгі Мысырлық күн сағаты.
#8 слайд
Гномон (ежелгі грек. γνώμων – көрсеткіш) – ең көне
астрономиялық аспап, Күннің бұрыштық биіктігін
оның көлеңкесінің ең қысқа ұзындығы бойынша (түске
қарай) анықтауға мүмкіндік беретін тік нысан (обелиск,
бағана, полюс). Ең қысқа көлеңке де шынайы
меридианның бағытын көрсетеді. Гномонды күн
сағатының бөлігі деп те атайды, оның көлеңкесі
бойынша күн сағатындағы уақыт анықталады.
8 слайд
Гномон (ежелгі грек. γνώμων – көрсеткіш) – ең көне астрономиялық аспап, Күннің бұрыштық биіктігін оның көлеңкесінің ең қысқа ұзындығы бойынша (түске қарай) анықтауға мүмкіндік беретін тік нысан (обелиск, бағана, полюс). Ең қысқа көлеңке де шынайы меридианның бағытын көрсетеді. Гномонды күн сағатының бөлігі деп те атайды, оның көлеңкесі бойынша күн сағатындағы уақыт анықталады.
#9 слайд
Clepsydra — көзге көрінбейтін резервуар
ішіндегі ағып жатқан судың қысымымен
жылжытылған көрсеткіш арқылы уақытты
өлшейтін су сағаты. Атау грек сөздерін
біріктіреді: клепто - жасырамын, гидор - су.Су
сағаттарының ең қарапайым және күрделі
конструкциялары біздің эрамызға дейінгі
екінші мыңжылдықтан белгілі. мәдениеті
дамыған елдерде: Греция, Месопотамия,
Египет, Үндістан.Ең қарапайым клепсидра
әртүрлі деңгейде орналасқан екі ыдыстан
тұрды. Жоғарғы саңылаудан астыңғы ыдысқа
су тамшылады.
9 слайд
Clepsydra — көзге көрінбейтін резервуар ішіндегі ағып жатқан судың қысымымен жылжытылған көрсеткіш арқылы уақытты өлшейтін су сағаты. Атау грек сөздерін біріктіреді: клепто - жасырамын, гидор - су.Су сағаттарының ең қарапайым және күрделі конструкциялары біздің эрамызға дейінгі екінші мыңжылдықтан белгілі. мәдениеті дамыған елдерде: Греция, Месопотамия, Египет, Үндістан.Ең қарапайым клепсидра әртүрлі деңгейде орналасқан екі ыдыстан тұрды. Жоғарғы саңылаудан астыңғы ыдысқа су тамшылады.
#10 слайд
Ежелгі Египет
Ертедегі гигант пирамидалар астрономиялық дәл
есептеулер нәтижесімен тұрғызылған.
10 слайд
Ежелгі Египет Ертедегі гигант пирамидалар астрономиялық дәл есептеулер нәтижесімен тұрғызылған.
#11 слайд
Ежелгі Қытай
Алғашқы астрономиялық обсерватория
біздің жыл санауымызға дейін 1100 жылы
салынған.
Қытай календарьының дәлдігі осы күнге
дейін таң қалдырады.
11 слайд
Ежелгі Қытай Алғашқы астрономиялық обсерватория біздің жыл санауымызға дейін 1100 жылы салынған. Қытай календарьының дәлдігі осы күнге дейін таң қалдырады.
#12 слайд
Ежелгі Вавилон
Күннің қозғалысын бақылау арқылы ежелгі
вавилондықтар, шеңберді 360° бөлді, әрбір
градус - 60 минут, әр минут – 60 секундқа
тең. Осы өлшемдерді біз қазір геометрияда
қолданамыз.
12 слайд
Ежелгі Вавилон Күннің қозғалысын бақылау арқылы ежелгі вавилондықтар, шеңберді 360° бөлді, әрбір градус - 60 минут, әр минут – 60 секундқа тең. Осы өлшемдерді біз қазір геометрияда қолданамыз.
#13 слайд
Астрономия ғылымының дамуына Орта азия
ғалымдары да көп үлес қосты.
Мұхаммед ибн Мұса әл Хорезми(787-870 жж)
Әбу Әли ибн Сина (Авиценна)(980-1037 жж),
Әбу Насыр әл-Фараби(870 -950 жж)
Әл-Бируни(973 -1050 жж),
Омар Хаям(1048 -1131 ж. ж. )
Мұхаммед Тарағай Ұлықбек (1394-1449 жж) т.б. көптеген
ғалымдар.
13 слайд
Астрономия ғылымының дамуына Орта азия ғалымдары да көп үлес қосты. Мұхаммед ибн Мұса әл Хорезми(787-870 жж) Әбу Әли ибн Сина (Авиценна)(980-1037 жж), Әбу Насыр әл-Фараби(870 -950 жж) Әл-Бируни(973 -1050 жж), Омар Хаям(1048 -1131 ж. ж. ) Мұхаммед Тарағай Ұлықбек (1394-1449 жж) т.б. көптеген ғалымдар.
#14 слайд
1609 жылы Галилео Галилей (1564-1642) тұңғыш рет телескопты
аспанға бағыттап, Коперниктің ілімін көрнекі түрде дәлелдейтін
жаңалық ашты. Ай бетінен ол тауларды көрді. Айдың беті Жер
бетіне біршама ұқсас және «Жер» мен «аспан» арасында
принциптілік айырмашылық жоқ. Галилей Юпитердің төрт серігін
ашты. Олардың Юпитерді айнала қозғалысы аспан денелері
қозғалысының орталығы тек Жер болуы керек деген қате түсінікті
жоққа шығарды. Галилей Шолпанның да Ай сияқты өз фазаларын
өзгертетінін байқады.Шолпан - Күннің сәулесіне шағылысып
жарық шығаратын шар тәрізді дене. Шолпан көрінісі өзгерістерінің
ерекшеліктерін зерттей келе, Галилей ол Жерді ғана емес, Күнді де
айнала қозғалады деген дұрыс тұжырым жасады. «Аспан
тазалығын» көрсететін Күн бетінен Галилей дақтарды көрді,
оларды бақылай жүріп, Күннің өз осінен айналатынын анықтады.
Ендеше, әр түрлі аспан денелеріне, мысалы, Күнге, осьтік айналу
тән екен. Ақырында ол, Құс жолы - жай көзбен ажыратуға
келмейтін мың-сан көмескі жұлдыздар екенін анықтады.
14 слайд
1609 жылы Галилео Галилей (1564-1642) тұңғыш рет телескопты аспанға бағыттап, Коперниктің ілімін көрнекі түрде дәлелдейтін жаңалық ашты. Ай бетінен ол тауларды көрді. Айдың беті Жер бетіне біршама ұқсас және «Жер» мен «аспан» арасында принциптілік айырмашылық жоқ. Галилей Юпитердің төрт серігін ашты. Олардың Юпитерді айнала қозғалысы аспан денелері қозғалысының орталығы тек Жер болуы керек деген қате түсінікті жоққа шығарды. Галилей Шолпанның да Ай сияқты өз фазаларын өзгертетінін байқады.Шолпан - Күннің сәулесіне шағылысып жарық шығаратын шар тәрізді дене. Шолпан көрінісі өзгерістерінің ерекшеліктерін зерттей келе, Галилей ол Жерді ғана емес, Күнді де айнала қозғалады деген дұрыс тұжырым жасады. «Аспан тазалығын» көрсететін Күн бетінен Галилей дақтарды көрді, оларды бақылай жүріп, Күннің өз осінен айналатынын анықтады. Ендеше, әр түрлі аспан денелеріне, мысалы, Күнге, осьтік айналу тән екен. Ақырында ол, Құс жолы - жай көзбен ажыратуға келмейтін мың-сан көмескі жұлдыздар екенін анықтады.
#15 слайд
Қазақстанда Астрономияның дамуы
Қазақстанда Іле өзенінің орта ағысындағы Малайсары
адырының батыс тұсын біздің заманымыздан бұрынғы 5
ғасырда жарты сақина түріндегі тастардан қаланған қорған
табылды. Батыс және шығыс тұстардағы екі қорған
арасындағы тік сызық жазғы күн тоқырауы, солтүстік және
шығыс қорғандар арасындағы тік жазық қысқы күн тоқырауы
сәтіндегі Күн сәулесіне сәйкес келеді. Орталық
ҚазақстандағыТолағай тауының маңындағы қорғанның
оңтүстік және солтүстік үштағандарының ұшында қосымша
үйілген тас қорғандар арқылы жыл мезгілдерінің басталуы,
Ай мен жұлдыздардың тоғысулары анықталып отырған.
15 слайд
Қазақстанда Астрономияның дамуы Қазақстанда Іле өзенінің орта ағысындағы Малайсары адырының батыс тұсын біздің заманымыздан бұрынғы 5 ғасырда жарты сақина түріндегі тастардан қаланған қорған табылды. Батыс және шығыс тұстардағы екі қорған арасындағы тік сызық жазғы күн тоқырауы, солтүстік және шығыс қорғандар арасындағы тік жазық қысқы күн тоқырауы сәтіндегі Күн сәулесіне сәйкес келеді. Орталық ҚазақстандағыТолағай тауының маңындағы қорғанның оңтүстік және солтүстік үштағандарының ұшында қосымша үйілген тас қорғандар арқылы жыл мезгілдерінің басталуы, Ай мен жұлдыздардың тоғысулары анықталып отырған.
#16 слайд
Назарларыңызға рахмет!
16 слайд
Назарларыңызға рахмет!
шағым қалдыра аласыз













