Ерте ортағасырлық мемлекеттер
Ерте ортағасырлық мемлекеттер

#1 слайд
Ерте ортағасырлық мемлекеттер
( VI-VIII ғғ.)
1 слайд
Ерте ортағасырлық мемлекеттер ( VI-VIII ғғ.)
#2 слайд
Түрік Қағанаты
VI ғасырдың басында бүгінгі қазақ жерінде аса күрделі бетбұрыстар
орын алды. Алтай, Сібір, Монғолия жерінде түрік тайпаларының үстем
тап өкілдері бірігіп, күшті әскер күшіне сүйенген Түрік қағанаты атты
феодалдық мемлекет құрылды. Түрік қағанатының жері Солтүстік
Моңғолиядан бастап Шығыс Еуропаға дейінгі өңірге дейін созылып,
қоныс өрісі Әмудәрияның жоғарғы ағысына дейін жетеді. Қазақстан да
осы қағандықтың құрамына кірді. Бұл мемлекет туралы жазба деректер
Түрік империясының өз тілінде VII-VIII ғасырларда жазылған Орхон-
Енисей жазбалары арқылы белгілі. Бұл ескерткіштер түркілер
мекендеген Енисей өзенінің бойы мен қазіргі Моңғолия жеріндегі Орхон
өзені маңайынан табылғандықтан “Орхон-Енисей” жазуы деп аталып
кеткен. Ескерткіштер – VII-VIII ғасырлардағы түркі ру-тайпаларының
іргелі елі Түрік қағандығының тұсында Білге қаған, Күлтегін (әскер
басы), Тоныкөк (ақылшы, кеңесші) сияқты атақты адамдарға арнап
тұрғызылған құлыптастағы жазулар.
2 слайд
Түрік Қағанаты VI ғасырдың басында бүгінгі қазақ жерінде аса күрделі бетбұрыстар орын алды. Алтай, Сібір, Монғолия жерінде түрік тайпаларының үстем тап өкілдері бірігіп, күшті әскер күшіне сүйенген Түрік қағанаты атты феодалдық мемлекет құрылды. Түрік қағанатының жері Солтүстік Моңғолиядан бастап Шығыс Еуропаға дейінгі өңірге дейін созылып, қоныс өрісі Әмудәрияның жоғарғы ағысына дейін жетеді. Қазақстан да осы қағандықтың құрамына кірді. Бұл мемлекет туралы жазба деректер Түрік империясының өз тілінде VII-VIII ғасырларда жазылған Орхон- Енисей жазбалары арқылы белгілі. Бұл ескерткіштер түркілер мекендеген Енисей өзенінің бойы мен қазіргі Моңғолия жеріндегі Орхон өзені маңайынан табылғандықтан “Орхон-Енисей” жазуы деп аталып кеткен. Ескерткіштер – VII-VIII ғасырлардағы түркі ру-тайпаларының іргелі елі Түрік қағандығының тұсында Білге қаған, Күлтегін (әскер басы), Тоныкөк (ақылшы, кеңесші) сияқты атақты адамдарға арнап тұрғызылған құлыптастағы жазулар.
#3 слайд
Түріктер 546 жылы Алтайды
мекендеген теле /тирек/ тайпасын
жеңіп, олардың 50 мыңнан астам
әскерін тұтқынға алып, өз армиясына
қосып алды. 552 жылы көктемде
түріктердің билеушісі Бумын өздерінің
билеушісі аварларға (жуань-жуандарға)
қарсы шығып, оларды ойсырата жеңіп,
Түрік қағанатын құрады. Түрік
ордасының алғашқы қағаны Бумын
болды. Бумын қаған 553 ж. қаза
табады. Оның мұрагері Мұқан-қаған
(553-572жж.) билік құрған жылдарда
Түрік қағанаты Орта Азияда саяси
үстемдікке ие болды. Олар
маньчжуриядағы кидандарды,
Енисейдегі қырғыздарды бағындырып,
Солтүстік Қытай мемлекетінен алым-
салық алып тұрды.
3 слайд
Түріктер 546 жылы Алтайды мекендеген теле /тирек/ тайпасын жеңіп, олардың 50 мыңнан астам әскерін тұтқынға алып, өз армиясына қосып алды. 552 жылы көктемде түріктердің билеушісі Бумын өздерінің билеушісі аварларға (жуань-жуандарға) қарсы шығып, оларды ойсырата жеңіп, Түрік қағанатын құрады. Түрік ордасының алғашқы қағаны Бумын болды. Бумын қаған 553 ж. қаза табады. Оның мұрагері Мұқан-қаған (553-572жж.) билік құрған жылдарда Түрік қағанаты Орта Азияда саяси үстемдікке ие болды. Олар маньчжуриядағы кидандарды, Енисейдегі қырғыздарды бағындырып, Солтүстік Қытай мемлекетінен алым- салық алып тұрды.
#4 слайд
571 жылы түріктердің әскери қолбасшысы Естеми Солтүстік
Кавказды басып алып, Керчь шығанағына (Боспорға) шығып, 576
жылы Қырым жеріне енеді. Бірақ Естеми өлгеннен кейін, қағанат
ішінде билік үшін қырқыс басталды. Өзара қырқыс пен әлеуметтік
қайшылықтар қағанатты қатты әлсіретіп, 588 жылы Герат түбінде
түріктер Ираннан жеңіліс тапса, 590 жылы Византия Боспорды қайта
жаулап алады. 581-618 жылдары Солтүстік Қытайдың қағанат
шекараларына шабуыл жасауы қағанатты одан бетер әлсірете түсіп,
Түрік қағанатындағы саяси күйзеліс ақырында 603 ж. қағанаттың
екіге - Шығыс және Батыс қағанаттарына бөлінуімен аяқталады.
Батыс түрік қағанаттың астанасы Жетісу жеріндегі Суяб қаласында
(қазіргі Тоқмақ қаласына жақын жерде), ал жазғы орталығы
Мыңбұлақта (Түркістан төңірегі) болды. Батыс түрік қағанаты ежелгі
үйсін жерін жайлап, Қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға
дейінгі жерді өздеріне қаратты. Сонымен қатар ол Шығыс түрік
қағанатының Шығыс Түркістан және Орта Азияның Самарқанд,
Бұқара тағы басқа қалаларын басып алды. Осы қалаларда қағанның
орынбасарлары отырды.
4 слайд
571 жылы түріктердің әскери қолбасшысы Естеми Солтүстік Кавказды басып алып, Керчь шығанағына (Боспорға) шығып, 576 жылы Қырым жеріне енеді. Бірақ Естеми өлгеннен кейін, қағанат ішінде билік үшін қырқыс басталды. Өзара қырқыс пен әлеуметтік қайшылықтар қағанатты қатты әлсіретіп, 588 жылы Герат түбінде түріктер Ираннан жеңіліс тапса, 590 жылы Византия Боспорды қайта жаулап алады. 581-618 жылдары Солтүстік Қытайдың қағанат шекараларына шабуыл жасауы қағанатты одан бетер әлсірете түсіп, Түрік қағанатындағы саяси күйзеліс ақырында 603 ж. қағанаттың екіге - Шығыс және Батыс қағанаттарына бөлінуімен аяқталады. Батыс түрік қағанаттың астанасы Жетісу жеріндегі Суяб қаласында (қазіргі Тоқмақ қаласына жақын жерде), ал жазғы орталығы Мыңбұлақта (Түркістан төңірегі) болды. Батыс түрік қағанаты ежелгі үйсін жерін жайлап, Қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жерді өздеріне қаратты. Сонымен қатар ол Шығыс түрік қағанатының Шығыс Түркістан және Орта Азияның Самарқанд, Бұқара тағы басқа қалаларын басып алды. Осы қалаларда қағанның орынбасарлары отырды.
#5 слайд
Т Ү Р Г Е Ш
Қ А Ғ А Н А Т Ы
Түргеш қағанаты 704-756 жылдар аралығында өмір сүрді. Қағанаттың
негізін қалаушы Үшелік-қаған болды. Қағандықтың территориясы Орта
Азияның оңтүстік-шығысында Шаш (Ташкент) қаласынан Шығыс
Түркістандағы Бесбалық, Турфан қалаларына дейінгі аралықты қамтыды. VI
ғасырда Тянь-Шань таулы аймақтарында өмір сүрген түргештер VII ғасырда
Жетісуға қоныс аударып, Батыс түрік қағанатының сол қанатының
құрамына енген, халқы ең көп тайпа болған. Қағандық халқының
этникалық құрамы негізінен сары және қара түргеш тайпаларынан тұрды.
Үшелік қаған өзінің негізгі тайпаларын екі Ордаға бөліп, басты орталығын
Суяб қаласында, екінші ордасын Іле аңғарындағы Күнгіт қаласында
орналастырған. Батыс түрік қағандығының құрамында болған басқа да
түрік тілдес тайпаларда түргештердің құрамына енген.
5 слайд
Т Ү Р Г Е Ш Қ А Ғ А Н А Т Ы Түргеш қағанаты 704-756 жылдар аралығында өмір сүрді. Қағанаттың негізін қалаушы Үшелік-қаған болды. Қағандықтың территориясы Орта Азияның оңтүстік-шығысында Шаш (Ташкент) қаласынан Шығыс Түркістандағы Бесбалық, Турфан қалаларына дейінгі аралықты қамтыды. VI ғасырда Тянь-Шань таулы аймақтарында өмір сүрген түргештер VII ғасырда Жетісуға қоныс аударып, Батыс түрік қағанатының сол қанатының құрамына енген, халқы ең көп тайпа болған. Қағандық халқының этникалық құрамы негізінен сары және қара түргеш тайпаларынан тұрды. Үшелік қаған өзінің негізгі тайпаларын екі Ордаға бөліп, басты орталығын Суяб қаласында, екінші ордасын Іле аңғарындағы Күнгіт қаласында орналастырған. Батыс түрік қағандығының құрамында болған басқа да түрік тілдес тайпаларда түргештердің құрамына енген.
#6 слайд
706 ж. Үшелік қаған қайтыс болып, оның орнына баласы Сақал қаған (706-711 жж.) отырды. Сақал қаған
тұсында мемлекет ішінде бірлік болмай қаған билігі үшін сары және қара түргеш тайпаларының
арасында талас-тартыс басталды. Оның үстіне қағанатқа батыстан арабтар, оңтүстіктен қытайдың Таң
империясы, шығыстан Орталық Азия түріктері қауіп төндірді. Ішкі тартыстардың барысында қара
түргештер жеңіске жетіп, олардың көсемі Сұлу-қаған (715-738 ж.ж.) билікке келеді. Оның тұсында
Түргеш қағанаты күшейіп, нығайды. Мемлекет астанасы Талас (Тараз) қаласына ауысады. Сұлу қаған
мемлекет ішінде тыныштық орнатып, бар күшті батыстағы арабтарға қарсы жұмылдыруға мүмкіндік
алады.
6 слайд
706 ж. Үшелік қаған қайтыс болып, оның орнына баласы Сақал қаған (706-711 жж.) отырды. Сақал қаған тұсында мемлекет ішінде бірлік болмай қаған билігі үшін сары және қара түргеш тайпаларының арасында талас-тартыс басталды. Оның үстіне қағанатқа батыстан арабтар, оңтүстіктен қытайдың Таң империясы, шығыстан Орталық Азия түріктері қауіп төндірді. Ішкі тартыстардың барысында қара түргештер жеңіске жетіп, олардың көсемі Сұлу-қаған (715-738 ж.ж.) билікке келеді. Оның тұсында Түргеш қағанаты күшейіп, нығайды. Мемлекет астанасы Талас (Тараз) қаласына ауысады. Сұлу қаған мемлекет ішінде тыныштық орнатып, бар күшті батыстағы арабтарға қарсы жұмылдыруға мүмкіндік алады.
#7 слайд
Қарлұқтар туралы алғашқы деректер V ғасырда олардың тирек тайпаларының құрамында болғандығын
айтады. Қарлұқ туралы алғашқы дерек “суй әулетінің тарихында” 581-618 жылдары кездеседі. Онда
қарлұқтар өздерінің басты руының атымен бұлақ (було) деп аталған. Қарлұқ тайпаларының әуелгі
орналасқан аймағы – Батыс Алтай мен Тарбағатай арасындағы өлке. VII ғ. орта кезінде қарлұқ бірлестігінің
құрамына ірі-ірі үш тайпа – бұлақ, шігіл және ташлық кірген. Әмудәриядан бастап Қытайға дейінгі
түріктердің барлығын шігіл деп атаған. ІХ ғасырдың аяғында қарлұқтардың жағдайы біршама нашарлады.
Себебі Орта Азиядан саманидтер әулеті мен арабтардың шабуылы жиілейді. Сөйтіп, саманидтер мен қарлұқ
қағандығының арасында Оңтүстік Қазақстан жері үшін ұзақ жылдарға созылған күрес басталды. 893 жылы
Тараз қаласына Саманидтердің тегеурінді шапқыншылығы жасалды. Саманидтер Испиджаб, Тараз
қалаларына өз ықпалын күшейтіп, мұсылман дінін енгізе бастады. Х ғасырдың басында Қарлұқ қағанатының
жағдайы ішкі қырқыс, талас-тартыстардың нәтижесінде әлсіреді. Осы жағдайды пайдаланған Қашғар
жеріндегі түрік тілдес тайпалар 940 жылы Баласағұн, Испиджаб қалаларын басып алады да, Қарлұқ
мемлекеті құлап, Шу аңғарында Қарахандар әулетінің үстемдігі орнайды. Қарлұқ қағанаты (756-940 ж.ж.).
7 слайд
Қарлұқтар туралы алғашқы деректер V ғасырда олардың тирек тайпаларының құрамында болғандығын айтады. Қарлұқ туралы алғашқы дерек “суй әулетінің тарихында” 581-618 жылдары кездеседі. Онда қарлұқтар өздерінің басты руының атымен бұлақ (було) деп аталған. Қарлұқ тайпаларының әуелгі орналасқан аймағы – Батыс Алтай мен Тарбағатай арасындағы өлке. VII ғ. орта кезінде қарлұқ бірлестігінің құрамына ірі-ірі үш тайпа – бұлақ, шігіл және ташлық кірген. Әмудәриядан бастап Қытайға дейінгі түріктердің барлығын шігіл деп атаған. ІХ ғасырдың аяғында қарлұқтардың жағдайы біршама нашарлады. Себебі Орта Азиядан саманидтер әулеті мен арабтардың шабуылы жиілейді. Сөйтіп, саманидтер мен қарлұқ қағандығының арасында Оңтүстік Қазақстан жері үшін ұзақ жылдарға созылған күрес басталды. 893 жылы Тараз қаласына Саманидтердің тегеурінді шапқыншылығы жасалды. Саманидтер Испиджаб, Тараз қалаларына өз ықпалын күшейтіп, мұсылман дінін енгізе бастады. Х ғасырдың басында Қарлұқ қағанатының жағдайы ішкі қырқыс, талас-тартыстардың нәтижесінде әлсіреді. Осы жағдайды пайдаланған Қашғар жеріндегі түрік тілдес тайпалар 940 жылы Баласағұн, Испиджаб қалаларын басып алады да, Қарлұқ мемлекеті құлап, Шу аңғарында Қарахандар әулетінің үстемдігі орнайды. Қарлұқ қағанаты (756-940 ж.ж.).
#8 слайд
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ !!!
8 слайд
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ !!!
шағым қалдыра аласыз













