"Ертегілер елінде" картотека




1 слайд
Ертегілер елінде
Картотека
1 слайд
Ертегілер елінде Картотека

2 слайд
Баяғы бір заманда шал мен кемпір болыпты.
Олардың бақшасы бар екен. Бірде шал шалқан
отырғызады. Шалқан үп-үлкен боп өседі. Бір күні
шал шалқанды жерден суырып алмақшы болады.
Ары тартады, бері тартады. Бірақ шалқанды
шығара алмайды. Шал көмекке кемпірін
шақырады. Кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап,
ары тартады, бері тартады. Бірақ орнынан
қозғалта да алмайды. Кемпір көмекке немере
қызын шақырады. Немересі кемпірден, кемпір
шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары тартады, бері
тартады. Тағы да суырып шығара алмайды.
Немере қызы итін шақырады. Ит қыздың етег
інен, немересі кемпірден, кемпір шалдан, шал
шалқаннан ұстап, ары тартады, бері тартады.
Шалқанды суыра алмайды. Енді ит көмекке
мысықты шақырады. Мысық иттің құйрығынан,
ит қыздың етегінен, немересі кемпірден, кемпір
шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары жұлқиды, бері
жұлқиды. Шалқан шықпайды. Мысық болса,
тышқанды шақырады. Тышқан келіп мысықтың
құйрығынан, мысық иттен, ит немересінің
етегінен, қыз кемпірден, кемпір шалдан, шал
шалқаннан ұстайды. Олар тарта-тарта ақыры
шалқанды суырып шығарады. «Шалқан» ертегісі
2 слайд
Баяғы бір заманда шал мен кемпір болыпты. Олардың бақшасы бар екен. Бірде шал шалқан отырғызады. Шалқан үп-үлкен боп өседі. Бір күні шал шалқанды жерден суырып алмақшы болады. Ары тартады, бері тартады. Бірақ шалқанды шығара алмайды. Шал көмекке кемпірін шақырады. Кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары тартады, бері тартады. Бірақ орнынан қозғалта да алмайды. Кемпір көмекке немере қызын шақырады. Немересі кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары тартады, бері тартады. Тағы да суырып шығара алмайды. Немере қызы итін шақырады. Ит қыздың етег інен, немересі кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары тартады, бері тартады. Шалқанды суыра алмайды. Енді ит көмекке мысықты шақырады. Мысық иттің құйрығынан, ит қыздың етегінен, немересі кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары жұлқиды, бері жұлқиды. Шалқан шықпайды. Мысық болса, тышқанды шақырады. Тышқан келіп мысықтың құйрығынан, мысық иттен, ит немересінің етегінен, қыз кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстайды. Олар тарта-тарта ақыры шалқанды суырып шығарады. «Шалқан» ертегісі

3 слайд
Қарлығаштың құйрығы неге айыр?
Күндердің бір күні Жылан жер жүзіндегі жанды мен жансыздарға мынадай арыз айтады: — Мені Тәңірім сендердің бәріңнен кем жаратыпты. Аяқ-қолым жоқ. Басымды көтере алмай,
жер бауырлап қалдым. Не жеп, не қоярымды да білмеймін. Сендердің бәрің бір бүтін тілдісіңдер, ал мен айыр тілдімін. Ойлап отырсам, жанды мен жансыздың ішіндегі сорлысы мен
екенмін. Маған ешқайсыңның жәрдем еткілерің келмейді. «Сен қасіретті көп тарттың, ондайлар әрдайым әділ келеді, сен барлығымызға патша да бола аласың» деп, сөзбен болса да
жұбатып кетпейсіңдер, – деп, ол екі көзінен қанды жасын сорғалатып, ағыл-тегіл жылайды. Жанды-жансыздың барлығы жыланға аяныш білдіріп, өкпесін орынды көреді, «қарасың
деп шықпайтын, қара қылды қақ жарған, ақ жүрек ақылшымыз болар» десіп, өздеріне патша етіп сайлайды. Жыл артынан жыл, күн артынан күн өтіп жатады. Күндердің күнінде
Жыланекең: «Бүкіл әлемге патша болып, барлық билікті өз қолыма алсам, бұдан да жақсы тұрар едім. Көзіме көрінген тамақты ішпей, дүниедегі жандылардың ең тәтті қандысын жер
едім», – деп қиялдайды. Қан дәмін айыра алатындарды шақыртады. Қос қанатын делдитіп, аяқтарын шілтитіп, қуарып Шіркей, тұмсығын едірейтіп Маса, патшаның көңілін табам
деушілердің бәрі
келеді. Патша осылардың ішінен Шіркей мен Масаға: — Жер жүзін аралап, өсімдіктердің дәмін татып, жанды-жансыздың қанын сорып қайтыңдар, тек бұлар ғана емес, қаттыдан
тастың, жұмсақтан топырақтың да дәмін алыңдар. Дүниедегі ең тәтті зат бұдан былай менің тамағым болатындай етіңдер, – деп, уақыт кесіп, бүкіл әлемді шарлатып жібереді. Күн
артынан күн өтіп, патшаның кесіп берген мезгілі де жетеді. Шіркей әлсіздігінен жел болса, шөптің түбіне қашып тығылып, тымықта ыңылдап ән салғансып жүріп, кешігіп қалады. Ал
Маса өсімдік пен жандылардың ең тәттісін біліп алып, патшасына қарай әуелей ұшып, әндетіп келе жатқанда, Қарлығаш кез болады. — Иә, Маса досым, патшамызға ең тәтті тамақ
іздеп кетті деп естіп едік, таптың ба? Маса Қарлығашты менсінбей, сұрағына жауап қатпай, зулай жөнеледі. — Ә, ә, түсіндім, түсіндім! Жолың болып, іздегеніңді тапқан екенсің,
достым... Азаматсың өзің! Сенің ептілігіңді, еш нәрседен тайынбайтын бір беттілігіңді білгемін. Осы қасиетіңді енді барлық қанаттыларға айта жүретін боламыз, – деп, Қарлығаш
Масадан сыр тарта, мадақтай сөйлейді. Бұл мақтауға Масаның есі шыға мастанып: — Патшамыздың тамағына кімді тапқанымды білесің бе? — Е, Маса досым, мен не білуші едім?
Сізден денемнің үлкендігі болмаса, ақылым аз емес пе?! Сіз патшаның ақылшысысыз. Кәне, төрем, айтыңызшы, ардақты патшамыздың тамағына кімді таптыңыз? Маса еліре түсіп: —
Дүниеде патшамызға лайықты ең тәтті тамақ адам қаны екен. «Һм... Адам сияқты ақылды да айлалы жан домаланған сілімтік жарымжанға жем болып қала ма» деп, қарлығаш бір амал
ойлайды. — Менің ақылымның қысқалығы осы емес пе, Маса төрем! Адамның қаны тәтті дегеніңізге сенер-сенбесімді білмей келем. «Дүниеде тәтті қанды тауып, дәмін татқанның
тіліне алтын мөр түсіп қалады» деп, шешем көп айтушы еді. Кәне, тіліңізді шығарып, мөріңізді көрсетіңізші! Алтын мөрге көз салғанның өзі біз үшін үлкен бір медеу ғой. Бұл
мақтауға елірген ессіз Маса: — Көрсең, көре ғой, байғұс! – деп, тілін ұсынады. Қарлығаш шап беріп, Масаның тілін жұлып алғанда, ол сөйлей алмай, ыз-ыз етіп, патшасы Жыланға
қарай ұша жөнеледі. «Қош, тілің жұлынды. Аузыңа құм құйылды. Адамның қанының тәттілігін енді қалай түсіндірер екенсің?» деген оймен Қарлығаш артынан ұшады. Маса
бірдемелерді айтқысы келіп, ыз-ыз етіп зар қағады. Бірақ еш нәрсені түсіндіре алмайды Жыланға. — Мұның тілі аузынан түсіп қалған ба, немесе жынданған ба? Мынаның не деп
тұрғанын түсінгендерің бар ма? – деп, Жылан тұрғандарға қарайды. — Өте түсінікті, патшам! – дейді Қарлығаш сонда. — Түн көрмей кетейін, бірдеңе ұқсам, кәне, түсінсең айтшы, не
деп тұр? — Ызыңдап ұшып жүріп, бүкіл әлемді араладым. Бірақ неше түрлі өсімдікті өзі өсіріп шығарған топырақтан басқа еш нәрсені таппадым, - дейді патшам! Тілі сөйлеуге
жарамаса да құлағы сау Маса мұны естігенде, жаны шығып кете жаздайды. Ол ызыңдап кеп, Қарлығашқа екі-үш рет тиіседі де Жыланның алдына барып жылап жібереді. — Ә, ә,
мұның тіліне бір пәле қылған сен екенсің ғой, – деп, Жылан Қарлығашқа атылып кеп кетеді. Қарлығаш ұша жөнеледі. Жылан ұша жөнелген Қарлығаштың құйрығын ғана тістеп
қалады. Жылан содан былай топырақ жалап, ал Маса ызылдап қалады. Адам жыланды көрсе өлтіріп, басын езетін болады. Қарлығаш жыланнан қорқып, адамды дос тұтып, үйдің
төбесіне ұя салады, бірақ оның құйрығы кем, екі айырық, болып қалады.
3 слайд
Қарлығаштың құйрығы неге айыр? Күндердің бір күні Жылан жер жүзіндегі жанды мен жансыздарға мынадай арыз айтады: — Мені Тәңірім сендердің бәріңнен кем жаратыпты. Аяқ-қолым жоқ. Басымды көтере алмай, жер бауырлап қалдым. Не жеп, не қоярымды да білмеймін. Сендердің бәрің бір бүтін тілдісіңдер, ал мен айыр тілдімін. Ойлап отырсам, жанды мен жансыздың ішіндегі сорлысы мен екенмін. Маған ешқайсыңның жәрдем еткілерің келмейді. «Сен қасіретті көп тарттың, ондайлар әрдайым әділ келеді, сен барлығымызға патша да бола аласың» деп, сөзбен болса да жұбатып кетпейсіңдер, – деп, ол екі көзінен қанды жасын сорғалатып, ағыл-тегіл жылайды. Жанды-жансыздың барлығы жыланға аяныш білдіріп, өкпесін орынды көреді, «қарасың деп шықпайтын, қара қылды қақ жарған, ақ жүрек ақылшымыз болар» десіп, өздеріне патша етіп сайлайды. Жыл артынан жыл, күн артынан күн өтіп жатады. Күндердің күнінде Жыланекең: «Бүкіл әлемге патша болып, барлық билікті өз қолыма алсам, бұдан да жақсы тұрар едім. Көзіме көрінген тамақты ішпей, дүниедегі жандылардың ең тәтті қандысын жер едім», – деп қиялдайды. Қан дәмін айыра алатындарды шақыртады. Қос қанатын делдитіп, аяқтарын шілтитіп, қуарып Шіркей, тұмсығын едірейтіп Маса, патшаның көңілін табам деушілердің бәрі келеді. Патша осылардың ішінен Шіркей мен Масаға: — Жер жүзін аралап, өсімдіктердің дәмін татып, жанды-жансыздың қанын сорып қайтыңдар, тек бұлар ғана емес, қаттыдан тастың, жұмсақтан топырақтың да дәмін алыңдар. Дүниедегі ең тәтті зат бұдан былай менің тамағым болатындай етіңдер, – деп, уақыт кесіп, бүкіл әлемді шарлатып жібереді. Күн артынан күн өтіп, патшаның кесіп берген мезгілі де жетеді. Шіркей әлсіздігінен жел болса, шөптің түбіне қашып тығылып, тымықта ыңылдап ән салғансып жүріп, кешігіп қалады. Ал Маса өсімдік пен жандылардың ең тәттісін біліп алып, патшасына қарай әуелей ұшып, әндетіп келе жатқанда, Қарлығаш кез болады. — Иә, Маса досым, патшамызға ең тәтті тамақ іздеп кетті деп естіп едік, таптың ба? Маса Қарлығашты менсінбей, сұрағына жауап қатпай, зулай жөнеледі. — Ә, ә, түсіндім, түсіндім! Жолың болып, іздегеніңді тапқан екенсің, достым... Азаматсың өзің! Сенің ептілігіңді, еш нәрседен тайынбайтын бір беттілігіңді білгемін. Осы қасиетіңді енді барлық қанаттыларға айта жүретін боламыз, – деп, Қарлығаш Масадан сыр тарта, мадақтай сөйлейді. Бұл мақтауға Масаның есі шыға мастанып: — Патшамыздың тамағына кімді тапқанымды білесің бе? — Е, Маса досым, мен не білуші едім? Сізден денемнің үлкендігі болмаса, ақылым аз емес пе?! Сіз патшаның ақылшысысыз. Кәне, төрем, айтыңызшы, ардақты патшамыздың тамағына кімді таптыңыз? Маса еліре түсіп: — Дүниеде патшамызға лайықты ең тәтті тамақ адам қаны екен. «Һм... Адам сияқты ақылды да айлалы жан домаланған сілімтік жарымжанға жем болып қала ма» деп, қарлығаш бір амал ойлайды. — Менің ақылымның қысқалығы осы емес пе, Маса төрем! Адамның қаны тәтті дегеніңізге сенер-сенбесімді білмей келем. «Дүниеде тәтті қанды тауып, дәмін татқанның тіліне алтын мөр түсіп қалады» деп, шешем көп айтушы еді. Кәне, тіліңізді шығарып, мөріңізді көрсетіңізші! Алтын мөрге көз салғанның өзі біз үшін үлкен бір медеу ғой. Бұл мақтауға елірген ессіз Маса: — Көрсең, көре ғой, байғұс! – деп, тілін ұсынады. Қарлығаш шап беріп, Масаның тілін жұлып алғанда, ол сөйлей алмай, ыз-ыз етіп, патшасы Жыланға қарай ұша жөнеледі. «Қош, тілің жұлынды. Аузыңа құм құйылды. Адамның қанының тәттілігін енді қалай түсіндірер екенсің?» деген оймен Қарлығаш артынан ұшады. Маса бірдемелерді айтқысы келіп, ыз-ыз етіп зар қағады. Бірақ еш нәрсені түсіндіре алмайды Жыланға. — Мұның тілі аузынан түсіп қалған ба, немесе жынданған ба? Мынаның не деп тұрғанын түсінгендерің бар ма? – деп, Жылан тұрғандарға қарайды. — Өте түсінікті, патшам! – дейді Қарлығаш сонда. — Түн көрмей кетейін, бірдеңе ұқсам, кәне, түсінсең айтшы, не деп тұр? — Ызыңдап ұшып жүріп, бүкіл әлемді араладым. Бірақ неше түрлі өсімдікті өзі өсіріп шығарған топырақтан басқа еш нәрсені таппадым, - дейді патшам! Тілі сөйлеуге жарамаса да құлағы сау Маса мұны естігенде, жаны шығып кете жаздайды. Ол ызыңдап кеп, Қарлығашқа екі-үш рет тиіседі де Жыланның алдына барып жылап жібереді. — Ә, ә, мұның тіліне бір пәле қылған сен екенсің ғой, – деп, Жылан Қарлығашқа атылып кеп кетеді. Қарлығаш ұша жөнеледі. Жылан ұша жөнелген Қарлығаштың құйрығын ғана тістеп қалады. Жылан содан былай топырақ жалап, ал Маса ызылдап қалады. Адам жыланды көрсе өлтіріп, басын езетін болады. Қарлығаш жыланнан қорқып, адамды дос тұтып, үйдің төбесіне ұя салады, бірақ оның құйрығы кем, екі айырық, болып қалады.

4 слайд
ТҮЛКІ, ТАСБАҚА МЕН КЕНЕ
Баяғы заманда бір түлкі, бір тасбақа және бір кене – үшеуі жолдас болып келе жатса, бір жерде бір
уыс тары жатыр екен. Үшеуі ойласып:
- Мұны тұқым қылып, жерге егіп, көбейтіп, бөліп алайық,- дейді.Түлкі бір жарды көріп:
- Мен осы жарды сүйеп тұрайын, болмаса құлап кетер, – деп, көлеңкені саялап, жатып алады.
Тасбақа байғұс жер тырналап, кене сорлы тарыны жиып, егіп әлекке түседі. Сөйтіп, көп бейнет
шегіп, піскен соң ол тарыны орып алады. Бастырғанда бір аяқ тары болады. Біреуі барып, түлкіні
шақырып келеді. Түлкі келе сала:
- Бұл тарыны үшеумізге бөлуге болмайды. Үшке бөлгесін бұл әрқайсымызға қаншадан тиеді дейсің.
Онан да үшеуміз жарысып, қай озғанымыз алайық, – дейді.
- Мақұл! – деп, үшеуі бір жерге келіп, қатарласып тұрады.Түлкі:
- Ал кеттік! – деп, жөней бергенде, кене түлкінің башпайына жабысып, бірге кетеді. Түлкі өліп-өшіп,
барынша жүгіріп келіп, қырманға отыра бергенде, кене:
- Ай, сорлы мені басып өлтіресің бе? – дейді.
- Ой, сен қашан келдің? – дейді түлкі.
- Сен бағана «Ал кеттік!» дегенде-ақ мен келіп қалғанмын!-дейді кене.
Екеуі дауласып жатқанда, аузы-мұрны қан-қан болып, тасбақа келеді. Келе сала:
- Ойбай, түлкі, мен бір бәле көріп келдім! Жаңа сендердің артыңнан екі қарагер аты бар, қара бүркіті
бар және екі тазысы бар екі адам келіп, жаңағ қасыңдағы түлкі жолдасынды тауып бер деп, менің
аузы-мұрнымды қан қылды.Сонда да айтқаным жоқ, осы жаққа қарай келе жатыр, – дейді.Түлкі:
- Айналайындар-ай, мені айта көрмеңдер! Мына тарыны екеуің тең бөліп ал, мен сендерге риза
болайын. Олар келсе: «Білмейміз қайда кеткенін» деңдер, – деп, тұра жөнеліпті.
Сөйтіп, тарыны тасбақа мен кене бөліп алыпты.
4 слайд
ТҮЛКІ, ТАСБАҚА МЕН КЕНЕ Баяғы заманда бір түлкі, бір тасбақа және бір кене – үшеуі жолдас болып келе жатса, бір жерде бір уыс тары жатыр екен. Үшеуі ойласып: - Мұны тұқым қылып, жерге егіп, көбейтіп, бөліп алайық,- дейді.Түлкі бір жарды көріп: - Мен осы жарды сүйеп тұрайын, болмаса құлап кетер, – деп, көлеңкені саялап, жатып алады. Тасбақа байғұс жер тырналап, кене сорлы тарыны жиып, егіп әлекке түседі. Сөйтіп, көп бейнет шегіп, піскен соң ол тарыны орып алады. Бастырғанда бір аяқ тары болады. Біреуі барып, түлкіні шақырып келеді. Түлкі келе сала: - Бұл тарыны үшеумізге бөлуге болмайды. Үшке бөлгесін бұл әрқайсымызға қаншадан тиеді дейсің. Онан да үшеуміз жарысып, қай озғанымыз алайық, – дейді. - Мақұл! – деп, үшеуі бір жерге келіп, қатарласып тұрады.Түлкі: - Ал кеттік! – деп, жөней бергенде, кене түлкінің башпайына жабысып, бірге кетеді. Түлкі өліп-өшіп, барынша жүгіріп келіп, қырманға отыра бергенде, кене: - Ай, сорлы мені басып өлтіресің бе? – дейді. - Ой, сен қашан келдің? – дейді түлкі. - Сен бағана «Ал кеттік!» дегенде-ақ мен келіп қалғанмын!-дейді кене. Екеуі дауласып жатқанда, аузы-мұрны қан-қан болып, тасбақа келеді. Келе сала: - Ойбай, түлкі, мен бір бәле көріп келдім! Жаңа сендердің артыңнан екі қарагер аты бар, қара бүркіті бар және екі тазысы бар екі адам келіп, жаңағ қасыңдағы түлкі жолдасынды тауып бер деп, менің аузы-мұрнымды қан қылды.Сонда да айтқаным жоқ, осы жаққа қарай келе жатыр, – дейді.Түлкі: - Айналайындар-ай, мені айта көрмеңдер! Мына тарыны екеуің тең бөліп ал, мен сендерге риза болайын. Олар келсе: «Білмейміз қайда кеткенін» деңдер, – деп, тұра жөнеліпті. Сөйтіп, тарыны тасбақа мен кене бөліп алыпты.

5 слайд
БӨДЕНЕ МЕН ТҮЛКІ
Бар екен, жоқ екен, баяғыда бөдене мен түлкі дос болған екен. Бір күні түлкі бөденеге айтады:
– Досым, сен мені бір өлердей, күлдірші,– дейді. Бөдене:
– Жарайды, соңыма ер, — дейді. Сөйтеді де, бөдене бытбылдық, бытбылдық деп, ұшып кете береді,
түлкі оның соңынан еріп отырады. Әлдене уақытта бөдене бір ауылдың сыртына келіп қонып, түлкіге:
– Досым сен осы жерде қарап отыр, мен сені қазір күлдірем,– дейді. Осылай деп, бөдене ұшып барып,
сиыр сауып отырған бір әйелдің басына қонады. Мұны үйдің жанында ағаш жонып отырған оның
күйеуі көріп:
– Қатын, басыңа бөдене қонды, қозғалма, оны мен ұрып алайын, – дейді. Дейді де, қолағашты алып,
бөденеге жіберіп қалады. Бөдене ұшып кетеді. Әйел сулап қалады. Түлкі шек-сілесі қатып күледі.
Түлкі әлдене уақытта күлкісін әрең тыйып:
– Досым, ризамын, өлердей күлдірдің. Енді сен мені өлердей бір қорқытшы, – дейді. Бөдене:
– Жарайды. Мен бытбылдық, бытбылдық деп ұшып отырам, сен көзіңді тарс жұмып, менің соңымнан
еріп отыр. Қөзіңді мен аш дегенде ғана аш, – дейді. Осылай бөдене бытбылдықтап ұшып отырады,
түлкі көзін жұмып, оның соңынан жортып отырады. Бір кезде бөдене түлкіге:
– Көзіңді аш, – дейді. Түлкі көзін ашып жіберсе, төңірегі тола ит жүгіртіп, құс салған аңшы екен.
Түлкінің жүрегі тас төбесіне шығады.
– Өлді деген осы екен, — деп, ол бар пәрменімен қаша жөнеледі. Ит, құс соңына түсіп қуады.
Түлкі бір уақытта қашып құтылып, бір бұтаның түбіне келіп, демалып отырады. Әлденеуақытта
бөдене келеді. Оған түлкі ашуланып:
– Қорқыт дегенде осылай қорқыт деп пе, ем. Сен мені қорқытпақшы емес, өлтірмекші болған екенсің.
Сен маған дос емес, қас екенсің. Мен сені жеймін деп, бөденеге дүрсе ұмтылады. Бөдене пыр етіп,
ұшып кетеді. Түлкі оның құйрығың жулып алып қалады.
Бөдененің құйрығы осыдан шолақ болған екен .
5 слайд
БӨДЕНЕ МЕН ТҮЛКІ Бар екен, жоқ екен, баяғыда бөдене мен түлкі дос болған екен. Бір күні түлкі бөденеге айтады: – Досым, сен мені бір өлердей, күлдірші,– дейді. Бөдене: – Жарайды, соңыма ер, — дейді. Сөйтеді де, бөдене бытбылдық, бытбылдық деп, ұшып кете береді, түлкі оның соңынан еріп отырады. Әлдене уақытта бөдене бір ауылдың сыртына келіп қонып, түлкіге: – Досым сен осы жерде қарап отыр, мен сені қазір күлдірем,– дейді. Осылай деп, бөдене ұшып барып, сиыр сауып отырған бір әйелдің басына қонады. Мұны үйдің жанында ағаш жонып отырған оның күйеуі көріп: – Қатын, басыңа бөдене қонды, қозғалма, оны мен ұрып алайын, – дейді. Дейді де, қолағашты алып, бөденеге жіберіп қалады. Бөдене ұшып кетеді. Әйел сулап қалады. Түлкі шек-сілесі қатып күледі. Түлкі әлдене уақытта күлкісін әрең тыйып: – Досым, ризамын, өлердей күлдірдің. Енді сен мені өлердей бір қорқытшы, – дейді. Бөдене: – Жарайды. Мен бытбылдық, бытбылдық деп ұшып отырам, сен көзіңді тарс жұмып, менің соңымнан еріп отыр. Қөзіңді мен аш дегенде ғана аш, – дейді. Осылай бөдене бытбылдықтап ұшып отырады, түлкі көзін жұмып, оның соңынан жортып отырады. Бір кезде бөдене түлкіге: – Көзіңді аш, – дейді. Түлкі көзін ашып жіберсе, төңірегі тола ит жүгіртіп, құс салған аңшы екен. Түлкінің жүрегі тас төбесіне шығады. – Өлді деген осы екен, — деп, ол бар пәрменімен қаша жөнеледі. Ит, құс соңына түсіп қуады. Түлкі бір уақытта қашып құтылып, бір бұтаның түбіне келіп, демалып отырады. Әлденеуақытта бөдене келеді. Оған түлкі ашуланып: – Қорқыт дегенде осылай қорқыт деп пе, ем. Сен мені қорқытпақшы емес, өлтірмекші болған екенсің. Сен маған дос емес, қас екенсің. Мен сені жеймін деп, бөденеге дүрсе ұмтылады. Бөдене пыр етіп, ұшып кетеді. Түлкі оның құйрығың жулып алып қалады. Бөдененің құйрығы осыдан шолақ болған екен .

6 слайд
ТЫШҚАН МЕН ЖЫЛАН
Бір тышқан тамақ аулап, ініне қайтып келсе, онда бір жылан
жатыр екен. Тышқан мұнан жаман қорқып, қуып шығаруға
батпай, ақыл сұрай, өзінің қайғысын айтқалы көршілеріне барады.
Ақылды тышқандар жиылысып отырып, кеңесін айтыпты:
- Сен ол інді тастап, өзге ін қазып ал. Жылан сенің ініңді тартып
алғаны әділдік емес, бірақ оған қылар еш айла жоқ. Оған тиіп не
қыласың? Мазасын ала берсең, өзіңді жеп қояды, оған ештеңе
қыла алмайсың.Тышқан бейшара қайғырса да, үндемей қойыпты.
Бірақ қалай кегін алуды ойлайды.
Бір күні сейілдеп келе жатса, інінің аузында жыланның күн
шуақты жылынып жатқанын көріпті. Жанында бір кісі ұйықтап
жатыр екен. Тышқан барып оның мұрнын тістеп алып, жыланға
қарай тұра қашыпты. Кісі оянып, тұра қуады. Қараса, алдында
жатқан жыланды көреді. Тышқаннан мұның зияны көбірек болған
соң, кісі жыланды өлтіруге алданып қалыпты да, тышқанды қоя
беріпті.
Сөйтіп, кегі қайтқан тышқан өз ініне келіп тұрыпты.
6 слайд
ТЫШҚАН МЕН ЖЫЛАН Бір тышқан тамақ аулап, ініне қайтып келсе, онда бір жылан жатыр екен. Тышқан мұнан жаман қорқып, қуып шығаруға батпай, ақыл сұрай, өзінің қайғысын айтқалы көршілеріне барады. Ақылды тышқандар жиылысып отырып, кеңесін айтыпты: - Сен ол інді тастап, өзге ін қазып ал. Жылан сенің ініңді тартып алғаны әділдік емес, бірақ оған қылар еш айла жоқ. Оған тиіп не қыласың? Мазасын ала берсең, өзіңді жеп қояды, оған ештеңе қыла алмайсың.Тышқан бейшара қайғырса да, үндемей қойыпты. Бірақ қалай кегін алуды ойлайды. Бір күні сейілдеп келе жатса, інінің аузында жыланның күн шуақты жылынып жатқанын көріпті. Жанында бір кісі ұйықтап жатыр екен. Тышқан барып оның мұрнын тістеп алып, жыланға қарай тұра қашыпты. Кісі оянып, тұра қуады. Қараса, алдында жатқан жыланды көреді. Тышқаннан мұның зияны көбірек болған соң, кісі жыланды өлтіруге алданып қалыпты да, тышқанды қоя беріпті. Сөйтіп, кегі қайтқан тышқан өз ініне келіп тұрыпты.

7 слайд
ТҮЛКІ МЕН ҚОЯН
Әуелде түлкінің құйрығы жоқ еді. Құйрығының жоқтығы
оған бек қатты залал келтірген, өйткені жүрген ізін жасыра
алмайды. Әрдайым түлкінің артына түсіп аңдып жүріпті. Бір
күні қасқыр барып оның ініне кіреді. Егерде түлкі інінің
басқа жағындағы аузынан шығып кетпесе өлтіріп тастар еді.
Әлден соң түлкі ағаш ішіне кіріп кетіп, ағаштың түбінде
тұрған қоянды көреді. Ол мезгілде қояндардың құйрығы
ұзын болып, шапшаң жүргендеріне ыңғайсыз болып тұрушы
еді. Сол жерде түлкі қоянды ұстап алып, өлтірмекші болып
жатқанда қоян сұрайды:
- «Мені өлтірме, саған құйрығымды берейін», деп уәде
қылады.
Мұнысына түлкі көніп, екеуі сол жерде құйрықтарын
айырбастапты.
Сонан бері түлкінің құйрығы ұзын болып, қоянның құйрығы
қысқа болып қалыпты.
7 слайд
ТҮЛКІ МЕН ҚОЯН Әуелде түлкінің құйрығы жоқ еді. Құйрығының жоқтығы оған бек қатты залал келтірген, өйткені жүрген ізін жасыра алмайды. Әрдайым түлкінің артына түсіп аңдып жүріпті. Бір күні қасқыр барып оның ініне кіреді. Егерде түлкі інінің басқа жағындағы аузынан шығып кетпесе өлтіріп тастар еді. Әлден соң түлкі ағаш ішіне кіріп кетіп, ағаштың түбінде тұрған қоянды көреді. Ол мезгілде қояндардың құйрығы ұзын болып, шапшаң жүргендеріне ыңғайсыз болып тұрушы еді. Сол жерде түлкі қоянды ұстап алып, өлтірмекші болып жатқанда қоян сұрайды: - «Мені өлтірме, саған құйрығымды берейін», деп уәде қылады. Мұнысына түлкі көніп, екеуі сол жерде құйрықтарын айырбастапты. Сонан бері түлкінің құйрығы ұзын болып, қоянның құйрығы қысқа болып қалыпты.

8 слайд
Балық неге сөйлемейді?
Ерте, ерте, ертеде сиқырлы көк теңіздің астында балықтар патшалығы
өмір сүріпті. Олар бір-бірімен өте тату-тәтті тұрыпты. Достықтарының,
еңбексүйгіштіктерінің арқасында басқа патшалықтарға да үлгі
болыпты. Барлық патшалық балықтар патшалығына қызыға қарапты.
Өйткені, балықтар күндіз тынымсыз еңбек етіп, кешке көңілді сауық-
сайран құрады екен. Олар теңіз бетіне шығып, әртүрлі іс-қимылдар
арқылы бидің түрлі тәсілдерін көрсетіпті. Би ырғағымен әртүрлі
әуендер салыпты. Сол әдетпен тағы да балықтар теңіз бетіне шығып, ән
салып, би билеп думандатады. Оны естіген құбыжық теңізге келіп,
шад-шадыманға бөленіп жүрген балықтарға тап беріпті. Көптеген
балықтар құбыжықтың құрбаны болыпты. Ал, қалғандары теңіз
астындағы өз патшалықтарына қашып құтылыпты. Бірақ, содан бері
олардың ешқайсысы қатты қорыққаннан болар сөйлей алмай
қалыпты.Одан кейін де қанша жылдар өтсе де, сол сөйлемеген күйі
сөйлемей қала беріпті. Бірақ, балықтар сөйлемесе де бір-бірімен
қанаттарының, құйрықтарының, желбезектерінің көмегімен түсінісетін
болыпты. Міне, балықтардың неге сөйлемейтінінің сыры осындай
оқиғалардың салдарынан ба деп ойлаймын.
8 слайд
Балық неге сөйлемейді? Ерте, ерте, ертеде сиқырлы көк теңіздің астында балықтар патшалығы өмір сүріпті. Олар бір-бірімен өте тату-тәтті тұрыпты. Достықтарының, еңбексүйгіштіктерінің арқасында басқа патшалықтарға да үлгі болыпты. Барлық патшалық балықтар патшалығына қызыға қарапты. Өйткені, балықтар күндіз тынымсыз еңбек етіп, кешке көңілді сауық- сайран құрады екен. Олар теңіз бетіне шығып, әртүрлі іс-қимылдар арқылы бидің түрлі тәсілдерін көрсетіпті. Би ырғағымен әртүрлі әуендер салыпты. Сол әдетпен тағы да балықтар теңіз бетіне шығып, ән салып, би билеп думандатады. Оны естіген құбыжық теңізге келіп, шад-шадыманға бөленіп жүрген балықтарға тап беріпті. Көптеген балықтар құбыжықтың құрбаны болыпты. Ал, қалғандары теңіз астындағы өз патшалықтарына қашып құтылыпты. Бірақ, содан бері олардың ешқайсысы қатты қорыққаннан болар сөйлей алмай қалыпты.Одан кейін де қанша жылдар өтсе де, сол сөйлемеген күйі сөйлемей қала беріпті. Бірақ, балықтар сөйлемесе де бір-бірімен қанаттарының, құйрықтарының, желбезектерінің көмегімен түсінісетін болыпты. Міне, балықтардың неге сөйлемейтінінің сыры осындай оқиғалардың салдарынан ба деп ойлаймын.

9 слайд
Ерте, ерте, ерте екен,
Ешкі жүні бөрте екен.
Қырғауылы қызыл екен.
Құйрық жүні ұзын екен.
Қырғауылы қырқылдап,
Жалтыр мұзға сыртылдап,
Алшая келіп қоныпты,
Шаты айрылып қалыпты.
Қисая жатып қырғауыл
Сонда мұздан сұрапты:
- Мұз, мұз, сен неден күшті болдың?
- Мен күшті болсам, бауырымды жаңбырға тестірмес едім.
- Жаңбыр, жаңбыр, сен неден күшті болдың?
- Мен күшті болсам, жерге жұтқызар ма едім.
- Жер, жер, сен неден күшті болдың?
- Мен күшті болсам, көк шөпке бауырымды жардырмас едім.
- Көк шөп, көк шөп, сен неден күшті болдың?
- Мен күшті болсам, көк тоқты мойнымнан жұлқымас еді.
- Көк тоқты, көк тоқты, сен неден күшті болдың?
- Мен күшті болсам, көк шұнақ қасқырға құйрығымды жұлқытпас едім.
- Қасқыр, қасқыр, сен неден күшті болды...
9 слайд
Ерте, ерте, ерте екен, Ешкі жүні бөрте екен. Қырғауылы қызыл екен. Құйрық жүні ұзын екен. Қырғауылы қырқылдап, Жалтыр мұзға сыртылдап, Алшая келіп қоныпты, Шаты айрылып қалыпты. Қисая жатып қырғауыл Сонда мұздан сұрапты: - Мұз, мұз, сен неден күшті болдың? - Мен күшті болсам, бауырымды жаңбырға тестірмес едім. - Жаңбыр, жаңбыр, сен неден күшті болдың? - Мен күшті болсам, жерге жұтқызар ма едім. - Жер, жер, сен неден күшті болдың? - Мен күшті болсам, көк шөпке бауырымды жардырмас едім. - Көк шөп, көк шөп, сен неден күшті болдың? - Мен күшті болсам, көк тоқты мойнымнан жұлқымас еді. - Көк тоқты, көк тоқты, сен неден күшті болдың? - Мен күшті болсам, көк шұнақ қасқырға құйрығымды жұлқытпас едім. - Қасқыр, қасқыр, сен неден күшті болды...