Эволюциялық ілімнің шығуы және дамуы 9 сынып
Эволюциялық ілімнің шығуы және дамуы 9 сынып

#1 слайд
ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ
ІЛІМНІҢ ШЫҒУЫ
ЖӘНЕ ДАМУЫ.
ЭВОЛЮЦИОНИЗМНІҢ
АЛҒЫШАРТТАРЫ
1 слайд
ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ІЛІМНІҢ ШЫҒУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ. ЭВОЛЮЦИОНИЗМНІҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ
#2 слайд
Эволюция
Эволюция деп органикалық дүние даму
тарихының жалпы заңдылықтары мен қозғаушы
күштерін зерттейтін биология бөлімін
айтады.
Органикалық дүниенің дамуы туралы
алғашқы ой-пікірлер Ежелгі Үндістан,
Қытай, Египет, Грекия ойшылдарының
еңбектерінде жазылған. Онда: “Табиғаттағы
барлық зат қозғалыста, өзгерісте болады,
олардың біреуінен екіншісі дамып,
қарапайымдарынан күрделі формалар
қалыптасады” делінген.
2 слайд
Эволюция Эволюция деп органикалық дүние даму тарихының жалпы заңдылықтары мен қозғаушы күштерін зерттейтін биология бөлімін айтады. Органикалық дүниенің дамуы туралы алғашқы ой-пікірлер Ежелгі Үндістан, Қытай, Египет, Грекия ойшылдарының еңбектерінде жазылған. Онда: “Табиғаттағы барлық зат қозғалыста, өзгерісте болады, олардың біреуінен екіншісі дамып, қарапайымдарынан күрделі формалар қалыптасады” делінген.
#3 слайд
3 слайд
#4 слайд
Тірі табиғат жайлы
алғашқы деректер б.з.д.
IV ғасырда жазылған
Аристотельдің
еңбектерінде сақталған.
Ол жануарларға
қарапайымдарынан
күрделілеріне дейін
ретімен орналастырып
жіктеу жасаған.
Жануарлардың ұрықтық
дамуын зерттей отырып,
дамудың алғашқы
сатыларындағы көптеген
ұқсастықтарды байқап,
олардың шығу тегі бір
болуы мүмкін деген ойға
келген.
4 слайд
Тірі табиғат жайлы алғашқы деректер б.з.д. IV ғасырда жазылған Аристотельдің еңбектерінде сақталған. Ол жануарларға қарапайымдарынан күрделілеріне дейін ретімен орналастырып жіктеу жасаған. Жануарлардың ұрықтық дамуын зерттей отырып, дамудың алғашқы сатыларындағы көптеген ұқсастықтарды байқап, олардың шығу тегі бір болуы мүмкін деген ойға келген.
#5 слайд
Орта ғасырларда Еуропада
христиан дінінің дамуына
байланысты тірі табиғаттың
өзгермейтіндігін және әуел
бастан мақсатқа сәйкестілікті
қуаттайтын метафизикалық
көзқарас – креационизм бағыты
қалыптасты.
5 слайд
Орта ғасырларда Еуропада христиан дінінің дамуына байланысты тірі табиғаттың өзгермейтіндігін және әуел бастан мақсатқа сәйкестілікті қуаттайтын метафизикалық көзқарас – креационизм бағыты қалыптасты.
#6 слайд
6 слайд
#7 слайд
К.Линней “Табиғат жүйесі” атты
еңбегінде өсімдіктер мен
жануарларды жүйелеудің негізгі
принциптерін ұсынып: “Тірі
табиғаттың элементарлық бірлігі
түр” деп көрсетті. Жүйелеуде ұқсас
түрлерді туысқа, туыстарды
отрядқа, ал отрядтарды класқа
біріктірді.
Линней ғылымға кез келген
организм түрін латын тілінде
қосарлы атпен атауды – бинарлық
номенклантураны ұсынды.
7 слайд
К.Линней “Табиғат жүйесі” атты еңбегінде өсімдіктер мен жануарларды жүйелеудің негізгі принциптерін ұсынып: “Тірі табиғаттың элементарлық бірлігі түр” деп көрсетті. Жүйелеуде ұқсас түрлерді туысқа, туыстарды отрядқа, ал отрядтарды класқа біріктірді. Линней ғылымға кез келген организм түрін латын тілінде қосарлы атпен атауды – бинарлық номенклантураны ұсынды.
#8 слайд
8 слайд
#9 слайд
Линней өсімдіктерді жүйелеуде
гүлдеріндегі аталықтары мен
аналықтарының ерекшеліктеріне, ал
жануарларды жүйелеуде тыныс алу
және қанайналым мүшелерінің
ұқсастығын ескерді.
Линней адамды жануарлар
дүниесінің өкілі ретінде
сүтқоректілер класына, адамтәрізді
маймылдармен қатар приматтар
отрядына жатқызды.
9 слайд
Линней өсімдіктерді жүйелеуде гүлдеріндегі аталықтары мен аналықтарының ерекшеліктеріне, ал жануарларды жүйелеуде тыныс алу және қанайналым мүшелерінің ұқсастығын ескерді. Линней адамды жануарлар дүниесінің өкілі ретінде сүтқоректілер класына, адамтәрізді маймылдармен қатар приматтар отрядына жатқызды.
#10 слайд
Биология саласында XVIII
ғасырдың соңына жақын
трансфоризм бағыты қалыптасып,
бірқатар әйгілі ғалымдардың
еңбектерінде “сыртқы орта
жағдайларына байланысты
организмдер өзгереді” деген
пікірлер айтылды. Солардың бірі
француз жаратылыс зерттеушісі
Ж.Бюффон “Тарихи тарих” атты
еңбегінде: “Бейорганикалық
заттардан, алдымен, өсімдіктер,
содан кейін жануарлар мен адам
пайда болды” деп, түрдің
өзгергіштігін қуаттады. Алайда
түрлердің өзгергіштігі мен
тіршілік ортасына бейімділігі
және түр түзілуінің себептері
түсініксіз болып қалды.
10 слайд
Биология саласында XVIII ғасырдың соңына жақын трансфоризм бағыты қалыптасып, бірқатар әйгілі ғалымдардың еңбектерінде “сыртқы орта жағдайларына байланысты организмдер өзгереді” деген пікірлер айтылды. Солардың бірі француз жаратылыс зерттеушісі Ж.Бюффон “Тарихи тарих” атты еңбегінде: “Бейорганикалық заттардан, алдымен, өсімдіктер, содан кейін жануарлар мен адам пайда болды” деп, түрдің өзгергіштігін қуаттады. Алайда түрлердің өзгергіштігі мен тіршілік ортасына бейімділігі және түр түзілуінің себептері түсініксіз болып қалды.
#11 слайд
Ең алғашқы эволюция ғылым
көзқарастың қалыптасуына елеулі еңбек
сіңірген Ж.Б. Ламарк болды. Ол 1809 жылы
“Зоология философиясы” атты еңбегінде
эволюцияның ұзақ уақытқа созылатын тарихи
процесс екендігін атап көрсетті.
Тіршіліктің қарапайым түрлерінің
біртіндеп күрделілене түсетінін мойындап,
тірі организмдерді күрделілену сатысына
сәйкес орналастырды. Ол эволюция
процесінің негізгі факторы тұқым
қуалайтын өзгергіштік деп атап көрсетіп,
өз жүйелеуінде туыстық белгілеріне
байланысты жіктеуге айрықша көңіл бөлді.
11 слайд
Ең алғашқы эволюция ғылым көзқарастың қалыптасуына елеулі еңбек сіңірген Ж.Б. Ламарк болды. Ол 1809 жылы “Зоология философиясы” атты еңбегінде эволюцияның ұзақ уақытқа созылатын тарихи процесс екендігін атап көрсетті. Тіршіліктің қарапайым түрлерінің біртіндеп күрделілене түсетінін мойындап, тірі организмдерді күрделілену сатысына сәйкес орналастырды. Ол эволюция процесінің негізгі факторы тұқым қуалайтын өзгергіштік деп атап көрсетіп, өз жүйелеуінде туыстық белгілеріне байланысты жіктеуге айрықша көңіл бөлді.
#12 слайд
12 слайд
#13 слайд
Жануарлар
дүниесі
Омыртқасыз-даромыртқалы-лар
13 слайд
Жануарлар дүниесі Омыртқасыз-даромыртқалы-лар
#14 слайд
Ламарк құрастырған табиғи
жүйеден жануарлар құрылысының
иерархия сипатында біртіндеп
күрделенуін көруге болады.
Ламарктің айтуынша, тірі
организмдердің қарапайым
құрылыстан күрделіге қарай
жоғарылауы – үдемелі дамудың
нәтижесі болып табылады.
14 слайд
Ламарк құрастырған табиғи жүйеден жануарлар құрылысының иерархия сипатында біртіндеп күрделенуін көруге болады. Ламарктің айтуынша, тірі организмдердің қарапайым құрылыстан күрделіге қарай жоғарылауы – үдемелі дамудың нәтижесі болып табылады.
#15 слайд
15 слайд
#16 слайд
Сонымен қатар Ламарк: “Жоғары сатыдағы
жануарлардың кейбір мүшелері жақсы жұмыс істеп,
жаттыға келе дамып жетіледі, ал басқалары
жаттықпайды да, керісінше біртіндеп жойылады.
Қажетті бағытқа толық сәйкестелген белгілер
міндетті түрде ұрпақтарына беріледі”, - деді.
Бұған Ламарк бірнеше мысал келтірді. “Тіссіз
сүтқоректілердің (киттер, құмырсқажегіштер)
тістерінің жойылып кетуі олардың ататектерінің
қорек заттарын шайнамай жұтуы салдарынан болса,
жер астында тіршілік ететіндерге көздері
қажетсіз мүше ретінде жойылған. Шөбі жоқ,
құрғақ далалы жерлерді мекендейтін жираф үнемі
мойнын созып, ағаш жапырақтарын үзіп жеп
қоректенеді. Осылай биіктегі жапырақтарға
ұмтылып дағдыланғандықтан, біртіндеп олардың
алдыңғы аяқтары мен мойны ұзарған”,- деді.
16 слайд
Сонымен қатар Ламарк: “Жоғары сатыдағы жануарлардың кейбір мүшелері жақсы жұмыс істеп, жаттыға келе дамып жетіледі, ал басқалары жаттықпайды да, керісінше біртіндеп жойылады. Қажетті бағытқа толық сәйкестелген белгілер міндетті түрде ұрпақтарына беріледі”, - деді. Бұған Ламарк бірнеше мысал келтірді. “Тіссіз сүтқоректілердің (киттер, құмырсқажегіштер) тістерінің жойылып кетуі олардың ататектерінің қорек заттарын шайнамай жұтуы салдарынан болса, жер астында тіршілік ететіндерге көздері қажетсіз мүше ретінде жойылған. Шөбі жоқ, құрғақ далалы жерлерді мекендейтін жираф үнемі мойнын созып, ағаш жапырақтарын үзіп жеп қоректенеді. Осылай биіктегі жапырақтарға ұмтылып дағдыланғандықтан, біртіндеп олардың алдыңғы аяқтары мен мойны ұзарған”,- деді.
#17 слайд
17 слайд
#18 слайд
18 слайд
#19 слайд
19 слайд
#20 слайд
Қорыта айтқанда, Ламарк – биология
тарихында алғашқы болып эволюциялық теорияны
құрастырған ғалым. Ол “түр тұрақты” деген
пікірді жоққа шығарып, “түрлер өзгереді”
деген көзқарасты – трансформизмді
қуаттады.Ламарк жіктеудің табиғи жүйесінің
негізін қалап, бірінші болып эволюцияның
қозғаушы күштері туралы мәселе көтерді. “Тірі
организмдердің тарихи даму барысында уақыт
және сыртқы орта жағдайлары шешуші рөл
атқарады”, - деп орынды көрсете алмады. Оны
түсіндіруге: “Әрбір организмде жоғары сатыға
көтерілуге іштей ұмтылыс болады” деген қате
пікірде болды. Сонымен қатар өсімдіктердің
сыртқы ортаға бейімделу себебін мақсатқа
сәйкес өзгергіштікпен байланыстырса,
жануарларда мүшелерінің жаттығуы немесе
жаттықпауына байланысты деп есептеді.
20 слайд
Қорыта айтқанда, Ламарк – биология тарихында алғашқы болып эволюциялық теорияны құрастырған ғалым. Ол “түр тұрақты” деген пікірді жоққа шығарып, “түрлер өзгереді” деген көзқарасты – трансформизмді қуаттады.Ламарк жіктеудің табиғи жүйесінің негізін қалап, бірінші болып эволюцияның қозғаушы күштері туралы мәселе көтерді. “Тірі организмдердің тарихи даму барысында уақыт және сыртқы орта жағдайлары шешуші рөл атқарады”, - деп орынды көрсете алмады. Оны түсіндіруге: “Әрбір организмде жоғары сатыға көтерілуге іштей ұмтылыс болады” деген қате пікірде болды. Сонымен қатар өсімдіктердің сыртқы ортаға бейімделу себебін мақсатқа сәйкес өзгергіштікпен байланыстырса, жануарларда мүшелерінің жаттығуы немесе жаттықпауына байланысты деп есептеді.
#21 слайд
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!
21 слайд
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
шағым қалдыра аласыз













