"Ғажайып алаң" пәндік шара
"Ғажайып алаң" пәндік шара

#1 слайд
Әбдікәрім Оңалбаев атындағы № 117 орта мектеп
Пәндік шара
Пәні: География
Тақырыбы: “Ғажайып алаң” (интеллектуалды ойын)
Сыныбы: 11
Мақсаты: 1. Оқушылар дүниетанымын кеңейту;
2. Жаңаны білуге қызықтыру;
3. Географиядан алған білімдерін ортаға салу.
4. Шапшаңдыққа үйрету;
Қолданылатын құрал - жабдықтар: Интерактивті тақта, слайд, карта,ні мұға
География пәні мұғалімі: Саржанова Турганкуль
1 слайд
Әбдікәрім Оңалбаев атындағы № 117 орта мектеп Пәндік шара Пәні: География Тақырыбы: “Ғажайып алаң” (интеллектуалды ойын) Сыныбы: 11 Мақсаты: 1. Оқушылар дүниетанымын кеңейту; 2. Жаңаны білуге қызықтыру; 3. Географиядан алған білімдерін ортаға салу. 4. Шапшаңдыққа үйрету; Қолданылатын құрал - жабдықтар: Интерактивті тақта, слайд, карта,ні мұға География пәні мұғалімі: Саржанова Турганкуль
#2 слайд
Жылдам сұрақ:
2. Солтүстік жарты шардағы астрономиялық көктем басталады?
Жауабы: 1 наурыз
3. Ең ұзақ әнұран мәтіні қай елде? 158 өлең жолынан тұрады?
Ол Грекия мемлекетініңкі
4. Ресейде шаруалар бұл өсімдікті «шайтанның алмасы» деп атады.
Тіпті оны ХІХ ғ оны көбейтуге бүлік те шығарған.
Жауабы: Картоп
5. Ең қысқа әнұран мәтіні бар болғаны 4 жолдан тұрады?
Жапония, Иордания, Сан – Марино
6. Ең суық астана
– Улан-Батор
7. Африкада жерасты суын Конго ойысында тез шығарып алуға бола
ма, әлде
Сахара шөлінде ме?
Жауабы: Сахара шөлінде жерасты суы жер бетіне жақын жайғасқан.
2 слайд
Жылдам сұрақ: 2. Солтүстік жарты шардағы астрономиялық көктем басталады? Жауабы: 1 наурыз 3. Ең ұзақ әнұран мәтіні қай елде? 158 өлең жолынан тұрады? Ол Грекия мемлекетініңкі 4. Ресейде шаруалар бұл өсімдікті «шайтанның алмасы» деп атады. Тіпті оны ХІХ ғ оны көбейтуге бүлік те шығарған. Жауабы: Картоп 5. Ең қысқа әнұран мәтіні бар болғаны 4 жолдан тұрады? Жапония, Иордания, Сан – Марино 6. Ең суық астана – Улан-Батор 7. Африкада жерасты суын Конго ойысында тез шығарып алуға бола ма, әлде Сахара шөлінде ме? Жауабы: Сахара шөлінде жерасты суы жер бетіне жақын жайғасқан.
#3 слайд
8. Бұл өзендер құрлықта емес, мұхитта ағады. C уының
температурасы мен тұздылығы бойынша мұхит суларынан
өзгешелік жасайды. Жылы өзендер төменгі ендіктен, жоғарғы
ендікке, ал c уық өзендер керісінше жоғарғы ендіктен төменгі
ендікке қарай бағытталып ағады.Бұл қандай өзендер?
Мұхит ағыстары
9. Адамнан телефоны көп қала –
Вашингтон
10.Жер шарында шөл кездеспейтін аймақ.
Еуропа
11. Әлемдегі мұз бен от елі.
Исландия
12. Ең енді бұғаз.
Дрейк
13. Аустралия жағалауындағы маржан аралы .
Үлкен Тосқауыл (Барьер) рифі
3 слайд
8. Бұл өзендер құрлықта емес, мұхитта ағады. C уының температурасы мен тұздылығы бойынша мұхит суларынан өзгешелік жасайды. Жылы өзендер төменгі ендіктен, жоғарғы ендікке, ал c уық өзендер керісінше жоғарғы ендіктен төменгі ендікке қарай бағытталып ағады.Бұл қандай өзендер? Мұхит ағыстары 9. Адамнан телефоны көп қала – Вашингтон 10.Жер шарында шөл кездеспейтін аймақ. Еуропа 11. Әлемдегі мұз бен от елі. Исландия 12. Ең енді бұғаз. Дрейк 13. Аустралия жағалауындағы маржан аралы . Үлкен Тосқауыл (Барьер) рифі
#4 слайд
«Ситуациялық сұрақтар» кезеңі. Әр дұрыс жауап 2 ұпай-8
1. Ертеде қойшылар ағаш тостағанға сүт пісіріп ішкен.
Оны қалай түсіндіруге болады?
Жауабы: Тасты қыздырып салып отырған
2 . Саяхатшылар бейтаныс жерге кемемен жүзіп келіп, жергілікті
адамдармен тіл табыспақшы болып, оларға әр түрлі сұрақтар қоя
бастады. Олар саяхатшыларға «кенгуру» деген сөзден басқа сөз
айтқан жоқ. Саяхатшылар қай жерге келді және адамдар не деп жауап
берді?
Жауабы: Аустралия материгі.Жергілікті тұрғындар халқы
тілінде«кенгуру»сөзі «түсінбедім» деген мағынаны білдіреді.
3. Сіздер бұл материкте , оқымысты ғалым қызметкерлерінен басқа
адамды кездестірмейсіңдер. Бірақ, ешқайсысы зәулім ғылыми
институттарда жұмысқа бармайды және қарапайым вагон үйлерде
тұрады.
Бұл қай материк және қай халық?
Жауабы: Антарктида материгі және зерттеушілер.
4. Италияда «ит үңгір»деп аталатын үңгір бар. Оның түбінде ұдайы
көмір қышқылгазы тұнып тұрады. Үңгірде адам еркін жүре береді,
ит болса, ұзамай-ақ сенделіп барып құлайды.
Неге?
Жауабы: Газ жерден 1метрден артық биікке көтерілмейді. Ит
сондықтан құлайды.
4 слайд
«Ситуациялық сұрақтар» кезеңі. Әр дұрыс жауап 2 ұпай-8 1. Ертеде қойшылар ағаш тостағанға сүт пісіріп ішкен. Оны қалай түсіндіруге болады? Жауабы: Тасты қыздырып салып отырған 2 . Саяхатшылар бейтаныс жерге кемемен жүзіп келіп, жергілікті адамдармен тіл табыспақшы болып, оларға әр түрлі сұрақтар қоя бастады. Олар саяхатшыларға «кенгуру» деген сөзден басқа сөз айтқан жоқ. Саяхатшылар қай жерге келді және адамдар не деп жауап берді? Жауабы: Аустралия материгі.Жергілікті тұрғындар халқы тілінде«кенгуру»сөзі «түсінбедім» деген мағынаны білдіреді. 3. Сіздер бұл материкте , оқымысты ғалым қызметкерлерінен басқа адамды кездестірмейсіңдер. Бірақ, ешқайсысы зәулім ғылыми институттарда жұмысқа бармайды және қарапайым вагон үйлерде тұрады. Бұл қай материк және қай халық? Жауабы: Антарктида материгі және зерттеушілер. 4. Италияда «ит үңгір»деп аталатын үңгір бар. Оның түбінде ұдайы көмір қышқылгазы тұнып тұрады. Үңгірде адам еркін жүре береді, ит болса, ұзамай-ақ сенделіп барып құлайды. Неге? Жауабы: Газ жерден 1метрден артық биікке көтерілмейді. Ит сондықтан құлайды.
#5 слайд
«Логикалық» сұрақ. Әр дұрыс жауап 2 ұпай-8
1. Республикамыздағы жер бедерінің ең төменгі нүктесі еліміздің батысындағы
Маңғыстау түбегіндегі Қарақия ойысы, Ал биік нүктесі Хан тәңірі шыңына сәйкес
келеді.
Сұрақ: Қазақстандағы ең биік және ең төменгі нүктелердің айырмасы қанша?
Жауабы: 6995м+132м=7127м
2. Бұл тау Ақмола облысында орналасқан қырат. Орташа биіктігі 300 - 500м. Бұл жер
туралы Сәкен Сейфуллин поэма жазды. Бұл жерде Қазақстанның ірі демалыс орны
бар.
Сұрақ: осы жерді ата.
Жауабы: Көкшетау.
3. Бұл теңіз Еуразия мен Африка аралығында литосфералық тақталардың түйісу
аймағында орналасқан. Мұнда дүниежүзілік мұхиттағы ең жоғарғы тұздылық
байқалады.
Сұрақ: бұл қай теңіз?
Жауабы: Қызыл теңіз
4. Әбден мүжіліп, үйілген өте көне таулы өлке. Мұнда миллиондаған жылдар бойы
жел мен жаңбыр, ыстық пен аяз, қар мен ағын су өзінің әрекетін жүргізген. Қазіргі
кезде таудың тек негізі ғана сақталып қалған. Мұнда жартасты басы сүйір және
жіңішке келген қырқалар мен үйілген қорым тас сияқты формалар кездеседі. Тіпті
оқшауланып қалған тасты пирамидалар да байқалады.
Сұрақ: Бұл қандай өлке?
Жауабы: Сарыарқа
5 слайд
«Логикалық» сұрақ. Әр дұрыс жауап 2 ұпай-8 1. Республикамыздағы жер бедерінің ең төменгі нүктесі еліміздің батысындағы Маңғыстау түбегіндегі Қарақия ойысы, Ал биік нүктесі Хан тәңірі шыңына сәйкес келеді. Сұрақ: Қазақстандағы ең биік және ең төменгі нүктелердің айырмасы қанша? Жауабы: 6995м+132м=7127м 2. Бұл тау Ақмола облысында орналасқан қырат. Орташа биіктігі 300 - 500м. Бұл жер туралы Сәкен Сейфуллин поэма жазды. Бұл жерде Қазақстанның ірі демалыс орны бар. Сұрақ: осы жерді ата. Жауабы: Көкшетау. 3. Бұл теңіз Еуразия мен Африка аралығында литосфералық тақталардың түйісу аймағында орналасқан. Мұнда дүниежүзілік мұхиттағы ең жоғарғы тұздылық байқалады. Сұрақ: бұл қай теңіз? Жауабы: Қызыл теңіз 4. Әбден мүжіліп, үйілген өте көне таулы өлке. Мұнда миллиондаған жылдар бойы жел мен жаңбыр, ыстық пен аяз, қар мен ағын су өзінің әрекетін жүргізген. Қазіргі кезде таудың тек негізі ғана сақталып қалған. Мұнда жартасты басы сүйір және жіңішке келген қырқалар мен үйілген қорым тас сияқты формалар кездеседі. Тіпті оқшауланып қалған тасты пирамидалар да байқалады. Сұрақ: Бұл қандай өлке? Жауабы: Сарыарқа
#6 слайд
1.Бұл-фламенко мен фиестаның елі. Олардың көпшілігі-католиктер. Сондықтан
болар діни мейрамдарын ұлттық киім киіп,музыка және би шеруімен өткізіледі.Елдің
шаруашылығының айрықша саласы коррида үшін арнайы бұқалар өсіреді.
Бұл қай ел?
Испания
2. Жоғары дәрежеде дамыған индустриялы-аграрлы ел.Олар өз елін
«гексагон»(алтыбұрыш)деп атайды.Бұл ел өзінің ұлттық асханасымен
ерекшеленеді.Әр провинцияның өзіндік көз жауын алатын тағамдары бар.
Бірақ барлығы картоптан жасалған бифштексті,сарымсақ сорпасын тамсана
жейді.Атаулы тамақ ретінде жұпар иісті шөптермен қуырылған құрбақаның аяқтары
таңқалдырады.Ал елдің оңтүстігінде тағамдар зәйтүн қосып әзірленеді.Сірә,бұл елде
ірімшікті сүймейтін адам жоқ шығар.
Бұл қай ел?
Франция
3. Бұл ел өздерінің ұлттық әдет-дәстүрлерін сақтап қалған.Қазіргі кездің өзінде
ортағасырлық киім үлгілері сақталған.Мысалы, сот кезінде заң өкілдері міндетті
түрде парик пен мантия киюі қажет болса, ежелгі университеттер-
дің профессорларын қызғылт астарлы қара мантия мен төртбұрышты бас
киіммен көруге болады.Ұлттық мерекелер кезінде ер адамдар мен жасөспірімдер
дәстүрлі шақпақ өрнекті белдемше(килт),аяғына темір таспалы дөрекі башымақ
киеді.
Бұл қай ел ?
Ұлыбритания “ Ғажайып алаң “ сұрақтары. Әр дұрыс жауап 1 ұпай- 11
6 слайд
1.Бұл-фламенко мен фиестаның елі. Олардың көпшілігі-католиктер. Сондықтан болар діни мейрамдарын ұлттық киім киіп,музыка және би шеруімен өткізіледі.Елдің шаруашылығының айрықша саласы коррида үшін арнайы бұқалар өсіреді. Бұл қай ел? Испания 2. Жоғары дәрежеде дамыған индустриялы-аграрлы ел.Олар өз елін «гексагон»(алтыбұрыш)деп атайды.Бұл ел өзінің ұлттық асханасымен ерекшеленеді.Әр провинцияның өзіндік көз жауын алатын тағамдары бар. Бірақ барлығы картоптан жасалған бифштексті,сарымсақ сорпасын тамсана жейді.Атаулы тамақ ретінде жұпар иісті шөптермен қуырылған құрбақаның аяқтары таңқалдырады.Ал елдің оңтүстігінде тағамдар зәйтүн қосып әзірленеді.Сірә,бұл елде ірімшікті сүймейтін адам жоқ шығар. Бұл қай ел? Франция 3. Бұл ел өздерінің ұлттық әдет-дәстүрлерін сақтап қалған.Қазіргі кездің өзінде ортағасырлық киім үлгілері сақталған.Мысалы, сот кезінде заң өкілдері міндетті түрде парик пен мантия киюі қажет болса, ежелгі университеттер- дің профессорларын қызғылт астарлы қара мантия мен төртбұрышты бас киіммен көруге болады.Ұлттық мерекелер кезінде ер адамдар мен жасөспірімдер дәстүрлі шақпақ өрнекті белдемше(килт),аяғына темір таспалы дөрекі башымақ киеді. Бұл қай ел ? Ұлыбритания “ Ғажайып алаң “ сұрақтары. Әр дұрыс жауап 1 ұпай- 11
#7 слайд
4. Гүл шоғын құрастыру,гүлдер мен ағаштардың бұтағын орналастыру өнері-
икебана,тырбиған ағаштарды өсіру өнері-бансай,қыл қаламмен және тушьпен көркем жазу
өнері-каллиграфия,қағаз бен жібекке сурет салу,өзіндік храмдармен саябақ
архитектурасы,көлеңке театры, шай дайындау рәсімі,әйел киімі,ауыр салмақтылар күресі, ас
дайындау, дастарқанды безендіру сияқты дәстүрлермен ерекшеленетін елдің бірі.
Бұл қай ел?
Жапония
5. Бұл ел дүниежүзілік өнер мен мәдениеттің дамуына үлкен үлес қосқан елдің бірі.Олардың
әсіресе музыка саласындағы жетістіктері таңғалдырады. XI ғасырда монах Г.Ареццо нотаны
ойлап тауып, жеті нотаға ат береді. XVI ғасырда бұл елде алғашқы опера дүниеге келді.
Сонымен бірге сауық сүйгіш және көпшіл елге жатады.Діни және т.б. мейрамдарды міндетті
түрде атап өтеді.Ішіндегі ең маңыздысы-Рождество.Сыйлықтарды тарататын кемпір-
Бефана.Жаңа жылға қарсы ескі заттың барлығын терезеден лақтырады: ыдыс-аяқ, киім,
жиhаз, аяқ-киім т.б. Ал көктемдегі мейрамдардан Пасха мен негізгі кейіпкерлері Арлекин,
Пьеро, Пульчинелло болып саналатын карнавалды жақсы көреді.
Бұл қай ел?
Италия
6. Бұл ел өзінің аса бай мәдениетімен және ежелгі өркениетімен әйгілі.Жылына шығаратын
кинофильмдерінің саны жөнінен(жылына 750 фильм)бұл елмен дүние жүзінің бірде-бір елі
теңдесе алмайды. Ең дамыған, әрі танымал өнері-би, қасиетті құсы-тауыс, қасиетті гүлі-
тұңғиық гүлі болып табылады .
Бұл қай ел?
Үндістан
7 слайд
4. Гүл шоғын құрастыру,гүлдер мен ағаштардың бұтағын орналастыру өнері- икебана,тырбиған ағаштарды өсіру өнері-бансай,қыл қаламмен және тушьпен көркем жазу өнері-каллиграфия,қағаз бен жібекке сурет салу,өзіндік храмдармен саябақ архитектурасы,көлеңке театры, шай дайындау рәсімі,әйел киімі,ауыр салмақтылар күресі, ас дайындау, дастарқанды безендіру сияқты дәстүрлермен ерекшеленетін елдің бірі. Бұл қай ел? Жапония 5. Бұл ел дүниежүзілік өнер мен мәдениеттің дамуына үлкен үлес қосқан елдің бірі.Олардың әсіресе музыка саласындағы жетістіктері таңғалдырады. XI ғасырда монах Г.Ареццо нотаны ойлап тауып, жеті нотаға ат береді. XVI ғасырда бұл елде алғашқы опера дүниеге келді. Сонымен бірге сауық сүйгіш және көпшіл елге жатады.Діни және т.б. мейрамдарды міндетті түрде атап өтеді.Ішіндегі ең маңыздысы-Рождество.Сыйлықтарды тарататын кемпір- Бефана.Жаңа жылға қарсы ескі заттың барлығын терезеден лақтырады: ыдыс-аяқ, киім, жиhаз, аяқ-киім т.б. Ал көктемдегі мейрамдардан Пасха мен негізгі кейіпкерлері Арлекин, Пьеро, Пульчинелло болып саналатын карнавалды жақсы көреді. Бұл қай ел? Италия 6. Бұл ел өзінің аса бай мәдениетімен және ежелгі өркениетімен әйгілі.Жылына шығаратын кинофильмдерінің саны жөнінен(жылына 750 фильм)бұл елмен дүние жүзінің бірде-бір елі теңдесе алмайды. Ең дамыған, әрі танымал өнері-би, қасиетті құсы-тауыс, қасиетті гүлі- тұңғиық гүлі болып табылады . Бұл қай ел? Үндістан
#8 слайд
7.Бұл аралдың ауданы 590 мың км 2 , ол жерде тұяқтылар мүлдем жоқ, өсімдіктің
3000 түрі кездеседі. Маймылдардың 35 –ке жуық түрі бар.
(Мадагаскар аралы)
8.Бұдан екі ғасыр бұрын Еуропа халықтары Орта Азияның шөлдерінде «Оңтүстік
қарағайы» өседі деп қате пікірде болған. Бұл пікірдің қалыптасуына 1700 жылдары
Қазақстанға саяхат жасаған И.Фольк деген ғалым себепші болды. Бірақ ботаник
В.Леонтьев бұл пікірді теріске шығарды. «Оңтүстік қарағай» деп аталған өсімдікті
ата?
(Сексеуіл)
9.Белгілі зерттеуші Александр Гумбольдт Ориноко өзенінен құрлыққа
крокодилдердің қаптап шыққанын байқаған. Олардың өзеннен қашуына не себеп
болды?
( Жер сілкінісі).
10. Бұл атауды елдер арасындағы сауда қатынастарында алтынмен қатар
халықаралық валюта деңгейіне дейін көтерілген тауармен байланыстырып атаған.
Қытайдың физикалық географиясы мен Азияның жер бедері жөнінде қомақты еңбек
жазған атақты географ – ғалым Фердинанд фон Рихтгофен. Бұл қандай атау?
(Ұлы Жібек Жолы).
11. Бұл – Жер шарындағы ең таңғажайып теңіздердің бірі. Оның аты бетінде тобымен
қалықтап жүретін балдырларға байланысты қойылған. Балдырлар күшті
бұтақтанған бұталар сияқты; сабағында ауа толған айрықша көпіршіктер болуына
байланысты олар ұзақ уақыт суға батпай тұрып алады. Ғалымдардың есебі бойынша
1 км2 жерде жалпы салмағы 1 -2 тоннадай балдыр болады. Бұл қай теңіз?
(Саргасс теңізі).
8 слайд
7.Бұл аралдың ауданы 590 мың км 2 , ол жерде тұяқтылар мүлдем жоқ, өсімдіктің 3000 түрі кездеседі. Маймылдардың 35 –ке жуық түрі бар. (Мадагаскар аралы) 8.Бұдан екі ғасыр бұрын Еуропа халықтары Орта Азияның шөлдерінде «Оңтүстік қарағайы» өседі деп қате пікірде болған. Бұл пікірдің қалыптасуына 1700 жылдары Қазақстанға саяхат жасаған И.Фольк деген ғалым себепші болды. Бірақ ботаник В.Леонтьев бұл пікірді теріске шығарды. «Оңтүстік қарағай» деп аталған өсімдікті ата? (Сексеуіл) 9.Белгілі зерттеуші Александр Гумбольдт Ориноко өзенінен құрлыққа крокодилдердің қаптап шыққанын байқаған. Олардың өзеннен қашуына не себеп болды? ( Жер сілкінісі). 10. Бұл атауды елдер арасындағы сауда қатынастарында алтынмен қатар халықаралық валюта деңгейіне дейін көтерілген тауармен байланыстырып атаған. Қытайдың физикалық географиясы мен Азияның жер бедері жөнінде қомақты еңбек жазған атақты географ – ғалым Фердинанд фон Рихтгофен. Бұл қандай атау? (Ұлы Жібек Жолы). 11. Бұл – Жер шарындағы ең таңғажайып теңіздердің бірі. Оның аты бетінде тобымен қалықтап жүретін балдырларға байланысты қойылған. Балдырлар күшті бұтақтанған бұталар сияқты; сабағында ауа толған айрықша көпіршіктер болуына байланысты олар ұзақ уақыт суға батпай тұрып алады. Ғалымдардың есебі бойынша 1 км2 жерде жалпы салмағы 1 -2 тоннадай балдыр болады. Бұл қай теңіз? (Саргасс теңізі).
#9 слайд
Ия немесе жоқ жауабы. Әр дұрыс жауап 1 ұпай -6
1. Әлемде І-ші болып марганец құймасын Тараз металлургия заводы өндіргеніне
сенесіз бе?
(ия) 2008 жылдан бастап Тараз металлургия заводы марганец құймасын өндіре
бастады. Әлемде мұндай өндіріс әлі жоқ екен.
2. Зебраның шыққан жері Африка. Зебраның жолақтарына қарап төлдері өз
аналарын тауып алады дегенге сенесіз бе?
(ия) Әр зебраның жолақтары әртүрлі, бір-біріне ұқсамайды.
3. Әлемдегі ең үлкен байпақ Семей қаласында жасалғанына сенесіз бе?
(ия) 70 кг.жүн жұмсалған 106 өлшемді ең үлкен байпақ
4. Тереңдігі жағынан әлем бойынша 5-ші орынды алатын ойпат Қазақстанда
екендігіне сенесіз бе?
(ия) Қарақия ойпатының тереңдігі 132 м. оның ұзындығы 50 км. жуық. Әлем
бойынша 5-ші орында.
5. Бурабай көлінің түбі 7 метр тереңдікте де анық көрінетініне сенесіз бе?
(ия) Екінші Щвецария саналатын Бурабай көлінің тұнықтылығы соншалық 7
метр тереңдікте де түбі анық көрінеді.
6. Арктикалық қарқылдақ шағала Солтүстік полюсте тіршілік етеді. Ал қыста 18 000
км-ге ұшып, Оңтүстік полюске кетеді. Сіз бұған сенесіз бе?
(ия)
9 слайд
Ия немесе жоқ жауабы. Әр дұрыс жауап 1 ұпай -6 1. Әлемде І-ші болып марганец құймасын Тараз металлургия заводы өндіргеніне сенесіз бе? (ия) 2008 жылдан бастап Тараз металлургия заводы марганец құймасын өндіре бастады. Әлемде мұндай өндіріс әлі жоқ екен. 2. Зебраның шыққан жері Африка. Зебраның жолақтарына қарап төлдері өз аналарын тауып алады дегенге сенесіз бе? (ия) Әр зебраның жолақтары әртүрлі, бір-біріне ұқсамайды. 3. Әлемдегі ең үлкен байпақ Семей қаласында жасалғанына сенесіз бе? (ия) 70 кг.жүн жұмсалған 106 өлшемді ең үлкен байпақ 4. Тереңдігі жағынан әлем бойынша 5-ші орынды алатын ойпат Қазақстанда екендігіне сенесіз бе? (ия) Қарақия ойпатының тереңдігі 132 м. оның ұзындығы 50 км. жуық. Әлем бойынша 5-ші орында. 5. Бурабай көлінің түбі 7 метр тереңдікте де анық көрінетініне сенесіз бе? (ия) Екінші Щвецария саналатын Бурабай көлінің тұнықтылығы соншалық 7 метр тереңдікте де түбі анық көрінеді. 6. Арктикалық қарқылдақ шағала Солтүстік полюсте тіршілік етеді. Ал қыста 18 000 км-ге ұшып, Оңтүстік полюске кетеді. Сіз бұған сенесіз бе? (ия)
#10 слайд
Картадағы нөмірлерге сәйкес өзендердің атауын таңдаңыз.
Danube - Дунай
Loire - Луара
Rhine - Рейн
Volga - Еділ
10 слайд
Картадағы нөмірлерге сәйкес өзендердің атауын таңдаңыз. Danube - Дунай Loire - Луара Rhine - Рейн Volga - Еділ
#11 слайд
Картаны пайдалана отырып, төменде берілген теңіздері
анықтаңыз.
Жерорта теңізі - The Mediterranean Sea
Норвегия теңізі - The Norwegian Sea
Балтық теңізі - The Baltic Sea
Солтүстік теңіз - The North Sea
11 слайд
Картаны пайдалана отырып, төменде берілген теңіздері анықтаңыз. Жерорта теңізі - The Mediterranean Sea Норвегия теңізі - The Norwegian Sea Балтық теңізі - The Baltic Sea Солтүстік теңіз - The North Sea
#12 слайд
К өңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
12 слайд
К өңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
шағым қалдыра аласыз













