Гендерлік лингвистика
Гендерлік лингвистика

#1 слайд
«Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«М.Маметова атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығмен» коммуналдық мемлекеттік
мекемесі
Жоба тақырыбы: «Қазақ тіліндегі гендерлік лингвистика: әйел және
ер адамның сөйлеу мәнерінің айырмашылықтары»
Оқушының аты –жөні: Ерғали Аяулым
Сыныбы:11 сынып
Жетекшісі: Дарханова Л.Д., қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
мұғалімі
Ғылыми кеңесші: М.Байдилданова. "І.Жансүгіров атындағы
Жетісу университеті"оқыту және тәрбиелеу әдістемелері
кафедрасының оқытушы-дәріскері, педагогика ғылымдарының
магистрі
1 слайд
«Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «М.Маметова атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығмен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Жоба тақырыбы: «Қазақ тіліндегі гендерлік лингвистика: әйел және ер адамның сөйлеу мәнерінің айырмашылықтары» Оқушының аты –жөні: Ерғали Аяулым Сыныбы:11 сынып Жетекшісі: Дарханова Л.Д., қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ғылыми кеңесші: М.Байдилданова. "І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті"оқыту және тәрбиелеу әдістемелері кафедрасының оқытушы-дәріскері, педагогика ғылымдарының магистрі
#2 слайд
«Қазақ тіліндегі гендерлік лингвистика:
әйел және ер адамның сөйлеу мәнерінің айырмашылықтары»
01 02
03 04
Мақсаты:
Қазақ тіліндегі әйел мен ер адамның
сөйлеу ерекшеліктерін анықтау, олардың мәдени
және әлеуметтік мәнін талдау, қазіргі жастардың
сөйлеу мәдениетіндегі гендерлік
айырмашылықтарды сипаттау.
Өзектілігі:
Қазіргі жаһандану дәуірінде тіл тек қарым-
қатынас құралы ғана емес, ұлттың мәдени болмысы мен
қоғамдағы әлеуметтік қатынастардың айнасы ретінде
ерекше мәнге ие. Әсіресе, тіл мен адамның жыныстық
ерекшелігі арасындағы байланыс — қазіргі тіл білімінің
өзекті бағыттарының бірі. Бұл мәселені зерттейтін ғылым
саласы — гендерлік лингвистика.
Зерттеу нысаны:
Қазақ әдеби шығармаларындағы ер мен
әйелдің бейнесінің тілдің көрінісі. Олардың
сөйлеу мәнеріндегі гендерлік
айырмашылықтар мен ұлттық таным
негізіндегі ерекшеліктер
Болжамы:
Егер қазақ тіліндегі гендерлік сөйлеу
ерекшеліктері ғылыми тұрғыда жүйеленсе,
онда ол ұлттық мәдениеттің, тәрбиенің және
тілдік этиканың сақталуына ықпал етеді
2 слайд
«Қазақ тіліндегі гендерлік лингвистика: әйел және ер адамның сөйлеу мәнерінің айырмашылықтары» 01 02 03 04 Мақсаты: Қазақ тіліндегі әйел мен ер адамның сөйлеу ерекшеліктерін анықтау, олардың мәдени және әлеуметтік мәнін талдау, қазіргі жастардың сөйлеу мәдениетіндегі гендерлік айырмашылықтарды сипаттау. Өзектілігі: Қазіргі жаһандану дәуірінде тіл тек қарым- қатынас құралы ғана емес, ұлттың мәдени болмысы мен қоғамдағы әлеуметтік қатынастардың айнасы ретінде ерекше мәнге ие. Әсіресе, тіл мен адамның жыныстық ерекшелігі арасындағы байланыс — қазіргі тіл білімінің өзекті бағыттарының бірі. Бұл мәселені зерттейтін ғылым саласы — гендерлік лингвистика. Зерттеу нысаны: Қазақ әдеби шығармаларындағы ер мен әйелдің бейнесінің тілдің көрінісі. Олардың сөйлеу мәнеріндегі гендерлік айырмашылықтар мен ұлттық таным негізіндегі ерекшеліктер Болжамы: Егер қазақ тіліндегі гендерлік сөйлеу ерекшеліктері ғылыми тұрғыда жүйеленсе, онда ол ұлттық мәдениеттің, тәрбиенің және тілдік этиканың сақталуына ықпал етеді
#3 слайд
Гендерлік лингвистика – тіл мен жыныстың өзара
байланысын, сөйлеу ерекшеліктерін, гендерлік рөлдер
мен әлеуметтік факторлардың тілге әсерін зерттейтін тіл
білімінің жаңа бағыты. Бұл ұғым ХХ ғасырдың екінші
жартысында Батыс Еуропа мен АҚШ елдерінде
қалыптасты. Алғаш рет «gender» терминін тілтануға
енгізген американдық ғалым Р. Лакофф болды. Ол 1975
жылы жарық көрген «Language and Woman’s
Place» еңбегінде әйел мен ер адамның сөйлеуіндегі
айырмашылықтарды ғылыми тұрғыдан саралады.
3 слайд
Гендерлік лингвистика – тіл мен жыныстың өзара байланысын, сөйлеу ерекшеліктерін, гендерлік рөлдер мен әлеуметтік факторлардың тілге әсерін зерттейтін тіл білімінің жаңа бағыты. Бұл ұғым ХХ ғасырдың екінші жартысында Батыс Еуропа мен АҚШ елдерінде қалыптасты. Алғаш рет «gender» терминін тілтануға енгізген американдық ғалым Р. Лакофф болды. Ол 1975 жылы жарық көрген «Language and Woman’s Place» еңбегінде әйел мен ер адамның сөйлеуіндегі айырмашылықтарды ғылыми тұрғыдан саралады.
#4 слайд
Қазақ тіл білімінде гендер мәселесін
зерттеген ғалымдар қатарына Р. Сыздық,
Н. Уәли, Ф. Оразбаева, А. Жұбанов, Ш.
Шаяхметова сияқты тіл мамандарын
жатқызуға болады. Олар тіл мен
мәдениеттің өзара байланысын, сөйлеу
әдебінің ұлт руханиятындағы орнын
ғылыми тұрғыдан негіздеді.
4 слайд
Қазақ тіл білімінде гендер мәселесін зерттеген ғалымдар қатарына Р. Сыздық, Н. Уәли, Ф. Оразбаева, А. Жұбанов, Ш. Шаяхметова сияқты тіл мамандарын жатқызуға болады. Олар тіл мен мәдениеттің өзара байланысын, сөйлеу әдебінің ұлт руханиятындағы орнын ғылыми тұрғыдан негіздеді.
#5 слайд
Ғалымдар гендерлік ерекшеліктерді үш бағытта қарастырады:
1
2
3
Биологиялық тұрғыдан
жынысқа байланысты табиғи айырмашылықтар;
Әлеуметтік тұрғыдан
қоғам мен мәдениет жүктеген рөлдер
Психологиялық тұрғыдан
ойлау және эмоция білдіру тәсілдері
5 слайд
Ғалымдар гендерлік ерекшеліктерді үш бағытта қарастырады: 1 2 3 Биологиялық тұрғыдан жынысқа байланысты табиғи айырмашылықтар; Әлеуметтік тұрғыдан қоғам мен мәдениет жүктеген рөлдер Психологиялық тұрғыдан ойлау және эмоция білдіру тәсілдері
#6 слайд
Ер адам бейнесі қазақ
мәдениетінде – күштің,
ақылдың, ерліктің және
жауапкершіліктің символы.
Ер азамат ел қорғаушы,
отбасының тірегі, шешім
қабылдаушы ретінде
танылады. Қазақ ерлеріне
тән қасиеттер — батырлық,
табандылық, сөзге беріктік,
намысқойлық. “Ер жігіт ел
үшін туады, ел үшін өледі”,
“Ердің екі сөйлегені –
өлгені” деген мақалдар
соның айғағы.
Әйел бейнесі қазақ
мәдениетінде ерекше
құрметке ие. Әйел – аналық
мейірім мен әдептіліктің,
сұлулық пен парасаттың
нышаны. Қазақ әйелін
әрдайым отбасының
ұйытқысы, ұлттың тәрбиесін
жалғастырушы ретінде
бағалаған. Әйел адамның
сөйлеу мәнері әдепті,
жұмсақ, сезімге толы келеді.
Ол сөйлегенде дауысын
көтермей, жылы үнмен,
ілтипатты түрде ойын
білдіреді.
6 слайд
Ер адам бейнесі қазақ мәдениетінде – күштің, ақылдың, ерліктің және жауапкершіліктің символы. Ер азамат ел қорғаушы, отбасының тірегі, шешім қабылдаушы ретінде танылады. Қазақ ерлеріне тән қасиеттер — батырлық, табандылық, сөзге беріктік, намысқойлық. “Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі”, “Ердің екі сөйлегені – өлгені” деген мақалдар соның айғағы. Әйел бейнесі қазақ мәдениетінде ерекше құрметке ие. Әйел – аналық мейірім мен әдептіліктің, сұлулық пен парасаттың нышаны. Қазақ әйелін әрдайым отбасының ұйытқысы, ұлттың тәрбиесін жалғастырушы ретінде бағалаған. Әйел адамның сөйлеу мәнері әдепті, жұмсақ, сезімге толы келеді. Ол сөйлегенде дауысын көтермей, жылы үнмен, ілтипатты түрде ойын білдіреді.
#7 слайд
Белгі Әйелдердің тілі Ерлердің тілі
Сөйлеу мақсаты Эмоция, қарым-қатынас орнатуАқпарат, шешім білдіру
Сөздің сипаты Бейнелі, әсерлі, көркем Нақ, тура, логикалық
Эмоциялық реңк Күшті Әлсіз
Сөйлеу стилі Сыпайы, әдепті Қысқа, бұйрықты
Интонация Жұмсақ, ырғақты Тұрақты, төмен тонда
Сөйлем құрылымы Ұзақ, толық Қысқа, нық
Психологиялық бағыт Қарым-қатынасқа, сезімге Нәтижеге, шешімге
7 слайд
Белгі Әйелдердің тілі Ерлердің тілі Сөйлеу мақсаты Эмоция, қарым-қатынас орнатуАқпарат, шешім білдіру Сөздің сипаты Бейнелі, әсерлі, көркем Нақ, тура, логикалық Эмоциялық реңк Күшті Әлсіз Сөйлеу стилі Сыпайы, әдепті Қысқа, бұйрықты Интонация Жұмсақ, ырғақты Тұрақты, төмен тонда Сөйлем құрылымы Ұзақ, толық Қысқа, нық Психологиялық бағыт Қарым-қатынасқа, сезімге Нәтижеге, шешімге
#8 слайд
Қазақ әдебиетіндегі гендерлік лингвистика
М.Әуезовтің «Абай жолы»
романындағы
Зере мен Ұлжанның сөздерінен әйел тіліне
тән эмоция, қамқорлық және сыпайылық
айқын көрінеді:
«Қарағым, балам, суық тимесін»,
«Абайжан, жүрегім тыныш емес, абай бол»,
«Құдай сабыр берсін, қарағым».
Ш.Құдайбердиевтің поэзиясындағы әйел бейнелері («Бәйбіше
мен тоқал» поэмасы) әйелдің сезімталдығы мен нәзік психологиясын
ашады. Әйел кейіпкерлердің сөйлеуінде көбіне: сұраулы және лепті
сөйлемдер, сезім мен мұңды білдіретін сөздер, жұмсақ үн мен
ішкі толғаныс басым болады.
Мысалы:«Жас күнім өтті ғой мұңменен, Арманым кетті ғой
нұрменен...»
Махамбет Өтемісұлы
«Ереуіл атқа ер салмай,
Егеулі найза қолға алмай,
Еңку-еңку жер шалмай,
Ерлердің ісі бітер ме?»
С.Мұқановтың «Ботагөз» романы
Асқар мен Амантайдың сөйлеуінде ерлердің
мінезі, батылдығы мен азаматтық көзқарасы тіл
арқылы көрінеді: «Біз халық үшін күресеміз»,
«Бұл елдің ертеңі біздің қолымызда». Бұл
сөйлемдер ер адамның тілінде мақсаттылық
пен жауапкершілік басым екенін дәлелдейді.
Ш.Құдайбердиевтің «Бәйбіше мен тоқал»
8 слайд
Қазақ әдебиетіндегі гендерлік лингвистика М.Әуезовтің «Абай жолы» романындағы Зере мен Ұлжанның сөздерінен әйел тіліне тән эмоция, қамқорлық және сыпайылық айқын көрінеді: «Қарағым, балам, суық тимесін», «Абайжан, жүрегім тыныш емес, абай бол», «Құдай сабыр берсін, қарағым». Ш.Құдайбердиевтің поэзиясындағы әйел бейнелері («Бәйбіше мен тоқал» поэмасы) әйелдің сезімталдығы мен нәзік психологиясын ашады. Әйел кейіпкерлердің сөйлеуінде көбіне: сұраулы және лепті сөйлемдер, сезім мен мұңды білдіретін сөздер, жұмсақ үн мен ішкі толғаныс басым болады. Мысалы:«Жас күнім өтті ғой мұңменен, Арманым кетті ғой нұрменен...» Махамбет Өтемісұлы «Ереуіл атқа ер салмай, Егеулі найза қолға алмай, Еңку-еңку жер шалмай, Ерлердің ісі бітер ме?» С.Мұқановтың «Ботагөз» романы Асқар мен Амантайдың сөйлеуінде ерлердің мінезі, батылдығы мен азаматтық көзқарасы тіл арқылы көрінеді: «Біз халық үшін күресеміз», «Бұл елдің ертеңі біздің қолымызда». Бұл сөйлемдер ер адамның тілінде мақсаттылық пен жауапкершілік басым екенін дәлелдейді. Ш.Құдайбердиевтің «Бәйбіше мен тоқал»
#9 слайд
Гендерлік бейтарап. Тілдің әлеуметтік мәні (жастардың сөйлеу мәдениеті)
Әлеуметтік теңдік көрсеткіші.
Гендерлік бейтарап тіл – қоғамдағы
теңдік пен демократияның көрінісі.
Егер бұрын ер адамдардың сөзі
шешуші, беделді деп саналса, қазіргі
уақытта жастар қыз не ұл болсын, өз
пікірін еркін айта алады. Бұл әлеуметтік
иерархияны әлсіретіп, коммуникацияны
тең дәрежеде жүргізуге мүмкіндік
береді.
Жаңа мәдени құндылықтардың
көрінісі.
Жастар тілі қазір жаһандану мен мәдени
араласудың нәтижесінде қалыптасып отыр.
Қазіргі сөйлеу мәдениетінде «әйел сөзі»,
«еркек сөзі» деген ұғымдардың орнына
бейтарап, заманауи, креативті стиль
қалыптасқан. Мысалы, қыздар да, ұлдар да
бірдей түрде «мотивация алдым», «флекс»,
«краш», «энергия бар»сияқты сөздерді
қолданады.
Психологиялық әсері.
Мысалы, бұрын «қыз бала көп сөйлемеу
керек» немесе «жігіт жыламау керек» деген
ұстанымдар жастардың ішкі дүниесін
шектеуші фактор болған. Ал қазіргі тілдік
орта бұл ұғымдарды жоққа шығарып,
эмоционалды ашықтықты, пікір еркіндігін
қалыптастырады.
Цифрлық кеңістіктегі көрінісі.
Интернет пен әлеуметтік желілер – гендерлік бейтарап
тілдің ең белсенді таралу алаңы. Онлайн кеңістікте
адамдар жынысына емес, мазмұн мен идеяға қарай
бағаланады. Мысалы, TikTok-тағы танымал контент
жасаушылар немесе блогерлердің аудиториясы олардың
жынысына емес, айтқан ойының өзектілігі мен
креативтілігіне байланысты.
9 слайд
Гендерлік бейтарап. Тілдің әлеуметтік мәні (жастардың сөйлеу мәдениеті) Әлеуметтік теңдік көрсеткіші. Гендерлік бейтарап тіл – қоғамдағы теңдік пен демократияның көрінісі. Егер бұрын ер адамдардың сөзі шешуші, беделді деп саналса, қазіргі уақытта жастар қыз не ұл болсын, өз пікірін еркін айта алады. Бұл әлеуметтік иерархияны әлсіретіп, коммуникацияны тең дәрежеде жүргізуге мүмкіндік береді. Жаңа мәдени құндылықтардың көрінісі. Жастар тілі қазір жаһандану мен мәдени араласудың нәтижесінде қалыптасып отыр. Қазіргі сөйлеу мәдениетінде «әйел сөзі», «еркек сөзі» деген ұғымдардың орнына бейтарап, заманауи, креативті стиль қалыптасқан. Мысалы, қыздар да, ұлдар да бірдей түрде «мотивация алдым», «флекс», «краш», «энергия бар»сияқты сөздерді қолданады. Психологиялық әсері. Мысалы, бұрын «қыз бала көп сөйлемеу керек» немесе «жігіт жыламау керек» деген ұстанымдар жастардың ішкі дүниесін шектеуші фактор болған. Ал қазіргі тілдік орта бұл ұғымдарды жоққа шығарып, эмоционалды ашықтықты, пікір еркіндігін қалыптастырады. Цифрлық кеңістіктегі көрінісі. Интернет пен әлеуметтік желілер – гендерлік бейтарап тілдің ең белсенді таралу алаңы. Онлайн кеңістікте адамдар жынысына емес, мазмұн мен идеяға қарай бағаланады. Мысалы, TikTok-тағы танымал контент жасаушылар немесе блогерлердің аудиториясы олардың жынысына емес, айтқан ойының өзектілігі мен креативтілігіне байланысты.
#10 слайд
Сауалнама. Нәтижесі.
Әлеуметтік желілер мен жаңа мәдени ықпал жастар
тілін біртұтас, гендерсіз бағытқа қарай өзгертуде.
Қазіргі жастардың тілі – бейтарап, гендерлік
шектеуден еркін.
Қазақ әдебиетіндегі ер мен әйелдің тілдік
ерекшелігі жастар сөйлеуінде әлсіреген.
10 слайд
Сауалнама. Нәтижесі. Әлеуметтік желілер мен жаңа мәдени ықпал жастар тілін біртұтас, гендерсіз бағытқа қарай өзгертуде. Қазіргі жастардың тілі – бейтарап, гендерлік шектеуден еркін. Қазақ әдебиетіндегі ер мен әйелдің тілдік ерекшелігі жастар сөйлеуінде әлсіреген.
#11 слайд
11 слайд
#12 слайд
12 слайд
#13 слайд
13 слайд
#14 слайд
14 слайд
#15 слайд
Қорытынды
Қазақ шығармаларындағы ер
мен әйел бейнесі — ұлттың
мінезі мен танымын танытатын
көркем жүйе.
Ал жастар лингвистикасы сол
дәстүрдің жаңа, заманауи жалғасы
ретінде тілді жаңғыртып, гендерлік
тепе-теңдікті орнатуға ықпал етіп
отыр.
.
Гендерлік лингвистика қазақ
тілінің байлығын, ұлттық
болмыспен байланысын ашып
көрсетеді.
15 слайд
Қорытынды Қазақ шығармаларындағы ер мен әйел бейнесі — ұлттың мінезі мен танымын танытатын көркем жүйе. Ал жастар лингвистикасы сол дәстүрдің жаңа, заманауи жалғасы ретінде тілді жаңғыртып, гендерлік тепе-теңдікті орнатуға ықпал етіп отыр. . Гендерлік лингвистика қазақ тілінің байлығын, ұлттық болмыспен байланысын ашып көрсетеді.
#16 слайд
Ұсыныс
Қазақ тіл білімінде гендерлік
лингвистика бағытын тереңдетіп
зерттеу қажет, себебі ер мен
әйелдің тілдік ерекшелігі
ұлттық дүниетаным мен мәдени
кодты айқындайды.
Мектеп бағдарламасына «гендерлік
және жастар
лингвистикасы» тақырыбында
қосымша сабақтар немесе
факультативтік курс енгізу
ұсынылады. Бұл оқушылардың тіл
мәдениетін, сөз әдебін және
ұлттық болмысқа құрметін
арттырады.
Қазақ әдебиеті сабақтарында ер мен
әйел бейнесін талдау кезінде
кейіпкерлердің сөйлеу ерекшеліктерін, сөз
таңдау мен эмоциялық бояуын талдату
арқылы оқушылардың тілдік талдау
дағдысын дамыту ұсынылады.
Қазіргі жастардың сөйлеу
мәдениетіне әлеуметтік
желілердің ықпалы ерекше
болғандықтан, жастар тіліндегі
гендерлік бейтараптықтың
артықшылықтары мен
кемшіліктерін ғылыми тұрғыда
зерттеу өзекті. Әлеуметтік желіде
жазбалар жариялау
16 слайд
Ұсыныс Қазақ тіл білімінде гендерлік лингвистика бағытын тереңдетіп зерттеу қажет, себебі ер мен әйелдің тілдік ерекшелігі ұлттық дүниетаным мен мәдени кодты айқындайды. Мектеп бағдарламасына «гендерлік және жастар лингвистикасы» тақырыбында қосымша сабақтар немесе факультативтік курс енгізу ұсынылады. Бұл оқушылардың тіл мәдениетін, сөз әдебін және ұлттық болмысқа құрметін арттырады. Қазақ әдебиеті сабақтарында ер мен әйел бейнесін талдау кезінде кейіпкерлердің сөйлеу ерекшеліктерін, сөз таңдау мен эмоциялық бояуын талдату арқылы оқушылардың тілдік талдау дағдысын дамыту ұсынылады. Қазіргі жастардың сөйлеу мәдениетіне әлеуметтік желілердің ықпалы ерекше болғандықтан, жастар тіліндегі гендерлік бейтараптықтың артықшылықтары мен кемшіліктерін ғылыми тұрғыда зерттеу өзекті. Әлеуметтік желіде жазбалар жариялау
#17 слайд
Назарларыңызға
рахмет!
17 слайд
Назарларыңызға рахмет!
шағым қалдыра аласыз













