Ғылыми жоба "Бесік - жас нәрестенің ақ отауы" 11-cынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
1 слайд
СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ, МАМЛЮТ АУДАНЫ
“ КРАСНОЗНАМЕННОЕ ОРТА МЕКТЕБІ” МКМ
Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар
саяхат маршруттары
Секция: қазақ әдебиеті - этномәдениет
Тақырыбы: Бесік - жас нәрестенің ақ отауы
Жоба авторы, сыныбы: 11“А” сынып оқушысы
Тешебаева Әсемгүл
Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Умурзакова Г.А.
1 слайд
СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ, МАМЛЮТ АУДАНЫ “ КРАСНОЗНАМЕННОЕ ОРТА МЕКТЕБІ” МКМ Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары Секция: қазақ әдебиеті - этномәдениет Тақырыбы: Бесік - жас нәрестенің ақ отауы Жоба авторы, сыныбы: 11“А” сынып оқушысы Тешебаева Әсемгүл Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Умурзакова Г.А.
2 слайд
Мақсаты:
Қазақтың киелі мүлкі бесіктің
пайдасын анықтау және
дәлелдеу, бесікке байланысты
салт-дәстүрлерді зерттеу.
2 слайд
Мақсаты: Қазақтың киелі мүлкі бесіктің пайдасын анықтау және дәлелдеу, бесікке байланысты салт-дәстүрлерді зерттеу.
3 слайд
Міндеті:
Бесіктің бала дамуына әсерін және нәресте
денсаулығына пайдасын зерттеу
Бесіктің құрылысымен танысу.
Бесікке қатысты салт-дәстүрлерді жаңғырту.
Қазіргі жастарды баласын бесікке бөлеуге
үндеу
3 слайд
Міндеті: Бесіктің бала дамуына әсерін және нәресте денсаулығына пайдасын зерттеу Бесіктің құрылысымен танысу. Бесікке қатысты салт-дәстүрлерді жаңғырту. Қазіргі жастарды баласын бесікке бөлеуге үндеу
4 слайд
Өзектілігі:
Қазіргі кезде жас жұбайлар нәрестесін бесікке
салуды азайтып бара жатыр. Заманауи жиһаздар
ата-бабамыздан қалған қастерлі де киелі мүлік
бесікті ысыруда, сонымен бірге салт-дәстүріміз де
ұмытылуда. Сондықтан жастар арасында бесіктің
пайдасын кең насихаттап, ақылды жиһазды
қолдануға шақыру.
4 слайд
Өзектілігі: Қазіргі кезде жас жұбайлар нәрестесін бесікке салуды азайтып бара жатыр. Заманауи жиһаздар ата-бабамыздан қалған қастерлі де киелі мүлік бесікті ысыруда, сонымен бірге салт-дәстүріміз де ұмытылуда. Сондықтан жастар арасында бесіктің пайдасын кең насихаттап, ақылды жиһазды қолдануға шақыру.
5 слайд
Бесік тек қазаққа ғана тән емес, ол
орталық Азия, Кавказ, Үндістан, Қытай жерін
мекендеген көп халықтың ұл мен қызын
ұйықтатып, оянғанда қолын шешіп ойнатып,
анасының ақ сүтін беріп, тіл-көзден сақтайтын
ағаш төсегі. Тек олардың әр халықта жасалу
ерекшелігі түрліше болып келеді.
Қазақ тарихында көшіп жүріп елі мен жерін
жаудан қорғаған жаугершілік заманда бесік
жолда жүруге де ыңғайлы болған .
5 слайд
Бесік тек қазаққа ғана тән емес, ол орталық Азия, Кавказ, Үндістан, Қытай жерін мекендеген көп халықтың ұл мен қызын ұйықтатып, оянғанда қолын шешіп ойнатып, анасының ақ сүтін беріп, тіл-көзден сақтайтын ағаш төсегі. Тек олардың әр халықта жасалу ерекшелігі түрліше болып келеді. Қазақ тарихында көшіп жүріп елі мен жерін жаудан қорғаған жаугершілік заманда бесік жолда жүруге де ыңғайлы болған .
6 слайд
Қазақ бесікті
қарағайдан,
қайыңнан,
көбіне талдан
иіп жасайды.
Себебі тал
басқа ағаштай
емес иілмелі,
морт
сынбайды, құрт
түспейді. Бесікті
«тал бесік» деп
атаудың сыры
осында.
6 слайд
Қазақ бесікті қарағайдан, қайыңнан, көбіне талдан иіп жасайды. Себебі тал басқа ағаштай емес иілмелі, морт сынбайды, құрт түспейді. Бесікті «тал бесік» деп атаудың сыры осында.
7 слайд
Ата-бабаларымыз
бесікті өте
тапқырлықпен,
данышпандықпен
жасаған. Ол екі жаққа
қарай тербетіліп, тепе-
теңдікті сақтап
тұратындықтан, сәби
есейе келе қанша
бұлқынса да,
аударылып кетпейді.
Тербеткенде адам қолы
шаршамайды, баланың
басы ерсілі –қарсылы
шайқалмайды, жылы
әрі таза болады.
7 слайд
Ата-бабаларымыз бесікті өте тапқырлықпен, данышпандықпен жасаған. Ол екі жаққа қарай тербетіліп, тепе- теңдікті сақтап тұратындықтан, сәби есейе келе қанша бұлқынса да, аударылып кетпейді. Тербеткенде адам қолы шаршамайды, баланың басы ерсілі –қарсылы шайқалмайды, жылы әрі таза болады.
8 слайд
Бесік жабдықтары
Бесіктің жабдықтарына келсек, олар –
жастық, құс төсек, жөргек, бесік көрпе, қолбау,
тізебау, тізе жастық, екі тартпасы, түбек,
шүмек. Шүмекті қойдың асық жілігінен
жасаған, ол айрықша аппақ болуы үшін сүтке
қайнатылған.
8 слайд
Бесік жабдықтары Бесіктің жабдықтарына келсек, олар – жастық, құс төсек, жөргек, бесік көрпе, қолбау, тізебау, тізе жастық, екі тартпасы, түбек, шүмек. Шүмекті қойдың асық жілігінен жасаған, ол айрықша аппақ болуы үшін сүтке қайнатылған.
9 слайд
Қазіргі жан-жақты дамыған заманда адам
қолданысы үшін әртүрлі заттар, техника, түрлі
жиһаздар шығып жатыр. Оның ішінде сәбилерге
арналған кереуеттер де бар. Бұл керуеттер ата-
бабамыз пайдаланған бесікті әрі ысыруда.
Көптеген жастар бесік баланың аяқ-қолын
таңып, қысып жатады, сондықтан қимылы
азайып, аурушаң болады деп, бесіктен бас
тартып жатады. Егер бұл рас болса, ғасырлар
бойы бесікке жатып келе жатқан қазағымның
балаларынан алып-алып батырлар, ақылгөй
билер шықпас еді.
Керісінше, бесік баланың денсаулығына, ми
қызметінің дұрыс дамуына үлкен септігін
тигізеді.
9 слайд
Қазіргі жан-жақты дамыған заманда адам қолданысы үшін әртүрлі заттар, техника, түрлі жиһаздар шығып жатыр. Оның ішінде сәбилерге арналған кереуеттер де бар. Бұл керуеттер ата- бабамыз пайдаланған бесікті әрі ысыруда. Көптеген жастар бесік баланың аяқ-қолын таңып, қысып жатады, сондықтан қимылы азайып, аурушаң болады деп, бесіктен бас тартып жатады. Егер бұл рас болса, ғасырлар бойы бесікке жатып келе жатқан қазағымның балаларынан алып-алып батырлар, ақылгөй билер шықпас еді. Керісінше, бесік баланың денсаулығына, ми қызметінің дұрыс дамуына үлкен септігін тигізеді.
10 слайд
Қазіргі заманғы нәресте керуеттері
10 слайд
Қазіргі заманғы нәресте керуеттері
11 слайд
11 слайд
12 слайд
Қазір баласын бесікке бөлейтін ата-ана аз.
Тіпті «бесік зиян...» дейтіндер де бар. Бұл баяғы
кеңестен қалған көзқарас. Кешегі кеңестік дәуірде
бесікті жамандап оқытатын арнайы тапсырма
болған. Сондықтан бесік қолданыстан шығып
қалды. Ал негізінде жүздеген ғасыр сынақтан
өткен бесіктің пайдасы бала үшін ұшан-теңіз.
Айталық:
Біріншіден, қол-аяғын ербеңдетіп бос жатқан сәбидің
ұйқысы тыныш болмайды. Ұйқысы қанбаған баланың
зердесі толық дамымайды, жетілмейді.
Екіншіден, баланың мазасыздығы анасын
алаңдатады. Мұндай жайсыздық сүт арқылы сәбиге
беріледі. Сондықтан бесікке жатпаған бала болашақта
сабырсыздау болады.
12 слайд
Қазір баласын бесікке бөлейтін ата-ана аз. Тіпті «бесік зиян...» дейтіндер де бар. Бұл баяғы кеңестен қалған көзқарас. Кешегі кеңестік дәуірде бесікті жамандап оқытатын арнайы тапсырма болған. Сондықтан бесік қолданыстан шығып қалды. Ал негізінде жүздеген ғасыр сынақтан өткен бесіктің пайдасы бала үшін ұшан-теңіз. Айталық: Біріншіден, қол-аяғын ербеңдетіп бос жатқан сәбидің ұйқысы тыныш болмайды. Ұйқысы қанбаған баланың зердесі толық дамымайды, жетілмейді. Екіншіден, баланың мазасыздығы анасын алаңдатады. Мұндай жайсыздық сүт арқылы сәбиге беріледі. Сондықтан бесікке жатпаған бала болашақта сабырсыздау болады.
13 слайд
Үшіншіден, бесiктен шешкен кезде сәби керіліп-
созылып рақаттанады. Денесінің әртүрлі күйде
болуы оған демалыс сыйлайды. Мұның да
физиологиялық пайдасы зор.
Төртіншіден, сәбидің тұла бойы таза болады,
бесік тазалыққа үйретеді.
Бесіншіден, бесіктегі баланың денесіне дымқыл
сыз, дарымайды. таза әрі жылы жатады.
Жаялығы құрғақ болғасын ұйқысы да тыныш
болады. Ол мықты денсаулық кепілі. Әрі қол-
аяғы, бойы сыптай, түп-түзу болып өседі.
13 слайд
Үшіншіден, бесiктен шешкен кезде сәби керіліп- созылып рақаттанады. Денесінің әртүрлі күйде болуы оған демалыс сыйлайды. Мұның да физиологиялық пайдасы зор. Төртіншіден, сәбидің тұла бойы таза болады, бесік тазалыққа үйретеді. Бесіншіден, бесіктегі баланың денесіне дымқыл сыз, дарымайды. таза әрі жылы жатады. Жаялығы құрғақ болғасын ұйқысы да тыныш болады. Ол мықты денсаулық кепілі. Әрі қол- аяғы, бойы сыптай, түп-түзу болып өседі.
14 слайд
Алтыншыдан, бір қалыпты ырғақпен
тербетілген баланың жүйке-жүйесі тыныш
болады.
Жетіншіден, бесіктегі балаға ана әлдиі әбден
сіңеді Қайырымды мінез қалыптасады.Бесік
жырын тыңдаған баланың қанына ұлттық қасиет
дариды.
Сегізіншіден, бесік сәбиді сырттан келетін кері
энергия немесе тіл-көзден сақтайды.
14 слайд
Алтыншыдан, бір қалыпты ырғақпен тербетілген баланың жүйке-жүйесі тыныш болады. Жетіншіден, бесіктегі балаға ана әлдиі әбден сіңеді Қайырымды мінез қалыптасады.Бесік жырын тыңдаған баланың қанына ұлттық қасиет дариды. Сегізіншіден, бесік сәбиді сырттан келетін кері энергия немесе тіл-көзден сақтайды.
15 слайд
Ал бесікте жатқан бала жөргекті мүлдем
қажет етпейді және де ата - анасына
да, қаржы жағынан үлкен септігін
тигізеді, бюджетті үнемдейді.
1 жөргектің
бағасы-8 0 тг .
1 қаптамасының
бағасы -1600 тг .
күніне -5 жөргек
1 қаптамасы 4
күнге жетсе ата
аналар айына 6
қаптама алады,
бағасы -6900.
15 слайд
Ал бесікте жатқан бала жөргекті мүлдем қажет етпейді және де ата - анасына да, қаржы жағынан үлкен септігін тигізеді, бюджетті үнемдейді. 1 жөргектің бағасы-8 0 тг . 1 қаптамасының бағасы -1600 тг . күніне -5 жөргек 1 қаптамасы 4 күнге жетсе ата аналар айына 6 қаптама алады, бағасы -6900.
16 слайд
16 слайд
17 слайд
Әрине, бесік пайдалы екен деп, баланы күні-
түні таңып қоюға болмайды. Арасында шешіп
алып, аяқ-қолын созып, жаттығулар жасау
керек. Бала бесікте жатпаған уақытта бесік
көрпешелерін далаға күннің көзіне, қыста
аязға жайып алу қажет.
17 слайд
Әрине, бесік пайдалы екен деп, баланы күні- түні таңып қоюға болмайды. Арасында шешіп алып, аяқ-қолын созып, жаттығулар жасау керек. Бала бесікте жатпаған уақытта бесік көрпешелерін далаға күннің көзіне, қыста аязға жайып алу қажет.
18 слайд
Бесікке салу дәстүрі
Бесікті аластау
дәстүрі
Нәрестені бесікке
салар алдында бесікті
міндетті түрде
аластайды. Отпен:
адыраспанмен,
сіріңкемен аластауға
болады. Аластаудың
мақсаты бала ұйықтап
жатқанда
шошынбасын, ұйқысы
тыныш болсын дегені
18 слайд
Бесікке салу дәстүрі Бесікті аластау дәстүрі Нәрестені бесікке салар алдында бесікті міндетті түрде аластайды. Отпен: адыраспанмен, сіріңкемен аластауға болады. Аластаудың мақсаты бала ұйықтап жатқанда шошынбасын, ұйқысы тыныш болсын дегені
19 слайд
Бесікке кімдер салады?
Бесікке
салу дәстүрін
жасы үлкен,
көп бала
тапқан,
өнегелі, ауыл-
аймаққа
сыйлы апа-
әжелерге сеніп
тапсырады.
19 слайд
Бесікке кімдер салады? Бесікке салу дәстүрін жасы үлкен, көп бала тапқан, өнегелі, ауыл- аймаққа сыйлы апа- әжелерге сеніп тапсырады.
20 слайд
Бесікті аластау
Бесікті көбінесе
отпен аластайды.
Сіріңкемен,
адыраспанмен
аластайды.
20 слайд
Бесікті аластау Бесікті көбінесе отпен аластайды. Сіріңкемен, адыраспанмен аластайды.
21 слайд
Шүмекті
сату
дәстүрі
21 слайд
Шүмекті сату дәстүрі
22 слайд
Шүмек
сатып
алу
22 слайд
Шүмек сатып алу
23 слайд
“ Тыштыма”
23 слайд
“ Тыштыма”
24 слайд
“ Тыштымадан” түскен тәттілерді
жас балаларға үлестіреді
24 слайд
“ Тыштымадан” түскен тәттілерді жас балаларға үлестіреді
25 слайд
Баланы
бесікке
оң
жағынан
әкеліп
салады
25 слайд
Баланы бесікке оң жағынан әкеліп салады
26 слайд
26 слайд
27 слайд
27 слайд
28 слайд
28 слайд
29 слайд
Баланы бөлеп болған соң
баланың ұйқысы қалың болсын деген
ниетпен бесіктің үстіне
тоғыз қабат көрпе жабады да,
бесік жырын айтады.
29 слайд
Баланы бөлеп болған соң баланың ұйқысы қалың болсын деген ниетпен бесіктің үстіне тоғыз қабат көрпе жабады да, бесік жырын айтады.
30 слайд
11 А 11 Б
0
10
20
30
40
50
60
70
80
Ряд 1
30 слайд
11 А 11 Б 0 10 20 30 40 50 60 70 80 Ряд 1
31 слайд
Қорытынды
Осы күні кейбіреулердің бесікке бөлеуге
қарсы болып жүргені — мүліктің қасиетін
түсінбегендік. Бесік күн ыстықта салқын, күн
суықта жылы болады. Ол баланы
шыдамдылыққа да баулиды.
Сондай-ақ, суық пен ыстықтан да қорғап қана
қоймай, кездейсоқ құлаған заттан бесіктің
жақтаулары балаға қорғаныш қызметін
атқарады.
31 слайд
Қорытынды Осы күні кейбіреулердің бесікке бөлеуге қарсы болып жүргені — мүліктің қасиетін түсінбегендік. Бесік күн ыстықта салқын, күн суықта жылы болады. Ол баланы шыдамдылыққа да баулиды. Сондай-ақ, суық пен ыстықтан да қорғап қана қоймай, кездейсоқ құлаған заттан бесіктің жақтаулары балаға қорғаныш қызметін атқарады.
32 слайд
Бесік — ата-бабамыздың бізге қалдырған баға
жетпес мұрасы, ал оны қастерлеп, бағалай
білу — бізге міндет.
Жас аналарға, балалы болғалы отырған
болашақ аналарға айтар кәдем сәбилеріңіздің
бойын бесікке үйретудің қамын жасаңыздар.
Бұл көненің қажетсіз қалдығы емес, бұл
ақылды аналарға арналған «ақылды жиһаз».
32 слайд
Бесік — ата-бабамыздың бізге қалдырған баға жетпес мұрасы, ал оны қастерлеп, бағалай білу — бізге міндет. Жас аналарға, балалы болғалы отырған болашақ аналарға айтар кәдем сәбилеріңіздің бойын бесікке үйретудің қамын жасаңыздар. Бұл көненің қажетсіз қалдығы емес, бұл ақылды аналарға арналған «ақылды жиһаз».
33 слайд
Назар салып
тыңдағандарыңызға
рахмет!
33 слайд
Назар салып тыңдағандарыңызға рахмет!