1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ғылыми жоба тақырыбы:«Мен жастарға сенемін» өлеңінің тәрбиелік мәні

#1 слайд
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігі
Атырау қалалық жалпы білім беретін №15 Абай
атындағы орта мектеп
Беркінғали Динара
7-сынып оқушысы
«Мен жастарға сенемін»
өлеңінің тәрбиелік мәні
Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері мен болашақ
дамуы бар саяхат маршруттары
Секция:қазақ әдебиеті
Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі
Даркенова А.Қ
Атырау қаласы-201 6 жыл
1 слайд
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Атырау қалалық жалпы білім беретін №15 Абай атындағы орта мектеп Беркінғали Динара 7-сынып оқушысы «Мен жастарға сенемін» өлеңінің тәрбиелік мәні Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері мен болашақ дамуы бар саяхат маршруттары Секция:қазақ әдебиеті Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Даркенова А.Қ Атырау қаласы-201 6 жыл
#2 слайд
2 слайд
#3 слайд
Мағжан Бекенұлы
Жұмабаев - сөз
өнерінің құйма
құлақ, ерекше
талант иесі, қазақ
поэзиясы өрнек-
айшықтарының ірі
суреткері, аса
дарынды ақиық
ақын, сөнбес
жанартау, сөз
шебері
3 слайд
Мағжан Бекенұлы Жұмабаев - сөз өнерінің құйма құлақ, ерекше талант иесі, қазақ поэзиясы өрнек- айшықтарының ірі суреткері, аса дарынды ақиық ақын, сөнбес жанартау, сөз шебері
#4 слайд
Кіріспе:
Өзінің өлең дүниесін болашаққа аманат еткен
жанартау ақын жиырмасыншы ғасырдың бас
кезіндегі оқиғалардың бәріне куә болған. Оны біз
ақынды толғандырған қазақ елі мен жерінің
тағдыры, ұлт болашағы жайлы жыр
моншақтарынан анықтадық. Мағжан зорлық-
зомбылық дәуірінде өмір сүрді. Қиын-қыстау,
тауқымет жолын көп кешті, өмірі абақтыда,
лагерьде, қуғын-сүргінде, азап-қорлықта өтіп,
ақыры биік жанартауды ажал оғы өшірді. Бірақ
«Мен жастарға сенемін» - деп заманының бар
тауқыметіне қарсы тұрған, сөнбес жанартау ақын
жиырмасыншы ғасырдың басында ұран тастады.
Менің бұл зерттеу жұмысысым өлеңнің өзектілігі
мен қазіргі таңдағы жастар тәрбиесіндегі маңызын,
бүгінгі заманмен үйлесім тапқан ақынның мұрасын
зерделеуге арналады. Ақынның толықтай зерттеуді
қажет ететін мұндай рухани мұрасы әлі қаншама
десеңізші! Бұл зерттеу ұлт құндылығына қосылған
нөсер тамшысындай әсер етеді деуге болады.
.
4 слайд
Кіріспе: Өзінің өлең дүниесін болашаққа аманат еткен жанартау ақын жиырмасыншы ғасырдың бас кезіндегі оқиғалардың бәріне куә болған. Оны біз ақынды толғандырған қазақ елі мен жерінің тағдыры, ұлт болашағы жайлы жыр моншақтарынан анықтадық. Мағжан зорлық- зомбылық дәуірінде өмір сүрді. Қиын-қыстау, тауқымет жолын көп кешті, өмірі абақтыда, лагерьде, қуғын-сүргінде, азап-қорлықта өтіп, ақыры биік жанартауды ажал оғы өшірді. Бірақ «Мен жастарға сенемін» - деп заманының бар тауқыметіне қарсы тұрған, сөнбес жанартау ақын жиырмасыншы ғасырдың басында ұран тастады. Менің бұл зерттеу жұмысысым өлеңнің өзектілігі мен қазіргі таңдағы жастар тәрбиесіндегі маңызын, бүгінгі заманмен үйлесім тапқан ақынның мұрасын зерделеуге арналады. Ақынның толықтай зерттеуді қажет ететін мұндай рухани мұрасы әлі қаншама десеңізші! Бұл зерттеу ұлт құндылығына қосылған нөсер тамшысындай әсер етеді деуге болады. .
#5 слайд
ΙΙ. Негізгі бөлім:
1. Поэзиялық туындылар қашанда кез келген саналы
адамның көңіл толқынын сапырып, өмірден сүрінгенде
рухтандырып, мұңға батырып, қуанғанда шалқытатын,
арман-мақсаттарға жетелейтін сиқырлы құндылық
десем, артық айтқандық емес деген пікірдемін. «Мен
жастарға сенемін» өлеңі де сол көңіл толқынына
ерекше әсер ететін ұлтжандылықтың ұраны
секілді.Өлеңнің қай шумағын алып қарасақ та,
халқымыздың кешегісі мен бүгінгі күнін жалғастырған
тың дүние табамыз.
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты-
Мен жастарға сенемін!- деп ақын өз өлеңінде
арыстандай, жолбарыстай, қырандай жастарға сенім
жылуын ұялатып,
...Көздегені көк аспан.
Мен жастарға сенемін, -деп, жас ұрпақтың
бейбітшілікте, ынтымақтастықта, бірлікте, азаттық
туының астында өмір сүретіндігін армандап, оларға
шынайы сенді. .
5 слайд
ΙΙ. Негізгі бөлім: 1. Поэзиялық туындылар қашанда кез келген саналы адамның көңіл толқынын сапырып, өмірден сүрінгенде рухтандырып, мұңға батырып, қуанғанда шалқытатын, арман-мақсаттарға жетелейтін сиқырлы құндылық десем, артық айтқандық емес деген пікірдемін. «Мен жастарға сенемін» өлеңі де сол көңіл толқынына ерекше әсер ететін ұлтжандылықтың ұраны секілді.Өлеңнің қай шумағын алып қарасақ та, халқымыздың кешегісі мен бүгінгі күнін жалғастырған тың дүние табамыз. Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты, Қырандай күшті қанатты- Мен жастарға сенемін!- деп ақын өз өлеңінде арыстандай, жолбарыстай, қырандай жастарға сенім жылуын ұялатып, ...Көздегені көк аспан. Мен жастарға сенемін, -деп, жас ұрпақтың бейбітшілікте, ынтымақтастықта, бірлікте, азаттық туының астында өмір сүретіндігін армандап, оларға шынайы сенді. .
#6 слайд
Ақын сенімі ақталып, еліміз желбіреген көк
тудың астында бейбіт те, берекелі ғұмыр
кешуде. Тәуелсіздіктің нұрына шомылып
еш алаңсыз, елдің тұтқасын мықты ұстар
жас ұрпақ-бұл біздерміз. Елбасымыз
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев та болашақ
жастарға сеніп, барлық мүмкіндікті жасап
жатыр, студенттерімізді шетелдің беделді
оқу оқу орындарына білім алуға жіберсе,
«Жас отан» жастар ұйымына білімді де,
саналы жастарды біріктірсе, әртүрлі үлгідегі
мектептер, балабақшалар ашып, жастардың
білім мен тәрбие алуына үлкен жол ашып
отыр. Біз де осы жанартау ақын Мағжан
Жұмабаев, ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан
Назарбаевтың сенімін ақтауға тырысамыз.
Еліміздің күндей жарқыраған болашағына
зор үлесімізді қосамыз.
6 слайд
Ақын сенімі ақталып, еліміз желбіреген көк тудың астында бейбіт те, берекелі ғұмыр кешуде. Тәуелсіздіктің нұрына шомылып еш алаңсыз, елдің тұтқасын мықты ұстар жас ұрпақ-бұл біздерміз. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев та болашақ жастарға сеніп, барлық мүмкіндікті жасап жатыр, студенттерімізді шетелдің беделді оқу оқу орындарына білім алуға жіберсе, «Жас отан» жастар ұйымына білімді де, саналы жастарды біріктірсе, әртүрлі үлгідегі мектептер, балабақшалар ашып, жастардың білім мен тәрбие алуына үлкен жол ашып отыр. Біз де осы жанартау ақын Мағжан Жұмабаев, ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың сенімін ақтауға тырысамыз. Еліміздің күндей жарқыраған болашағына зор үлесімізді қосамыз.
#7 слайд
2. Ақын «Мен жастарға сенемін»
өлеңінде асқақтай сөйлейді:
Көздерінде от ойнар,
Сөздерінде жалын бар
Жаннан қымбат оларға ар
Мен жастарға сенемін! – деп жастарды
намыс, ар-ұят құндылықтарын
жоғалтпауға, қыздарымызды атақ-
абыройларына кір келтірмеуге
шақырады.
7 слайд
2. Ақын «Мен жастарға сенемін» өлеңінде асқақтай сөйлейді: Көздерінде от ойнар, Сөздерінде жалын бар Жаннан қымбат оларға ар Мен жастарға сенемін! – деп жастарды намыс, ар-ұят құндылықтарын жоғалтпауға, қыздарымызды атақ- абыройларына кір келтірмеуге шақырады.
#8 слайд
Жастар- қоғамның белсенді мүшесі,
дамушы күші. Олай болса, өмір бойы «
Алаш» ұранын көтеріп өткен Мағжан
үшін жастардың орны ерекше.
Жастарды шындық жолынан
тайғанақтамай, ар-намысын бірінші
орынға қоюға үн тастайды.
Намыс, ар- ұят-адам айнасы.
Күнделікті тұрмыста, отбасында айна
сынып жатса, жамандыққа жоримыз.
Сол тұрғыдан алып қарасақ, жастардың
ар-ұят, намыс айнасы байқаусызда
сынып, күл-талқаны шықпасыншы
деген үмітпен Мағжан ақын жанын
шүберекке түйді.
8 слайд
Жастар- қоғамның белсенді мүшесі, дамушы күші. Олай болса, өмір бойы « Алаш» ұранын көтеріп өткен Мағжан үшін жастардың орны ерекше. Жастарды шындық жолынан тайғанақтамай, ар-намысын бірінші орынға қоюға үн тастайды. Намыс, ар- ұят-адам айнасы. Күнделікті тұрмыста, отбасында айна сынып жатса, жамандыққа жоримыз. Сол тұрғыдан алып қарасақ, жастардың ар-ұят, намыс айнасы байқаусызда сынып, күл-талқаны шықпасыншы деген үмітпен Мағжан ақын жанын шүберекке түйді.
#9 слайд
Соңғы уақытты жалпы жастардың
бойындағы теріс қылық, жаман әдеттер,
еліктегіш, асыра сенгіш сияқты
мінездерді көргенде өзім үшін де, өзге
үшін де қатты қынжыламын. Айта
кететін болсақ, батысқа еліктеп ашық-
шашық киіну,жүріс-тұрыс, тіл мәдениеті,
ана тілімізді бұрмалау, мәртебесін түсіру,
тағы да көптеген жабайы мінез-құлықтар
біздің айнамыздың жалтыраған бір тұсы.
Қазақтың өрімдей бойжеткендерінің,
тіпті анам жастағылардың көлік
тұрағында, аялдамада, үйдің ауласында
темекіні шиырып тұрғанын көргенде,
жиіркенем, әрине. Өйткені темекінің
денсаулыққа зиянын біз мектеп
қабырғасынан білеміз.
9 слайд
Соңғы уақытты жалпы жастардың бойындағы теріс қылық, жаман әдеттер, еліктегіш, асыра сенгіш сияқты мінездерді көргенде өзім үшін де, өзге үшін де қатты қынжыламын. Айта кететін болсақ, батысқа еліктеп ашық- шашық киіну,жүріс-тұрыс, тіл мәдениеті, ана тілімізді бұрмалау, мәртебесін түсіру, тағы да көптеген жабайы мінез-құлықтар біздің айнамыздың жалтыраған бір тұсы. Қазақтың өрімдей бойжеткендерінің, тіпті анам жастағылардың көлік тұрағында, аялдамада, үйдің ауласында темекіні шиырып тұрғанын көргенде, жиіркенем, әрине. Өйткені темекінің денсаулыққа зиянын біз мектеп қабырғасынан білеміз.
#10 слайд
Ал біз осы ақын ойын нақты, терең
түсініп, сенімін ақтап жүрміз бе?-
деген сауал бар көкейімде. Осы
сауал менің ойымды үнемі
мазалайды.
Жастар тәрбиесінің қараңғы
тұстарын жасырып, қоғам үшін аса
маңызды бұл іске немқұрайлы қарап,
жалған намыс, әлсіз ар-ұятты
мақтан ету - ұлт болшағына көлеңке
түсірумен бірдей емес пе?
10 слайд
Ал біз осы ақын ойын нақты, терең түсініп, сенімін ақтап жүрміз бе?- деген сауал бар көкейімде. Осы сауал менің ойымды үнемі мазалайды. Жастар тәрбиесінің қараңғы тұстарын жасырып, қоғам үшін аса маңызды бұл іске немқұрайлы қарап, жалған намыс, әлсіз ар-ұятты мақтан ету - ұлт болшағына көлеңке түсірумен бірдей емес пе?
#11 слайд
Түптеп келгенде сол жас
бойжеткендер болашақ ана ғой! Ал
осыдан дені сау, білімді, тәрбиелі жас
ұрпақ қайдан болсын?! Кінәні өзімізден
емес, өзгеден іздейміз.
Жетімдер үйінде қаншама нәресте
ата-ана қамқорынсыз өсіп жатыр
немесе өзге ұлт өкілдері асырап алып,
шет ел асып жатыр.
«Терроризм» деген ұғым кірді
санамызға. XXΙ ғасыр - жаңа
технологиялар дәуірі дедік, осы
ғаламтордан әлемдегі «терроризмді»
көріп, жастарымыздың санасы уланып,
қатігез, жауыздыққа бой алдырып
жатыр. Шетел асып, отанынан адасып,
жойқын соғыстың арасында жүр
бірқатар жастарымыз .
11 слайд
Түптеп келгенде сол жас бойжеткендер болашақ ана ғой! Ал осыдан дені сау, білімді, тәрбиелі жас ұрпақ қайдан болсын?! Кінәні өзімізден емес, өзгеден іздейміз. Жетімдер үйінде қаншама нәресте ата-ана қамқорынсыз өсіп жатыр немесе өзге ұлт өкілдері асырап алып, шет ел асып жатыр. «Терроризм» деген ұғым кірді санамызға. XXΙ ғасыр - жаңа технологиялар дәуірі дедік, осы ғаламтордан әлемдегі «терроризмді» көріп, жастарымыздың санасы уланып, қатігез, жауыздыққа бой алдырып жатыр. Шетел асып, отанынан адасып, жойқын соғыстың арасында жүр бірқатар жастарымыз .
#12 слайд
Ұл-қыздарымыздың бір
сыпырасы дін жолын
ұстануда. Ал мұның кері
әсерін күнделікті көріп
жүрміз. Қаншама жас бетін
қарамен тұмшалап, қысқа
балақты атанып, сақал
қойып, өздерін қоғамнан
алшақ ұстауда. Үрімдей
қыздарымыз өзге ұлт
өкілдеріне тұрмысқа шықса,
болашақ ұрпағымызды кім
ойламақ. Міне, біздің
заманымыздың жастарында
толғандырар мәселелер өте
көп.
12 слайд
Ұл-қыздарымыздың бір сыпырасы дін жолын ұстануда. Ал мұның кері әсерін күнделікті көріп жүрміз. Қаншама жас бетін қарамен тұмшалап, қысқа балақты атанып, сақал қойып, өздерін қоғамнан алшақ ұстауда. Үрімдей қыздарымыз өзге ұлт өкілдеріне тұрмысқа шықса, болашақ ұрпағымызды кім ойламақ. Міне, біздің заманымыздың жастарында толғандырар мәселелер өте көп.
#13 слайд
Қорытынды
Бұл зерттеу жұмысымда поэзияның жанартауы,өнер өрнегі,
ерлік дәстүрінің жыршысы Мағжан Жұмабаевтың «Мен
жастарға сенемін» өлеңіндегі ұлтжандылық сезімді ұғынып,
талдау жасадық. Ақынның өлеңі жастарды қайсар мінезге
үндеп, туған жерге сүйіспеншілік сезімдерін арттыратын
таптырмас бірден –бір тәрбие көзі деуге болады.Бүгінгі дәуір
заманы жастарының өнегелі, саналы өмір сүру жолдарын
шешуге көмектеседі. Мағжан өлеңіндегі жырлаған жастар
тұлғасын қалыптастырсақ, Отанымыз Қазақстан
Республикасының болашағы ашық та, жарқын болары хақ.
Ол үшін елімнің бір кірпіші ретінде мынадай ұсыныстарым
бар:
1)Мектеп, орта және жоғары оқу орындарында
«Мағжантану» пәнін енгізсе;
2) Зерттеуім бойынша, «Мен жастарға сенемін» әнін Жақау
деген әнші қазіргі заман жастарының талғамына сай және
Қайырлы Ғафуров пен Кәкім Ердібайтегілер де осы әнді
орындап жүр, бірақ насихат жоқ, жастардың барлығы бірдей
әнді білмейді.Ал мен өзімінің ұсынысым бойынша,
балабақша, арнаулы және орта мектептердегі ән сабағынан
мемлекетіміздің Әнұранынан соң айтылатын «Мен
жастарға сенемін» әнін патриоттық әндер қатарына енгізсе,
құба-құп болар еді.
3) Өнердегі аға- апаларымыз жүйелі түрде «Мен жастарға
сенемін» әні мазмұнына сай мағыналы бейнебаян жазылса
құба- құп болар еді.
13 слайд
Қорытынды Бұл зерттеу жұмысымда поэзияның жанартауы,өнер өрнегі, ерлік дәстүрінің жыршысы Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» өлеңіндегі ұлтжандылық сезімді ұғынып, талдау жасадық. Ақынның өлеңі жастарды қайсар мінезге үндеп, туған жерге сүйіспеншілік сезімдерін арттыратын таптырмас бірден –бір тәрбие көзі деуге болады.Бүгінгі дәуір заманы жастарының өнегелі, саналы өмір сүру жолдарын шешуге көмектеседі. Мағжан өлеңіндегі жырлаған жастар тұлғасын қалыптастырсақ, Отанымыз Қазақстан Республикасының болашағы ашық та, жарқын болары хақ. Ол үшін елімнің бір кірпіші ретінде мынадай ұсыныстарым бар: 1)Мектеп, орта және жоғары оқу орындарында «Мағжантану» пәнін енгізсе; 2) Зерттеуім бойынша, «Мен жастарға сенемін» әнін Жақау деген әнші қазіргі заман жастарының талғамына сай және Қайырлы Ғафуров пен Кәкім Ердібайтегілер де осы әнді орындап жүр, бірақ насихат жоқ, жастардың барлығы бірдей әнді білмейді.Ал мен өзімінің ұсынысым бойынша, балабақша, арнаулы және орта мектептердегі ән сабағынан мемлекетіміздің Әнұранынан соң айтылатын «Мен жастарға сенемін» әнін патриоттық әндер қатарына енгізсе, құба-құп болар еді. 3) Өнердегі аға- апаларымыз жүйелі түрде «Мен жастарға сенемін» әні мазмұнына сай мағыналы бейнебаян жазылса құба- құп болар еді.
#14 слайд
14 слайд

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген