Материалдар / "Инновациялық технологиялар"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Инновациялық технологиялар"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі ұйымға қажет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Ақпан 2021
351
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
« Талдықорған қаласының білім бөлімі» ММ « № 7 ясли-бақшасы» МКҚК ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР Л.Абылкасымова Талдықорған 2021 ж

1 слайд
« Талдықорған қаласының білім бөлімі» ММ « № 7 ясли-бақшасы» МКҚК ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР Л.Абылкасымова Талдықорған 2021 жыл

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР « Технология» сөзі – гректің «шеберлік, өнер» және «заң,

2 слайд
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР « Технология» сөзі – гректің «шеберлік, өнер» және «заң, ғылым» сөздерінен шыққан – бұл шеберлік туралы ғылым. Инновациялық технологиялар – тәрбиелеу мен оқытуға қойылған мақсаттарға жетуге бағытталған заманауи әдістер мен ұтымды тәсілдердің, тәрбиелеу мен оқытудың дәстүрлі емес әдістерінің, жаңа оқыту құралдарының жүйесі. «Жаңа жолдармен жүретін педагогті таңдау қажет. Оның әрбір сөзі мен іс-әрекетінде ұмытылмайтын жаңалықтың ізі бар. Бұның ерекшелігі жаңа ой шақырады. Еліктіріп, түсіндірмейді, бірақ жаңа кеннің қалыпшысы. Негізіне жаңалыққа шақыруды алу керек.»

ТҰЛҒАЛЫҚ – БАҒДАРЛЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАР Бұл технологиялар білім беру жүйесінің ортасына бала тұлғасын қояды, даму жағдайына ж

3 слайд
ТҰЛҒАЛЫҚ – БАҒДАРЛЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАР Бұл технологиялар білім беру жүйесінің ортасына бала тұлғасын қояды, даму жағдайына жайлы, жанжалсыз және қауіпсіз жағдайлармен қамтамасыз етіп, табиғи шығармашыл әлеуетін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, тұлғалық қарым-қатынасына басымдығына ерекше көңіл аударып, іс-әрекет субъектісі ретінде баланың жан-жақты, еркін және шығармашылықпен дамуын мақсат етіп қояды. Басқа да тұлғалық- бағдарлық технология лар бар:

Бұл технологияға тән сипат педагогтің «жаңалықтар ашу арқылы оқыту» үлгісін жүзеге асыру болып табылады. Зерттеушілік (мәселел

4 слайд
Бұл технологияға тән сипат педагогтің «жаңалықтар ашу арқылы оқыту» үлгісін жүзеге асыру болып табылады. Зерттеушілік (мәселелік- ізденушілік). Коммуникативті (пікір-талас) Бұл технологияның ерекшелігі зерттелетiн сұрақтар бойымен әр түрлi пiкiрлерді сипаттайтын, оларды салыстырып, пiкiр сайыстарды шынайы пiкiрдi талқылау арқылы iздестiру болып табылады.

Иммитациялық үлгілеу (ойын). Бұл технологияға тән ерекшелік білім беру кеңістігінде өмірлік маңызды кәсіби қиыншылықтарды үл

5 слайд
Иммитациялық үлгілеу (ойын). Бұл технологияға тән ерекшелік білім беру кеңістігінде өмірлік маңызды кәсіби қиыншылықтарды үлгілеу және оларды шешу жолдарын іздестіру болып табылады. Психологиялық  (өзін-өзі анықтау) . Берілген технология осы немесе басқа білім беру іс- әрекетін орындау бойынша баланың өзін-өзі анықтауын жүзеге асырады.

Іс-әрекеттік Бұл технологияға тән сипат баланың алдағы іс-әрекетті жобалап, оның субъектісі болу мүмкіндігі болып табылады.

6 слайд
Іс-әрекеттік Бұл технологияға тән сипат баланың алдағы іс-әрекетті жобалап, оның субъектісі болу мүмкіндігі болып табылады. Рефлексивті Бұл технологияның ерекшелігі баланың іс-әрекетті яғни, қандай тәсілдер арқылы нәтижелер алынды, соның барысында кездескен қиыншылықтар, олар қалай шешілді және бұл ретте ол не сезінгенін түсінуі болып табылады.

Проблемалық -жобалық технологияның мәні белгілі бір мәселелерді шешу және жолдарын іздестіруге балалардың қызығушылықтарын ын

7 слайд
Проблемалық -жобалық технологияның мәні белгілі бір мәселелерді шешу және жолдарын іздестіруге балалардың қызығушылықтарын ынталандырудан құрылады. Ол балалардың танымдық материалда проблеманы анықтап, педагогпен бірге белгілі бір жобаны әзірлеп, оның шешу жолдарын бірігіп табуды баяндауын болжайды. Жобамен жұмыс істеу нәтижесінде баланың ойы белсендіріледі, білім, білік дағдыларын шебер меңгеруі жүзеге асады. Берілген технологияны қолдану дербестікке үйретеді, шығармашыл бастамашылығын дамытады. Қоршаған ортамен таныстыруда, ойындар мен еңбек іс-әрекеттерін ұйымдастырғанда, қарапайым математикалық түсініктері мен әңгімелесу дағдыларын қалыптастыруда тиімді.

ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ Заманауи мектепке дейінгі білім беру жүйесінде ойын іс-әрекеті тұтас коммуникативті-ойын ортасында кіріктір

8 слайд
ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ Заманауи мектепке дейінгі білім беру жүйесінде ойын іс-әрекеті тұтас коммуникативті-ойын ортасында кіріктірілген білімдері негізінде жинақталатын ұғымдарды меңгеру үшін дербес технология ретінде қолданылады. Ойын әдісі басқа әдістерден айрықша ерекшеленеді, ол балаға зерттелетін құбылыстың қызметіне қатысуына, біршама уақыт «нақты» өмірлік жағдайларда өмір сүру мүмкіндігін береді. Ойын әдісінің ерекшелігін айтарлықтай деңгейде ойын ортасы анықтайды. Балалармен жұмыс барысында ойындар: бөлме, көше, компьютер, заттармен және заттарсыз, үстел үстіндегі баспа, басқару тетігі бар ойындар және т.б. қолданылады. Ойын технологияларының мазмұнына ойын іс-әрекетінің басқа да тәсілдерімен үйлесімділігінде түрлі компоненттерді қолдану кіреді: сұрақтар, нұсқаулар, түсіндірмелер, анықтамалар, көрсетулер. Оқытудың ойын түрін ұйымдастыруда балаларды танымдық іс- әрекетке ынталандыруға қоғаушы құрал ретінде ойын уәждемелерінен құрылады. Заманауи ойын технологиялары күрделі ойлау операцияларын шешуді болжайды: трансформация (аударма, таңбалар мен сөздер), түсіндіруге арналған міндеттер (мағынасын, мәнін және т.б. түсіндіру). Заманауи «Сөйлейтін әліппе», «Электронды конструктор», «Сөйлейтін қалам» дамытушы ойындарыбалаға ойнап қана қоймай, сонымен қатар, арнайы кітаптарды дербес зерттеуге мүмкіндік береді.

ИНТЕРАКТИВТІ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАР Ы Берілген технологиялар баланы жан-жақты дамытуға бағытталған білім беру үдерісінде белсендір

9 слайд
ИНТЕРАКТИВТІ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАР Ы Берілген технологиялар баланы жан-жақты дамытуға бағытталған білім беру үдерісінде белсендіруші әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқытушы және дамытушы сипаттағы әдістемелерді қамтиды, олар: оқуға ерте үйрету, тілдерге үйрету (тілдердің үштұғырлығы), танымдық материалды сызбалық-таңбалық үлгілер негізінде үйрету, М. Монтессоридің өзін-өзі дамыту әдістемесі, ұжымдық пікірталас және оқу-рөлдік ойындарының әдісі. Интерактивті оқыту әдістері балаға адами өзара іс-әрекет пен қарым-қатынасын ұйымдастыру арқылы бағытталған.

Глен Доманның үлестірме қағаздары « Доманның үлестірме қағаздары» 6 айдан асқан балаларды дамытуға арнайы жасалған. Олар тіліні

10 слайд
Глен Доманның үлестірме қағаздары « Доманның үлестірме қағаздары» 6 айдан асқан балаларды дамытуға арнайы жасалған. Олар тілінің, ойының, ес, баланың елестетуі мен жылдам оқу және жылдам ойлауын дамытуға жағдайлар жасайды. Сонымен қатар, баланы қоршаған ортамен таныстырып, сөздік қорын арттыруға керемет мүмкіндік. Топтама артында сабақтардың өзіндік күнделіктері бар және көрсетім саны белгіленген үлестірме қағаздардан құралған. Бала жиі қолданатын 150 сөз және «алғашқы сөздер», «күнделікті сөздер», «жануарлар», «сөз тіркестері» тақырыптарындағы 600 сөз тіркестері жазылған 5 интерактивті DVD дискілері бар. Сонымен қатар, дискілерде оқуға үйрету және тілдерін дамыту бойынша қызықты ойын сабақтары бар сөздер мен сөз тіркестерін; сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналары ашылатын балалармен түсірілген видеороликтер, қызықты фотолар мен суреттерді; түрлі фонда және әртүрлі қаріптермен жазылған сөздер мен сөз тіркестерін; сөз жасаушылармен, ойындармен және көңілді әндермен анимация көрсету. Әдістемелігі қарапайым: балаға бірнеше рет роликтерді 5 минуттан көрсету қажет, сөздерді тұтас оқуға, әріптер ұғымын дербес түсінуге үйренеді.

Оқуға ерте үйрету Жөргектен оқу Жөргектен оқу әліппесі Үш тілдің патшалығы

11 слайд
Оқуға ерте үйрету Жөргектен оқу Жөргектен оқу әліппесі Үш тілдің патшалығы

Оқуға ерте үйрету Интерактивті технологияларға оқуға ере үйрету де жатады. Балаларға сөздерді толық оқуға үйретудің озық әдіст

12 слайд
Оқуға ерте үйрету Интерактивті технологияларға оқуға ере үйрету де жатады. Балаларға сөздерді толық оқуға үйретудің озық әдістемесін балаларды ерте оқытудың қолдаушысы Глен Доман әзірледі. Дәрігер ретінде ол оқу мидың өсу кезеңінде ғана тиімді екенін білді. Ал адамның миы жеті-жеті жарым жасқа дейін, әсіресе, алғашқы үш жылда қарқынды өседі.

Жөргектен оқу Бұл технология бала өміріне маңызды кезең ойлау қабілетінің – миының белсенді өсу кезеңінде және өмір бойындағы

13 слайд
Жөргектен оқу Бұл технология бала өміріне маңызды кезең ойлау қабілетінің – миының белсенді өсу кезеңінде және өмір бойындағы «интеллектуалды қуатының» қалыптасуына, зейінін маңызды затқа шоғырландырып, ұстап тұру іскерлігін дамытуға жағдайлар жасайды. Әріптер мен буындарды алдын-ала үйренусіз тұтас сөздерді жүгіртіп дербес оқу негізінде ақпараттардың үлкен көлемдерін еш қиындықсыз сақтайды. Баланың миы жаңаны қабылдауға барынша ашық, ол кез- келген ақпараттарды жеңіл меңгереді. Сөзді толық қабылдай отырып, бала материалды тезірек меңгереді, келіп түскен ақпаратты жеңіл өңдейді. Бұдан кейін жылдам ойлауы дамиды – тез ойлап, талдау жасау іскерлігі. Бұл адамның ең маңызды қасиеттерінің бірі.

Жөргектен оқу әліппесі «Баланы кемеңгер етудің ең тиімді тәсілі – оны үш жасқа дейін оқуға үйрету» - деп көптеген жетекші бал

14 слайд
Жөргектен оқу әліппесі «Баланы кемеңгер етудің ең тиімді тәсілі – оны үш жасқа дейін оқуға үйрету» - деп көптеген жетекші балалар психологтері есептейді. Атап айтқанда, ерте жастан оқуға үйрету мектеп бағдарламасын меңгеріп қана қоймай, кез-келген жетістіктерге жетуге көмектесетін аса ірі интеллектуалды әлеует қалыптасады.

Үш тілдің патшалығы Бұл технология мектеп жасына дейінгі балалардың тілдік- коммуникативті құзыреттіліктерін дамытуға және ола

15 слайд
Үш тілдің патшалығы Бұл технология мектеп жасына дейінгі балалардың тілдік- коммуникативті құзыреттіліктерін дамытуға және оларды үш тілге – қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне үйретуге мүмкіндіктер жасайды. «Шикула и К» баспасының «Үш тілдің патшалығы» әдістемелік кешені қолданылады.

АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР «Заманауи ақпараттық технологиялар баланы қоршаған ортаның терезесі секілді» Ақпараттық технологиялар

16 слайд
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР «Заманауи ақпараттық технологиялар баланы қоршаған ортаның терезесі секілді» Ақпараттық технологияларға барлық арнайы техникалық ақпараттық құралдарын қолданатын технологиялар жатады. Ақпараттық-коммуникативті технологиялар (АКТ) жаңа білім беру тәсілдерін анықтайды. Олар баланың дамуы мен оқытудың сапалы жаңа мазмұнына сәйкес келеді. Ақпараттық технологиялардың көмегімен ақпараттармен жұмыс істеу іскерліктері қалыптасады, коммуникативті қабілеттері дамиды, «ақпараттық қоғам-ды» табуда тұлғаны дайындау жүзеге асырылып, зерттеу-шілік іскерліктері мен тиімді шешімдерді қабылдау қабілеттері қалыптастырылады. АКТ-ны дәстүрлі тәрбиелеу және оқыту әдістемелерімен, сонымен қатар, педагогикалық инновациялармен үйлесімді біріктіргенде оқытудың тиімділігін айтарлықтай арттыруға, қоршаған ортаны тұтастай қабылдауын қалыптастыруға мүмкіндіктер туғызады. Компьютерлік технологияларды қолдану жеке лған білімдерін емес, тұтас, бірімен тікелей байланысты, мөлшерленген және арнайы ұйымдастырылған жүйені болжайды. Қоғамның заманауи талаптарына сәйкес АКТ-ны қолдану білім беру қызметінің сапасын арттыруға, мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңа перспективалық ммүмкіндіктерімен толықтырып, кеңейтуге мүмкіндік береді.

Мектепке дейінгі ұйымдарға арналған ақпараттық технологиялардың мазмұнына жаңа буын техникалық оқыту құралдары енеді: - компью

17 слайд
Мектепке дейінгі ұйымдарға арналған ақпараттық технологиялардың мазмұнына жаңа буын техникалық оқыту құралдары енеді: - компьютер, проектор, экрандар, сенсорлық интерактивті тақталармен жабдықталған мультимедиялық кабинеттер; - компьютерлік дамытушы ойындар; - балаларды оқытуда педагогтерге айтарлықтай мүмкіндіктерін арттыратын анимация элементтері бар видео және фото материалдар.

Балабақшадағы сабақтардың өзіндік ерекшеліктері бар, олар дыбыс және видеожазбаларды, үлкен иллюстрациялы материал

18 слайд
Балабақшадағы сабақтардың өзіндік ерекшеліктері бар, олар дыбыс және видеожазбаларды, үлкен иллюстрациялы материалдарды қолдана отырып, сезімге толы болуы тиіс. Бұның бәрін мультимедиялық мүмкіндіктері бар компьютрлік техника қамтамасыз ете алады. Бұл жерде компьютер тәрбиешіні ауыстырмай, тек толықтырып тұруы тиіс. Сондықтан компьютерлік технологияны білім беруге ендіру – қисынды және заманауи ақпараттық әлемді тұтастай дамытуға қажетті адым. Сонымен, есту және көру арқылы әсер ете отырып, мультимедиялық технологиялар жаңа мүмкіндіктер мен ақпараттар алуға жағдайлар жасайды. Бірақ, дидактикалық құрал ретінде қолданылатын заманауи ақпараттық технологиялар сабақта балаларды қоршаған ортамен таныстыру барысында оң нәтижеге тек жасына сәйкес жұмыс түрлері мен әдістерін тапқанда ғана қол жеткізеді. АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

«Мультимедиа» Білім беру қызығушылығын «Мультимедиа» (Қытай) технологиясы ұсынады. «Мultimedia» – көп орталылық немесе орт

19 слайд
«Мультимедиа» Білім беру қызығушылығын «Мультимедиа» (Қытай) технологиясы ұсынады. «Мultimedia» – көп орталылық немесе ортаның көптігін білдіреді. Орта деп дыбыс, видео, мәтін және басқалары да түсіндіріледі. Мультимедиа деп персоналды компьютерді мәтінмен ғана емес, сонымен бірге дыбыспен, графикамен, анимация және видеомен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін бағдарламалық құралдар мен кешенді түсінуге болады. Мультимедиалық кешен құрамына балалармен жұмыс барысында оқытудың тиімділігі жоғары техникалық құралдар кіреді: сенсор арқылы басқарылатын проекциялық экран, мультимедиалық платформа, тілдік зертхана, интерактивті тақта, видео қабырға, бағдарламалық жасақтама. Мультимедиа компьютерді мәтінмен ғана емес, сонымен қатар, дыбыс, жоғары сапалы бейнелер, видеофильмдерден құралған мәліметтер қорымен жұмыс істеуге ыңғайлы құрал ретінде қолдануға мүмкіндік береді. Сәйкес бағдарламалық өнімдермен жұмыс сапасы мен деңгейі тез әрекет етуге, компьютердің жадында сақтау көлеміне, дыбыстық сипаттамаларғажәне қосымша жабдықтардың соның ішінде CD-ROM-ның болуына тәуелді.

«Сөйлейтін қалам » қалам түріндегі кіріктірілген акустикалық, дербес қуаттандыру және ақпараттарды сақтау элементтері бар сымс

20 слайд
«Сөйлейтін қалам » қалам түріндегі кіріктірілген акустикалық, дербес қуаттандыру және ақпараттарды сақтау элементтері бар сымсыз құрылғы. «Сөйлейтін қаламда» белгілерді сәйкестендіру және санау құрылғысы бар. Балалар көрнекі түсініктерімен қатар, басқа тілді білікті дыбыстық сүйемелдеуін алады. «Сөйлейтін қалам» балаларды оқытып қана қоймай, ата- аналар мен тәрбиешілерге де қажет, өйткені балалармен жеке жұмыс істеу барысында шетел тілінің оқытушысын немесе маман-педагогтің көмегін күтіп отырмайды.

«Даналық әліппесі» Интерактивті оқу-әдістемелік «Даналық әліппесі» кешені балаларға, отбасы тәрбиесіне арналып әзірленді. Құрам

21 слайд
«Даналық әліппесі» Интерактивті оқу-әдістемелік «Даналық әліппесі» кешені балаларға, отбасы тәрбиесіне арналып әзірленді. Құрамында әдістемелік нұсқаулығымен бірге, 12 кітабы бар: «Қобыз үні», «Домбыра күйі», «Бесік жыры», «Халық әні», «Халық аңызы», «Халық ертегісі», «Халық тағылымы», «Халық жыры», «Нақыл сөз», «Б...