Инвестицияның мәні және түрлері

#1 слайд
Экономикалық теория негіздері пәні
Тақырыбы: «Инвестицияның мәні және
түрлері»
2 курс, 0518000 - Есеп және аудит мамандығы
Пән оқытушысы: Хасенханова Бағлан
НұрбақытқызыАЛМАТЫ ҚАРЖЫ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ
КОЛЛЕДЖІ
1 слайд
Экономикалық теория негіздері пәні Тақырыбы: «Инвестицияның мәні және түрлері» 2 курс, 0518000 - Есеп және аудит мамандығы Пән оқытушысы: Хасенханова Бағлан НұрбақытқызыАЛМАТЫ ҚАРЖЫ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
#2 слайд
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ :
Білімділік
•
Білім
алушыларға инв
ес
•
тиция туралы
түсінік бере
,
отырып оны
тарту
төңірегінде
түсін
ік беру . Дамытушылық
•
-
Ұйымдас
тырушылық
қабілетерін
және экономика
•
лық
терминдерді
оқып
инвестиция
, -
туралы ой
өрісінтерін
.
арттыру Тәжірибелік
•
Жетістікке
жететін
,
белсенді
патриотты
азамат болуға
.
тәрбиелеу
2 слайд
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ : Білімділік • Білім алушыларға инв ес • тиция туралы түсінік бере , отырып оны тарту төңірегінде түсін ік беру . Дамытушылық • - Ұйымдас тырушылық қабілетерін және экономика • лық терминдерді оқып инвестиция , - туралы ой өрісінтерін . арттыру Тәжірибелік • Жетістікке жететін , белсенді патриотты азамат болуға . тәрбиелеу
#3 слайд
Инвестиция ұғымы
«Инвестиция» (лат. invest — « салу», яғни салым)
ұғымы халық шаруашылығының барлық салаларының
не г ізгі қорларын кеңейте отырып ұдайы өндіруге
бағытталған материалдық және еңбек шығындарының,
сондай-ақ ақша қорларының жиынтығын білдіреді.
Инвестицияларды экономиканың әртүрлі салаларында
елдің ішінде де, шетелде де жүзеге асыруға болады.
3 слайд
Инвестиция ұғымы «Инвестиция» (лат. invest — « салу», яғни салым) ұғымы халық шаруашылығының барлық салаларының не г ізгі қорларын кеңейте отырып ұдайы өндіруге бағытталған материалдық және еңбек шығындарының, сондай-ақ ақша қорларының жиынтығын білдіреді. Инвестицияларды экономиканың әртүрлі салаларында елдің ішінде де, шетелде де жүзеге асыруға болады.
#4 слайд
Инвестициялар деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына және
өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай
сондай-ақ ақша қаражаты түрінде , яғни капитал түрінде салынып ол
шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын
шығындардың жиынтығын айтады.
Инвестиция дегеніміз- бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және
басқа да заттарды , яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту
үшін жұмсап, сол арқылы келешекте , яғни алдағы уақытта пайыз
түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып
табылады. Бұл екі факторға байланысты болып келеді. Оның
біріншісі – уақыт, ал екіншісі – тәуекелдік
4 слайд
Инвестициялар деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай сондай-ақ ақша қаражаты түрінде , яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады. Инвестиция дегеніміз- бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды , яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы келешекте , яғни алдағы уақытта пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады. Бұл екі факторға байланысты болып келеді. Оның біріншісі – уақыт, ал екіншісі – тәуекелдік
#5 слайд
Инвестор – инвестицияны жүзеге асыратын жеке
немесе заңды тұлға.
Инвестор ең алдымен үнемі табыс алуға, күрделі
қаржысының қауіпсіз болуына және капитал
құнының өсуіне мүдделі. Мемлекет, аймақтар,
ұйымдар, кәсіпорындар, жеке адамдар, құнды
қағаздар рыногіндегі қатысушылар инвестор бола
алады.
5 слайд
Инвестор – инвестицияны жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға. Инвестор ең алдымен үнемі табыс алуға, күрделі қаржысының қауіпсіз болуына және капитал құнының өсуіне мүдделі. Мемлекет, аймақтар, ұйымдар, кәсіпорындар, жеке адамдар, құнды қағаздар рыногіндегі қатысушылар инвестор бола алады.
#6 слайд
Инвестициялау мақсатына қарай стратегиялық және қоржынды
инвесторларға; шаруашылық қызметінің бағытына қарай
институционалдық және жеке инвесторларға; резиденттік
бағыттарына қарай шетелдік және отандық (ұлттық)
инвесторларға бөлінеді.
Шетелдік инвестор –
шетелдік заңды тұлғалар,
шет ел азаматтары мен
азаматтығы жоқ адамдар,
шет мемлекеттер. Ұлттық инвестор – Қазақстан
Республикасында тұрақты
тұратын, Қазақстанда
инвестицияны жүзеге асыратын
жеке не заңды тұлға.
6 слайд
Инвестициялау мақсатына қарай стратегиялық және қоржынды инвесторларға; шаруашылық қызметінің бағытына қарай институционалдық және жеке инвесторларға; резиденттік бағыттарына қарай шетелдік және отандық (ұлттық) инвесторларға бөлінеді. Шетелдік инвестор – шетелдік заңды тұлғалар, шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар, шет мемлекеттер. Ұлттық инвестор – Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, Қазақстанда инвестицияны жүзеге асыратын жеке не заңды тұлға.
#7 слайд
Нақтылық Қаржылық
7 слайд
Нақтылық Қаржылық
#8 слайд
Инвестиция түрлері
Қаржылық инвестициялар — капиталдың (мемлекеттік немесе жеке де)
акцияларға, облигацияларға, басқадай бағалы қағаздарға, сондай-ақ банк
депозиттеріне салынуы. Бұл жерде нақты капиталдың өсуі болмайды, тек
меншікті сатып алу, оның мәртебесін беру орын алады. Сөйтіп,
трансферттік (яғни берушілік) операциялар орындалады.
Зияткерлік инвестициялар — ол ғылыми мекемелердегі мамандарды
даярлау, тәжірибелер, лицензиялар және «ноу-хау», бірлескен ғылыми
әзірлемелермен алмасу (беру) тағы сол сияқтылар.
Нақты инвестициялар — ақшаны нақты материалдық және материалдық
емес активтерге (негізгі капитал және айналым капиталына, зияткерлік
меншікке) салу.
8 слайд
Инвестиция түрлері Қаржылық инвестициялар — капиталдың (мемлекеттік немесе жеке де) акцияларға, облигацияларға, басқадай бағалы қағаздарға, сондай-ақ банк депозиттеріне салынуы. Бұл жерде нақты капиталдың өсуі болмайды, тек меншікті сатып алу, оның мәртебесін беру орын алады. Сөйтіп, трансферттік (яғни берушілік) операциялар орындалады. Зияткерлік инвестициялар — ол ғылыми мекемелердегі мамандарды даярлау, тәжірибелер, лицензиялар және «ноу-хау», бірлескен ғылыми әзірлемелермен алмасу (беру) тағы сол сияқтылар. Нақты инвестициялар — ақшаны нақты материалдық және материалдық емес активтерге (негізгі капитал және айналым капиталына, зияткерлік меншікке) салу.
#9 слайд
Инвестиция түрлері
Қоржындық инвестициялар — ақшаны әртүрлі қаржы құралдарына (бағалы
қағаздарға, банк депозиттеріне, валютаға, асыл металдар мен тастарға) салу.
Тікелей (төте) инвестициялар — қаражат салу үшін инвестация нысанын
таңдауға инвестордың тікелей өзінің қатысуы.
Жанама инвестициялар — қаражат салымына басқа тұлғалардың
(инвестициялық фирмалар мен компаниялар, үлестік жарнаның инвестиция
қорлары, басқа қаржы мекемелері) жанамаласуы арқылы салынатын
инвестициялар.
9 слайд
Инвестиция түрлері Қоржындық инвестициялар — ақшаны әртүрлі қаржы құралдарына (бағалы қағаздарға, банк депозиттеріне, валютаға, асыл металдар мен тастарға) салу. Тікелей (төте) инвестициялар — қаражат салу үшін инвестация нысанын таңдауға инвестордың тікелей өзінің қатысуы. Жанама инвестициялар — қаражат салымына басқа тұлғалардың (инвестициялық фирмалар мен компаниялар, үлестік жарнаның инвестиция қорлары, басқа қаржы мекемелері) жанамаласуы арқылы салынатын инвестициялар.
#10 слайд
Инвестиция түрлері
Қысқа мерзімді инвестициялар — капиталды бір жылдан аз уақыт кезеңіне
салу.
Орташа мерзімді инвестициялар — капиталды бір жылдан бес жылға
дейінгі мерзімге салу.
Ұзақ мерзімді инвестициялар — капиталды бес жылдан артық мерзімге
салу.
Жеке инвестициялар — қаржы салымдарын азаматтар мен жеке
ұйымдардың (фирмалар, компаниялар) салуы.
10 слайд
Инвестиция түрлері Қысқа мерзімді инвестициялар — капиталды бір жылдан аз уақыт кезеңіне салу. Орташа мерзімді инвестициялар — капиталды бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімге салу. Ұзақ мерзімді инвестициялар — капиталды бес жылдан артық мерзімге салу. Жеке инвестициялар — қаржы салымдарын азаматтар мен жеке ұйымдардың (фирмалар, компаниялар) салуы.
#11 слайд
Мемлекеттік инвестициялар — бюджеттік, бюджеттен тыс және
қарыз қаражаттары есебінен орталық және жергілікті билік және
басқару органдары, сонымен қатар біртұтас кәсіпорындар, мекемелер
мен ұйымдар өздерінің меншікті қаржы көздерін жұмылдыру
жолымен салатын салымдар.
Аралас инвестициялар — мемлекеттің, аймақтардың, білім беру
мекемелерінің, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың үлеспен
қаржы салымдарын салуы.
11 слайд
Мемлекеттік инвестициялар — бюджеттік, бюджеттен тыс және қарыз қаражаттары есебінен орталық және жергілікті билік және басқару органдары, сонымен қатар біртұтас кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар өздерінің меншікті қаржы көздерін жұмылдыру жолымен салатын салымдар. Аралас инвестициялар — мемлекеттің, аймақтардың, білім беру мекемелерінің, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың үлеспен қаржы салымдарын салуы.
#12 слайд
Бірлескен инвестициялар — аталған елдің және шетелдік мемлекеттердің
субъектілері салатын салымдар.
Ішкі салымдар — елдің бір немесе басқа аумағы шекараларында орналасқан
инвестициялау нысандарына қаражат салу.
Сыртқы инвестициялар — қаражатты шетелдегі инвестициялау нысандарына
салу.
12 слайд
Бірлескен инвестициялар — аталған елдің және шетелдік мемлекеттердің субъектілері салатын салымдар. Ішкі салымдар — елдің бір немесе басқа аумағы шекараларында орналасқан инвестициялау нысандарына қаражат салу. Сыртқы инвестициялар — қаражатты шетелдегі инвестициялау нысандарына салу.
#13 слайд
Таза инвестициялар — жалпы
инвестициялардың амортизациялық
аударымдарды алып тастағандағы сомасы.
Жалпы инвестициялар — жаңа
құрылысқа, еңбек құралдары мен заттарын
сатып алуға, тауар-материалдық
қорлардың және зияткерлік
құндылықтардың өсіміне салынатын
қаражаттың жалпы көлемі.
13 слайд
Таза инвестициялар — жалпы инвестициялардың амортизациялық аударымдарды алып тастағандағы сомасы. Жалпы инвестициялар — жаңа құрылысқа, еңбек құралдары мен заттарын сатып алуға, тауар-материалдық қорлардың және зияткерлік құндылықтардың өсіміне салынатын қаражаттың жалпы көлемі.
#14 слайд
Инвестициялар мемлекеттің
экономикалық жүйесінде аса
маңызды құрылым түзу қызметін
атқарады. Экономиканың болашақ
құрылымы инвестициялық
қаражаттың қандай салаларға
салынғанына тікелей байланысты.
Мысалы, инвестициялық
қаражаттың үлкен бір бөлігі
металлургия өнімдерін шығаратын
зауыттарға немесе, керісінше, жеңіл
тоқыма өнеркәсібімен айналысатын
комбинаттардың өндірісін кеңейтуге
бағытталуы мүмкін.
14 слайд
Инвестициялар мемлекеттің экономикалық жүйесінде аса маңызды құрылым түзу қызметін атқарады. Экономиканың болашақ құрылымы инвестициялық қаражаттың қандай салаларға салынғанына тікелей байланысты. Мысалы, инвестициялық қаражаттың үлкен бір бөлігі металлургия өнімдерін шығаратын зауыттарға немесе, керісінше, жеңіл тоқыма өнеркәсібімен айналысатын комбинаттардың өндірісін кеңейтуге бағытталуы мүмкін.
#15 слайд
ҚАЗАҚСТАНҒА ҚҰЙЫЛҒАН ТІКЕЛЕЙ ШЕТЕЛДІК
ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ҚАНДАЙ
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылғы шілденің 4-
де өткен Шетелдік инвесторлар кеңесінің 32-ші отырысында
Қазақстанда 2018 жылы шетелдік инвестиция ағыны 24,50
млрд долларға жеткенін хабарлап, шетелдік инвесторлар
ағынын қолдайтынын атап өткен болатын. Статистикалық
мәліметтерге сүйенсек тәуелсіздік алған жылдардан бері
Қазақстанға 320 миллиард АҚШ доллары көлемінде тікелей
шетелдік инвестиция құйылған. Ал, 2009-2019 жылдар
аралығында ұлттық экономикаға 250,2 миллиард доллар
көлемінде табыс түскен.
15 слайд
ҚАЗАҚСТАНҒА ҚҰЙЫЛҒАН ТІКЕЛЕЙ ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ҚАНДАЙ Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылғы шілденің 4- де өткен Шетелдік инвесторлар кеңесінің 32-ші отырысында Қазақстанда 2018 жылы шетелдік инвестиция ағыны 24,50 млрд долларға жеткенін хабарлап, шетелдік инвесторлар ағынын қолдайтынын атап өткен болатын. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек тәуелсіздік алған жылдардан бері Қазақстанға 320 миллиард АҚШ доллары көлемінде тікелей шетелдік инвестиция құйылған. Ал, 2009-2019 жылдар аралығында ұлттық экономикаға 250,2 миллиард доллар көлемінде табыс түскен.
#16 слайд
ҚР Статистика комитетінің мәліметіне сүйенсек,
өңірлер бойынша ел ішіндегі инвестиция көлемі
2019 жылдың І жарты жылдығында ҚР өңірлеріне
салынған инвестиция 2,2 триллион теңгеге жеткен.
Ел бойынша ең көп инвестицияны — 365,8 млрд
теңгемен Атырау облысының жобалары алып тұр,
одан кейінгі орынды — 310,4 млрд теңгемен Нұр-
Сұлтан қаласы алды. Алматының негізгі капиталына
құйылған инвестиция — 284,4 млрд теңге. Ал,
Қарағандыға 220,6 млрд теңге және Ақтөбе
облысына 146,7 млрд теңге инвестиция тартылған.
16 слайд
ҚР Статистика комитетінің мәліметіне сүйенсек, өңірлер бойынша ел ішіндегі инвестиция көлемі 2019 жылдың І жарты жылдығында ҚР өңірлеріне салынған инвестиция 2,2 триллион теңгеге жеткен. Ел бойынша ең көп инвестицияны — 365,8 млрд теңгемен Атырау облысының жобалары алып тұр, одан кейінгі орынды — 310,4 млрд теңгемен Нұр- Сұлтан қаласы алды. Алматының негізгі капиталына құйылған инвестиция — 284,4 млрд теңге. Ал, Қарағандыға 220,6 млрд теңге және Ақтөбе облысына 146,7 млрд теңге инвестиция тартылған.
#17 слайд
Қазақстанға тартылған тікелей шетелдік
инветициялар 2013-2019ж аралы ғында
17 слайд
Қазақстанға тартылған тікелей шетелдік инветициялар 2013-2019ж аралы ғында
#18 слайд
ҚР идустрия және инфрақұрылымдық даму
министірлігі деректері бойынша есептеулер
18 слайд
ҚР идустрия және инфрақұрылымдық даму министірлігі деректері бойынша есептеулер
#19 слайд
2018-2019 жылдардағы инвестиция көлемі
19 слайд
2018-2019 жылдардағы инвестиция көлемі
#20 слайд
20 слайд
#21 слайд
Қорытынды
Сонымен, инвестициялар деп қоғамның нақты капиталын арттыруға,
яғни өндірістік қуаттарды кеңейтуге немесе жаңартуға бағытталатын
экономикалық ресурстарды айтамыз. Ол жаңа машиналар мен
ғимараттар, көлік құралдарын сатып алуға, сонымен қатар жолдар
құрылысын, көпірлер мен басқа да инженерлік құрылыстар салуға
байланысты болуы мүмкін. Алайда міндетті түрде бұған білім беруге,
ғылыми зерттеулерге және мамандар даярлауға жұмсалатын
шығындарды қосу қажет. Бұл шығындар «адам капиталына»
инвестиция салу болып есептеледі: ол экономиканың өркендеуінің
қазіргі заманғы кезеңінде күннен-күнге үлкен мағынаға ие болып
келеді, өйткені, ақыр соңында, ғимараттар мен құрылыстар да,
машиналар мен құрал-жабдықтар да адам қызметінің нәтижесі болып
шығады.
21 слайд
Қорытынды Сонымен, инвестициялар деп қоғамның нақты капиталын арттыруға, яғни өндірістік қуаттарды кеңейтуге немесе жаңартуға бағытталатын экономикалық ресурстарды айтамыз. Ол жаңа машиналар мен ғимараттар, көлік құралдарын сатып алуға, сонымен қатар жолдар құрылысын, көпірлер мен басқа да инженерлік құрылыстар салуға байланысты болуы мүмкін. Алайда міндетті түрде бұған білім беруге, ғылыми зерттеулерге және мамандар даярлауға жұмсалатын шығындарды қосу қажет. Бұл шығындар «адам капиталына» инвестиция салу болып есептеледі: ол экономиканың өркендеуінің қазіргі заманғы кезеңінде күннен-күнге үлкен мағынаға ие болып келеді, өйткені, ақыр соңында, ғимараттар мен құрылыстар да, машиналар мен құрал-жабдықтар да адам қызметінің нәтижесі болып шығады.
#22 слайд
Үйге тапсырма :
Инвестицияның мәні және
түрлері тақырыбына баяндама
жазу.
22 слайд
Үйге тапсырма : Инвестицияның мәні және түрлері тақырыбына баяндама жазу.
#23 слайд
Назарларыңызға
рахмет!!!
23 слайд
Назарларыңызға рахмет!!!
шағым қалдыра аласыз













