ІРІ ҚАРА МАЛДЫ АЗЫҚТАНДЫРУ
ІРІ ҚАРА МАЛДЫ АЗЫҚТАНДЫРУ

#1 слайд
ІРІ ҚАРА МАЛДЫ АЗЫҚТАНДЫРУ
Мал азықтандыру ғылымының негізгі мақсаты – шаруашылықтағы
мал басының қоректік қажеттілігін дəл анықтап оны толық
қамтамасыз ететін жем – шөп мөлшерін белгілеу. Ағзаның
қажеттілігі арнайы сəйкестік көрсеткіштер арқылы белгіленіп,
мұндай азықтандыруды мөлшерленген азықтандыру деп атайды.
Азықтандыру мөлшеріне сəйкес азықтандыру рационы құрылады.
Мал азықтандыру рационы - белгілі
талапқа негізделіп, құрастырылған
жемшөп мөлшері. Рационға енетін
жекелеген азықтар мен азықтар
тобының көлемі мен ара қатынасы
физиологиялық жəне малдəрігерлік
ережелерге сəйкес, мал түлігінің
асқорыту ерекшеліктерін ескеріп,
қорытылымы мен игерілуін жоғары
деңгейде ұтымды түрде қамтамасыз
ететіндей құрастырылады
1 слайд
ІРІ ҚАРА МАЛДЫ АЗЫҚТАНДЫРУ Мал азықтандыру ғылымының негізгі мақсаты – шаруашылықтағы мал басының қоректік қажеттілігін дəл анықтап оны толық қамтамасыз ететін жем – шөп мөлшерін белгілеу. Ағзаның қажеттілігі арнайы сəйкестік көрсеткіштер арқылы белгіленіп, мұндай азықтандыруды мөлшерленген азықтандыру деп атайды. Азықтандыру мөлшеріне сəйкес азықтандыру рационы құрылады. Мал азықтандыру рационы - белгілі талапқа негізделіп, құрастырылған жемшөп мөлшері. Рационға енетін жекелеген азықтар мен азықтар тобының көлемі мен ара қатынасы физиологиялық жəне малдəрігерлік ережелерге сəйкес, мал түлігінің асқорыту ерекшеліктерін ескеріп, қорытылымы мен игерілуін жоғары деңгейде ұтымды түрде қамтамасыз ететіндей құрастырылады
#2 слайд
Малдың түрі
Физиологиялық
жағдайы
жынысы
жасы
Тірілей салмағы
өнімділігі
Азықтандыру
мөлшері
2 слайд
Малдың түрі Физиологиялық жағдайы жынысы жасы Тірілей салмағы өнімділігі Азықтандыру мөлшері
#3 слайд
Суалған сиырларды азықтандыру
ерекшеліктері
Сиырды суалтқанда екі мақсат қойылады. Біріншіден, туар алдында
жедел дами бастаған ұрықты барлық қажетті қоректік заттармен
толық қамтамасыз ету. Өйткені бұзаудың болашақ өміршеңдігі, ауру-
сырқатқа шалдықпай тез жетілуі жəне сақайған кезіндегі өнімділігі
оның жатырда даму деңгейіне тығыз байланысты болады. Екіншіден,
сиырды суалтқан кезде, оның ағзасы төлдеуге , бұзаулағаннан кейін
басталатын келесі сауылымға дейін дайын болуы көзделеді. Өйткені
оңай суалған сүтпен сиыр денесінің қоректік, минералдық заттар
қоры азайып, оларды толықтыру қажет
3 слайд
Суалған сиырларды азықтандыру ерекшеліктері Сиырды суалтқанда екі мақсат қойылады. Біріншіден, туар алдында жедел дами бастаған ұрықты барлық қажетті қоректік заттармен толық қамтамасыз ету. Өйткені бұзаудың болашақ өміршеңдігі, ауру- сырқатқа шалдықпай тез жетілуі жəне сақайған кезіндегі өнімділігі оның жатырда даму деңгейіне тығыз байланысты болады. Екіншіден, сиырды суалтқан кезде, оның ағзасы төлдеуге , бұзаулағаннан кейін басталатын келесі сауылымға дейін дайын болуы көзделеді. Өйткені оңай суалған сүтпен сиыр денесінің қоректік, минералдық заттар қоры азайып, оларды толықтыру қажет
#4 слайд
Сиырды орташа суалту мерзімі 45-60 күнге созылады. Ағзаның
өсіпжетілуі аяқталмаған құнажындар мен жоғары өнімді сиырларға бұл
мерзімді біршама ұзартады. Ауырған немесе арықтаған сиырларға суалған
кезеңді ұзартады. Сиырларды суалтуды азықтандыру деңгейін өзгерту
арқылы жүргізгендіктен, бірінші онкүндікте сиырдың сүт түзуін тежеу
үшін негізгі азықтандыру мөлшерінің 80% көлемінде азықтандырады.
Екінші онкүндікте азықтандыру деңгейін (кесте 11) келтірілген
азықтандыру мөлшеріне жеткізіп, үшінші жəне төртінші онкүндікте одан
20% арттырады. Бесінші онкүндікте қайта 100%, алтыншыда 80% түсіреді
4 слайд
Сиырды орташа суалту мерзімі 45-60 күнге созылады. Ағзаның өсіпжетілуі аяқталмаған құнажындар мен жоғары өнімді сиырларға бұл мерзімді біршама ұзартады. Ауырған немесе арықтаған сиырларға суалған кезеңді ұзартады. Сиырларды суалтуды азықтандыру деңгейін өзгерту арқылы жүргізгендіктен, бірінші онкүндікте сиырдың сүт түзуін тежеу үшін негізгі азықтандыру мөлшерінің 80% көлемінде азықтандырады. Екінші онкүндікте азықтандыру деңгейін (кесте 11) келтірілген азықтандыру мөлшеріне жеткізіп, үшінші жəне төртінші онкүндікте одан 20% арттырады. Бесінші онкүндікте қайта 100%, алтыншыда 80% түсіреді
#5 слайд
Буаз сиыр
Жүйке қан жүйесінің
жұмысы өзгереді
Сүт түзілуді қалыптастыратын
орталықтың қызметі
әлсірейді
құрсақтағы бұзаудың өсуін
қамтамасыз ететін орталықтың
жұмысы күшейеді
сиырдың қоректік заттарға
деген мұқтаждығы артады
тəулігіне 800-900 г салмақ
қосады
5 слайд
Буаз сиыр Жүйке қан жүйесінің жұмысы өзгереді Сүт түзілуді қалыптастыратын орталықтың қызметі әлсірейді құрсақтағы бұзаудың өсуін қамтамасыз ететін орталықтың жұмысы күшейеді сиырдың қоректік заттарға деген мұқтаждығы артады тəулігіне 800-900 г салмақ қосады
#6 слайд
жаңа туылған бұзаудың тірі салмағы енесінің
салмағының 7-9%, яғни 40-50 кг салмаққа жетуге
тиіс
Бұзаулауға 6-7 күн қалғанда рациондағы
шырынды жəне құнарлы азықтарды күрт азайтып,
2-3 күн қалғанда толығымен алып тастап, азықтар
мөлшерін тек тіршілікті қамтамасыз ететін
деңгейде кемітеді
Бұзаулайтын күні алдына пішен салып
қойып, жылы таза суға қорытылуы жеңіл
жем араластырып ішкізеді.
Бұл кезеңде сиырдың салмағы
10-12% артуы тиіс
6 слайд
жаңа туылған бұзаудың тірі салмағы енесінің салмағының 7-9%, яғни 40-50 кг салмаққа жетуге тиіс Бұзаулауға 6-7 күн қалғанда рациондағы шырынды жəне құнарлы азықтарды күрт азайтып, 2-3 күн қалғанда толығымен алып тастап, азықтар мөлшерін тек тіршілікті қамтамасыз ететін деңгейде кемітеді Бұзаулайтын күні алдына пішен салып қойып, жылы таза суға қорытылуы жеңіл жем араластырып ішкізеді. Бұл кезеңде сиырдың салмағы 10-12% артуы тиіс
#7 слайд
Сауын сиырларды азықтандыру
ерекшеліктері
Сауын сиырдың қоректік заттарға мұқтаждығы оның тірілей
салмағына, тіршілігін қамтамасыз ету мен сүттілігіне байланысты
өнім түзу қажеттілігінен туындайды. Тірідей салмағы ауырлап, сүт
сауыны молайған сайын азықтандыру мөлшері ұлғаяды.
Сүтейту кезеңінде сауыла бастаған сиыр сүттілігін арттыру
үшін оларды күнделікті сауынына сəйкес келетін нақтылы
азықтандыру мөлшері кейінгі күндердегі өсетін 2-3 кг сауын
есебінен қосымша 1-1,5 а.ө. қосып үстемелеп азықтандырады
Сауын сиыр азықтандыру мөлшері жасы мен физиологиялық жағдайына,
тірідей салмағы мен қоңдылығы, сүт сауымы мен майлылығына сəйкес
өзгереді. Сондықтан тəуліктік сауымы өскен сайын оның 1 кг құрғақ
затындағы энергия (а.ө., АЭ) мен құрылымдық (протеин) жəне жеңіл
ыдырағыш қоректік заттар тобының (крахмал, қанттар) шоғырлану
деңгейі жоғарылап, керісінше қиын қорытылатын қосындылар тобының
(жасұнық) деңгейі төмендетіледі. Сиырдың тəуліктік сауымы 10 кг болса -
10-12 кг, 15 кг болса – 13-14 кг, 20 кг болса 15-17 кг құрғақ зат берілуі
керек. Осындай рацион сауын сиырдың азықтандыру мөлшерін
қамтамасыз етуі тиіс
7 слайд
Сауын сиырларды азықтандыру ерекшеліктері Сауын сиырдың қоректік заттарға мұқтаждығы оның тірілей салмағына, тіршілігін қамтамасыз ету мен сүттілігіне байланысты өнім түзу қажеттілігінен туындайды. Тірідей салмағы ауырлап, сүт сауыны молайған сайын азықтандыру мөлшері ұлғаяды. Сүтейту кезеңінде сауыла бастаған сиыр сүттілігін арттыру үшін оларды күнделікті сауынына сəйкес келетін нақтылы азықтандыру мөлшері кейінгі күндердегі өсетін 2-3 кг сауын есебінен қосымша 1-1,5 а.ө. қосып үстемелеп азықтандырады Сауын сиыр азықтандыру мөлшері жасы мен физиологиялық жағдайына, тірідей салмағы мен қоңдылығы, сүт сауымы мен майлылығына сəйкес өзгереді. Сондықтан тəуліктік сауымы өскен сайын оның 1 кг құрғақ затындағы энергия (а.ө., АЭ) мен құрылымдық (протеин) жəне жеңіл ыдырағыш қоректік заттар тобының (крахмал, қанттар) шоғырлану деңгейі жоғарылап, керісінше қиын қорытылатын қосындылар тобының (жасұнық) деңгейі төмендетіледі. Сиырдың тəуліктік сауымы 10 кг болса - 10-12 кг, 15 кг болса – 13-14 кг, 20 кг болса 15-17 кг құрғақ зат берілуі керек. Осындай рацион сауын сиырдың азықтандыру мөлшерін қамтамасыз етуі тиіс
#8 слайд
Б
ұ
з
а
у
л
а
ғ
а
н
с
и
ы
р
д
а
н
б
ір
д
е
н
с
ү
т
с
а
у
ы
л
м
а
й
д
ы
.
Алғашқы күндері
сиыр желінінде жай
сүттен құрамы
ерекшеленетін уыз
түзіледі
Оның құрамында сүтпен салыстырғанда жеңіл
ыдырап, жылдам қорытылып сіңірілетін
альбуминдік жəне глобулиндік фракциясы
басым ақуыз (сүт ақуызында казеин фракциясы
басым болады), қант, минералды заттар,
каротин мен дəрумендер жəне басқа да
биологиялық əсерлі заттар (иммундық денелер,
ферменттер, гормондар, т.б.) көп бөлінеді.
уызбен жаңа туған бұзауды неғұрлым
ерте ауыздандыру оның ас қорытуын
қалыптастырып, ауруға
шалдықпаушылық иммунитетін
күшейтіп, резистенттігін (өміршеңдігін)
жетілдірудегі маңызы зор
8 слайд
Б ұ з а у л а ғ а н с и ы р д а н б ір д е н с ү т с а у ы л м а й д ы . Алғашқы күндері сиыр желінінде жай сүттен құрамы ерекшеленетін уыз түзіледі Оның құрамында сүтпен салыстырғанда жеңіл ыдырап, жылдам қорытылып сіңірілетін альбуминдік жəне глобулиндік фракциясы басым ақуыз (сүт ақуызында казеин фракциясы басым болады), қант, минералды заттар, каротин мен дəрумендер жəне басқа да биологиялық əсерлі заттар (иммундық денелер, ферменттер, гормондар, т.б.) көп бөлінеді. уызбен жаңа туған бұзауды неғұрлым ерте ауыздандыру оның ас қорытуын қалыптастырып, ауруға шалдықпаушылық иммунитетін күшейтіп, резистенттігін (өміршеңдігін) жетілдірудегі маңызы зор
#9 слайд
Сүт сауынының қосылуын қамтамасыз ету үшін сиыр азығының құрғақ
затындағы энергия мен қоректік заттардың жеткізілу деңгейін жоғарлату
қажет. Оны рационның құрғақ затындағы энергия мен қоректік,
минералдық жəне дəрумендік заттардың шоғырлану дəрежесін
молайтумен қамтамасыз етеді.
Жасы, жыл мезгілі, дене салмағы мен сауым кезеңіне қарай
100 кг тірілей салмағына шаққанда сауын сиыр орташа 3-4,5
кг рацион азықтарының құрғақ затын жей алады
9 слайд
Сүт сауынының қосылуын қамтамасыз ету үшін сиыр азығының құрғақ затындағы энергия мен қоректік заттардың жеткізілу деңгейін жоғарлату қажет. Оны рационның құрғақ затындағы энергия мен қоректік, минералдық жəне дəрумендік заттардың шоғырлану дəрежесін молайтумен қамтамасыз етеді. Жасы, жыл мезгілі, дене салмағы мен сауым кезеңіне қарай 100 кг тірілей салмағына шаққанда сауын сиыр орташа 3-4,5 кг рацион азықтарының құрғақ затын жей алады
#10 слайд
Сауын сиыр рационын сиырдың сүтейуіне оң ықпал ететін шырынды
азықтарға негіздей отырып құрастырады. Олардың үлесі рацион жалпы
қоректілігінің 45-55% жеткізіледі. Шырынды азық ретінде жазда
көкшөп, қыста сүрлем, пішендеме, тамыржемістілер жұмсалады.
Рационға енгізілетін құнарлы жем мөлшері сиыр өнімділігімен
шектеледі. Тəуліктік сауыны 8 кг-ға дейінгі сиырға құны қымбат жемді
шығындамай-ақ, 1 кг сүтке шаққанда... тəуліктік сауыны 8-10 кг сиырға
– 100-150 г, тəуліктік сауыны 10- 15 кг сиырға – 150-250 г, тəуліктік
сауыны 15-20 кг сиырға – 250-350 г, тəуліктік сауыны 20 кг-нан асқан
сиырға 350-400 г құнарлы жем жегізуді жоспарлайды. Қабылданған
рацион типіне сəйкес сиырға берілётін азықтар мөлшерін белгілейді.
Айталық, шаруашылық жемшеп қорында бар азықтардан сиырға
күніне 5 кг түрлі шеп пішені, 6 кг астық жəне бұршақ тұқымдастар
пішендемесі, 15 кг жүгері сүрлемі, 12 кг азықтық қызылша, 4,8 кг
құнарлы жем (1 кг сүтке 300 грамнан есептегенде) беру жоспарланады
10 слайд
Сауын сиыр рационын сиырдың сүтейуіне оң ықпал ететін шырынды азықтарға негіздей отырып құрастырады. Олардың үлесі рацион жалпы қоректілігінің 45-55% жеткізіледі. Шырынды азық ретінде жазда көкшөп, қыста сүрлем, пішендеме, тамыржемістілер жұмсалады. Рационға енгізілетін құнарлы жем мөлшері сиыр өнімділігімен шектеледі. Тəуліктік сауыны 8 кг-ға дейінгі сиырға құны қымбат жемді шығындамай-ақ, 1 кг сүтке шаққанда... тəуліктік сауыны 8-10 кг сиырға – 100-150 г, тəуліктік сауыны 10- 15 кг сиырға – 150-250 г, тəуліктік сауыны 15-20 кг сиырға – 250-350 г, тəуліктік сауыны 20 кг-нан асқан сиырға 350-400 г құнарлы жем жегізуді жоспарлайды. Қабылданған рацион типіне сəйкес сиырға берілётін азықтар мөлшерін белгілейді. Айталық, шаруашылық жемшеп қорында бар азықтардан сиырға күніне 5 кг түрлі шеп пішені, 6 кг астық жəне бұршақ тұқымдастар пішендемесі, 15 кг жүгері сүрлемі, 12 кг азықтық қызылша, 4,8 кг құнарлы жем (1 кг сүтке 300 грамнан есептегенде) беру жоспарланады
#11 слайд
Жазғытұрым сүтті сиыр рационын көк
азыққа негіздейді. Сүттілігіне қарай
жем береді. Жоғары өнімді сиырлар
сауу мерзімінде (8-10 минутта) бос
жемнің 2-2,5 ккал, түйіршіктелген
жемнің 3 кг жеп үлгеретінін ескереді.
Рацион құрамындағы сүрлемнің бір
бөлігін не толығымен пішендемемен, ал
жазғытұры ірі азықпен, шырынды
азықтарды көк азықпен алмастыруға
болады. Құрастырылған рациондарда
қант-протеин арақатынасы 0,9-1,1, ал
крахмалдың қантқа қатынасы 1,3-1,5
аралығында болуға тиіс. Осыдан əрі
сауымның келесі- жоғары өнімділік,
яғни қызған кезеңі басталады. Жақсы
азықтандыру нəтижесінде сиыр
сүттілігінің 8-10% орнына айына тек 3-
4% дейін кемуін қамтамасыз етуге
болады.
11 слайд
Жазғытұрым сүтті сиыр рационын көк азыққа негіздейді. Сүттілігіне қарай жем береді. Жоғары өнімді сиырлар сауу мерзімінде (8-10 минутта) бос жемнің 2-2,5 ккал, түйіршіктелген жемнің 3 кг жеп үлгеретінін ескереді. Рацион құрамындағы сүрлемнің бір бөлігін не толығымен пішендемемен, ал жазғытұры ірі азықпен, шырынды азықтарды көк азықпен алмастыруға болады. Құрастырылған рациондарда қант-протеин арақатынасы 0,9-1,1, ал крахмалдың қантқа қатынасы 1,3-1,5 аралығында болуға тиіс. Осыдан əрі сауымның келесі- жоғары өнімділік, яғни қызған кезеңі басталады. Жақсы азықтандыру нəтижесінде сиыр сүттілігінің 8-10% орнына айына тек 3- 4% дейін кемуін қамтамасыз етуге болады.
шағым қалдыра аласыз













