Жалпы білім беретін мектептерде жайлы инклюзивті білім беру ортасын ұйымдастыру.




1 слайд
Жалпы білім беретін
мектептерде жайлы инклюзивті
білім беру ортасын
ұйымдастыру
1 слайд
Жалпы білім беретін мектептерде жайлы инклюзивті білім беру ортасын ұйымдастыру

2 слайд
.
Әлемдік білім беруде әрбір баланың
сапалы білім алу құқығын тануға
бағдарланған оң үрдістер байқалуда. Бұл
инклюзивті білім беру ортасын құру
үшін оқу әдістерінің икемділігімен, оқу
үлгерімін бағалау жүйесімен және
теңдік, ортақтастық, ынтымақтастық
құндылықтарына баса назар аударумен
көрінеді.
Мұндайда жайлы инклюзивті білім беру
ортасы – білім беру ұйымының ішкі
кеңістігі ғана емес, білім алушылардың
жеке мүмкіндіктері мен ерекше
қажеттіліктерінің әртүрлілігін ескеретін
жағдайлар жүйесі.
2 слайд
. Әлемдік білім беруде әрбір баланың сапалы білім алу құқығын тануға бағдарланған оң үрдістер байқалуда. Бұл инклюзивті білім беру ортасын құру үшін оқу әдістерінің икемділігімен, оқу үлгерімін бағалау жүйесімен және теңдік, ортақтастық, ынтымақтастық құндылықтарына баса назар аударумен көрінеді. Мұндайда жайлы инклюзивті білім беру ортасы – білім беру ұйымының ішкі кеңістігі ғана емес, білім алушылардың жеке мүмкіндіктері мен ерекше қажеттіліктерінің әртүрлілігін ескеретін жағдайлар жүйесі.

3 слайд
Мектепте білім беру ортасының қолжетімділігін
қамтамасыз ету үшін кедергісіз кеңістік құру қажет. Осы
міндетті шешуде арнайы білім беру ұйымдарына арналған
жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын
сақтау, сондай-ақ жалпы білім беру ұйымдарында ерекше
білім беруді қажет ететін балалар үшін арнайы жағдайлар
жасау ұсынылады.
3 слайд
Мектепте білім беру ортасының қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін кедергісіз кеңістік құру қажет. Осы міндетті шешуде арнайы білім беру ұйымдарына арналған жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын сақтау, сондай-ақ жалпы білім беру ұйымдарында ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін арнайы жағдайлар жасау ұсынылады.

4 слайд
Мектепте психологиялық-педагогикалық
қолдауды ұйымдастыру
•Мектептің психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің
жұмысы «Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын
бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12
қаңтардағы № 4 бұйрығымен және «Мектепке дейінгі, орта,
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша
білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдап
отыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 6
бұйрығымен, «Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық
қызметтің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2022 жылғы 25 тамыздағы
№ 377 бұйрығымен және инклюзивті білім беру саласындағы басқа
да нормативтік құқықтық актілермен реттеледі. Білім беру
ұйымының басшысы психологиялық-педагогикалық қолдауды
ұйымдастыру туралы ережені шығарып, ережені бекітеді,
мамандардың құрамы мен лауазымдық міндеттерін бекітеді,
олардың пәнаралық негізде кәсіби өсуіне жағдай жасайды.
4 слайд
Мектепте психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру •Мектептің психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмысы «Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 4 бұйрығымен және «Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдап отыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 6 бұйрығымен, «Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2022 жылғы 25 тамыздағы № 377 бұйрығымен және инклюзивті білім беру саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілермен реттеледі. Білім беру ұйымының басшысы психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру туралы ережені шығарып, ережені бекітеді, мамандардың құрамы мен лауазымдық міндеттерін бекітеді, олардың пәнаралық негізде кәсіби өсуіне жағдай жасайды.

5 слайд
Мектептегі психологиялық-педагогикалық
қолдаудың мазмұны
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес
психологиялық-педагогикалық қолдау деп жүйелі-ұйымдастырылған
қызмет түсініледі. Ол келесілерді қамтиды:
1.ерекше білім беруді
қажет ететін
балалардың ерекше
білім беру
қажеттіліктерін
анықтауды
және бағалау;
2. педагогтер мен
ерекше білім беруді
қажет ететін балалардың
отбасына
консультативтік-
әдістемелік көмек
көрсету;
3. ерекше білім
беруді қажет ететін
балалардың табысты
оқыту, дамыту және
әлеуметтендіру үшін
әлеуметтік-психологиялық
және педагогикалық
жағдайлар жасау.
5 слайд
Мектептегі психологиялық-педагогикалық қолдаудың мазмұны Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес психологиялық-педагогикалық қолдау деп жүйелі-ұйымдастырылған қызмет түсініледі. Ол келесілерді қамтиды: 1.ерекше білім беруді қажет ететін балалардың ерекше білім беру қажеттіліктерін анықтауды және бағалау; 2. педагогтер мен ерекше білім беруді қажет ететін балалардың отбасына консультативтік- әдістемелік көмек көрсету; 3. ерекше білім беруді қажет ететін балалардың табысты оқыту, дамыту және әлеуметтендіру үшін әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық жағдайлар жасау.

6 слайд
Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды психологиялық-
педагогикалық қолдаудың жеке бағдарламалары: жеке оқу
жоспарлары, жеке оқу бағдарламалары, мамандардың жеке
дамытушы бағдарламалары, психологиялық-педагогикалық
қолдау үшін ерекше білім беруді қажет ететін балалардың тізімі.
Аталған бағдарламалар білім беру ұйымының басшысымен
бекітіледі және білім алушылардың ата-аналарымен келісіледі.
6 слайд
Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды психологиялық- педагогикалық қолдаудың жеке бағдарламалары: жеке оқу жоспарлары, жеке оқу бағдарламалары, мамандардың жеке дамытушы бағдарламалары, психологиялық-педагогикалық қолдау үшін ерекше білім беруді қажет ететін балалардың тізімі. Аталған бағдарламалар білім беру ұйымының басшысымен бекітіледі және білім алушылардың ата-аналарымен келісіледі.

7 слайд
Жалпы білім беретін мектепте зияты зақымдалған білім
алушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау
№4 бұйрықпен бекітілген Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау
қағидаларына ҚР БҒМ МДОБК 04.04.2022 ж. № 1-6/543 әдістемелік нұсқау
хатына сәйкес жалпы сыныпта/топта оқитын зияты зақымдалған балаларға оқу
жоспарлары мен оқу бағдарламаларын келесі түрде өзгерту ұсынылады:
1. ПМПК ұсынымы бойынша
негізгі оқу пәндері бойынша жеке
оқу жоспарлары мен жеке оқу
бағдарламаларын құру. Оқу
бағдарламаларын даралау
бастауыш және негізгі орта білім
беру сатыларында жүзеге
асырылады.
2. Жеке оқу жоспары жалпы
білім беретін мектептер үшін негізгі
орта білім берудің Үлгілік оқу жоспары
негізінде құрылады, одан олардың ең аз
мазмұнын игеруге білім алушылардың
танымдық іс-әрекетінің ерекшеліктері
кедергі келтіретін оқу пәндері
алынып тасталады.
7 слайд
Жалпы білім беретін мектепте зияты зақымдалған білім алушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау №4 бұйрықпен бекітілген Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларына ҚР БҒМ МДОБК 04.04.2022 ж. № 1-6/543 әдістемелік нұсқау хатына сәйкес жалпы сыныпта/топта оқитын зияты зақымдалған балаларға оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын келесі түрде өзгерту ұсынылады: 1. ПМПК ұсынымы бойынша негізгі оқу пәндері бойынша жеке оқу жоспарлары мен жеке оқу бағдарламаларын құру. Оқу бағдарламаларын даралау бастауыш және негізгі орта білім беру сатыларында жүзеге асырылады. 2. Жеке оқу жоспары жалпы білім беретін мектептер үшін негізгі орта білім берудің Үлгілік оқу жоспары негізінде құрылады, одан олардың ең аз мазмұнын игеруге білім алушылардың танымдық іс-әрекетінің ерекшеліктері кедергі келтіретін оқу пәндері алынып тасталады.

8 слайд
Оқулықтарды, оқу құралдарын, жұмыс дәптерлерін іріктеу, жеке оқу
материалдарын дайындау жеке оқу бағдарламасының мазмұнына және
оқытудың қолданылатын әдістеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Жалпы білім беретін сыныпта оқыту психологиялық-педагогикалық
қолдау мамандарының кабинеті жағдайында оқу процесін
ұйымдастырумен ұштастырылуы мүмкін. Мұндай оқыту уақытша
негізде мінез-құлық проблемалары немесе оқу қиындықтары айқын
және бағдарламаны меңгерудегі үлкен олқылықтары (артта қалуы) бар
білім алушыларға, тұрақты негізде – жеке оқу бағдарламасы бойынша
жекелеген оқу пәндері бойынша зияты зақымдалған білім алушыларға
ұсынылады.
8 слайд
Оқулықтарды, оқу құралдарын, жұмыс дәптерлерін іріктеу, жеке оқу материалдарын дайындау жеке оқу бағдарламасының мазмұнына және оқытудың қолданылатын әдістеріне сәйкес жүзеге асырылады. Жалпы білім беретін сыныпта оқыту психологиялық-педагогикалық қолдау мамандарының кабинеті жағдайында оқу процесін ұйымдастырумен ұштастырылуы мүмкін. Мұндай оқыту уақытша негізде мінез-құлық проблемалары немесе оқу қиындықтары айқын және бағдарламаны меңгерудегі үлкен олқылықтары (артта қалуы) бар білім алушыларға, тұрақты негізде – жеке оқу бағдарламасы бойынша жекелеген оқу пәндері бойынша зияты зақымдалған білім алушыларға ұсынылады.

9 слайд
Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларды
ағымдағы бағалау
«Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру
ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы
бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды
өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18
наурыздағы №125 бұйрығының 4-тармағына сәйкес «ерекше білім
беруді қажет ететін адамдардың пәндер және (немесе) модульдер
бойынша үлгеріміне ағымдағы бақылау психофизикалық даму
ерекшеліктері ескеріле отырып жеке тапсырмалар бойынша
өткізіледі».
9 слайд
Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларды ағымдағы бағалау «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығының 4-тармағына сәйкес «ерекше білім беруді қажет ететін адамдардың пәндер және (немесе) модульдер бойынша үлгеріміне ағымдағы бақылау психофизикалық даму ерекшеліктері ескеріле отырып жеке тапсырмалар бойынша өткізіледі».

10 слайд
№4 бұйрықпен бекітілген Ерекше
білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларына
әдістемелік нұсқау хатқа сәйкес «зияты
зақымдалған білім алушыларға арналған жеке
оқу бағдарламалары негізгі оқу пәндері бойынша
құрылады. Жетістіктерді балдық бағалау
пайдаланылмайтын оқу пәндері бойынша оқыту
жалпы білім берудің үлгілік оқу бағдарламалары
бойынша жүзеге асырылады».
№125 бұйрықтың 15-тармағына сәйкес «ерекше
білім беруді қажет ететін білім алушыларды бағалау
кезінде мұғалім сараланған және/немесе жеке
тапсырмаларды қолданады, сондай-ақ білім
алушының ерекшеліктерін есепке ала отырып, оның
ішінде жеке оқу бағдарламаларын іске асыру
кезінде бағалау өлшемшарттарына өзгерістер
енгізеді».
10 слайд
№4 бұйрықпен бекітілген Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларына әдістемелік нұсқау хатқа сәйкес «зияты зақымдалған білім алушыларға арналған жеке оқу бағдарламалары негізгі оқу пәндері бойынша құрылады. Жетістіктерді балдық бағалау пайдаланылмайтын оқу пәндері бойынша оқыту жалпы білім берудің үлгілік оқу бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады». №125 бұйрықтың 15-тармағына сәйкес «ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларды бағалау кезінде мұғалім сараланған және/немесе жеке тапсырмаларды қолданады, сондай-ақ білім алушының ерекшеліктерін есепке ала отырып, оның ішінде жеке оқу бағдарламаларын іске асыру кезінде бағалау өлшемшарттарына өзгерістер енгізеді».

11 слайд
Ерекше білім беруді қажет ететін білім
алушыларды қорытынды аттестаттау
№125 бұйрықтың 66-тармағына сәйкес
ерекше білім беруді қажет ететін білім
алушыларға және жеке оқу бағдарламасы
бойынша оқитын білім алушыларға
қорытынды аттестаттау өткізу қажеттілігі
туралы мәселені білім алушылардың жеке
ерекшеліктеріне сәйкес педагогикалық
кеңес шешеді.
№272 бұйрықпен бекітілген Білім беру ұйымдарында
педагогикалық кеңес қызметін ұйымдастырудың және
оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларының 3-
тармағының 5-тармақшасына сәйкес педагогикалық
кеңес ұсынылған құжаттар негізінде білім алушыларды
қорытынды аттестаттаудан өткізу, оларды емтихандарға
жіберу, білім алушыларды емтихандардан босату
жөнінде шешім қабылдайды .
11 слайд
Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларды қорытынды аттестаттау №125 бұйрықтың 66-тармағына сәйкес ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларға және жеке оқу бағдарламасы бойынша оқитын білім алушыларға қорытынды аттестаттау өткізу қажеттілігі туралы мәселені білім алушылардың жеке ерекшеліктеріне сәйкес педагогикалық кеңес шешеді. №272 бұйрықпен бекітілген Білім беру ұйымдарында педагогикалық кеңес қызметін ұйымдастырудың және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларының 3- тармағының 5-тармақшасына сәйкес педагогикалық кеңес ұсынылған құжаттар негізінде білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу, оларды емтихандарға жіберу, білім алушыларды емтихандардан босату жөнінде шешім қабылдайды .

12 слайд
Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрінің 2022
жылғы 12 қаңтардағы № 6
бұйрығына сәйкес педагог-
ассистенттің қызметтері ПМПК
ұсынымдары негізінде
психофизикалық дамуы мен
мінез-құлық бұзылыстары бар
білім алушыларға тұрақты негізде
ұсынылады.
№ 4 бұйрықпен бекітілген Ерекше
білім беру қажеттіліктерін
бағалау қағидаларына ҚР БҒМ
МДОБК 04.04.2022 ж. № 1-6/543
әдістемелік нұсқау хатына сәйкес
педагог-ассистенттің жеке
сүйемелдеуі мінез-құлық
бұзылыстары келесі сипатта
көрінетін білім алушыларға
ұсынылады:
Мектепте педагог-ассистенттің қызметін ұйымдастыру
12 слайд
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 6 бұйрығына сәйкес педагог- ассистенттің қызметтері ПМПК ұсынымдары негізінде психофизикалық дамуы мен мінез-құлық бұзылыстары бар білім алушыларға тұрақты негізде ұсынылады. № 4 бұйрықпен бекітілген Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларына ҚР БҒМ МДОБК 04.04.2022 ж. № 1-6/543 әдістемелік нұсқау хатына сәйкес педагог-ассистенттің жеке сүйемелдеуі мінез-құлық бұзылыстары келесі сипатта көрінетін білім алушыларға ұсынылады: Мектепте педагог-ассистенттің қызметін ұйымдастыру

13 слайд
1. білім алушының сабақта
мінез-құлық ережелерін орындай
алмауы: партада отыра алмайды,
орнынан тұрады, сыныпта жүреді;
мұғалімнің талаптарын
орындамайды;
2. білім алушының не істеу керектігін
түсінуін қамтамасыз ету үшін үнемі
жеке көмек пен мұғалімнің қолдауы
қажет болған кезде мұғалімнің
фронтальді нұсқаулары мен ауызша
түсіндірмелерін қабылдау немесе
түсіну қиындықтары;
3. сабақта өзін-өзі ұйымдастырудың
және өзін-өзі бақылаудың
қиындықтары: білім алушы сабаққа
өзі дайындала алмайды, ересек
адамның көмегінсіз сынып жұмысына
қосыла алмайды, сынып
тапсырмаларын орындамайды;
4. мінез-құлық және эмоциялық
бұзылыстары бар білім алушылар: білім
алушы дауыстап сөйлейді, себепсіз күледі,
айқайлайды, жылайды, балалардың
назарын өзіне аудартады және
сынып/топтың жұмысына кедергі келтіреді;
сыныптастарына, тәрбиешілеріне, басқа
адамдарға өзіне және/немесе өзгелерге
агрессия көрсетеді.
13 слайд
1. білім алушының сабақта мінез-құлық ережелерін орындай алмауы: партада отыра алмайды, орнынан тұрады, сыныпта жүреді; мұғалімнің талаптарын орындамайды; 2. білім алушының не істеу керектігін түсінуін қамтамасыз ету үшін үнемі жеке көмек пен мұғалімнің қолдауы қажет болған кезде мұғалімнің фронтальді нұсқаулары мен ауызша түсіндірмелерін қабылдау немесе түсіну қиындықтары; 3. сабақта өзін-өзі ұйымдастырудың және өзін-өзі бақылаудың қиындықтары: білім алушы сабаққа өзі дайындала алмайды, ересек адамның көмегінсіз сынып жұмысына қосыла алмайды, сынып тапсырмаларын орындамайды; 4. мінез-құлық және эмоциялық бұзылыстары бар білім алушылар: білім алушы дауыстап сөйлейді, себепсіз күледі, айқайлайды, жылайды, балалардың назарын өзіне аудартады және сынып/топтың жұмысына кедергі келтіреді; сыныптастарына, тәрбиешілеріне, басқа адамдарға өзіне және/немесе өзгелерге агрессия көрсетеді.

14 слайд
Мектепте инклюзивті мәдениетті
қалыптастыру
Мектептерде инклюзивті мәдениетті қалыптастыру мақсатында келесі жұмыс
түрлерін ұйымдастырған жөн:
• ерекше білім беруді қажет ететін балалардың ата-аналарының қатысуымен ата-аналар клубтары;
• ерекше білім беруді қажет ететін балалардың өзге қатарластарымен бейресми қарым-қатынасының
әртүрлі формалары: көгалға шығу, шай ішу, ойындар, мерекелерді бірге өткізу, мұражайларға бару,
экскурсиялар, әлеуметтік желілердегі байланыс және т.б.;
• балалар мен сынып ата-аналарының, пән педагогтерінің, сынып жетекшісінің, педагог-психологтің,
әлеуметтік педагогтің, логопедтің (педагог-дефектолог), медицина қызметкерінің, педагог-ассистенттің
қатысуымен ерекше білім беруді қажет ететін балаларға көмек көрсетудің ерекшеліктері мен жолдарын
талқылау бойынша консилиумдар;
• ерекше білім беруді қажет ететін адамдардың табысты өмірі мен кәсіби мансабын, өз қабілетін жүзеге
асыруын көрсететін көркем фильмдерді балалардың, ата-аналардың және сынып педагогтерінің
бірлесіп қарауы және талқылауы;
• ерекше білім беруді қажет ететін балаға пәрменді көмек көрсете алған педагогтердің ата-аналарға,
әріптестерге тәжірибемен бөлісуге арналған мастер-класстары мен тренингтері, ашық сабақтары және
консультациялары;
• сыныпта білім беру процесінің барлық қатысушыларымен (педагогтер, балалар, ата-аналар) туындаған
проблемалар мен оларды шешу жолдарын бірлесіп талқылау;
• сыныпта оқитын ерекше білім беруді қажет ететін нақты балалардың ерекшеліктері және оны қолдау
тәсілдері туралы мамандардың (психолог, дефектолог, медицина қызметкері) дәрістері мен
консультациялары.
14 слайд
Мектепте инклюзивті мәдениетті қалыптастыру Мектептерде инклюзивті мәдениетті қалыптастыру мақсатында келесі жұмыс түрлерін ұйымдастырған жөн: • ерекше білім беруді қажет ететін балалардың ата-аналарының қатысуымен ата-аналар клубтары; • ерекше білім беруді қажет ететін балалардың өзге қатарластарымен бейресми қарым-қатынасының әртүрлі формалары: көгалға шығу, шай ішу, ойындар, мерекелерді бірге өткізу, мұражайларға бару, экскурсиялар, әлеуметтік желілердегі байланыс және т.б.; • балалар мен сынып ата-аналарының, пән педагогтерінің, сынып жетекшісінің, педагог-психологтің, әлеуметтік педагогтің, логопедтің (педагог-дефектолог), медицина қызметкерінің, педагог-ассистенттің қатысуымен ерекше білім беруді қажет ететін балаларға көмек көрсетудің ерекшеліктері мен жолдарын талқылау бойынша консилиумдар; • ерекше білім беруді қажет ететін адамдардың табысты өмірі мен кәсіби мансабын, өз қабілетін жүзеге асыруын көрсететін көркем фильмдерді балалардың, ата-аналардың және сынып педагогтерінің бірлесіп қарауы және талқылауы; • ерекше білім беруді қажет ететін балаға пәрменді көмек көрсете алған педагогтердің ата-аналарға, әріптестерге тәжірибемен бөлісуге арналған мастер-класстары мен тренингтері, ашық сабақтары және консультациялары; • сыныпта білім беру процесінің барлық қатысушыларымен (педагогтер, балалар, ата-аналар) туындаған проблемалар мен оларды шешу жолдарын бірлесіп талқылау; • сыныпта оқитын ерекше білім беруді қажет ететін нақты балалардың ерекшеліктері және оны қолдау тәсілдері туралы мамандардың (психолог, дефектолог, медицина қызметкері) дәрістері мен консультациялары.

15 слайд
Оқыту білім алушылардың психофизикалық ерекшеліктері мен танымдық
мүмкіндіктерін ескере отырып, жалпы білім берудің білім беру бағдарламалары,
негізгі орта білім берудің білім беру бағдарламалары негізінде әзірленген арнайы
білім беру бағдарламаларын (бағдарламалар Арнайы және инклюзивті білім беруді
дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық сайтында – special-edu.kz орналасқан),
сонымен қатар жалпы орта білім беру бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады.
Оқу процесінде арнайы оқу-әдістемелік кешендер, сондай-ақ жалпы білім беретін
мектептерге арналған оқу-әдістемелік кешендер пайдаланылады.
ОҚУ ЖОСПАРЫ МЕН БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
15 слайд
Оқыту білім алушылардың психофизикалық ерекшеліктері мен танымдық мүмкіндіктерін ескере отырып, жалпы білім берудің білім беру бағдарламалары, негізгі орта білім берудің білім беру бағдарламалары негізінде әзірленген арнайы білім беру бағдарламаларын (бағдарламалар Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық сайтында – special-edu.kz орналасқан), сонымен қатар жалпы орта білім беру бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады. Оқу процесінде арнайы оқу-әдістемелік кешендер, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептерге арналған оқу-әдістемелік кешендер пайдаланылады. ОҚУ ЖОСПАРЫ МЕН БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

16 слайд
Назар салып
тыңдағандарыңызға
рахмет!
16 слайд
Назар салып тыңдағандарыңызға рахмет!