Тақырып бойынша 11 материал табылды

жаңартылған мазмұндағы оқулар глоссарийі

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдер арасында тәжірибе алмасуға керек
Материалдың қысқаша нұсқасы
img_page_1
Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Слайдтың жеке беттері
Жаңартылған оқу бағдарламаларындағы кездесетін глоссарий«Мен еш уақытта өз оқушыларыма еш нәрсе үйретпеймін – тек қана олардың

#1 слайд
Жаңартылған оқу бағдарламаларындағы кездесетін глоссарий«Мен еш уақытта өз оқушыларыма еш нәрсе үйретпеймін – тек қана олардың оқуы үшін жағдай жаратамын» Альберт Эйнштейн 1Әуезов ауданы № 173 мектеп-лицей Шатемірқызы Ақмарал

1 слайд

Қазіргі кезде табысты болу үшін оқушыларға білім қандай қажет болса, дағды да сондай қажет. Бұл оқушылардың ақпаратты есте сақ

#2 слайд
Қазіргі кезде табысты болу үшін оқушыларға білім қандай қажет болса, дағды да сондай қажет. Бұл оқушылардың ақпаратты есте сақтап, алған білімдерін ұғынуын, түсінуін және әртүрлі салада қолдана білуін талап етеді. Білімді дәл осылай қолдану оқушыларға «ХХІ ғасыр дағдысы» деп жиі айтылып жүрген кең ауқымды құзыреттілікті меңгеруге мүмкіндік береді. Құндылықтар Дағдылар • шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау; • қарым-қатынас жасау қабілеті; • өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау; • жауапкершілік; • денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету; • өмір бойы оқуға дайын болу ойлау; • қарым-қатынас жасау қабілеті; • өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау; • жауапкершілік; • денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету; • өмір бойы оқуға дайын болу • сын тұрғысынан ойлау; • білімді шығармашылық тұрғыда қолдана білу қабілеті; • проблемаларды шешу қабілеті; • ғылыми-зерттеу дағдылары; • қарым-қатынас дағдылары (тілдік дағдыларды қоса алғанда); • жеке және топпен жұмыс істей алу қабілеті; • АКТ саласындағы дағдылар.

2 слайд

ГЛОССАРИЙ 1 Ақпараттық сауаттылық көптеген сандық технологияларды қолдану арқылы ақпаратты тиімді және сыни іріктеп, талдап жә

#3 слайд
ГЛОССАРИЙ 1 Ақпараттық сауаттылық көптеген сандық технологияларды қолдану арқылы ақпаратты тиімді және сыни іріктеп, талдап және құра білу, сонымен қатар, сол технологиялардың құрамдас бөліктері мен функцияларын білу. 2 Әлеуметтік білім алушы субъект бақылау немесе басқа адамдармен бірге әрекет ету барысында өз еркінен тыс білім алатын оқыту түрі. Bersin & Associates мамандары әлеуметтік оқыту технологиясының жеті бөлшегін атады: әңгіме ( conversation), байланыс ( connection), бірлескен жұмыс ( collaboration), контент ( content), [ контентті] пайдалану ыңғайлылығы ( consumption), бақылау ( control) және тұтынушылар контентін құру мүмкіндігі ( contribution). 3 Бағалау критерийі ұсынылған талаптарға сәйкес бір нәрсені бағалау бойынша шешім қабылдау ережесі, негіздемесі. Әр критерийдің дескрипторлары (әрбір нақты жұмыс үшін) болады, онда мектеп тапсырмасының орындалу нәтижесінің дұрыстығы туралы нақты түсінік беріледі. Дескрипторға сәйкес бағалау оқушының қойған мақсатқа жетуін анықтайды 4 Бағамдау (ағылш. evaluation) білім беруді ұйымдастырумен, оқу, тәрбиелеу және даму үдерістерімен байланысты жағдайларды, құбылыстарды және іс-әрекеттерді жүйелі зерттеу және баға беру. Бақылаушы және қадағалаушы сипаты жоқ. Ол ақпаратты жүйелі түрде ашық жинақтау және талдау негізінде, белгіленген мақсаттармен, критерийлермен және құндылықтармен жүйелі түрде салыстыру негізінде ұйымның жұмысының тиімділігін анықтау және жетілдіру мақсатында ұйым ішінде, сондай-ақ сыртқы сарапшыларды тарту арқылы өткізіледі. Бағамдаудың өзіне тән ерекшеліктері: жетілдіруге бағдарлау, диалог түрінде өтуі, жазаның қолданылмауы. Бағамдау мұғалімді «тексеруге» емес, оған қолдау көрсетіп, дамуына көмектесуге бағытталған.

3 слайд

ГЛОССАРИЙ 5 Белсенді оқу шынайы өмірден алынған және ойдан шығарылған жағдайларды қолдана отырып оқушыларды ойланып, күрделі м

#4 слайд
ГЛОССАРИЙ 5 Белсенді оқу шынайы өмірден алынған және ойдан шығарылған жағдайларды қолдана отырып оқушыларды ойланып, күрделі мәселелерді шешуге жетелейді. Білім беру бағдарламасының барлық салаларын барлық сатыларда белсенді оқу тәсілдерімен толықтырып, кеңейтуге болады. Белсенді оқу білім, дағды және көзқарас деп аталатын оқудың негізгі үш саласы қамтып, оқудың бұл таксономиясын «оқу үдерісінің мақсаты» (Блум, 1956) деп санауға болады. 6 Бірлескен оқу Бұл тәсілдің аясында оқыту білім берушілер мен білім алушылар арасындағы тығыз қарым-қатынас негізінде ұйымдастырылып, оқыту үдерісіне қатысушы әрбір жеке тұлғаның жеке үлесі мен қабілеті мойындалады. Үдеріске қатысушылар ақпаратты бірлесіп отырып белсенді іздеу, талқылау, талдау және жинақтау арқылы жаңа білім алады. Жұмыс тиімді болуы үшін, ынтымақтастық оқу жағдайында өкілеттік пен жауапкершілік топ мүшелері арасында бөлінеді. Ынтымақтастық оқудың алғышарты топ мүшелерінің бірлесіп әрекет етуі арқылы ымыраға, бір келісімге келуіне негізделген. 7 Грамматикалық нормалар Нақты бір тілдің грамматикалық ережелері. 8 Графикалық органайзер білім, ұғым, ой, идея немесе көзқарасты білдіру үшін визуалды таңбаларды қолданатын құрал. Графикалық органайзердің басты мақсаты оқу мен оқытуды жеңілдету мақсатында визуалды көмек ұсыну болып табылады.

4 слайд

ГЛОССАРИЙ 9 Дарындылық қабілеттер иерархиясының құрылымдық бөлшегі. Дарындылық – өзіндік ерекшелік, қабілеттер үйлесімі. Қабіле

#5 слайд
ГЛОССАРИЙ 9 Дарындылық қабілеттер иерархиясының құрылымдық бөлшегі. Дарындылық – өзіндік ерекшелік, қабілеттер үйлесімі. Қабілеттілік сияқты дарындылық та туа бітпейді, ол дамуда өмір сүреді (Б.М.Теплов). Жалпы дарындылық: салыстырмалы түрде кең және әмбебап психологиялық бөлшектердің (жады, зият) дамуы. Арнайы дарындылық ерекше қызмет түріне жатады. Бұл бөлініс шартты, жалпы, арнайы қабілеттер өзара бірлікте «өмір сүреді». Адамдардың дарындылығы мен қабілеттері сандық емес, сапалық тұрғыдан ерекшеленеді. Дарындылықтың сапалық ерекшеліктері бір адамның бір салада, екіншісінің басқа салада дарынды болуымен ғана емес, дарындылықтың қалыптасқандық деңгейімен де көрінеді. Қабілеттерден сапалық айырмашылықты іздеу – психологияның маңызды міндеті. 10 Диалогтік оқыту Мұғалімнің оқу материалын оқушыларға түсіндіріп, оқушылардың сол оқу материалын меңгеруі мақсатында оқу материалын дайындаудың және баяндаушы әңгіме жүргізудің нақтылы реттеуші ережелерін ескере отырып құрылған оқыту мен оқу тәсілі. Оқушыларды мәселені (проблеманы) анықтап, оны шешуге итермелейді және олардың оқудағы іс-әрекеттерін белсенді етуді көздейді. 11 Дәйекті пайым жағдай туралы өз пайымын шешім қабылдаусыз көрсету құқығы (С.Ожегов және Н.Шведов сөздігі). Бұл мәнмәтінде мұқият ойластырылған пайым. 12 Джигсо әдісі Ең алғаш Джигсо әдісін Е.Аронсон мен Д.Бриджмен (1979) әзірлеген. Бұл әдіс арқылы оқушылар өмірлік маңызы бар ақпаратты игеріп, оларды пазлдың бөлшектері сияқты бірге жинауға тартылады. Әр оқушы өз білімінің терең түсініп, басқаларға оны үйрету керек. Яғни әр оқушы «сарапшы» рөлінде болады деген сөз. Сонымен қатар, оқушылар құнды ресурс ретінде бір-бірін тыңдауды үйренеді.

5 слайд

ГЛОССАРИЙ 13 Жақын арадағы даму аймағы (ЖАДА) Л.Выготский енгізген ұғым; оқушының қалыптасқан дағдылары, қабілеттері мен оқуш

#6 слайд
ГЛОССАРИЙ 13 Жақын арадағы даму аймағы (ЖАДА) Л.Выготский енгізген ұғым; оқушының қалыптасқан дағдылары, қабілеттері мен оқушы әзірше өз бетінше орындай алмайтын, орындау үшін скаффолдердің көмегін қажет ететін тапсырмалар ауқымында қалыптасатын дағдылар арасындағы оқу кезеңі. Скаффолдер рөлінде мұғалім немесе анағұрлым жақсы оқитын сыныптастары болуы мүмкін. 14 Жиынтық бағалау білім алу кезеңдері мен сатылары аяқталғанда болатын бағалау, белгілі мерзім бойынша оқушының дайындық деңгейінің көрсеткіші болып табылады, бағалаудың бірыңғай критерийлерінің негізінде жүзеге асады. 15 Инклюзиялық оқыту білім алу барлығына да қолжетімді деген қағидатқа негізделетін оқыту. Оқытуды оқушылардың түрлі қажеттіліктеріне, соның ішінде ерекше қажеттіліктеріне бейімдеу. 16 Кері байланыс белгілі бір әрекетті немесе оқиғаны түсіну, игеру, онымен келісіп, келіспейтіндігін көрсететін белгілі бір әрекет немесе оқиға туралы пікір, баға беру, жауапты реакция. 17 Креативтілік (ағыл. create – жасау, creative – жасампаз, шығармашыл) индивидтің дәстүрлі немесе көпшілік қабылдаған идеялардан ауытқитын, түбегейлі жаңа идеяларды қабылдау мен жасауға дайындығымен ерекшеленетін және тәуелсіз фактор ретінде дарындылық құрылымына кіретін шығармашылық қабілеті, сондай-ақ проблемаларға өзгеше қарап, оларды ерекше тәсілдермен шешу қабілеті. 18 Критериалды бағалау оқушылардың оқу жетістіктерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес, ұжым талқысынан өткен, оқушыға, ата-анаға және мұғалімге түсінікті, нақты анықталған критерийлерге негізделген бағалау үдерісі.

6 слайд

ГЛОССАРИЙ 19 Қалыптас- тырушы бағалау мұғалімдерді, оқушыларды және педагогикалық үдерістің басқа да қатысушыларын оқуды жетіл

#7 слайд
ГЛОССАРИЙ 19 Қалыптас- тырушы бағалау мұғалімдерді, оқушыларды және педагогикалық үдерістің басқа да қатысушыларын оқуды жетілдіру үшін қажет ақпаратпен қамтамасыз ететін оқудың ағымдағы бағалануы (нәтижесі баға ретінде тіркелмейді). Қалыптастырушы бағалау сыныптағы күнделікті жұмыс барысында жүзеге асырылып, оқушының ағымдағы оқу үлгерімінің көрсеткіші болып табылады. Оқушы мен мұғалім арасында кері байланысты қамтамасыз етіп, оқу үдерісіне уақтылы өзгеріс енгізіп отыруға мүмкіндік береді. 20 «Қара жәшік» ғылым мен техника саласынан алынған метафора, онда «қара жәшік» оның ішкі құрылымы туралы ештеңе білместен, яғни оның қалай қолданылатыны айқын емес (қара), тек қана енгізу, шығару, беру сипаттамалары тұрғысынан қарастыруға болатын құрылғы, жүйе не объект ретінде қарастырылады. Кез келген затты (құбылысты) «қара жәшік» деп атауға болады: транзистор, алгоритм немесе адам санасы. Ал педагогика ғылымында «қара жәшік ішіндегі жұмыс» деген метафора сыныпқа қатысты қолданылып, білім беру мекемесінің құрылымымен шектелген жағдайды меңзейді. 21 Қарым- қатынас дағдылары қабылдаушы адам ол хабарламаны түсінетіндей етіп, әңгіме барысында немесе жазбаша нысанда өз ойын білдіру қабілеті. 22 Қысқа мерзімді жоспар мұғалімнің күнделікті оқытатын сабақтарының сызбасы (сабақ жоспары). Сабақ жоспарында ненің зерделенетіні, оған қалай көмектесуге болатыны, сондай-ақ оқуды қалай саралауға болатыны туралы барынша егжей-тегжейлі ақпарат ұсынылады.

7 слайд

ГЛОССАРИЙ 23 Метатану «таным туралы таным» деп анықталады және өзінің ойлау қабілеттерін түйсінудің айрықша түрі. Мысалы, мет

#8 слайд
ГЛОССАРИЙ 23 Метатану «таным туралы таным» деп анықталады және өзінің ойлау қабілеттерін түйсінудің айрықша түрі. Мысалы, метатануға оқушылардың өзіндік оқу және проблемаларды шешу стратегияларын түйсінуі жатады. Алғаш рет психология ғылымына бұл ұғымды Джон Флэйвелл енгізген болатын ( J.H. Flavell, 1976). Автордың айтуынша, метатанудың маңызды қызметінің бірі өздерінің танымдық қызметтерінің ерекшеліктері туралы білімдерінің негізінде оқушыларға танымдық қызметтерін реттеуге мүмкіндік беретін танымдық қызметті рефлексиялық бақылау болып табылады. 24 Метатану стратегиялары білім алушының оқу үдерісін өзіндік бақылауына бағытталған басқару түріндегі әдістер (мысалы, оқу үдерісін өз бетінше жоспарлай білу, мақсат қою, өзінің оқу үдерісін бағалап, оның мониторингін жүргізу қабілеті). 25 Модельдеу 1. Таным объектілерін олардың шартты модельдері негізінде зерттеу. 2. Шын мәнінде бар объектілер, үдерістер немесе құбылыстардың модельдерін құру және зерделеу. Мұндағы мақсат осы құбылыстарды түсіну, сондай-ақ зерттеушіні қызықтыратын құбылыстарды болжау. Модельдеу адамның объектілер туралы білімі мен сол объектілер арасындағы қарым-қатынасты көрсету үшін қолданылады, оқытудағы көрнекі құралдардың бірі. 26 Мұғалімнің жетекшілігіме н ашу бұл тәсіл индукциялық тәсіл ретінде де белгілі, ол әдіс бойынша мұғалім оқушыларға тіл бірліктерін пайдалану бойынша мысалдар келтіреді және оны пайдаланудың ережелерін өз бетінше құруға көмектеседі. 27 Мұғалімнің жетекшілігіме н жүретін оқылым сындарлы оқу теориясына негізделген. Оқушылар бағалау арқылы алынған ақпараттың негізінде оқудағы қажеттіліктеріне қарай келесі қадамдарды бірге орындау үшін топтарға біріктіріледі. Оқушылар мағынасын ашу, бұған дейінгі білімімен байланыстыру, жаңа түсініктер туралы сын тұрғысынан ойлау үдерістеріне тартылады. Бұл тәсіл кезіндегі мұғалімнің рөлі мұқият ойластырылған сұрақтар қоя отырып, оқушыларды ойлануға жетелеп, жаңа білім алу үдерісіне қолдау көрсету болып табылады.

8 слайд

ГЛОССАРИЙ 28 Оқу үдемелілігі танымдық психологияда, оқу үдемелілігі адам қабілетіне қатысты ұғым, себебі бұл саналы жүретін жә

#9 слайд
ГЛОССАРИЙ 28 Оқу үдемелілігі танымдық психологияда, оқу үдемелілігі адам қабілетіне қатысты ұғым, себебі бұл саналы жүретін және адамның еркінен тыс жүретін оқудың, сондай-ақ жаттығулардың ықпалдасуы. Оқу үдемелілігінде күрделілік деңгейі біртіндеп артып отырады: қарапайым тапсырмалардан басталып, әр қадам сайын тапсырмалар күрделене береді. 29 Оқу бағдарламасы оқу пәні бойынша міндетті түрде меңгерілуі керек білімдер мен дағдылардың мазмұны және көлемі, сонымен қатар, олардың тақырыптар, тараулар мен оқу кезеңдеріне бөлінуі көрсетілген құжат. Белгілі бір білім беру саласына қатысты мемлекеттік білім беру стандартының талаптары негізінде әзірленеді. 30 Оқу жоспары белгілі бір пән және сынып бойынша мұғалімдерге арнап әзірленетін құжат. Оқу жоспары белгілі бір аясында осы пән бойынша қамтылатын материалдардың барлығын қамтиды және онда бұл материалдарды қандай ретпен оқытуға және оқуға болатыны ұсынылады. 31 Оқу мақсаты оқу бағдарламасына сәйкес пән бойынша оқушының оқу барысында меңгерген білім, түсінік, дағды жетістіктері бойынша күтілетін нәтижелерден құралған тұжырым. 32 Оқушылардың қажеттіліктері қажеттіліктері оқу нәтижелеріне байланысты оқушылардың тілектері мен үміттері. Қазақ тілінде оқытатын мектеп оқушыларының қазақ тілі мен әдебиетін үйренудегі қажеттіліктері тыңдалық мен айтылым, оқылым ме...

9 слайд

Файл форматы:
pptx
17.04.2019
325
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11