Жеке адамның құжаттарының сипаты мен пайда болу мақсаты
Жеке адамның құжаттарының сипаты мен пайда болу мақсаты

#1 слайд
Жеке адамның
құжаттарының сипаты
мен пайда болу мақсаты
1 слайд
Жеке адамның құжаттарының сипаты мен пайда болу мақсаты
#2 слайд
Кіріспе
Құжат деп қандай да бір зат туралы ақпаратты
тіркеуге, беруге және сақтауға қызмет ететіннің
барлығын атаймыз. Басқаша айтқанда, құжат –
ақпараты бар материалдық тасымалдаушы.
Мұндай тасымалдаушы ретінде қағаз, компьютер
дискісі, фото және кинопленка және т.б. қызмет
етуі мүмкін. Іс құжаты әкімшілік (басқару)
ақпаратты белгілеу үшін қызмет етеді.
Фабрика өнім шығаратыны секілді, әкімшілік
басқармалары құжат шығарады. Мұның айырмасы
фабрика үшін өнім шығару оның мақсаты болса,
әкімшілік басқарудың мақсаты басқару қызметі
болып табылады. Оны іске асыру үшін ол құжатпен
ресімделуі керек.
2 слайд
Кіріспе Құжат деп қандай да бір зат туралы ақпаратты тіркеуге, беруге және сақтауға қызмет ететіннің барлығын атаймыз. Басқаша айтқанда, құжат – ақпараты бар материалдық тасымалдаушы. Мұндай тасымалдаушы ретінде қағаз, компьютер дискісі, фото және кинопленка және т.б. қызмет етуі мүмкін. Іс құжаты әкімшілік (басқару) ақпаратты белгілеу үшін қызмет етеді. Фабрика өнім шығаратыны секілді, әкімшілік басқармалары құжат шығарады. Мұның айырмасы фабрика үшін өнім шығару оның мақсаты болса, әкімшілік басқарудың мақсаты басқару қызметі болып табылады. Оны іске асыру үшін ол құжатпен ресімделуі керек.
#3 слайд
Құжат ұғымы
«Құжат» ұғымы білімнің көптеген
саласында қолданылып, тұтас бір
ғылыми пәндер қатарындағы зерттеу
объектісі болып табылады. Бұл
ғылымдардың әрқайсысы құжатқа
анықтама беруде қандай өлшемдер
(құжаттың мәні, нысаны, ақпаратты
жазу мен дыбыстап бейнелеу тәсілі т.б.)
негіздеме ретінде алынғанына қарай өз
тәсілдерін ұсынады.
3 слайд
Құжат ұғымы «Құжат» ұғымы білімнің көптеген саласында қолданылып, тұтас бір ғылыми пәндер қатарындағы зерттеу объектісі болып табылады. Бұл ғылымдардың әрқайсысы құжатқа анықтама беруде қандай өлшемдер (құжаттың мәні, нысаны, ақпаратты жазу мен дыбыстап бейнелеу тәсілі т.б.) негіздеме ретінде алынғанына қарай өз тәсілдерін ұсынады.
#4 слайд
Тарихы
Бұл ретте, біз құжаттың пайда болу тарихы мен эволюциясына көз
жүгіртіп көрейік. «Құжат» ұғымы өзінің даму жолында
айтарлықтай өзгерістерге ұшыраған. Латын сөзі doceo алғашында
«үйретемін», «хабарлаймын» деген мағынаны берген. Кейіннен
туындаған, сөздің тар мағынасында алатын болсақ «айғақ,
дәлел», «куәлік» мағынасын беретін documentum түрі ғылыми және
практикалық қызмет саласының көпшілігінде ұзақ уақыт
пайдалануда тұрақтап қалған.
Орыс тілінде «документ», яғни «құжат» ұғымы 17- ғасырда пайда
болды. І Петр оны «письменное свидетельство», демек, «жазбаша
куәлік» ретінде аударып, сол арқылы құжаттың құқықтық мәнін
белгіледі. «Хаттамаларға қол қою туралы» деген Жарлық
шығарған.
4 слайд
Тарихы Бұл ретте, біз құжаттың пайда болу тарихы мен эволюциясына көз жүгіртіп көрейік. «Құжат» ұғымы өзінің даму жолында айтарлықтай өзгерістерге ұшыраған. Латын сөзі doceo алғашында «үйретемін», «хабарлаймын» деген мағынаны берген. Кейіннен туындаған, сөздің тар мағынасында алатын болсақ «айғақ, дәлел», «куәлік» мағынасын беретін documentum түрі ғылыми және практикалық қызмет саласының көпшілігінде ұзақ уақыт пайдалануда тұрақтап қалған. Орыс тілінде «документ», яғни «құжат» ұғымы 17- ғасырда пайда болды. І Петр оны «письменное свидетельство», демек, «жазбаша куәлік» ретінде аударып, сол арқылы құжаттың құқықтық мәнін белгіледі. «Хаттамаларға қол қою туралы» деген Жарлық шығарған.
#5 слайд
Төңкеріске дейінгі Қазақстан
жағдайына келетін болсақ, XIX
ғасырдың алғашқы жартысында
Бөкей хандығында іс қағаздарын
жүргізетін кеңсе болғандығы мәлім.
Жәңгір хан ұйымдастырған бұл
арнайы кеңсе екі бөлімшеден
тұратын. Біріншісі ханның өз қол
астындағы сұлтандармен, екіншісі –
ресейлік шенеуніктермен қызметтік
байланыстарын түркі-шағатай және
орыс тілдерінде әзірленетін іс
қағаздары арқылы жүргізіп отырды.Қазақ
тарихында
ХІХ ғасырда құжаттың басқару ісіндегі
мәніне деген жаңа көзқарас пайда
болды. Нысан бойынша белгіленіп,
басқару процесін жүргізуге арналған
ақпарат құжат деп саналды.
5 слайд
Төңкеріске дейінгі Қазақстан жағдайына келетін болсақ, XIX ғасырдың алғашқы жартысында Бөкей хандығында іс қағаздарын жүргізетін кеңсе болғандығы мәлім. Жәңгір хан ұйымдастырған бұл арнайы кеңсе екі бөлімшеден тұратын. Біріншісі ханның өз қол астындағы сұлтандармен, екіншісі – ресейлік шенеуніктермен қызметтік байланыстарын түркі-шағатай және орыс тілдерінде әзірленетін іс қағаздары арқылы жүргізіп отырды.Қазақ тарихында ХІХ ғасырда құжаттың басқару ісіндегі мәніне деген жаңа көзқарас пайда болды. Нысан бойынша белгіленіп, басқару процесін жүргізуге арналған ақпарат құжат деп саналды.
#6 слайд
•
1. Қандай да бір фактіні немесе бір нәрсеге
қатысты құқықты растайтын іс қағазы.
•
2. Ұсынушы тұлғаны ресми куәландыратын
нәрсе (төлқұжат және т.с.с.).
•
3. Жазбаша куәлік. •
Құқықтық күшке ие жазбаша дереккөз
тұрғысындағы құжат ұғымы ХХ ғасырда да
сақталған. Мәселен, С.И. Ожеговтың Орыс тілі
сөздігінде «құжат» ұғымына үш түрлі мәнде
түсінік беріледі:
6 слайд
• 1. Қандай да бір фактіні немесе бір нәрсеге қатысты құқықты растайтын іс қағазы. • 2. Ұсынушы тұлғаны ресми куәландыратын нәрсе (төлқұжат және т.с.с.). • 3. Жазбаша куәлік. • Құқықтық күшке ие жазбаша дереккөз тұрғысындағы құжат ұғымы ХХ ғасырда да сақталған. Мәселен, С.И. Ожеговтың Орыс тілі сөздігінде «құжат» ұғымына үш түрлі мәнде түсінік беріледі:
#7 слайд
Шетелдік сөздердің түсіндірме сөздігінде аздаған
өзгешеліктер болғанымен, жалпы мағынасы жоғарыдағы
анықтамаларға келіп саяды:
1. Жазбаша куәлік, айғақ – мысалы, оның тарихи құжаттық
сипаты бар.
2. заң. заң жүзінде белгіленген тәртіппен жасалып, заңды
фактіні куәландыратын (туу, некеге тұру) немесе қандай да
бір іске құқық беретін (диплом, өсиет) акт, сөздің кең
мағынасында – заңды күші бар немесе қызметтік сипаттағы
кез келген жазбаша акт.
3. Төлқұжат, жеке куәлік.
7 слайд
Шетелдік сөздердің түсіндірме сөздігінде аздаған өзгешеліктер болғанымен, жалпы мағынасы жоғарыдағы анықтамаларға келіп саяды: 1. Жазбаша куәлік, айғақ – мысалы, оның тарихи құжаттық сипаты бар. 2. заң. заң жүзінде белгіленген тәртіппен жасалып, заңды фактіні куәландыратын (туу, некеге тұру) немесе қандай да бір іске құқық беретін (диплом, өсиет) акт, сөздің кең мағынасында – заңды күші бар немесе қызметтік сипаттағы кез келген жазбаша акт. 3. Төлқұжат, жеке куәлік.
#8 слайд
Назар
аударғандарыңызға
рахмет!!!
8 слайд
Назар аударғандарыңызға рахмет!!!
шағым қалдыра аласыз













