Жергілікті жерде елді мекендердің шекарасын белгілеу және өзгерту

#1 слайд
Жергілікті жерде елді
мекендердің шекарасын
белгілеу және өзгерту
Ш.Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық-техникалық
колледжі
2025-2026 оқу жылы
1 слайд
Жергілікті жерде елді мекендердің шекарасын белгілеу және өзгерту Ш.Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық-техникалық колледжі 2025-2026 оқу жылы
#2 слайд
Елді мекен шекарасы
Негізгі түсінігі:
Елді мекендердің шекарасы – бұл ауыл, қала немесе кент
аумағын басқа жерлерден бөліп тұратын заңды түрде
бекітілген сызық. Ол жерді тиімді пайдалану, құрылыс
жүргізу және аумақты басқару үшін аса маңызды.
Шекараны белгілеу бірнеше кезеңнен тұрады. Алдымен
дайындық жұмыстары жүргізіледі, яғни карталар,
кадастрлық мәліметтер жиналып, аумақ зерттеледі. Кейін
жобалау кезеңінде шекара сызығы анықталып, арнайы
жоспар жасалады.
2 слайд
Елді мекен шекарасы Негізгі түсінігі: Елді мекендердің шекарасы – бұл ауыл, қала немесе кент аумағын басқа жерлерден бөліп тұратын заңды түрде бекітілген сызық. Ол жерді тиімді пайдалану, құрылыс жүргізу және аумақты басқару үшін аса маңызды. Шекараны белгілеу бірнеше кезеңнен тұрады. Алдымен дайындық жұмыстары жүргізіледі, яғни карталар, кадастрлық мәліметтер жиналып, аумақ зерттеледі. Кейін жобалау кезеңінде шекара сызығы анықталып, арнайы жоспар жасалады.
#3 слайд
Негізгі
мақсаттары
•Жерді тиімді пайдалану
•Құрылыс жұмыстарын реттеу
•Әкімшілік басқаруды жеңілдету
•Жер дауларын болдырмау
3 слайд
Негізгі мақсаттары •Жерді тиімді пайдалану •Құрылыс жұмыстарын реттеу •Әкімшілік басқаруды жеңілдету •Жер дауларын болдырмау
#4 слайд
Дайындық
жұмыстар
ы
•Карталар мен жоспарларды жинау
•Кадастрлық мәліметтерді талдау
•Аумақты зерттеу
4 слайд
Дайындық жұмыстар ы •Карталар мен жоспарларды жинау •Кадастрлық мәліметтерді талдау •Аумақты зерттеу
#5 слайд
Жобалау
және келісу
кезеңі
Бұл кезеңде болашақ шекара нақты анықталып, заңды негізге
дайындалады.
Бұл кезеңде мамандар:
•Елді мекеннің қазіргі жағдайын (үйлер, жолдар, инфрақұрылым) зерттейді
•Табиғи шекараларды (өзен, жол, орман) ескереді
•Жер бедерін және жер санаттарын талдайды
5 слайд
Жобалау және келісу кезеңі Бұл кезеңде болашақ шекара нақты анықталып, заңды негізге дайындалады. Бұл кезеңде мамандар: •Елді мекеннің қазіргі жағдайын (үйлер, жолдар, инфрақұрылым) зерттейді •Табиғи шекараларды (өзен, жол, орман) ескереді •Жер бедерін және жер санаттарын талдайды
#6 слайд
Шекаран
ы бекіту
кезеңі
Шекараны бекіту:
Құжаттарды рәсімдеу
•Жерге орналастыру жобасы дайындалады
•Шекара картасы және координаталар жасалады
•Түсіндірме жазба қосылады
Шекара құжат жүзінде дәлелденеді
Заңды түрде бекіту
•Құжаттар мемлекеттік органдарға ұсынылады
•Заңға сәйкестігі тексеріледі
•Әкімдік ресми шешім (қаулы) қабылдайды
•Шекара заңды күшке ие болады
Ресми тіркеу
•Жер кадастрына енгізіледі
•Электрондық базаларда тіркеледі
•Мемлекеттік есепке алынады
•Барлық органдар бірдей дерек қолданады, қателік
болмайды
6 слайд
Шекаран ы бекіту кезеңі Шекараны бекіту: Құжаттарды рәсімдеу •Жерге орналастыру жобасы дайындалады •Шекара картасы және координаталар жасалады •Түсіндірме жазба қосылады Шекара құжат жүзінде дәлелденеді Заңды түрде бекіту •Құжаттар мемлекеттік органдарға ұсынылады •Заңға сәйкестігі тексеріледі •Әкімдік ресми шешім (қаулы) қабылдайды •Шекара заңды күшке ие болады Ресми тіркеу •Жер кадастрына енгізіледі •Электрондық базаларда тіркеледі •Мемлекеттік есепке алынады •Барлық органдар бірдей дерек қолданады, қателік болмайды
#7 слайд
Шекараны
өзгерту
Шекараны өзгерту – бұрын белгіленген
аумақты кеңейту немесе қысқарту.
Себептері: Халық санын өсуі,
Құрылыстың дамуы, Экономикалық
қажеттілік
7 слайд
Шекараны өзгерту Шекараны өзгерту – бұрын белгіленген аумақты кеңейту немесе қысқарту. Себептері: Халық санын өсуі, Құрылыстың дамуы, Экономикалық қажеттілік
#8 слайд
Өзгерту тәртібі
Елді мекен шекарасын өзгерту:
аумақты кеңейту немесе қысқарту арқылы оны жаңа жағдайларға
бейімдеу процесі. Ол халық санының өсуі, жаңа құрылыс аумақтарының
пайда болуы немесе экономикалық қажеттілікке байланысты
жүргізіледі.
Алдымен шекараны өзгерту туралы ұсыныс енгізіледі. Оны жергілікті
әкімдік немесе тиісті органдар ұсынады. Кейін осы негізде жоба
дайындалады, онда жаңа шекара сызығы, карта, жоспар және
координаталар көрсетіледі.
Дайын жоба мемлекеттік органдармен келісіледі, яғни оның заңға
сәйкестігі және басқа жер пайдаланушыларға әсері тексеріледі.
8 слайд
Өзгерту тәртібі Елді мекен шекарасын өзгерту: аумақты кеңейту немесе қысқарту арқылы оны жаңа жағдайларға бейімдеу процесі. Ол халық санының өсуі, жаңа құрылыс аумақтарының пайда болуы немесе экономикалық қажеттілікке байланысты жүргізіледі. Алдымен шекараны өзгерту туралы ұсыныс енгізіледі. Оны жергілікті әкімдік немесе тиісті органдар ұсынады. Кейін осы негізде жоба дайындалады, онда жаңа шекара сызығы, карта, жоспар және координаталар көрсетіледі. Дайын жоба мемлекеттік органдармен келісіледі, яғни оның заңға сәйкестігі және басқа жер пайдаланушыларға әсері тексеріледі.
#9 слайд
Қорытынды
Елді мекендердің шекарасын белгілеу және өзгерту –
заңмен реттелетін, бірнеше кезеңнен тұратын күрделі
процесс. Ол жерді тиімді пайдалану мен аумақтық дамудың
негізі болып табылады. Бұл процесс ұсыныс енгізуден
басталады, одан кейін жаңа жоба дайындалады,
мемлекеттік органдармен келісіледі және соңында ресми
қаулы арқылы бекітіледі.
Елді мекендердің шекарасын белгілеу және өзгерту –
аумақтық дамуды реттейтін, жерді тиімді пайдалануды
қамтамасыз ететін және заңдылықты сақтайтын маңызды
процесс болып табылады.
9 слайд
Қорытынды Елді мекендердің шекарасын белгілеу және өзгерту – заңмен реттелетін, бірнеше кезеңнен тұратын күрделі процесс. Ол жерді тиімді пайдалану мен аумақтық дамудың негізі болып табылады. Бұл процесс ұсыныс енгізуден басталады, одан кейін жаңа жоба дайындалады, мемлекеттік органдармен келісіледі және соңында ресми қаулы арқылы бекітіледі. Елді мекендердің шекарасын белгілеу және өзгерту – аумақтық дамуды реттейтін, жерді тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін және заңдылықты сақтайтын маңызды процесс болып табылады.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген