Жоба: «Қазақтың ұлттық тағамы – құртты қалай жасауға болады?»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жоба: «Қазақтың ұлттық тағамы – құртты қалай жасауға болады?»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалар қазақтың ұлттық тағамы - құрт туралы білу керек
Материалдың қысқаша нұсқасы
img_page_1
Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Слайдтың жеке беттері
Жоба: «Қазақтың ұлттық тағамы – құртты қалай жасауға болады? » Авторы: Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор поселкесі «Р

#1 слайд
Жоба: «Қазақтың ұлттық тағамы – құртты қалай жасауға болады? » Авторы:    Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор поселкесі «Райхан» мектепке дейінгі бөбекжайының I санатты тәрбиешісі Нугманова Қалампыр Қабдысалыққызы. Жоба түрі:  зерттемелі – тәжірибе.  Жоба ұзақтығы:    қысқа мерзімде (1 апта). Жобаға қатысушылар:   «Толағай» екінші кішкентай балалар тобы.

1 слайд

Жоба жоспары: I.Кіріспе. 1. Қазақ халқы – қонақжай. II.Негізгі бөлім. 1. « Қазақтың ұлттық тағамы-құрт» жайлы ұғым. 2. Зерттем

#2 слайд
Жоба жоспары: I.Кіріспе. 1. Қазақ халқы – қонақжай. II.Негізгі бөлім.  1. « Қазақтың ұлттық тағамы-құрт» жайлы ұғым. 2. Зерттемелі – тәжірибе «Құртты қалай жасауға болады?» . III. Қорытынды. Құрт тағамының адам ағзасындағы құндылығы.

2 слайд

Зерттеу міндеттері: 1.Балаларды бірлесіп жұмыс жасауда ұлттық тағам – құрт жайлы ұғымдарын кеңейту. 2.Зерттемелі - тәжірибе жас

#3 слайд
Зерттеу міндеттері: 1.Балаларды бірлесіп жұмыс жасауда ұлттық тағам – құрт жайлы ұғымдарын кеңейту. 2.Зерттемелі - тәжірибе жасай отырып, құрттың ғажайып қасиеттерін анықтау, балалардың білімдерін толықтыру. Зерттеу заты: Үй жануарларының сүтінен жасалатын құрт тағамы. Зерттеу нәтижесі: Іздену нәтижесінде қазақтың ұлттық тағамы құрттың жоғалып кетуіне жол бермеу, балаларға арналған әр түрлі қоспалар бар шетелдік тағамдар орнына таза, табиғи кейінгі уақытта көбейіп кеткен әртүрлі ауруларға қарсы иммунитет нығайтатын дәрумендері бар құрт тағамын балалардың күнделікті ас мәзіріне қосу.  

3 слайд

I.Кіріспе Қазақ халқы- қонақжай. Қазақ халқының қонақжайлылық дәстүрі шетелде ерте заманнан – ақ аңыз болып тараған. Атам қ

#4 слайд
    I.Кіріспе Қазақ халқы- қонақжай. Қазақ халқының қонақжайлылық дәстүрі шетелде ерте заманнан – ақ аңыз болып тараған. Атам қазақ кімді болса да «Астан  үлкен емессің» деп дастарханға шақырған. Халқымыз адам өмірінде тамақтың орнын тіршілікке қажетті құндылықтардың бәрінен де жоғары қойған. Бұған «астан үлкен емессің» немесе «арпа, бидай ас екен, алтын, күміс тас екен», «асты қорлама құстырар» деген сес, ескертпелер мен мақал - мәтелдер де куә бола алады. Қалай айтылса да, қай заманда айтса да халық асты құрметтеу мен бағалаудың жолын да, жөн - жосығын да, оны дәмді етіп әзірлеудің көзін, ретін таба білген. Ел мен елді татуластыру да, жақсылар мен жайсаңдарды құрметтеу де, өздерінің мырзалық, мәрттік үлгілі, өнегелі қасиеттері мен артықшылықтарын білдіру де, ел дәулеті мен қарым - қабілетін, түсінігін танытуды да, қазақ кең дастарқан арқылы яғни ас, қонақасы арқылы көрсеткен. Ендеше, ұлтымыздың мақтанышына лайық, дастарханымызға қойылатын тағам атауларын , әрі осы тағамдарды жасайтын өнімдерді неден алатынымызды және сол тағамдарды сақтауға қолданған ыдыс атауларын келер ұрпақ білуі шарт. Қазақтың ұлттық тағамдары өте қуатты және құнды. Ата- бабаларымыз мал шаруашылығымен айналысқандықтан тағамдарымыз да мал өнімдерінен алынады.

4 слайд

#5 слайд

5 слайд

Негізгі бөлім. Қазақ халқы асты үш түрге бөледі: ақ(сүт тағамдары), қызыл(ет тағамдары) және көк(жеміс тағамдары). Мал және о

#6 слайд
Негізгі бөлім. Қазақ халқы асты үш түрге бөледі: ақ(сүт тағамдары), қызыл(ет тағамдары) және көк(жеміс тағамдары). Мал және онан алынатын өнімдер қазақтың басты байлық қоры. Соның ішінде ұлт тағамдарының негізгі көзі болып табылатын сүттің орны бір бөлек. Сиырдың сүті, түйенің шұбаты, жылқының қымызы дәруменнің, күш қуаттың нақ көзі екені дәлелдеуді қажет етпейді. Түйе сүтінің құрамында кальций мен фосфор микроэлементтері кездеседі. Шұбатта А, В, С дәрумендері, мыс, мырыш, күміс, темір, кремний, магний, кальций, алюминий микроэлементтері бар. Сүт тағамдарын халық бір сөзбен ақ деп атайды. Осы ақтан бірнеше жүздеген, мыңдаған жылдар бойы халық аса бай тәжірибе жинақтай жүре одан жүзден астам тамақ түрлері мен дайындау әдістерін жасаған. Және олардың көптеген қызықты атаулары мен орны және алуан түрлі ерекше жасау, пісіру жолдары тағы бар.Сүтті пайдаланып әр түрлі тағамдар дайындауға болады. Айран ұйытып, ірімшік, құрт кептіруден бастап, ботқа пісіруге дейін осы бір керемет өнім пайдаланылады. Ал сүт қосып дайындалған тағам өте дәмді болады. Оның үстіне сүт өнімдерінің дәрумендік қасиеті бар. Олар емдеу, алдын алу, диеталық тағам ретінде де қолданылады.Құрт- малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақтауға арналған тағам. Ата- әжелеріміз құрттың қуаты талай аштықтан сақтаған деген. Ақуызға өте бай, сүттен дайындалатын құрттың адам ағзасына пайдасы өте зор. Қой, ешкі, сиыр, тіпті түйе сүтінен де құрт жасайды.«Құрт»сөзі құрғатылған, кептірілген мағынаны білдіреді.

6 слайд

#7 слайд

7 слайд

#8 слайд

8 слайд

#9 слайд

9 слайд

Менің бұл жобаны алудағы мақсатым тәжірибе жасай отырып, сиыр сүтінен қазақтың ұлттық тағамы - құрт өнімін дайындау тәсілдерін

#10 слайд
Менің бұл жобаны алудағы мақсатым тәжірибе жасай отырып, сиыр сүтінен қазақтың ұлттық тағамы - құрт өнімін дайындау тәсілдерін балаларға айтып, жеткізу. 1. Пісірілген сүтті қақпағы бар ыдысқа құйып жылы жерге 2 күнге қойдық. 2. Ол ашып, ұйытылып, қоюы іркітке, ал сұйығы сарысуға айналды. 3. Әбден ашыған сүттің қою іркіті ыдыстың бетіне көтерілді. 4. Астында одан бөлінген сарысу қалды. 5. Іркітті арнайы дорбаға құйып, сүзіп қойдық. 6. Сарысуынан әбден айырылған және ашуы жеткен іркіттің қоймалжыңы сүзбеге айналды. 7. Одан соң сүзбеден құрттар дайындап, өзімізге ұнаған пішінмен кептіріп алдық.

10 слайд

#11 слайд

11 слайд

#12 слайд

12 слайд

Құрттың түрлері: Күлше құртты уысқа сиярлықтай етіп домалақтайды. Одан соң оң қолдың бас бармағы мен төрт саусағының арасына

#13 слайд
Құрттың түрлері: Күлше құртты уысқа сиярлықтай етіп домалақтайды. Одан соң оң қолдың бас бармағы мен төрт саусағының арасына қысып бүйірін жұқартып, дөңгелек пішінге келтіреді. Күлше ұзақ сақтау үшін жасалады. Сықпа құртты шағындап қана алып, төрт саусақтың бүгіуіне салып сығып жасайды. Шүйірмек құртты екі саусақтың бүгіуіне салып,екінші жағын басқа қолдың бармағымен батыра қысады.Бұл құрттың пішіні тез кебеді. Жарма құртты негізі үлкендеу етіп алып оны түзу жерге қойып, қатты жіп көмегімен бөліп жарып, төрт бұрышты пішінге салады.Ол ұзақ кепкенімен дастарханның көркі. Ақ құрт- ол көп ашымаған және пісуін жеткізіп,майдан әбден арылған іркіттен қайнатылады.Кейде аздап тұз қосып кептіреді. Қара құрт- ашуы жеткен іркіттің пісуін қандырмай майын жартылай алады немесе алмай қайнатылады. Қара құрттан дәмді құрт көже дайындалады. Малта-   дегеніміз сорпаға не ыстық суға езілген құрт. Құрткөже- аса қуатты  әрі жұғымды ас.Суық суға ұнды езіп, ұнның үстінен қайнаған ыстық су құйылады. Араласқан қоймалжыңды отқа қайнатылады.Үстіне құрт және сары май салынады. Қайнаған көжені ожаумен әбден сапырады.

13 слайд

Қорытынды: Құрт тағамының адам ағзасына құндылығы Құрт –сүйектің қатаюына, көздің көруіне, тістің түзу және қайратты , азулы өс

#14 слайд
Қорытынды: Құрт тағамының адам ағзасына құндылығы Құрт  –сүйектің қатаюына, көздің көруіне, тістің түзу және қайратты , азулы өсуіне, асқазанның ас қорыту сөлін қалыпты бөліп шығаруда өте пайдасы зор. Қорыта келе, құрттың бір түрі – құрткөжені де голландықтардың ірімшіктері, түркілердің йогурті сияқты балабақшада балаларымыздың да ас мәзіріне енгізуге болады. Дайындалу тәсілі: суық суға ұнды езіп, үстінен қайнаған ыстық су құйып сұйықтықты молайтамыз. Араласқан қоймалжыңды отқа қайтадан қайнатамыз, үстіне құрт пен сары май саламыз да ожаумен әбден сапырамыз. « Қанша асықсаң да, оразаңды ашпай босағадан аттама .Тым болмаса бір түйір құртты аузыңа салсаң, түстік тамағыңа дейін әл береді » деген үлкендер. Ендеше «Қарныңыз ашса құрт жеңіз, шөлдесеңіз құрт жеңіз!». Қорыта айтқанда, қазақтың ұлттық тағамы – құрт адам денсаулығына қажетті тағам, осы құнды тағамның жойылуына жол бермеуіміз керек.

14 слайд

Файл форматы:
pptx
14.06.2020
900
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі