Жол-көлік оқиғасы кезінде зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
1 слайд
Жол-көлік оқиғасы кез інде зардап
шеккендерге алғашқы көмек
көрсету
1 слайд
Жол-көлік оқиғасы кез інде зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету
2 слайд
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушыларды жол-көлік оқиғасы кезінде
зардап шеккендерге алғашқы көмек
көрсетуді үйрету.
2. Автомобильдегі дәрі қобдишасында
болатын дәрілік препараттардың тізбесі
мен мақсаты.
3. Зардап шеккендерді көлік құралынан
алып шығуды үйрету.
2 слайд
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларды жол-көлік оқиғасы кезінде зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетуді үйрету. 2. Автомобильдегі дәрі қобдишасында болатын дәрілік препараттардың тізбесі мен мақсаты. 3. Зардап шеккендерді көлік құралынан алып шығуды үйрету.
3 слайд
Жол-көлік оқиғаларында зақымданған адамдардың қаза
табуының негізгі себептері:
•
өлімге әкелетін жарақаттар – 20%;
•
жедел жәрдемнің кешігіп келуі – 10%;
•
жол-көлік оқиғаларының куәгерлерінің әрекетсіздігі
немесе дұрыс емес әрекеттері – 70%.
3 слайд
Жол-көлік оқиғаларында зақымданған адамдардың қаза табуының негізгі себептері: • өлімге әкелетін жарақаттар – 20%; • жедел жәрдемнің кешігіп келуі – 10%; • жол-көлік оқиғаларының куәгерлерінің әрекетсіздігі немесе дұрыс емес әрекеттері – 70%.
4 слайд
Алғашқы көмектің басты мақсаты – дәрігерлер келгенше
адамның өмірлік функцияларын сақтау.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен адам ес-
түссіз, шок жағдайында болуы ықтимал. Оның ағзасынан қан
кетіп, тынысы немесе жүрек соғысы болмауы мүмкін.
4 слайд
Алғашқы көмектің басты мақсаты – дәрігерлер келгенше адамның өмірлік функцияларын сақтау. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен адам ес- түссіз, шок жағдайында болуы ықтимал. Оның ағзасынан қан кетіп, тынысы немесе жүрек соғысы болмауы мүмкін.
5 слайд
• ЖКО болған жерде қауіпсіздікті арнайы белгілермен қамтамасыз
ету.
• Жедел жәрдем және құтқару қызметі бригадаларын шақыру.
• Зақымданудың әсерін тоқтату, мысалы, қауіпсіздік белдігін босату,
қауіпсіздік жастықшасын алып тастау, жану ошағын өшіру.
• Зардап шеккен адамның жағдайын бағалау.
• Өміріне қауіп төндіретін факторларды жою: қан кетуді тоқтату,
зардап шеккен адамның ағзасының өмірлік маңызы бар функцияларын
сақтау.
• Егер автокөлікте көмек көрсету қиын болса, зардап шеккен адамды
қауіпсіз жерге көшіру.
• Зардап шеккен адамды жедел жәрдем бригадасына тапсыру, жедел
жәрдемге хабарласа алмаған жағдайда, зардап шеккен адамды ауруханаға
өз бетінше жеткізу. Көмек көрсету тәртібі
5 слайд
• ЖКО болған жерде қауіпсіздікті арнайы белгілермен қамтамасыз ету. • Жедел жәрдем және құтқару қызметі бригадаларын шақыру. • Зақымданудың әсерін тоқтату, мысалы, қауіпсіздік белдігін босату, қауіпсіздік жастықшасын алып тастау, жану ошағын өшіру. • Зардап шеккен адамның жағдайын бағалау. • Өміріне қауіп төндіретін факторларды жою: қан кетуді тоқтату, зардап шеккен адамның ағзасының өмірлік маңызы бар функцияларын сақтау. • Егер автокөлікте көмек көрсету қиын болса, зардап шеккен адамды қауіпсіз жерге көшіру. • Зардап шеккен адамды жедел жәрдем бригадасына тапсыру, жедел жәрдемге хабарласа алмаған жағдайда, зардап шеккен адамды ауруханаға өз бетінше жеткізу. Көмек көрсету тәртібі
6 слайд
Жедел жәрдем шақыру ережелері
•
ЖКО болған жерді;
•
ЖКО-ның болжамды уақытын;
•
зардап шеккендердің жалпы санын, олардың арасында балалар мен
жүкті әйелдер болса, олардың нақты санын;
•
хабарласқан адамның тегі мен байланыс телефонын хабарлау керек.
6 слайд
Жедел жәрдем шақыру ережелері • ЖКО болған жерді; • ЖКО-ның болжамды уақытын; • зардап шеккендердің жалпы санын, олардың арасында балалар мен жүкті әйелдер болса, олардың нақты санын; • хабарласқан адамның тегі мен байланыс телефонын хабарлау керек.
7 слайд
Автокөліктің дәрі қобдишасында б олатын дәрілік
препараттардың тізбесі мен мақсаты. Қазіргі кезде жол-көлік
оқиғалары жиі кездеседі. Ал апаттан зардап шегушінің өмірі
алғашқы медициналық көмекке тікелей байланысты. Сондықтан
әрбір жүргізушінің көлігінде дәрі қобдишасы болуы керек.
Дәрі қобдишасының бекітілген жаңа құрамы жарақаттар кезінде
алғашқы көмек көрсету және адам өміріне қауіп төндіретін
жағдайларда міндетті болып табылады. Бұл ретте жүргізуші өзі
қабылдайтын немесе дәрігер ұсынған және дәріханаларда еркін
сатылатын дәрілік заттар мен жеке пайдалануға арналған
медициналық мақсаттағы бұйымдарды өз қалауы бойынша
қобдишада сақтай алады. Автокөліктің медициналық қобдишасын
қолдану жөніндегі ұсыныстар
7 слайд
Автокөліктің дәрі қобдишасында б олатын дәрілік препараттардың тізбесі мен мақсаты. Қазіргі кезде жол-көлік оқиғалары жиі кездеседі. Ал апаттан зардап шегушінің өмірі алғашқы медициналық көмекке тікелей байланысты. Сондықтан әрбір жүргізушінің көлігінде дәрі қобдишасы болуы керек. Дәрі қобдишасының бекітілген жаңа құрамы жарақаттар кезінде алғашқы көмек көрсету және адам өміріне қауіп төндіретін жағдайларда міндетті болып табылады. Бұл ретте жүргізуші өзі қабылдайтын немесе дәрігер ұсынған және дәріханаларда еркін сатылатын дәрілік заттар мен жеке пайдалануға арналған медициналық мақсаттағы бұйымдарды өз қалауы бойынша қобдишада сақтай алады. Автокөліктің медициналық қобдишасын қолдану жөніндегі ұсыныстар
8 слайд
Автокөліктің дәрі қобдишасында болатын дәрілік препараттардың
тізбесі:
•
Міндетті дәрі-дәрмек тізіміне кіреді:
•
сутегі асқын тотығы 3 % - 1 қүты;
•
дәке таңғыш 5 м х Ю см (зарарсыздандырылған) - 1 дана;
•
дәке таңғыш 5 м х 10 см (зарарсыздандырылмаған) - 1 дана;
•
дәке таңғыш 7 м х 14 см (зарарсыздандырылмаған) - 1 дана;
•
медициналық дәке сулық (зарарсыздандырылған) - 1 дана;
•
таңғыш пакет (зарарсыздандырылған) - 1 дана;
•
медициналық гигроскопиялық мақта (зарарсыздандырылған) - 50 г (1 дана);
•
қан тоқтататын жгут (бүрау) - 1 дана;
•
бактерицидті лейкопластырь - 5 дана;
•
медициналық лейкопластырь - 1 дана;
•
созылатын түтікті таңғыш № 1, 3, 6 - 1 данадан;
•
зарарсыздандырылмаған медициналық қолғап - 1 жұп;
•
түйық ұшты қайшы - 1 дана.
8 слайд
Автокөліктің дәрі қобдишасында болатын дәрілік препараттардың тізбесі: • Міндетті дәрі-дәрмек тізіміне кіреді: • сутегі асқын тотығы 3 % - 1 қүты; • дәке таңғыш 5 м х Ю см (зарарсыздандырылған) - 1 дана; • дәке таңғыш 5 м х 10 см (зарарсыздандырылмаған) - 1 дана; • дәке таңғыш 7 м х 14 см (зарарсыздандырылмаған) - 1 дана; • медициналық дәке сулық (зарарсыздандырылған) - 1 дана; • таңғыш пакет (зарарсыздандырылған) - 1 дана; • медициналық гигроскопиялық мақта (зарарсыздандырылған) - 50 г (1 дана); • қан тоқтататын жгут (бүрау) - 1 дана; • бактерицидті лейкопластырь - 5 дана; • медициналық лейкопластырь - 1 дана; • созылатын түтікті таңғыш № 1, 3, 6 - 1 данадан; • зарарсыздандырылмаған медициналық қолғап - 1 жұп; • түйық ұшты қайшы - 1 дана.
9 слайд
Егер авария салдарынан көлік құралы қатты зақымданып, есік-
терезелері ашылмаса, оларды қолда бар құралдармен ашуға
тырысыңдар. Тіпті болмаған жағдайда, терезелерін сындыруға
болады. Бұл зақымданған адам тағы да жарақат алмайтындай етіп,
мұқият жасалуы керек.
Зардап шеккен адамды көлік құралының деформацияланған
бөліктері қысып қалса, жарақаттаушы факторды жоюға тырысу керек.
Егер бұл мүмкін болмаса, зардап шеккендерді шығару үшін барлық
қажетті жабдықтары бар мамандандырылған бригадаларға, құтқару
қызметіне немесе жедел жәрдемге хабарлау қажет. Зардап шеккен адамды
к өлік құралынан алып шығу
9 слайд
Егер авария салдарынан көлік құралы қатты зақымданып, есік- терезелері ашылмаса, оларды қолда бар құралдармен ашуға тырысыңдар. Тіпті болмаған жағдайда, терезелерін сындыруға болады. Бұл зақымданған адам тағы да жарақат алмайтындай етіп, мұқият жасалуы керек. Зардап шеккен адамды көлік құралының деформацияланған бөліктері қысып қалса, жарақаттаушы факторды жоюға тырысу керек. Егер бұл мүмкін болмаса, зардап шеккендерді шығару үшін барлық қажетті жабдықтары бар мамандандырылған бригадаларға, құтқару қызметіне немесе жедел жәрдемге хабарлау қажет. Зардап шеккен адамды к өлік құралынан алып шығу
10 слайд
Кей жағдайда көмек
құтқарушылар немесе медициналық
бригада келгенге дейін бүлінген
автокөлік ішінде тікелей көрсетілуі
мүмкін. Жарақаттанған адамды өрт
немесе жарылыс қаупі бар
автомобильден ғана эвакуациялаған
дұрыс. Бұл жағдайда зақымданған
адамды көліктен алып шығудың
салдары ол көлікте қалғандағы
қауіптен төмен болуы керек.
Адамды көлік құралынан
шығару үшін күш қолдануға
болмайды, яғни адамның машина
элементтері қысып тастаған
бөліктерін жұлқып шығаруға
тырыспау керек. Жарақаттанған
адамның денесін күштеп
түзетуге, қол-аяғынан
жұлқылауға немесе оларды күш
салып бүгуге болмайды.
10 слайд
Кей жағдайда көмек құтқарушылар немесе медициналық бригада келгенге дейін бүлінген автокөлік ішінде тікелей көрсетілуі мүмкін. Жарақаттанған адамды өрт немесе жарылыс қаупі бар автомобильден ғана эвакуациялаған дұрыс. Бұл жағдайда зақымданған адамды көліктен алып шығудың салдары ол көлікте қалғандағы қауіптен төмен болуы керек. Адамды көлік құралынан шығару үшін күш қолдануға болмайды, яғни адамның машина элементтері қысып тастаған бөліктерін жұлқып шығаруға тырыспау керек. Жарақаттанған адамның денесін күштеп түзетуге, қол-аяғынан жұлқылауға немесе оларды күш салып бүгуге болмайды.
11 слайд
Адам ес-түсін білген
жағдайда, оны қолтығының
астынан қолды өткізе, бір
білегін бекіте ұстап шығару
керек.
Зардап шеккен адам ес-түссіз болса, оны
машинадан бірнеше адам болып шығарған
жөн. Қажет болған жағдайда, өтіп бара
жатқан көлік жүргізушілері мен
жолаушыларының көмегіне жүгінген дұрыс.
Мүмкіндігінше зардап шеккен адамны ң дене
қалпын сақтап, міндетті түрде бір қолмен
иегінің төменгі бөлігін бекіте ұстау керек.
Тыныс алуын жеңілдету үшін зардап шеккен
адамды бір бүйіріне жатқыза ұстаған дұрыс.
11 слайд
Адам ес-түсін білген жағдайда, оны қолтығының астынан қолды өткізе, бір білегін бекіте ұстап шығару керек. Зардап шеккен адам ес-түссіз болса, оны машинадан бірнеше адам болып шығарған жөн. Қажет болған жағдайда, өтіп бара жатқан көлік жүргізушілері мен жолаушыларының көмегіне жүгінген дұрыс. Мүмкіндігінше зардап шеккен адамны ң дене қалпын сақтап, міндетті түрде бір қолмен иегінің төменгі бөлігін бекіте ұстау керек. Тыныс алуын жеңілдету үшін зардап шеккен адамды бір бүйіріне жатқыза ұстаған дұрыс.
12 слайд
Зардап шеккен адамды көлік құралынан дереу алып шығу керек
болса, мұны жарақаттардың салдарын ауырлатпай, барынша мұқият
жасау керек.
Зардап шеккен адамның омыртқасы сынғанына күдік туса, оны
автомобильден шығаруға болмайды. Мойын омыртқасы зақымданған
адамды автомобильден дұрыс шығармау оның өліміне әкеп соғуы
мүмкін. Медициналық және құтқару бригадаларының осындай
жарақат алған адамдарды тасымалдағанда қолданатын арнайы
мойынтірек құрылғылары болады.
Омыртқаның мойын бөлігіне қорғаныш жағасын салу
12 слайд
Зардап шеккен адамды көлік құралынан дереу алып шығу керек болса, мұны жарақаттардың салдарын ауырлатпай, барынша мұқият жасау керек. Зардап шеккен адамның омыртқасы сынғанына күдік туса, оны автомобильден шығаруға болмайды. Мойын омыртқасы зақымданған адамды автомобильден дұрыс шығармау оның өліміне әкеп соғуы мүмкін. Медициналық және құтқару бригадаларының осындай жарақат алған адамдарды тасымалдағанда қолданатын арнайы мойынтірек құрылғылары болады. Омыртқаның мойын бөлігіне қорғаныш жағасын салу
13 слайд
Рефлексия. «Фиксация» тәсілі
Мен ...... Білгенмін ;
Мен ...... Білдім ;
Мен ...... Білгім келеді .
13 слайд
Рефлексия. «Фиксация» тәсілі Мен ...... Білгенмін ; Мен ...... Білдім ; Мен ...... Білгім келеді .
14 слайд
Сұрақтар:
1. Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендерге қандай
алғашқы көмек көрсетіледі? Санамалап атаындар.
2. Автокөліктің дәрі қобдишасында болатын дәрі-дәрмек
тізбесін атаңдар.
3.Зардап шеккен адамды көліктен алып шығу тәртібі.
14 слайд
Сұрақтар: 1. Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендерге қандай алғашқы көмек көрсетіледі? Санамалап атаындар. 2. Автокөліктің дәрі қобдишасында болатын дәрі-дәрмек тізбесін атаңдар. 3.Зардап шеккен адамды көліктен алып шығу тәртібі.