«Жомарт жүрек, ғұламалар»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Жомарт жүрек, ғұламалар»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Жомарт жүрек, ғұламалар» слайд. Асан қайғы, Кетбұға, Үмбетей жыраулар жайлы мағлұматтар берілген.
Материалдың қысқаша нұсқасы
img_page_1
Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Слайдтың жеке беттері
«Жомарт жүрек, ғұламалар»

#1 слайд
«Жомарт жүрек, ғұламалар»

1 слайд

«Жомарт жүрек, ғұламалар»

Қазақ халқының ежелгі жыраулық дәстүрінің басында тұрған шығармашылық ұлы тұлға — Сыпыра жырау Сұрғалтайұлы

#2 слайд

2 слайд

Сыпыра жырау (туған — өлген жылдары белгісіз) – Дешті Қыпшақтың әйгілі жыршыларының бірі, ноғай, қарақалпақ, башқұрт, барабы,

#3 слайд
Сыпыра жырау (туған — өлген жылдары белгісіз) – Дешті Қыпшақтың әйгілі жыршыларының бірі, ноғай, қарақалпақ, башқұрт, барабы, құрдақ, қырым татарларына ортақ тұлға. Оның жырлары бізде өз атымен жетпеген, толғаулары «Құбығұл», «Едіге би», «Тоқтамыс ханның хикаяты» аңыз-әңгімелер мен «Ер Тарғын», «Едіге батыр» эпикалық жырларында сақталған. Қазақ зерттеушілері Сыпыра жырауды ноғайлы дәуірінен жеткен көптеген эпикалық жырлардың бірден-бір авторы санайды. Қазақ аңыздары мен батырлар жырында жырау ел бірлігін көздеген дана ретінде суреттеледі, бірде 120, бірде 180 жасаған, көпті көрген тәжірибелі қарт кейпінде көрінеді.

3 слайд

#4 слайд

4 слайд

Ауыз әдебиеті дәстүрі біздің заманымызға Сыпыра жыраудың қиын кезеңде өзінен ақыл- кеңес сұраған Алтын Орданың сол кездегі бил

#5 слайд
Ауыз әдебиеті дәстүрі біздің заманымызға Сыпыра жыраудың қиын кезеңде өзінен ақыл- кеңес сұраған Алтын Орданың сол кездегі билеушілеріне арнаған бірнеше толғау-монологын жеткізді. Бұл толғау-монологтарда жырау билеушінің өзін, оның ата-бабалары мен төңірегіндегілерді сипаттап, қалыптасқан жағдайға баға берген, болашақты болжап, содан кейін ақыл-кеңесін айтқан. Оның қиын жағдайда өзінен көмек сұрап, хандармен жауласқан батырларды бітістіру мақсатында жырлаған толғаулары белгілі.

5 слайд

Бұл толғаулар Сыпыра жыраудың негізінен мәңгілік жыршы және бітістіруші болғандығын дәлелдейді. Сыпыраның Едіге туралы эпоста

#6 слайд
Бұл толғаулар Сыпыра жыраудың негізінен мәңгілік жыршы және бітістіруші болғандығын дәлелдейді. Сыпыраның Едіге туралы эпоста бейнеленген Тоқтамыс ханға арнаған өлеңі оның толғауының классикалық үлгісі болып табылады. Арнау жырда Сыпыра жырау алдымен өзін таныстырған соң өзінің Тоқтамыстың сегіз атасын, соның ішінде Шыңғыс ханды да көріп-білгенін айтады, олардың әрқайсысына тиісінше мінездеме береді. Содан кейін Едігенің Тоқтамыстан қашуы кездейсоқ емес екендігін, оның Темірмен одақ құрып, қайта келіп соғыс ашуы мүмкін екендігін жырлайды. Сонымен бірге жырау Тоқтамыстың күйзеліске ұшыраған ұлысы мен тұтқынға түскен қыздары мен әйелдерінің тағдырын әдемі суреттейді.

6 слайд

«Ер Тарғын» жырында Сыпыра жырау туралы «өз өмірінде толғау айтып, тоғыз ханды түзеткен кісі» делінген, ал «Телағыс» жырында о

#7 слайд
«Ер Тарғын» жырында Сыпыра жырау туралы «өз өмірінде толғау айтып, тоғыз ханды түзеткен кісі» делінген, ал «Телағыс» жырында ол ноғайлы ішіндегі өзара қырқысты өршітпей, ел арасындағы беделімен тегеуірінді жырымен жауласушы жақтарды бітістіріп отырған тұлға ретінде көрінеді. Ноғай халқында кездесетін «Тоқтамыс ханның хикаяты» атты аңызда Сыпыра жыраудың атынан қара сөзбен аралас айтылатын жырлар өзінің табиғи сипаты жағынан жыраудың «Мен қартыңмын, қартыңмын» атты толғауына ұқсас келеді. «Қырымның қырық батырын» жырлаған әйгілі Мұрын жырау өзін Сыпыра жыраудың ұрпағы санаған. Сыпыра жырау шығармашылығы көптеген түркі халықтары әдебиетінде көркем үлгі ретінде орын алды. Мысалы, ол ноғайлықтарға — Сыбыра йырау, башқұрттарға — Сыбрй йырысы, татар барабиндіктерге — Сафардау, қырымдарға — Сыпара жырау ретінде белгілі. Ал қарақалпақтар Сыпыраны өздерінің ең үлкен эпосшы жыраулар мектебінің негізін салушы санайды.

7 слайд

Сыпыра жырау шығармашылығына алғаш назар аударған ғалым Ш.Уәлиханов болған. Оның аманқарағайлық қыпшақ Жұмағазыдан жазып алға

#8 слайд
Сыпыра жырау шығармашылығына алғаш назар аударған ғалым Ш.Уәлиханов болған. Оның аманқарағайлық қыпшақ Жұмағазыдан жазып алған шумақтарын Мелиоранский “Тоқтамыс жыры” жинағына енгізді. Ал Қ. Сәтбаев 1927 жылы баянауылдық қаржас елінің ақыны Қопабайдан екінші рет жазып алып, Орынбордан бастырып шығарады. 

8 слайд

Аталмыш толғаудың мәтіні төменгідей: Мен қартыңмын, қартыңмын, Не көрмеген қартыңмын. Бастыққа бастық, Бастық хан Оны көрген

#9 слайд
Аталмыш толғаудың мәтіні төменгідей: Мен қартыңмын, қартыңмын, Не көрмеген қартыңмын. Бастыққа бастық, Бастық хан Оны көрген кәріңмін. Одан соңғы Кедей хан, Оны көрген кәріңмін. Одан соңғы Ала хан, Оны көрген кәріңмін. Одан соңғы Қара хан, Оны көрген кәріңмін. Құлағы шұнақ Хазар хан Оны көрген кәріңмін. Он екі тұтам оқ атқан,  Одан соңғы ер Шыңғыс Оны көрген кәріңмін. Мұнарасы қырық құлаш Өзден сұлтан Жәнібек Оны көрген кәріңмін. Ұлы бабам Домбауыл Соны көрген кәріңмін. Жүз сексенге келгенде,  Сонша хандар өткенде Жас та болсаң, Тоқым хан, Сені көрген кәріңмін.

9 слайд

Асан қайғы атанған Хасан Сабитұлы 1361-1370 жылдары Еділ өзені маңында дүниеге келген.

#10 слайд
Асан қайғы атанған Хасан Сабитұлы 1361-1370 жылдары Еділ өзені маңында дүниеге келген.

10 слайд

Аты аңызға айналған түрлі фольклорлық деректер бойынша бізге мәлім болған белгілі ақын, философ, әрі саясатшы халық арасында

#11 слайд
Аты аңызға айналған түрлі фольклорлық деректер бойынша бізге мәлім болған белгілі ақын, философ, әрі саясатшы халық арасында Асан қайғы атанған Хасан Сабитұлы 1361-1370 жылдары Еділ өзені маңында дүниеге келген. Шоқан Уәлиханов Асан қайғыны «ұлы даланың философы» деп атаған. Тарихи аңыздарға сүйенсек, Асанның әкесі құс баптаған саятшы болған.

11 слайд

Қазақ тарихшыларының мәліметтері бойынша, Асан қайғы Алтын Орда ханы ұлық-Мұхаммедтің ықпалды нөкерлерінің бірі болған. XV ғ.

#12 слайд
Қазақ тарихшыларының мәліметтері бойынша, Асан қайғы Алтын Орда ханы ұлық-Мұхаммедтің ықпалды нөкерлерінің бірі болған. XV ғ. 20-шы жылдары ұлық — Мұхаммедтің Алтын Ордадан қуылғанына қарамастан, Асан Қайғы өзінің билеушісіне сенімін жоғалтпаған. Артынан ұлық Мұхаммед Қазанның билеушісі болған жылдары оның кеңесшісі қызметін атқарған. Билеушісі қайтыс болғаннан кейін Асан Дешті-Қыпшаққа қайтып оралады. 1450 ж. Әбілқайыр ұлысында саяси күрес өршіген тұста Асан ханға қарсылас Керей мен Жәнібек сұлтандар жағын қолдаған. 1455 ж. бүлікшіл сұлтандар Шу өзені бойында Қазақ хандығының негізін қалағанда, Асан жаңа хандықтың басты идеологына айналған еді.

12 слайд

1465 ж. Қазақ хандығы өзінің билігін Орталық және Солтүстік-Батыс Қазақстан жерлеріне дейін кеңейткен тұста, жүзді еңсерген Ас

#13 слайд
1465 ж. Қазақ хандығы өзінің билігін Орталық және Солтүстік-Батыс Қазақстан жерлеріне дейін кеңейткен тұста, жүзді еңсерген Асан қайғы әлі де тірі болған болуы керек. Халық ауызында «ақын ұзақ өмір сүріп, Сары-Арқада Ұлытау маңында дүниеден өткен», — деген сөз қалған . Асан қайғының атынан жарық көріп жүрген үш шығарма жайлы ақынның шығармашылығын зерттеп жүрген зерттеушілер арасында біртұтас пікір қалыптаспаған. Асан қайғының өлеңдері ауыз әдебиет шығармалары үлгілеріне жақындығымен ерекшеленеді. Асан қайғының авторлығына күмән туғызбайтын шығармалары бүгінде қазақ поэзиясы антологиясы қатарында орын алған.

13 слайд

Асан қайғы желмая мініп желдіртіп, Жерұйықты іздеген.

#14 слайд
Асан қайғы желмая мініп желдіртіп, Жерұйықты іздеген.

14 слайд

Асан қайғы желмая мініп желдіртіп, Жерұйықты іздеген.

Кетбұқа -Орта жүз Найман тайпасының өкілі. Ол көбінесе "бағаналы" деген атпен мәлім, өйткені кетбұқаның

#15 слайд
Кетбұқа -Орта жүз Найман тайпасының өкілі. Ол көбінесе "бағаналы" деген атпен мәлім, өйткені кетбұқаның рулық таңбасы бақан болған.

15 слайд

«...Шыңғысхан әдеттегідей Ұлы Жыршыға: «Жыр айтшы», – деп әмір бергенде, осынау орайлы сәтті пайдаланып, түркі тілінде былай д

#16 слайд
«...Шыңғысхан әдеттегідей Ұлы Жыршыға: «Жыр айтшы», – деп әмір бергенде, осынау орайлы сәтті пайдаланып, түркі тілінде былай дейді:  Теңіз бастан былғанды,  Кім тұндырар, а, ханым? Терек түптен жығылды,  Кім тұрғызар, а, ханым?  Жыршының сөзіне Шыңғысхан түркі тілінде жауап береді:  Теңіз бастан былғанса,  Тұндырар ұлым Жошы дүр...  Терек түптен жығылса,  Тұрғызар ұлым Жошы дүр... ...Ұлы Жыршы сөз бастағаннан-ақ көзінің жасына ие бола алмаса керек. Сонда Шыңғысхан былай деп түркі тілінде жыр айтады:  Көзің жасын жүгіртед,  Көңілің тұлды болмай ма?  Жырың көңіл үркітед,  Жошы өлді болмай ма?  Шыңғысханға жауап ретінде Жыршы түркі тілінде жыр айтады:  Сөйлемеске еркім жоқ,  Сен сөйледің, а, ханым!  Өз жарлығың өзіңе жау,  Не ойладың, а, ханым?! 

16 слайд

Сонда Шыңғысхан былай деп түркі тілінде жыр айтады: Құлынын алған құландай, Құлынымнан айырылдым! Айырылысқан аққудай, Ер

#17 слайд
Сонда Шыңғысхан былай деп түркі тілінде жыр айтады:  Құлынын алған құландай,  Құлынымнан айырылдым!  Айырылысқан аққудай,  Ер ұлымнан айырылдым!  Шыңғысхан осылай деген кезде, бүкіл әмірлер мен нояндар көңіл айту дәстүрі бойынша орындарынан тұрып көрісе бастайды. Жошы өлген соң, арада 6 ай өткенде Шыңғысханның өзі де дүние салады».  «Бұл дерек бойынша, ұлы жыршы Кетбұқа нояндар арасында ғана емес, Шыңғысханның алдында да елеулі тұлға болғанын көреміз», – дейді әрі қарай Т. Ақселеу. 

17 слайд

Кетбұға жыраудың ескерткіші

#18 слайд
Кетбұға жыраудың ескерткіші

18 слайд

Кетбұға жыраудың ескерткіші

Файл форматы:
pptx
16.00.2018
1526
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі