Жыр алыбы Жамбыл
Жыр алыбы Жамбыл

#1 слайд
Жыр алыбы - Жамбыл
1 слайд
Жыр алыбы - Жамбыл
#2 слайд
Жамбыл
Жабаев –
100 жасаған
ақын
2 слайд
Жамбыл Жабаев – 100 жасаған ақын
#3 слайд
Жамбыл Жабаев – ақын-импровизатор, Қазақстанның ең танымал ақындарының бірі. Ол 1846
жылы 28 ақпанда Шапрашты руынан шыққан Жабай есімді көшпенді қазақтың отбасында дүниеге
келді. Отбасылық тарих бойынша, Жамбылдың анасы Ұлдан, Жамбылдың атасы Ыстыбайдың ауылы
шапқыншылардан қашып жүрген кезде босанған. Яғни, ұлт мақтанышы Жамбыл тауынының
маңында, қазіргі Отар станциясының солтүстік-шығысында, Шу өзенінің жоғарғы жағында дүниеге
келген. Сөйтіп, баланы таудың құрметіне орай Жамбыл деп атады.
Ол шулы және көңілді тойлар мен көп адамды жиындарда жүргенді ұнатты. Бірақ, ол бәрінен де көп
әндерді, қызықты және көңілді ертегілерді білетін малшылардың, асау тұлпарларды үйрететін
жылқышылардың жанында жүргенді жақсы көретін. Сондай-ақ, бала Жамбыл шежірешілердің ру
мен тайпалардың шығу тегі, өткен заманның көрнекті тұлғалары туралы әңгімелерін тыңдап өсті.
Бірақ, Жамбылдың ең жақын ата-бабаларының арасында ақындар да, әншілер де болмаған. Есесіне,
оның анасы Ұлданның ағайы Қанадан танымал музыкашы және композитор болды. Жамбыл
домбыра ойнауды ерте жасынан үйренді. Тіпті, кейін оны ақын-құрдастарының арасынан ерекшелей
бастады. Жамбыл атақты ақын Сүйінбайдың шәкірті болды. Ол көп жылдар бойы ұстазымен бірге
жүріп, оның айтысын тыңдап, ақындық шеберліктің тәжірибесін үйренді. Ұстазы оған: «Жақсы сәтте,
сәттілік сенімен бірге болсын, ұлым! Адамдардың жадынан шығып кетпейтін, қуана есте сақтайтын
өлеңдер шығар, сенің өлеңдеріңе тек санаулы адамдар ғана емес, бүкіл халық құлақ түрсін. Сенің
өлеңдерің кеудеден емес, жүректен шықсын. Шындық туралы айта отырып, әділеттілікті жырла,
басқалар салып кеткен жолмен емес, айналада болып жатқандарға қарап, біліп, өз жолыңды тап. Хан
қазынасынан гөрі жаның бай болсын»,- деп батасын берген.
Жамбыл ауыл-ауылдарды өздігінен аралап, ақындық шеберлігін көрсете бастаған уақытта жиырма
жаста болатын. Осылай ақындығын жер-жерге көрсетіп жүрген Жамбыл өзі барған ауылдардың
бірінде Бұрым есімді танымал сұлуды кездестіреді. Сөйтіп жас ақын мен бұрымды қыз бір-бірін
сүйіп қалады. Бірақ, бойжеткен салт-дәстүр бойынша басқа жігітке айттырылып қойған болып
шығады. Ал салт-дәстүрден аттап кете алмаған Бұрым ата-анасы таңдаған жігітке тұрмысқа шығуға
мәжбүр болады. Бұл оқиға ақынның жүрегінде терең жарақат болып қалды .
3 слайд
Жамбыл Жабаев – ақын-импровизатор, Қазақстанның ең танымал ақындарының бірі. Ол 1846 жылы 28 ақпанда Шапрашты руынан шыққан Жабай есімді көшпенді қазақтың отбасында дүниеге келді. Отбасылық тарих бойынша, Жамбылдың анасы Ұлдан, Жамбылдың атасы Ыстыбайдың ауылы шапқыншылардан қашып жүрген кезде босанған. Яғни, ұлт мақтанышы Жамбыл тауынының маңында, қазіргі Отар станциясының солтүстік-шығысында, Шу өзенінің жоғарғы жағында дүниеге келген. Сөйтіп, баланы таудың құрметіне орай Жамбыл деп атады. Ол шулы және көңілді тойлар мен көп адамды жиындарда жүргенді ұнатты. Бірақ, ол бәрінен де көп әндерді, қызықты және көңілді ертегілерді білетін малшылардың, асау тұлпарларды үйрететін жылқышылардың жанында жүргенді жақсы көретін. Сондай-ақ, бала Жамбыл шежірешілердің ру мен тайпалардың шығу тегі, өткен заманның көрнекті тұлғалары туралы әңгімелерін тыңдап өсті. Бірақ, Жамбылдың ең жақын ата-бабаларының арасында ақындар да, әншілер де болмаған. Есесіне, оның анасы Ұлданның ағайы Қанадан танымал музыкашы және композитор болды. Жамбыл домбыра ойнауды ерте жасынан үйренді. Тіпті, кейін оны ақын-құрдастарының арасынан ерекшелей бастады. Жамбыл атақты ақын Сүйінбайдың шәкірті болды. Ол көп жылдар бойы ұстазымен бірге жүріп, оның айтысын тыңдап, ақындық шеберліктің тәжірибесін үйренді. Ұстазы оған: «Жақсы сәтте, сәттілік сенімен бірге болсын, ұлым! Адамдардың жадынан шығып кетпейтін, қуана есте сақтайтын өлеңдер шығар, сенің өлеңдеріңе тек санаулы адамдар ғана емес, бүкіл халық құлақ түрсін. Сенің өлеңдерің кеудеден емес, жүректен шықсын. Шындық туралы айта отырып, әділеттілікті жырла, басқалар салып кеткен жолмен емес, айналада болып жатқандарға қарап, біліп, өз жолыңды тап. Хан қазынасынан гөрі жаның бай болсын»,- деп батасын берген. Жамбыл ауыл-ауылдарды өздігінен аралап, ақындық шеберлігін көрсете бастаған уақытта жиырма жаста болатын. Осылай ақындығын жер-жерге көрсетіп жүрген Жамбыл өзі барған ауылдардың бірінде Бұрым есімді танымал сұлуды кездестіреді. Сөйтіп жас ақын мен бұрымды қыз бір-бірін сүйіп қалады. Бірақ, бойжеткен салт-дәстүр бойынша басқа жігітке айттырылып қойған болып шығады. Ал салт-дәстүрден аттап кете алмаған Бұрым ата-анасы таңдаған жігітке тұрмысқа шығуға мәжбүр болады. Бұл оқиға ақынның жүрегінде терең жарақат болып қалды .
#4 слайд
Жүз жасаған жүркетен,
Жырларымды төгейін.
Көктемнің күніндей,
Жауды жеңіп, күлімдеп,
Келгеніңді көрейін!
Қаһарманым, күнім деп,
Беттеріңнен өбейін!...
Ж.Жабаев
4 слайд
Жүз жасаған жүркетен, Жырларымды төгейін. Көктемнің күніндей, Жауды жеңіп, күлімдеп, Келгеніңді көрейін! Қаһарманым, күнім деп, Беттеріңнен өбейін!... Ж.Жабаев
#5 слайд
Қақаған қар аралас соғып боран,
Ел үркей, көк найзалы жау торыған.
Байғара, Жамбыл, Ханда мен
туыппын,
Жамбыл деп қойылыпты атым содан.
Жамбыл
5 слайд
Қақаған қар аралас соғып боран, Ел үркей, көк найзалы жау торыған. Байғара, Жамбыл, Ханда мен туыппын, Жамбыл деп қойылыпты атым содан. Жамбыл
#6 слайд
«...Ол домбырасын шертіп,
баяулатып бір қоңыр ән салып
отыр. Ол күй мен әннің ырғағы
бойын билеп, тәттіліктің тіл
жетпес тереңіне жүздіргендей,
балбыраған өлшеусіз бір
рахатта отырған тәрізді...»
Ғали Орманов
6 слайд
«...Ол домбырасын шертіп, баяулатып бір қоңыр ән салып отыр. Ол күй мен әннің ырғағы бойын билеп, тәттіліктің тіл жетпес тереңіне жүздіргендей, балбыраған өлшеусіз бір рахатта отырған тәрізді...» Ғали Орманов
#7 слайд
Жамбыл мен Күләш
БәйсейітоваЖамбыл қырғыз
ақындарының ортасында
7 слайд
Жамбыл мен Күләш БәйсейітоваЖамбыл қырғыз ақындарының ортасында
#8 слайд
М.Калинин Жамбылды орденмен
марапаттауда
Жамбыл және жазушы
В.Ивановпен әнгімелесудеЖамбыл және Дина Нұрпейісова
8 слайд
М.Калинин Жамбылды орденмен марапаттауда Жамбыл және жазушы В.Ивановпен әнгімелесудеЖамбыл және Дина Нұрпейісова
#9 слайд
Жамбыл мен Ғабит
Мүсірепов
Жамбыл халық ақындарының
ортасында Шәкірті Кенен
Әзірбаев
9 слайд
Жамбыл мен Ғабит Мүсірепов Жамбыл халық ақындарының ортасында Шәкірті Кенен Әзірбаев
#10 слайд
Егер біз Жамбыл даналығын тәу
етіп, ұлылығын ұлағат тұтып
жатсақ, оның басты себебі Жамбыл
арманының адамзаттық арман
аңсарымен ұласып жатқандығында.
Сондықтан да қазақтың
Жамбылына адамзаттың Жамбылы
ретінде құрмет көрсетіп, өлмес
рухының алдында басымызды иеміз
Н.Ә.Назарбаев
10 слайд
Егер біз Жамбыл даналығын тәу етіп, ұлылығын ұлағат тұтып жатсақ, оның басты себебі Жамбыл арманының адамзаттық арман аңсарымен ұласып жатқандығында. Сондықтан да қазақтың Жамбылына адамзаттың Жамбылы ретінде құрмет көрсетіп, өлмес рухының алдында басымызды иеміз Н.Ә.Назарбаев
шағым қалдыра аласыз













