Материалдар / Келер шақ, оның түрлері
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Келер шақ, оның түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқытушыларға,мұғалімдерге, студенттерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Мамыр 2020
885
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Келер шақ, оның түрлері

1 слайд
Келер шақ, оның түрлері

Жоспары 1. Келер шақ туралы түсінік. 2. Келер шақтың түрлері, жасалу жолдары.

2 слайд
Жоспары 1. Келер шақ туралы түсінік. 2. Келер шақтың түрлері, жасалу жолдары.

Келер шақ Келер шақ қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтте

3 слайд
Келер шақ Келер шақ қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен, мезгілден кейін болатынын білдіреді. Мысалы: Ол мектепке ерте бармақ. Сендер үйге келерсіңдер. Бұл сөйлемдегі бармақ, келерсіңдер деген етістіктер бару, келу қимылдарының әлі болмағанын, бірақ келешекте болатынын білдіріп тұр. Келер шақтың түрлері Келер шақ мағынасы мен жасалуына қарай болжалды келер шақ, мақсатты келер шақ және ауыспалы келер шақ болып үшке бөлінеді. .

Болжалды келер шақ Болжалды келер шақ қимылдың, болу мүмкіндігін айқын көрсетпей, болжай

4 слайд
Болжалды келер шақ Болжалды келер шақ қимылдың, болу мүмкіндігін айқын көрсетпей, болжай ғана айтылуын білдіреді. Болжалды келер шақ етістіктің түбіріне есімшенің –ар, -ер, -р, болымсыз етістіктен кейін – с жұрнағы жалғанып, одан кейін жіктік жалғауы үстелуі арқылы жасалады.Мысалы: Біз бар-ар-мыз. Сен оқы-р-сың, сіздер кел-ме-с-сіздер.

Жа қ Жекеше Көпше I II III бар-ар-мын, кел-ме-с- пін бар-ар-сың, кел-ме-с- сің бар-ар-сыз, кел-ме-с-сіз бар-ар, кел-ме-с - , бар

5 слайд
Жа қ Жекеше Көпше I II III бар-ар-мын, кел-ме-с- пін бар-ар-сың, кел-ме-с- сің бар-ар-сыз, кел-ме-с-сіз бар-ар, кел-ме-с - , бар-ар-мыз, кел-ме-с-піз бар-ар-сыңдар,кел-ме-с- сіңдер бар-ар-сыздар, кел-ме-с- сіздер б арар - , келмес-,Болжалды келер ша қтың жіктелу үлгісі

Ескерту: Болжалды келер шақ –с жұрнағы арқылы болымсыз етістіктен жасалғанда, қимыл іс-әрекеттің болмауын

6 слайд
Ескерту: Болжалды келер шақ –с жұрнағы арқылы болымсыз етістіктен жасалғанда, қимыл іс-әрекеттің болмауын болжай, күмән келтіре айтудан, біреулерден гөрі жігерлі, үзілді-кесілді мән беруге бейім болады: бар-ма-с- пын, кел-ме-с-пін. Кейде I жақ жалғауы –пын, -пін ықшамдалып, -н түрінде ғана жұмсалады. Мысалы: бар- ма-с-пын – бар-ма-н, сөйле-ме-с-пін – сөйле-ме-н болып қолданыла береді.Мұндай тұлғалы етістіктер поэзияда жиі кездеседі. Ескі бише отырман бос мақалдап, Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап. (Абай). )

Мақсатты келер шақ Мақсатты келер шақ қимылдың, іс-әрекеттің келешекте м

7 слайд
Мақсатты келер шақ Мақсатты келер шақ қимылдың, іс-әрекеттің келешекте мақсат етіле орындалатынын білдіреді. Мақсатты келер шақ етістіктің түбіріне –мақ,-мек,-бақ,-бек,-пақ, -пек жұрнағы жалғанып,одан кейін жіктік жалғауы үстелуі арқылы жасалады. Мысалы : Мен ауылға бар-мақ-пын.Сіз ерте кет-пек-сіз. Етістіктің –мақ,-мек,-бақ,-бек,-пақ,-пек жұрнағының үстіне – шы,-ші жұрнағы жалғанып, одан кейін жіктік жалғауы үстелуі (жіктелуі) арқылы да мақсатты келер шақ жасалады. Мысалы: Мен ауылға бар-мақ-шы-мын. Сен ерте кет-пек-ші-сің. Мақсатты келер шақтың болымсыз түрі –мақ,-мек,-бақ,-бек,-пақ,- пек және –шы,-ші тұлғалы негізгі етістікке емес деген көмекші етістіктің тіркесуі арқылы жасалады. Ондайда жіктік жалғау емес деген көмекші етістігіне жалғанады. Мысалы: кел-мек-ші емес-пін, бар-мақ емес-сің.

Мақсатты келер шақтың жіктелу үлгісі Жақ I II III Жекеше бар-мақ-пын,бар-мақ- шы-мын бар-мақ-сың,бар-мақ- шы-сың бар-мақ-сыз,ба

8 слайд
Мақсатты келер шақтың жіктелу үлгісі Жақ I II III Жекеше бар-мақ-пын,бар-мақ- шы-мын бар-мақ-сың,бар-мақ- шы-сың бар-мақ-сыз,бар-мақ- шы-сыз бар-мақ-,бар-мақ-шы- Көпше бармақпыз, бармақшымыз бармақсыңдар,бармақшысың - дар бармақсыздар,бармақшысыз - дар бармақ-, бармақшы-

Ауыспалы келер шақ Ауыспалы келер шақ та ауыспалы осы шақ сияқты –а,-

9 слайд
Ауыспалы келер шақ Ауыспалы келер шақ та ауыспалы осы шақ сияқты –а,-е,-й жұрнақты көсемшенің жіктелуі арқылы жасалады. Сондықтан ауыспалы келер шақ пен ауыспалы осы шақ бір-бірінен сөйлемдегі мағынасы жағынан ажыратылады. Мысалы: Ол нағашысының қолында тұрады. Келемін тау ішінде түнделетіп... Деген сөйлемдердегі тұрады, келемін етістіктері ауыспалы осы шақ мағынасын білдіріп тұр. Ол ерте тұрады. Ауылға мен кешке келемін деген сөйлемдердегі тұрады, келемін етістіктері ауыспалы келер шақ мағынасын білдіріп тұр. Ауыспалы келер шақтың ауыспалы осы шақтан айырмашылығы сөйлемде мезгіл мәнін білдіретін басқа сөзден де байқалып отырады.Жоғарғы мысалдағы ертең және кешке сөздері осындай мән беріп, қызмет атқарып тұр.

Осы шақ Ол мектепте оқиды. Бұл жерде ағаш өседі. Мен ылғи ерте тұрамын. Ол өлең жазады. Мына мысалдарды салыстырып көріңдер Кел

10 слайд
Осы шақ Ол мектепте оқиды. Бұл жерде ағаш өседі. Мен ылғи ерте тұрамын. Ол өлең жазады. Мына мысалдарды салыстырып көріңдер Келер шақ Ол сабағын кешке оқиды. Ағаш бұл жерде күтсе ғана өседі. Мен ертең ерте тұрамын. Өлеңді ол есейгенде жазады .

Ескерту: Ауыспалы келер шақ пен ауыспалы осы шақта I жақ жіктік жалғауы (-мын,-мін) ықшамдалып, -м түрінде

11 слайд
Ескерту: Ауыспалы келер шақ пен ауыспалы осы шақта I жақ жіктік жалғауы (-мын,-мін) ықшамдалып, -м түрінде жалғанады: айт-а-мын – айт-а-м, кел-е-мін –кел-е - м, сөйле-й-м. Бірінші жақтың мұндай ықшамдалып қолданылуы көбіне ауызекі сөйлеу тіліне тән.

1-тапсырма.Келер шақты етістікті тауып, оның келер шақтың қай түріне жататынын анықтаңдар. Морфологиялық талдау жа

12 слайд
1-тапсырма.Келер шақты етістікті тауып, оның келер шақтың қай түріне жататынын анықтаңдар. Морфологиялық талдау жасаңыз. -Ім бәсе, түсінерсің, түсінерсің(Х.Е). Менің жөнімді сұрап қайтесің , құда түспексің бе? (Х.Е). Біз жүреміз(Х.Е.). –Келеді ол! Өзі келеді, көрерсің!(Х.Е). Мен де келер деп ойлаймын. –Біз оған қашан жетеміз?-Суыт жүрсек, таң ата жетеміз. Түн ортасында аттарды жемдеп алармыз.(Т.А). Соны тындырмай тұрып, демалуға болмайды (Т.А).Соңына ерген жалғыз қарасына не бермек, қандай мұра қалдырмақ? –Бұл іс болмайды.Қолдан келмейді. Жазығы жоқ Алшынбай Күнекең ренжіте алмайды. Алшынбайдан кетісем демесе саған рұқсат етпейді.Қуандық қайын жұртына жаман атты болады.

2 -тапсырма. Мақсатты келер шақта тұрған етістікті табыңдар. Морфологиялық талдау ж асаңыз. Содан кейін

13 слайд
2 -тапсырма. Мақсатты келер шақта тұрған етістікті табыңдар. Морфологиялық талдау ж асаңыз. Содан кейін өртеңнің орнындай қайта тазарған жүрегі үлкен сезімге, шынай достыққа ашық болмақ(Т.А). Білмек керек, аңдап баспа,асығып- аптығып килігуге болмайды (М.Ә). Өртеп кетер от болса да, сол ұсынған бойында, талпынбақта, құламақ (М.Ә). Шырағым, Абай мұны істемек болса, ол құпияның ісі емес, әшкеренің ісі ғой (М.Ә). Бүгін асханада жас балық пісірілмекші (Ә.С). Сол дауылдың толқыны, әлгіде әкем айтқандай, бізді өмір шыңына көтере бермек (Ә.С). Ертең ол да Қарқаралыға жүрмек (М.Ә).

3 -тапсырма . Болжалды келер шақты жасап тұрған қосымшаны табыңдар. Грамматикалық талдау жаса ңыз. Үйде жіб

14 слайд
3 -тапсырма . Болжалды келер шақты жасап тұрған қосымшаны табыңдар. Грамматикалық талдау жаса ңыз. Үйде жіберген суретің бар, соған қарап жатырмын (Т.А). Әзір оқуға орналасып байқа, өзгесін кейін көрерміз (Т.А). Шақырған адам күте тұрар, қазір біздің үйге барады,-деп кесіп тастады Жолтай (Т.А). Бірақ көрерміз (Т.А). Қу аяқ балалар құтқарар емес (Ә.С). Оларды тарата алатын шығарсың (Х.Р).

Үйге тапсырма. 1. Келер шақ , оның түрлері тақырыбын оқу, конспект жазу. 2.3- жаттығ уды шарты бойынша орындау , грамматикалы

15 слайд
Үйге тапсырма. 1. Келер шақ , оның түрлері тақырыбын оқу, конспект жазу. 2.3- жаттығ уды шарты бойынша орындау , грамматикалық талдау және 2 келер ша қтық етістікке сатылай кешенді талдау жасаңыз.