Келін түсіру, қыз ұзату
Келін түсіру, қыз ұзату

#1 слайд
Қыз ұзату және келін
түсіру
1 слайд
Қыз ұзату және келін түсіру
#2 слайд
КІРІСПЕ
Қазақ халқы – салт-дәстүрге өте бай ел. Бұл-оның
мәдениетті әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы.
Белгілі қоғам қайраткері, заңгер Н. Шайкенов: Ұлт-
дәстүрі заңнан биік,-деген. Демек, салт-дәстүрлі ел
мықты әрі тұрғыры берік ел. Біздің халқымыз өз
ұрпақтарына ғасырдан ғасырға ұлт қасиетін салт -
дәстүрмен, өнегені әдет-ғұрыппен, үлгіні жөн –
жосықпен, әдепті ырым, тыйыммен тәрбиелеп,
ұлғатты ұл, инабатты қыз өсірген..
Ұлттық тәлім, салт-сана сабағы адамгершілік
тәрбиесінің аса сенімді әрі ғажайып жол екенін
көрсетті. Салт-дәстүрдің ішінде қыз ұзату және
келін түсіруді талдап көрсек.
2 слайд
КІРІСПЕ Қазақ халқы – салт-дәстүрге өте бай ел. Бұл-оның мәдениетті әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы. Белгілі қоғам қайраткері, заңгер Н. Шайкенов: Ұлт- дәстүрі заңнан биік,-деген. Демек, салт-дәстүрлі ел мықты әрі тұрғыры берік ел. Біздің халқымыз өз ұрпақтарына ғасырдан ғасырға ұлт қасиетін салт - дәстүрмен, өнегені әдет-ғұрыппен, үлгіні жөн – жосықпен, әдепті ырым, тыйыммен тәрбиелеп, ұлғатты ұл, инабатты қыз өсірген.. Ұлттық тәлім, салт-сана сабағы адамгершілік тәрбиесінің аса сенімді әрі ғажайып жол екенін көрсетті. Салт-дәстүрдің ішінде қыз ұзату және келін түсіруді талдап көрсек.
#3 слайд
Қыз
ұзату
Қыз ұзату дегеніміз не? Қыз ұзату
тойы – қыз баланы келін болатын
шаңырағына шығарып салу рәсімі.
Қазақтың салт-дәстүрі бойынша қыз
бала келін атанардан бұрын, яғни
үйлену тойының алдында міндетті
түрде өскен үйінен ұзатылады. Бұл
қазақтың екі руының бірігуін
білдіреді. Қыз баланың ағайын-туыстары оны ер
жігіттің үйіне тарту-таралғысымен
шығарып салып, батасын береді. Бұл
күні ұзатылып жатқан қыздың
жақындарын қимастық сезім кернейді,
дегенмен олар "өрісіміз кеңейді" деп
қуанады. Ұзату тойы қыздың
тарапынан жасалады, тойға
жұмсалатын қаражат та өздерінен
төленеді, ал тойдың өтетін орны мен
уақыты көбінесе құда түсу кезінде
алдын-ала келісіледі.
3 слайд
Қыз ұзату Қыз ұзату дегеніміз не? Қыз ұзату тойы – қыз баланы келін болатын шаңырағына шығарып салу рәсімі. Қазақтың салт-дәстүрі бойынша қыз бала келін атанардан бұрын, яғни үйлену тойының алдында міндетті түрде өскен үйінен ұзатылады. Бұл қазақтың екі руының бірігуін білдіреді. Қыз баланың ағайын-туыстары оны ер жігіттің үйіне тарту-таралғысымен шығарып салып, батасын береді. Бұл күні ұзатылып жатқан қыздың жақындарын қимастық сезім кернейді, дегенмен олар "өрісіміз кеңейді" деп қуанады. Ұзату тойы қыздың тарапынан жасалады, тойға жұмсалатын қаражат та өздерінен төленеді, ал тойдың өтетін орны мен уақыты көбінесе құда түсу кезінде алдын-ала келісіледі.
#4 слайд
ҚЫРЫҚТЫҢ
БІРІ ҚЫДЫР
Себебі қазақ халқының
тойларына туған-туыс көп
жиналады. Мұндай тойға
ұзатылғалы тұрған бойжеткеннің
барлық туысы қатысады. Үйлену тойына бір апта
қалғанда қыз ұзату
рәсімін өткізу ыңғайлы
саналады. Қалыңдықтың
отбасылық жағдайына
байланысты ұзату тойы
мейрамханаларда өтіп
жатады. Бүгінгі күні
мұндай шараны үйде
өткізгеннен гөрі
салтанат сарайларында
жасаған тиімді
дейтіндер баршылық.
4 слайд
ҚЫРЫҚТЫҢ БІРІ ҚЫДЫР Себебі қазақ халқының тойларына туған-туыс көп жиналады. Мұндай тойға ұзатылғалы тұрған бойжеткеннің барлық туысы қатысады. Үйлену тойына бір апта қалғанда қыз ұзату рәсімін өткізу ыңғайлы саналады. Қалыңдықтың отбасылық жағдайына байланысты ұзату тойы мейрамханаларда өтіп жатады. Бүгінгі күні мұндай шараны үйде өткізгеннен гөрі салтанат сарайларында жасаған тиімді дейтіндер баршылық.
#5 слайд
Қыз ұзату
тойына кімдер
шақырылады? Күйеу жігіттің тарапынан
оның ең жақын туыстары,
көбінесе сол әулеттің үлкен
кісілері шақырылады. Тойға
келген құдалардың жасы
құдалыққа қатысқан
адамдардың жасымен
қарайлас келеді. Әдетте
жігіттің ағайындарынан 10-15
адам болады, олар
салтанатты рәсімнің басынан
аяғына дейін қатысуы керек.
Ал күйеу жігіттің басқа да
алыс-жақын туыстары үйлену
тойына шақырылады.
5 слайд
Қыз ұзату тойына кімдер шақырылады? Күйеу жігіттің тарапынан оның ең жақын туыстары, көбінесе сол әулеттің үлкен кісілері шақырылады. Тойға келген құдалардың жасы құдалыққа қатысқан адамдардың жасымен қарайлас келеді. Әдетте жігіттің ағайындарынан 10-15 адам болады, олар салтанатты рәсімнің басынан аяғына дейін қатысуы керек. Ал күйеу жігіттің басқа да алыс-жақын туыстары үйлену тойына шақырылады.
#6 слайд
Ұзатылатын
қыз қандай
киім кию
керек? Ұзатылатын қыз тойына арнап әдемі
көйлек дайындайды. Ұзатуға жеңіл
немесе тығыз матадан жасалған етек-
жеңі ұзын көйлек кию құпталады. Қазір
қазақтың ұлттық киімдерін
сәукелемен бірге тігеді.
Өнертанушылар Майра Нұржасарова,
Әйгерім Қалымбетова, Айгүл
Рүстемова қалыңдықтың көйлегін
табиғи жібек пен атлас матадан қызыл
(жастық шақ символы) немесе көк (ашық
аспан, жылулық, тазалықтың белгісі)
түстерден тігуге кеңес береді. Көйлектің
жеңі, етегі, жағасы кестемен
безендіріледі.
Қыз ұзатуға арналған көйлекті қыздың ата-анасы
алады. Олар көйлек сатып алуға немесе тігуге қаражат
бөледі. Қыз ұзату тойында қандай сыйлық беріледі?
Отбасылық мереке есте қаларлықтай болуы үшін
қонақтарға шағын сыйлықтар дайындалады. Мысалы -
тойбастар, қорапқа салынған тәттілер. Қыздың
жеңгелері жөн-жоралғыларын жасай отырып, күйеу
жігіттен кішігірім сыйлықтар алады
6 слайд
Ұзатылатын қыз қандай киім кию керек? Ұзатылатын қыз тойына арнап әдемі көйлек дайындайды. Ұзатуға жеңіл немесе тығыз матадан жасалған етек- жеңі ұзын көйлек кию құпталады. Қазір қазақтың ұлттық киімдерін сәукелемен бірге тігеді. Өнертанушылар Майра Нұржасарова, Әйгерім Қалымбетова, Айгүл Рүстемова қалыңдықтың көйлегін табиғи жібек пен атлас матадан қызыл (жастық шақ символы) немесе көк (ашық аспан, жылулық, тазалықтың белгісі) түстерден тігуге кеңес береді. Көйлектің жеңі, етегі, жағасы кестемен безендіріледі. Қыз ұзатуға арналған көйлекті қыздың ата-анасы алады. Олар көйлек сатып алуға немесе тігуге қаражат бөледі. Қыз ұзату тойында қандай сыйлық беріледі? Отбасылық мереке есте қаларлықтай болуы үшін қонақтарға шағын сыйлықтар дайындалады. Мысалы - тойбастар, қорапқа салынған тәттілер. Қыздың жеңгелері жөн-жоралғыларын жасай отырып, күйеу жігіттен кішігірім сыйлықтар алады
#7 слайд
Келін
түсіру
Шаңырақты көтеру бала-шағалы, үрім-бұтағы өскен, елге
беделді салиқалы анаға жүктеледі. Мұнымен жаңа түскен
жас келінге “жағың түскенше жамандық көрме, осы
абыройлы ананың жолын берсін” деген ырым көзделеді.
Аттан түсіп, жеңгесімен бірге келген ауылдан хабар күтіп
тұрған келіннің алдынан ауылдың қыз-келіншектері
шымылдық алып шығып, шашу шашады. Шымылдықты
келіннің бетіне жауып, бет-жүзін үлкендерге көрсетпей,
қайын атасының үйіне алып кіргізеді. Келін түсіру – отбасылық сән-
салтанаттардың бірі, жанұядағы ер жеткен
ұлдың үйлену қуанышы. Қазақ халқының
түсінігінде келін түсіру – әр әулеттің, ата-
ананың көптен күткен қуанышы саналады.
Дәстүрлі қазақ қоғамында мұндай
салтанатқа бүкіл ауыл болып дайындалған.
Ауыл әйелдері жасаулы көштің алдынан
шығып, шашу шашқан. өш бастар түйенің
бұйдасын ұстап, ауылға жетектеп енген
әйелді “мұрындық ана” деп атап, оған
арнайы сый берілген. Ауыл адамдары
келінмен бірге келген төсек-орнын түсіріп,
отау тігуге кіріскен.
7 слайд
Келін түсіру Шаңырақты көтеру бала-шағалы, үрім-бұтағы өскен, елге беделді салиқалы анаға жүктеледі. Мұнымен жаңа түскен жас келінге “жағың түскенше жамандық көрме, осы абыройлы ананың жолын берсін” деген ырым көзделеді. Аттан түсіп, жеңгесімен бірге келген ауылдан хабар күтіп тұрған келіннің алдынан ауылдың қыз-келіншектері шымылдық алып шығып, шашу шашады. Шымылдықты келіннің бетіне жауып, бет-жүзін үлкендерге көрсетпей, қайын атасының үйіне алып кіргізеді. Келін түсіру – отбасылық сән- салтанаттардың бірі, жанұядағы ер жеткен ұлдың үйлену қуанышы. Қазақ халқының түсінігінде келін түсіру – әр әулеттің, ата- ананың көптен күткен қуанышы саналады. Дәстүрлі қазақ қоғамында мұндай салтанатқа бүкіл ауыл болып дайындалған. Ауыл әйелдері жасаулы көштің алдынан шығып, шашу шашқан. өш бастар түйенің бұйдасын ұстап, ауылға жетектеп енген әйелді “мұрындық ана” деп атап, оған арнайы сый берілген. Ауыл адамдары келінмен бірге келген төсек-орнын түсіріп, отау тігуге кіріскен.
#8 слайд
Беташар
Ауыл адамдарына жаңа түскен жас келінді
таныстыру, келіннің міндетін түсіндіру
мақсатында ел жиылып, “Беташар” жыры
айтылады. Беташар айтушы келіннің келген
жеріндегі қайын ата, қайын енеден бастап
туыстарының үлкен-кішілерін жеке-жеке
таныстырып, келінге олардың әрқайсысына иіліп
сәлем еткізеді.
Келін үлкен шаңырақтың босағасын оң аяғымен
аттай кіріп, тізе бүгіп сәлем береді. Үш рет иіліп
сәлем берген келінге атасы: “Көп жаса қарағым,
бақытты бол!” деп бата береді. Сонан кейін
келінді от басына төселген тулаққа отырғызады.
Ол – “жаңа түскен жас келіннің мінезі иленген
тулақтай (тері) жұмсақ, биязы болсын” деген
ырым. Келіннің қолына әйелдердің біреуі ішінде
май құйылған ыдысты ұсынып, отқа май
құйғызады. “От-Ана, Май-Ана, шапағатыңды жаңа
түскен жас келінге тигізе көр, жарылқа!” дегізеді. CLAUDI
A
8 слайд
Беташар Ауыл адамдарына жаңа түскен жас келінді таныстыру, келіннің міндетін түсіндіру мақсатында ел жиылып, “Беташар” жыры айтылады. Беташар айтушы келіннің келген жеріндегі қайын ата, қайын енеден бастап туыстарының үлкен-кішілерін жеке-жеке таныстырып, келінге олардың әрқайсысына иіліп сәлем еткізеді. Келін үлкен шаңырақтың босағасын оң аяғымен аттай кіріп, тізе бүгіп сәлем береді. Үш рет иіліп сәлем берген келінге атасы: “Көп жаса қарағым, бақытты бол!” деп бата береді. Сонан кейін келінді от басына төселген тулаққа отырғызады. Ол – “жаңа түскен жас келіннің мінезі иленген тулақтай (тері) жұмсақ, биязы болсын” деген ырым. Келіннің қолына әйелдердің біреуі ішінде май құйылған ыдысты ұсынып, отқа май құйғызады. “От-Ана, Май-Ана, шапағатыңды жаңа түскен жас келінге тигізе көр, жарылқа!” дегізеді. CLAUDI A
#9 слайд
Үйлену тойының ең жауапты
кезеңі – қыз бен жігіттің некесін
қию. Некені молда оқиды. Той
иесі неке оқыған молдаға
ақшалай немесе малдай сыйақы
береді. Үлкендер отырған үйде
ақындар айтысып, жыр-термелер
айтылып, жас жұбайларға тағы
да тілек тілеседі. Той өткен соң
құда мен құдағиларға киіт
кигізіп, түйе жетектетіп, ат
мінгізіп, құрметпен шығарып
салады. Келін түсіру дәстүрі
қазіргі заманда да жалғасын
тауып, өркениет жетістіктеріне
сай дамып келедіБеташардан соң бүкіл
ауыл жастары түнімен
ұлттық ойындар ойнап,
бөлек жиналып, әңгіме
құрып, шежіре
айтысады. Ертеңіне
келін түсіру тойы
басталады. Мұнда да қыз
ұзату тойына ұқсас ат
шабыс, аударыспақ,
күрес, қыз қуу, теңге
алу, көкпар сияқты
ұлттық ойындар
орындалады.
9 слайд
Үйлену тойының ең жауапты кезеңі – қыз бен жігіттің некесін қию. Некені молда оқиды. Той иесі неке оқыған молдаға ақшалай немесе малдай сыйақы береді. Үлкендер отырған үйде ақындар айтысып, жыр-термелер айтылып, жас жұбайларға тағы да тілек тілеседі. Той өткен соң құда мен құдағиларға киіт кигізіп, түйе жетектетіп, ат мінгізіп, құрметпен шығарып салады. Келін түсіру дәстүрі қазіргі заманда да жалғасын тауып, өркениет жетістіктеріне сай дамып келедіБеташардан соң бүкіл ауыл жастары түнімен ұлттық ойындар ойнап, бөлек жиналып, әңгіме құрып, шежіре айтысады. Ертеңіне келін түсіру тойы басталады. Мұнда да қыз ұзату тойына ұқсас ат шабыс, аударыспақ, күрес, қыз қуу, теңге алу, көкпар сияқты ұлттық ойындар орындалады.
#10 слайд
Қорытынды
Қазақ қызды аса аялаған, күткен халық.
Күздің күн шуағына ағарсын деп қызды,
көктемнің күн шуағына тотықсын деп
келінді шығаруында да мән бар. Әрбір әке
мен ана әлпештеген қызын ұясынан
лайықты түрде шығарып салуды парыз
санайды. Ерте замандардан бері келе
жатқан қыз ұзату рәсімі қазіргі
Қазақстандағы отбасы институтын
нығайтатын маңызды дәстүр болып қала
бермек.
10 слайд
Қорытынды Қазақ қызды аса аялаған, күткен халық. Күздің күн шуағына ағарсын деп қызды, көктемнің күн шуағына тотықсын деп келінді шығаруында да мән бар. Әрбір әке мен ана әлпештеген қызын ұясынан лайықты түрде шығарып салуды парыз санайды. Ерте замандардан бері келе жатқан қыз ұзату рәсімі қазіргі Қазақстандағы отбасы институтын нығайтатын маңызды дәстүр болып қала бермек.
шағым қалдыра аласыз













