Кері байланыс пен рефлексияның оқу үдерісіндегі маңызы
Кері байланыс пен рефлексияның оқу үдерісіндегі маңызы

#1 слайд
Қуанышты күн
тілеймін!
Қуанасың сен
де,
Қуанамын мен
де.
Қуанамыз
бәріміз,
Әрбір болған
күнге.
1 слайд
Қуанышты күн тілеймін! Қуанасың сен де, Қуанамын мен де. Қуанамыз бәріміз, Әрбір болған күнге.
#2 слайд
«Кім тапқыр»
Жүрекке де айна керек.
Күніне бір мəрте, немесе аптасына
тым болмаса айына өз-өзіңнен есеп ал...
Көкіректе сəулесі жоқтың,
Көңілде сенімі жоқ Абай
Адамның бойындағы жақсылыққа баға беру
үшін,осы қасиеттің кішкене бөлігі өзіңде болуы
тиіс
Вильям
Шекспир
2 слайд
«Кім тапқыр» Жүрекке де айна керек. Күніне бір мəрте, немесе аптасына тым болмаса айына өз-өзіңнен есеп ал... Көкіректе сəулесі жоқтың, Көңілде сенімі жоқ Абай Адамның бойындағы жақсылыққа баға беру үшін,осы қасиеттің кішкене бөлігі өзіңде болуы тиіс Вильям Шекспир
#3 слайд
Коучинг
Кері байланыс пен
рефлексияның оқу
үдерісіндегі
маңызы
№84 жалпы орта мектеб і
Карабалаева С.А.
3 слайд
Коучинг Кері байланыс пен рефлексияның оқу үдерісіндегі маңызы №84 жалпы орта мектеб і Карабалаева С.А.
#4 слайд
Миға шабуыл
- Қалай ойлайсыздар, сабақтағы кері
байланыс деген не?
- Кері байланыстың мақсаты не?
- Кері байланыстың қандай түрлерін
білесіздер?
- Рефлексия дегеніміз не және оның мақсаты
қандай?
-Кері байланыс пен рефлексияның оқу
үдерісіндегі қажеттілігі қандай?
-Кері байланыс пен рефлексияның
айырмашылығы қандай?
(Қатысушылар кері байланыс пен рефлексия
қажеттілігі жайлы бір - бірімен ойларымен
бөліседі.)
4 слайд
Миға шабуыл - Қалай ойлайсыздар, сабақтағы кері байланыс деген не? - Кері байланыстың мақсаты не? - Кері байланыстың қандай түрлерін білесіздер? - Рефлексия дегеніміз не және оның мақсаты қандай? -Кері байланыс пен рефлексияның оқу үдерісіндегі қажеттілігі қандай? -Кері байланыс пен рефлексияның айырмашылығы қандай? (Қатысушылар кері байланыс пен рефлексия қажеттілігі жайлы бір - бірімен ойларымен бөліседі.)
#5 слайд
«Кері байланыс (ағылш. feedback) – адамның
өзі куә болған оқиғаға немесе басқалардың
әрекетіне айтылған пікірі, реакциясы. «Сырт көз
сыншы» дегендей, мұндай сырт пікірдің өз
әрекеттеріңді реттеуге, жақсартуға тигізетін
септігі өте жоғары. Сол себепті бүгінде кері
байланыс үйренудің (білім алу жүйесінің)
маңызды ұғымы деп есептелінеді. Кері
байланыс арқылы алынатын мәліметтер әсіресе
өз біліміне түзету мен өзгертулер енгізу ісінде
өте құнды болып табылады.
Кері байланыстың мәнін «Екі жұлдыз, бір
ұсыныс» атты тәсіл жақсы келтіреді. Алдымен
біреудің әрекеті мен жасаған ісін мақтаймыз,
оның жағымды және тиімді жақтарын атап
көрсетеміз, содан соң бұл жұмысты қалай
жақсартуға болатындығы туралы ұсыныс
айтамыз, бағыт-бағдар сілтейміз.
5 слайд
«Кері байланыс (ағылш. feedback) – адамның өзі куә болған оқиғаға немесе басқалардың әрекетіне айтылған пікірі, реакциясы. «Сырт көз сыншы» дегендей, мұндай сырт пікірдің өз әрекеттеріңді реттеуге, жақсартуға тигізетін септігі өте жоғары. Сол себепті бүгінде кері байланыс үйренудің (білім алу жүйесінің) маңызды ұғымы деп есептелінеді. Кері байланыс арқылы алынатын мәліметтер әсіресе өз біліміне түзету мен өзгертулер енгізу ісінде өте құнды болып табылады. Кері байланыстың мәнін «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» атты тәсіл жақсы келтіреді. Алдымен біреудің әрекеті мен жасаған ісін мақтаймыз, оның жағымды және тиімді жақтарын атап көрсетеміз, содан соң бұл жұмысты қалай жақсартуға болатындығы туралы ұсыныс айтамыз, бағыт-бағдар сілтейміз.
#6 слайд
Кері байланыстың үш негізгі қызметін
ажыратуға болады:әрекеттерді түзету мен
реттеу, тұлға аралық қатынастарды реттеу,өзін-
өзі тану құралы.Кері байланыстың негізгі
идеясы жасалған істі бағалау емес (оның
жақсы не жаман жасалынғандығын
анықтау),керісінше, не жасалуы керектігін
көрсету.
6 слайд
Кері байланыстың үш негізгі қызметін ажыратуға болады:әрекеттерді түзету мен реттеу, тұлға аралық қатынастарды реттеу,өзін- өзі тану құралы.Кері байланыстың негізгі идеясы жасалған істі бағалау емес (оның жақсы не жаман жасалынғандығын анықтау),керісінше, не жасалуы керектігін көрсету.
#7 слайд
www.themegallery.com
Кері байланысты ұсынғанда
мынандай ережелерді
ұстанған дұрыс:
Позитивті болу.
Бағалаушы болмау.
Кеңес бермеу, үйретпеу,
тек ұсыныс жасау.
Ынталандыруға ұмтылу.
Көмектесу, жәрдем беру.
Тең ұстау.
Сәттілікке бағыттау.
Кері байланысты алғанда
мынандай ережелерді
ұстанған дұрыс:
Ризашылық білдіру.
Тыңдай білу.
Мадақтай білу.
Кері байланыс
7 слайд
www.themegallery.com Кері байланысты ұсынғанда мынандай ережелерді ұстанған дұрыс: Позитивті болу. Бағалаушы болмау. Кеңес бермеу, үйретпеу, тек ұсыныс жасау. Ынталандыруға ұмтылу. Көмектесу, жәрдем беру. Тең ұстау. Сәттілікке бағыттау. Кері байланысты алғанда мынандай ережелерді ұстанған дұрыс: Ризашылық білдіру. Тыңдай білу. Мадақтай білу. Кері байланыс
#8 слайд
«Рефлексия» сөзі латын тіліндегі «reflexio» – «артқа
қарау» деген ұғымынан туындайды. Жалпы алғанда
рефлексия зерттеу секілді: адам мұнда өзінің ішкі
дүниесін жан-жақты қарастырады, яғни өзін өзі
зерттейді. Бұл зерттеудің басты тақырыбы адамның
өзі болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда
рефлексия адамның өзінің ішкі ахуалы мен
өзгерістерін тануы іспеттес: адам жасап жатқан
әрекеттерін бір сәтке доғарып, өзінің ішкі жан
дүниесіне үңіледі, өзімен өзі әңгімелеседі, сырласады,
әрекеттерін талдап, оларға баға береді, өзіне «сырт
көзбен» қарайды. Осыдан кейін әрекеттеріне
өзгерістер енгізеді, кемшіліктерін түзейді, оларды
болдырмаудың жолдарын қарастырады, болашақта
қандай істер жасайтындығын жоспарлайды.
Жалпылама алғанда, рефлексияның қадамдары
мынандай болуы ықтимал:
1) Аялдама жасау (тоқтау);
2) Артқа қарау: түсіну, талдау, бағалау;
3) Өзгерістер енгізу;
4) Болашақты жоспарлайлау алу.
8 слайд
«Рефлексия» сөзі латын тіліндегі «reflexio» – «артқа қарау» деген ұғымынан туындайды. Жалпы алғанда рефлексия зерттеу секілді: адам мұнда өзінің ішкі дүниесін жан-жақты қарастырады, яғни өзін өзі зерттейді. Бұл зерттеудің басты тақырыбы адамның өзі болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда рефлексия адамның өзінің ішкі ахуалы мен өзгерістерін тануы іспеттес: адам жасап жатқан әрекеттерін бір сәтке доғарып, өзінің ішкі жан дүниесіне үңіледі, өзімен өзі әңгімелеседі, сырласады, әрекеттерін талдап, оларға баға береді, өзіне «сырт көзбен» қарайды. Осыдан кейін әрекеттеріне өзгерістер енгізеді, кемшіліктерін түзейді, оларды болдырмаудың жолдарын қарастырады, болашақта қандай істер жасайтындығын жоспарлайды. Жалпылама алғанда, рефлексияның қадамдары мынандай болуы ықтимал: 1) Аялдама жасау (тоқтау); 2) Артқа қарау: түсіну, талдау, бағалау; 3) Өзгерістер енгізу; 4) Болашақты жоспарлайлау алу.
#9 слайд
«Рефлексия - өзіндік тәжірибе, өзін-өзі тану мен
өздігімен үйрену туралы ойлану. Ол білім
алушыларға өзінің үйрену әрекеттері мен
амалдарын айқындау мен нақтылау, үйренудің
мақсат-міндеттерін тұжырымдау, үйрену
нәтижелерін сараптап, ой елегінен өткізу
мүмкіндіктерін береді.
Абай кезінде « Егер де есті кісілердің
қатарында болғың келсе, күнінде бір
мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең
болмаса айында бір өзіңнен өзің есеп ал!»
деп бекер айтпаған болар.
9 слайд
«Рефлексия - өзіндік тәжірибе, өзін-өзі тану мен өздігімен үйрену туралы ойлану. Ол білім алушыларға өзінің үйрену әрекеттері мен амалдарын айқындау мен нақтылау, үйренудің мақсат-міндеттерін тұжырымдау, үйрену нәтижелерін сараптап, ой елегінен өткізу мүмкіндіктерін береді. Абай кезінде « Егер де есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір өзіңнен өзің есеп ал!» деп бекер айтпаған болар.
#10 слайд
-рефлексия ойлау үдерістерінің жоғары
даму деңгейінің көрініс құралы, ұсыныс
айтамыз, бағыт-бағдар сілтейміз.
-рефлексия адамға өз ойын оның
мазмұны және оның құралдары
тұрғысында саналы түрде ретеуге,
бақылауға мүмкіндік береді
рефлексия басқа адамның міндеттерін
шешу барысына «кіруге», оны түсінуге,
мазмұнын «алуға» және қажет болған
жағдайда, қажетті түзету енгізуге немесе
шешімнің жаңа бағытын ынталандыруға
көмектеседі
рефлексия ойлау қызметі
өнімділігінің факторы
Рефлексия
10 слайд
-рефлексия ойлау үдерістерінің жоғары даму деңгейінің көрініс құралы, ұсыныс айтамыз, бағыт-бағдар сілтейміз. -рефлексия адамға өз ойын оның мазмұны және оның құралдары тұрғысында саналы түрде ретеуге, бақылауға мүмкіндік береді рефлексия басқа адамның міндеттерін шешу барысына «кіруге», оны түсінуге, мазмұнын «алуға» және қажет болған жағдайда, қажетті түзету енгізуге немесе шешімнің жаңа бағытын ынталандыруға көмектеседі рефлексия ойлау қызметі өнімділігінің факторы Рефлексия
#11 слайд
рефлексия алғырлық, ықыластылық,
шыдамдылық, басқа адамды бағасыз қабылдау
мен түсіну және басқалары сияқты жеке адамның
әріптестік қасиеттерін анықтай отыра,
тұлғааралық оң қарым-қатынас кепілі болып
табылады
рефлексия бірлескен қызмет,
кооперация жағдайларында
әріптестердің өзара түсіністігін және
әрекеттерінің келісушілігін қамтамасыз
етеді
рефлексия адамның ішкі өмірінің
тұтастығы мен динамизміне әсер
етеді өзінің эмоциялық әлемін
тұрақтандыруға және үйлестіруге,
ерік қуатын жұмылдыруға, оны
икемді басқаруға көмектеседі
рефлексия адамның өзін-өзі талдау, өзін-өзі ұғыну
және өзін-өзі қайта ұғыну қасиеті ретінде өзіндік
сана-сезім үдерістерін ынталандырады, адамның
«Мен-тұжырымдамасын» байытады, жеке адамның
өзін-өзі жетілдіруінің маңызды факторы болып
табылады
Рефлексия
11 слайд
рефлексия алғырлық, ықыластылық, шыдамдылық, басқа адамды бағасыз қабылдау мен түсіну және басқалары сияқты жеке адамның әріптестік қасиеттерін анықтай отыра, тұлғааралық оң қарым-қатынас кепілі болып табылады рефлексия бірлескен қызмет, кооперация жағдайларында әріптестердің өзара түсіністігін және әрекеттерінің келісушілігін қамтамасыз етеді рефлексия адамның ішкі өмірінің тұтастығы мен динамизміне әсер етеді өзінің эмоциялық әлемін тұрақтандыруға және үйлестіруге, ерік қуатын жұмылдыруға, оны икемді басқаруға көмектеседі рефлексия адамның өзін-өзі талдау, өзін-өзі ұғыну және өзін-өзі қайта ұғыну қасиеті ретінде өзіндік сана-сезім үдерістерін ынталандырады, адамның «Мен-тұжырымдамасын» байытады, жеке адамның өзін-өзі жетілдіруінің маңызды факторы болып табылады Рефлексия
#12 слайд
Рефлексив-
тік
ишаралар
Позитивтен
баста!
Не жақсы
өтті?
Ол неге
жақсы өтті?
Не онша
жақсы
болмады?
Ол неге
онша
жақсы
болмады?
Менің
істегенімді
басқалар
қалай
қабылдады
?
Нені
бақылауым
нан
шығарып
алдым?
Нені
басқаша
жасай
аламын?
Келесі
ретке нені
есте
сақтауым
керек?
Бұдан не
ұғындым?
12 слайд
Рефлексив- тік ишаралар Позитивтен баста! Не жақсы өтті? Ол неге жақсы өтті? Не онша жақсы болмады? Ол неге онша жақсы болмады? Менің істегенімді басқалар қалай қабылдады ? Нені бақылауым нан шығарып алдым? Нені басқаша жасай аламын? Келесі ретке нені есте сақтауым керек? Бұдан не ұғындым?
#13 слайд
Рефлексияға қажетті сөйлемнің бастары
Мен бұрын … ойлайтынмын, қазір
мен … ойлаймын.
Егер мен … бастасам, қазір мен…
Мен … байқадым, ал қазір маған …
қызықты.
… болғанда жағдайды еш құтқара
алмадым.
Мен … едім, бірақ …
Келесі жолы мен ... есте сақтаймын.
Мен … түсіндім, енді ол …
нәтижесі болды
… болғаны мені қатты қуантты
Мен … жасамақшымын,
себебі…
Егер …, онда … екен?
Мен енді … білемін, сондықтан
мен ….
Мен … үйрендім.
13 слайд
Рефлексияға қажетті сөйлемнің бастары Мен бұрын … ойлайтынмын, қазір мен … ойлаймын. Егер мен … бастасам, қазір мен… Мен … байқадым, ал қазір маған … қызықты. … болғанда жағдайды еш құтқара алмадым. Мен … едім, бірақ … Келесі жолы мен ... есте сақтаймын. Мен … түсіндім, енді ол … нәтижесі болды … болғаны мені қатты қуантты Мен … жасамақшымын, себебі… Егер …, онда … екен? Мен енді … білемін, сондықтан мен …. Мен … үйрендім.
#14 слайд
www.themegallery.com
Кері байланыс бұл...
Кері байланыс бұл емес...
Рефлексия бұл...
Рефлексия бұл емес…
ЭстафетаЭстафета
14 слайд
www.themegallery.com Кері байланыс бұл... Кері байланыс бұл емес... Рефлексия бұл... Рефлексия бұл емес… ЭстафетаЭстафета
#15 слайд
1 – МҰРЫНМЕН
2 – БАСПЕН
3 – КӨЗБЕН
4 - ОҢ ИЫҚПЕН
5 - СОЛ
ИЫҚПЕН
6 - БӨКСЕМЕН
15 слайд
1 – МҰРЫНМЕН 2 – БАСПЕН 3 – КӨЗБЕН 4 - ОҢ ИЫҚПЕН 5 - СОЛ ИЫҚПЕН 6 - БӨКСЕМЕН
#16 слайд
Ауызша және жазбаша кері байланыс
(жағымды әрі пайдалы)
Кері
байланыс
жакс
ы
жама
н
пайдал
ы
пайдасыз Жақсарт
у үшін
ұсыныст
ар
Сен
жетістіктер
ге
жетудесің
+ +
16 слайд
Ауызша және жазбаша кері байланыс (жағымды әрі пайдалы) Кері байланыс жакс ы жама н пайдал ы пайдасыз Жақсарт у үшін ұсыныст ар Сен жетістіктер ге жетудесің + +
#17 слайд
Кері байланыс
«Бес саусақ» әдісі
1)Бас саусақ – не
ұнады?
2)Сұқ саусақ – не
үйрендім?
3)Ортан терек – не
ойландырды?
4)Шылдыр шүмек –
нені алдым?
5)Кішкентай бөбек –
нені білгім келеді?
17 слайд
Кері байланыс «Бес саусақ» әдісі 1)Бас саусақ – не ұнады? 2)Сұқ саусақ – не үйрендім? 3)Ортан терек – не ойландырды? 4)Шылдыр шүмек – нені алдым? 5)Кішкентай бөбек – нені білгім келеді?
#18 слайд
Ізгі ниетпен коучингке
қатысып, ұшқыр да ұтқыр
ойларыңызбен
ынтымақтастықта бірлесіп,
қолдау көрсеткеніңізге
ризашылығымды білдіремін!
Ізгі ниетпен коучингке
қатысып, ұшқыр да ұтқыр
ойларыңызбен
ынтымақтастықта бірлесіп,
қолдау көрсеткеніңізге
ризашылығымды білдіремін!
18 слайд
Ізгі ниетпен коучингке қатысып, ұшқыр да ұтқыр ойларыңызбен ынтымақтастықта бірлесіп, қолдау көрсеткеніңізге ризашылығымды білдіремін! Ізгі ниетпен коучингке қатысып, ұшқыр да ұтқыр ойларыңызбен ынтымақтастықта бірлесіп, қолдау көрсеткеніңізге ризашылығымды білдіремін!
шағым қалдыра аласыз













