"Кибербуллинг деген не?"
"Кибербуллинг деген не?"

#1 слайд
Кибербуллинг деген не ?
1 слайд
Кибербуллинг деген не ?
#2 слайд
Буллинг деген не ?
Қорлау (буллинг) – басқа адамның жанын ауырту мақсатында
агрессияны қолдану. Қорлау жәбірленушіге ауыртпалық пен
қайғы әкеледі. Оның агрессив мінез-құлықтың
басқа түрлерінен ерекшелігі – бірнеше рет қайталанады және
жеке адамға немесе топқа бағытталады.
Бүгінде буллинг әлем мектептерінде кеңінен таралып отыр.
Буллинг сөзі ағылшын тілінің bully, яғни қорқыту ұғымын береді.
Бұл физикалық агрессияны ғана емес, психологиялық қысым,
қорқыту, тартып алу, қорлау дегенді білдіреді. Мұндай теріс
әрекеттер физикалық байланыс, сөздер немесе басқа да әдістер
түрінде болуы мүмкін. Мысалы, бет көрінісін өзгерту немесе
әдепсіз қимыл, сондай-ақ буллингтің құрбанын топтан,
қауымдастықтан әдейі шығарып тастауға ұмтылу.
2 слайд
Буллинг деген не ? Қорлау (буллинг) – басқа адамның жанын ауырту мақсатында агрессияны қолдану. Қорлау жәбірленушіге ауыртпалық пен қайғы әкеледі. Оның агрессив мінез-құлықтың басқа түрлерінен ерекшелігі – бірнеше рет қайталанады және жеке адамға немесе топқа бағытталады. Бүгінде буллинг әлем мектептерінде кеңінен таралып отыр. Буллинг сөзі ағылшын тілінің bully, яғни қорқыту ұғымын береді. Бұл физикалық агрессияны ғана емес, психологиялық қысым, қорқыту, тартып алу, қорлау дегенді білдіреді. Мұндай теріс әрекеттер физикалық байланыс, сөздер немесе басқа да әдістер түрінде болуы мүмкін. Мысалы, бет көрінісін өзгерту немесе әдепсіз қимыл, сондай-ақ буллингтің құрбанын топтан, қауымдастықтан әдейі шығарып тастауға ұмтылу.
#3 слайд
Буллингтің түрлері
Физикалық – біреудің мүлкіне зиян келтіру, итеру, аяқпен тебу,
қолмен ұру, ұрып-соғу немесе кез келген күш қолдану.
Жыныстық қатынас – қалауынан тыс физикалық байланыс
немесе жыныстық қорлайтын пікірлер.
Вербалды – ат қою, сарказм, қауесет, мазақтау.
Кибербуллинг – интернеттің барлық саласында, соның ішінде
электрон ды пошталар мен интернеттегі чат арқылы буллинг,
мәтіндік хабарлар мен қоңыраулар арқылы мобильді қауіп-
қатер, тиісті технологияларды, мысалы, камералар мен
видеоларды орынсыз пайдалану.
Қарым-қатынаста Қарым-қатынаста – жағымсыз, ерекше мінез-
құлық, «азаптаушы» мінез-құлық, қауесеттің таралуы,
әлеуметтік оқшаулану (мысалы, кітаптарын жасырып қою,
қорқыту әрекеттері).
Экономикалық-материалдық буллинг – бөтеннің мүлкіне зиян
келтіру, бопсалау. Мысалы, күш қолдану немесе қорқыту арқылы
бірдеңе, әсіресе ақша беру талабы
3 слайд
Буллингтің түрлері Физикалық – біреудің мүлкіне зиян келтіру, итеру, аяқпен тебу, қолмен ұру, ұрып-соғу немесе кез келген күш қолдану. Жыныстық қатынас – қалауынан тыс физикалық байланыс немесе жыныстық қорлайтын пікірлер. Вербалды – ат қою, сарказм, қауесет, мазақтау. Кибербуллинг – интернеттің барлық саласында, соның ішінде электрон ды пошталар мен интернеттегі чат арқылы буллинг, мәтіндік хабарлар мен қоңыраулар арқылы мобильді қауіп- қатер, тиісті технологияларды, мысалы, камералар мен видеоларды орынсыз пайдалану. Қарым-қатынаста Қарым-қатынаста – жағымсыз, ерекше мінез- құлық, «азаптаушы» мінез-құлық, қауесеттің таралуы, әлеуметтік оқшаулану (мысалы, кітаптарын жасырып қою, қорқыту әрекеттері). Экономикалық-материалдық буллинг – бөтеннің мүлкіне зиян келтіру, бопсалау. Мысалы, күш қолдану немесе қорқыту арқылы бірдеңе, әсіресе ақша беру талабы
#4 слайд
4 слайд
#5 слайд
Кибербуллинг дегеніміз не?
Кибербуллинг – адамды интернетте,
әлеуметтік желі мен түрлі мессенджерлерде
қорқытып, зорлық көрсету. Кибербуллингке
кез-келген адам тап болуы мүмкін. Бірақ бұл
тәсілмен шабуыл жасайтындар негізінен
кәмелет жасына толмаған мектеп
оқушыларын нысанаға алады.
Өйткені, қорғансыз балалар қорыққанынан
өзіне қысым жасалып жатқаны туралы
ешкімге айтпайды. Тіпті ата-анасы мен
жақындарына тіс жармай, шабуылшының
айтқанынан шықпайды.
5 слайд
Кибербуллинг дегеніміз не? Кибербуллинг – адамды интернетте, әлеуметтік желі мен түрлі мессенджерлерде қорқытып, зорлық көрсету. Кибербуллингке кез-келген адам тап болуы мүмкін. Бірақ бұл тәсілмен шабуыл жасайтындар негізінен кәмелет жасына толмаған мектеп оқушыларын нысанаға алады. Өйткені, қорғансыз балалар қорыққанынан өзіне қысым жасалып жатқаны туралы ешкімге айтпайды. Тіпті ата-анасы мен жақындарына тіс жармай, шабуылшының айтқанынан шықпайды.
#6 слайд
Кибербуллинг жасайтындардың
арасында педофилдер көп кездеседі. Олар
балаларды алдап-арбап, желіге жалаңаш түскен
видео не суреттерін салуға көндіреді. Кейін сол
суреттерді жұртқа жария етемін деп қоқан-лоққы
жасау арқылы кездесуге шақырады не ақша
бопсалайды. Ал қысымға шыдамай, шарасыз
күйге түскендері көп жағдайда өзіне қол салады.
Сарапшылардың сөзінше, кибербуллинг қазір
бүкіл әлемдегі өте өзекті проблемаға айналған.
6 слайд
Кибербуллинг жасайтындардың арасында педофилдер көп кездеседі. Олар балаларды алдап-арбап, желіге жалаңаш түскен видео не суреттерін салуға көндіреді. Кейін сол суреттерді жұртқа жария етемін деп қоқан-лоққы жасау арқылы кездесуге шақырады не ақша бопсалайды. Ал қысымға шыдамай, шарасыз күйге түскендері көп жағдайда өзіне қол салады. Сарапшылардың сөзінше, кибербуллинг қазір бүкіл әлемдегі өте өзекті проблемаға айналған.
#7 слайд
7 слайд
#8 слайд
Қысым көрген баланың
белгілері
•
Мектепке барғысы келмейді.
•
Сабақ оқуға ынтасы болмайды және үй тапсырмасын нашар орындайды.
•
Көңіл күйі түсіп жүреді.
•
Үнемі уайымдайды, өзіне сенімсіз болады.
•
Ешкіммен сөйлескісі келмейді, оқшауланады.
•
Үнемі тұйықталып кетеді.
•
Қорқып сөйлейді,тамаққа тәбеті болмайды.
•
Үйден қашып кетуге тырысады.
•
Түнде дұрыс ұйықтай алмайды,шошып оянады.
•
Өзіне не болғанын айтуға қорқады.
•
Жиі ақша сұрайды немесе ұрлайды.
Ғаламторды қолдануға қорқады.
Телефонына хабарлама келсе,ашуланады.
8 слайд
Қысым көрген баланың белгілері • Мектепке барғысы келмейді. • Сабақ оқуға ынтасы болмайды және үй тапсырмасын нашар орындайды. • Көңіл күйі түсіп жүреді. • Үнемі уайымдайды, өзіне сенімсіз болады. • Ешкіммен сөйлескісі келмейді, оқшауланады. • Үнемі тұйықталып кетеді. • Қорқып сөйлейді,тамаққа тәбеті болмайды. • Үйден қашып кетуге тырысады. • Түнде дұрыс ұйықтай алмайды,шошып оянады. • Өзіне не болғанын айтуға қорқады. • Жиі ақша сұрайды немесе ұрлайды. Ғаламторды қолдануға қорқады. Телефонына хабарлама келсе,ашуланады.
#9 слайд
9 слайд
#10 слайд
Кибербуллингке не үшін бірден назар
аудару керек?
Қорлап, кемсіту баланы психолигиялық
күйзеліске ұшыратады;
Жанын ауыртып, суицидке итермелейді;
Мінезінің өзгеруіне әкеледі;
Ешкім қорлықтың құрбаны болмауы керек;
Әркім өзінің ар-намысын аяққа таптатпауға
құқылы;
Ата-ана мен мұғалімдер мұндай қорлықты
байқаса, бірден балаға көмектесуі керек.
10 слайд
Кибербуллингке не үшін бірден назар аудару керек? Қорлап, кемсіту баланы психолигиялық күйзеліске ұшыратады; Жанын ауыртып, суицидке итермелейді; Мінезінің өзгеруіне әкеледі; Ешкім қорлықтың құрбаны болмауы керек; Әркім өзінің ар-намысын аяққа таптатпауға құқылы; Ата-ана мен мұғалімдер мұндай қорлықты байқаса, бірден балаға көмектесуі керек.
#11 слайд
Ата-аналар білуі тиіс сақтық шаралары
Баланың ғаламтордағы қауіпсіздігіне ең бірінші жауапты ата-ана
екенін ұмытпаңыз.
Балаңызға интернеттегі қауіп туралы үнемі айтып отырыңыз.
Балаңыздың мінезіндегі кез келген өзгерісті бақылаңыз.
Егер балаңыздың күмәнді желілерге кіріп ,қаскөйлердің құрбаны
болғанын анықтасаңыз, балаға қолдау көрсетіңіз.Оны түсінетініңізді,
бұл проблеманы бірге шешетініңізді айтыңыз.
Телефонын бірден тартып алып,шектеу қоймаңыз. Мұндай жағдайда
бала екінші жолы мәселесін айтпай қоюы мүмкін.
Балаңызбен байыппен сөйлесіңіз, оның еш кінәсі жоғын түсіндіріңіз.
Қамқорлықты сезінген баланың өзіне деген сенімі оянып ,
қиындықтан шығатынына сенеді.
Балаңызбен көп сөйлесіңіз, оны не мазалап жүргенін білуге
тырысыңыз.
11 слайд
Ата-аналар білуі тиіс сақтық шаралары Баланың ғаламтордағы қауіпсіздігіне ең бірінші жауапты ата-ана екенін ұмытпаңыз. Балаңызға интернеттегі қауіп туралы үнемі айтып отырыңыз. Балаңыздың мінезіндегі кез келген өзгерісті бақылаңыз. Егер балаңыздың күмәнді желілерге кіріп ,қаскөйлердің құрбаны болғанын анықтасаңыз, балаға қолдау көрсетіңіз.Оны түсінетініңізді, бұл проблеманы бірге шешетініңізді айтыңыз. Телефонын бірден тартып алып,шектеу қоймаңыз. Мұндай жағдайда бала екінші жолы мәселесін айтпай қоюы мүмкін. Балаңызбен байыппен сөйлесіңіз, оның еш кінәсі жоғын түсіндіріңіз. Қамқорлықты сезінген баланың өзіне деген сенімі оянып , қиындықтан шығатынына сенеді. Балаңызбен көп сөйлесіңіз, оны не мазалап жүргенін білуге тырысыңыз.
#12 слайд
Кибербуллингке тап
болғанда
Әлеуметтік желіде қысым көрсеткен
адамның хабарламасына жауап бермеу
керек.
Онымен сөйлесуді тоқтатып ,бұғаттау
керек.
Әлеуметтік желі әкімшісіне жарияланған
суреттерге не жазбаға шағымдану
керек.
Күдікті жазбаларды скриншот
жасап ,ата-анаға не ұстазға хабар беру
керек.•
.
12 слайд
Кибербуллингке тап болғанда Әлеуметтік желіде қысым көрсеткен адамның хабарламасына жауап бермеу керек. Онымен сөйлесуді тоқтатып ,бұғаттау керек. Әлеуметтік желі әкімшісіне жарияланған суреттерге не жазбаға шағымдану керек. Күдікті жазбаларды скриншот жасап ,ата-анаға не ұстазға хабар беру керек.• .
#13 слайд
Буллингтің түрлері
Физикалық-біреудің мүлкіне зиян келтіру,итеру, аяқпен тебу,
қолмен ұру, күш қолдану,ұрып-соғу.
Жыныстық қатынас-қалауынан тыс физикалық байланыс
немесе жыныс қорлайтын пікірлер.
Вербалды-ат қою, сарказм, мазақтау.
Кибербуллинг-интернеттің барлық саласында,электронды
почталар мен чаттарарқылы буллинг, мәтіндік хабарлар мен
қоңыраулар арқылы мобильді қауіп-қатер,тиісті
технологияларды, мысалы,кмералар мен видеоларды орынсыз
пайдалану.
Қарым-қатынаста –жағымсыз ерекше мінез –құлық,
“азаптаушы” мінез-құлық, қауесет,өсек тарату, әлеуметтік
оқшаулау (мысалы,қорқыту,кітаптарын жасырып қою)
Экономикалық-материалдық буллинг-бөтеннің мүлкіне зиян
келтіру, бопсалау, күш қолдану немесе қорқыту арқылы ақша
талап ету.
13 слайд
Буллингтің түрлері Физикалық-біреудің мүлкіне зиян келтіру,итеру, аяқпен тебу, қолмен ұру, күш қолдану,ұрып-соғу. Жыныстық қатынас-қалауынан тыс физикалық байланыс немесе жыныс қорлайтын пікірлер. Вербалды-ат қою, сарказм, мазақтау. Кибербуллинг-интернеттің барлық саласында,электронды почталар мен чаттарарқылы буллинг, мәтіндік хабарлар мен қоңыраулар арқылы мобильді қауіп-қатер,тиісті технологияларды, мысалы,кмералар мен видеоларды орынсыз пайдалану. Қарым-қатынаста –жағымсыз ерекше мінез –құлық, “азаптаушы” мінез-құлық, қауесет,өсек тарату, әлеуметтік оқшаулау (мысалы,қорқыту,кітаптарын жасырып қою) Экономикалық-материалдық буллинг-бөтеннің мүлкіне зиян келтіру, бопсалау, күш қолдану немесе қорқыту арқылы ақша талап ету.
#14 слайд
14 слайд
#15 слайд
Балаларымызды
қорғайық!
15 слайд
Балаларымызды қорғайық!
шағым қалдыра аласыз













