Когнитивтік лингвистиканың басқа ғылым салаларымен байланысы
Когнитивтік лингвистиканың басқа ғылым салаларымен байланысы

#1 слайд
Когнитивтік
лингвистиканың
басқа ғылым
салаларымен
байланысы
1 слайд
Когнитивтік лингвистиканың басқа ғылым салаларымен байланысы
#2 слайд
Когнитивтік лингвистиканың басқа ғылым салаларымен
байланысы тығыз. Өзге лингвистикалық пәндер
арасында өзіндік мәртебе иеленуі оның антропоөзектік
парадигманың белең алуымен байланысты нақтылана
түсті. Оның ішінде психолингвистика мен когнитивтік
лингвистиканың байланысының өзіндік мәні бар. Когнитивтік
лингвистиканың
ғылымдар арасындағы
орны
2 слайд
Когнитивтік лингвистиканың басқа ғылым салаларымен байланысы тығыз. Өзге лингвистикалық пәндер арасында өзіндік мәртебе иеленуі оның антропоөзектік парадигманың белең алуымен байланысты нақтылана түсті. Оның ішінде психолингвистика мен когнитивтік лингвистиканың байланысының өзіндік мәні бар. Когнитивтік лингвистиканың ғылымдар арасындағы орны
#3 слайд
Когнитивтік ғылым АҚШ-та, Еуропада кең таралған
әдістемелік зерттеу үрдісі. Жалпы адам танымына
деген қызығушылық ерте кезден-ақ ежелгі гректерден
басталып, ес пен ойлау, адам білімі – табиғаты
төңірегіндегі зерттеулерден, ақырында екі бағыт
ұстанған ағым ретінде қызу айтысқа созылды. Оның
бірі – эмпиризм – ол білім тәжірибеден пайда болды
десе (Беркли, Юм, Милль), екіншісі – нативизм – бала
дүниеге білім қорымен келеді, - деген ұстанымды
басшылыққа алды.
Философиялық айтыс уақыты көпке дейін
толастамады. Бұл уақытта астрономия, физика, химия,
биология, т.б. ғылымдар елеулі деңгейде дамыды.
Бірақ адам танымын түсінуге ХІХ ғасырдың аяғына
дейін ешбір ғылыми әдіс арнайы қолданылмады.
3 слайд
Когнитивтік ғылым АҚШ-та, Еуропада кең таралған әдістемелік зерттеу үрдісі. Жалпы адам танымына деген қызығушылық ерте кезден-ақ ежелгі гректерден басталып, ес пен ойлау, адам білімі – табиғаты төңірегіндегі зерттеулерден, ақырында екі бағыт ұстанған ағым ретінде қызу айтысқа созылды. Оның бірі – эмпиризм – ол білім тәжірибеден пайда болды десе (Беркли, Юм, Милль), екіншісі – нативизм – бала дүниеге білім қорымен келеді, - деген ұстанымды басшылыққа алды. Философиялық айтыс уақыты көпке дейін толастамады. Бұл уақытта астрономия, физика, химия, биология, т.б. ғылымдар елеулі деңгейде дамыды. Бірақ адам танымын түсінуге ХІХ ғасырдың аяғына дейін ешбір ғылыми әдіс арнайы қолданылмады.
#4 слайд
Философиялық, тіл философиясы төңірегіндегі
зерттеулерде әр қандай ұшқыны байқалып қана
отырды. Әдістемелік қозғалыс көрінісінің бірі
ретінде тек 1950 жылдардың соңындағана
басталған когнитивтік лингвистиканың бастау
көзі Аристотельдің, Платонның, кейін Гумбольдт
және оның шәкірттерінің тіл философиясы
концепцияларында жатыр. Бұл үрдістің негізгі
айырым белгісі тіл туралы жаңаша
зерттеулерінде, тіпті зерттеу әдістеріне жаңа
тәсілдер, процедуралар енгізуінде емес, таза
танымдық бағдарының жаңалығында, тілге
танымдық тұрғыдан келуінде. Зерттеулер
4 слайд
Философиялық, тіл философиясы төңірегіндегі зерттеулерде әр қандай ұшқыны байқалып қана отырды. Әдістемелік қозғалыс көрінісінің бірі ретінде тек 1950 жылдардың соңындағана басталған когнитивтік лингвистиканың бастау көзі Аристотельдің, Платонның, кейін Гумбольдт және оның шәкірттерінің тіл философиясы концепцияларында жатыр. Бұл үрдістің негізгі айырым белгісі тіл туралы жаңаша зерттеулерінде, тіпті зерттеу әдістеріне жаңа тәсілдер, процедуралар енгізуінде емес, таза танымдық бағдарының жаңалығында, тілге танымдық тұрғыдан келуінде. Зерттеулер
#5 слайд
Тілдің түпсанаға әсері негізінде адам бұрын өзі естімеген,
білмейтін сөзін де шамалай ұғып жатады. Ол адамның
бұған дейінгі білімімен, сондай-ақ тілдік интуицияның
көмегі арқылы жүзеге асады. Лингвистикалық интуицияны
түсіндірудің де мәні зор. Мәні бойынша ол имплицитті
білімнің көрінісі ретінде бағаланады. Тіл табиғатының бір
мезгілде әрі биологиялық, әрі психологиялық, әрі
әлеуметтік екендігі ескеріле бермеді. Сонымен бірге
«қоршаған орта құбылыстарының көрінісі, туындысы –
тілдің алдыңғы екеуіне қатысты кері әсерлері ,ой мен
тілдің анықтауыштық, құрауыштық функциялары
ескерілмеді». Қазақ тіл білімінде когнитивтік зерттеу
бағытына бетбұрыс жасаудың кейбір себептері осымен
де байланысты болуы мүмкін.Қазақ тіл біліміндегі
когнитивтік зерттеулер
5 слайд
Тілдің түпсанаға әсері негізінде адам бұрын өзі естімеген, білмейтін сөзін де шамалай ұғып жатады. Ол адамның бұған дейінгі білімімен, сондай-ақ тілдік интуицияның көмегі арқылы жүзеге асады. Лингвистикалық интуицияны түсіндірудің де мәні зор. Мәні бойынша ол имплицитті білімнің көрінісі ретінде бағаланады. Тіл табиғатының бір мезгілде әрі биологиялық, әрі психологиялық, әрі әлеуметтік екендігі ескеріле бермеді. Сонымен бірге «қоршаған орта құбылыстарының көрінісі, туындысы – тілдің алдыңғы екеуіне қатысты кері әсерлері ,ой мен тілдің анықтауыштық, құрауыштық функциялары ескерілмеді». Қазақ тіл білімінде когнитивтік зерттеу бағытына бетбұрыс жасаудың кейбір себептері осымен де байланысты болуы мүмкін.Қазақ тіл біліміндегі когнитивтік зерттеулер
#6 слайд
Жалпы қазақ тіл білімінде кейінгі 10 жылдықта
ғана осы бағытта ізденістер жасалуда. Бұған
дейін арнайы сөз болмаса да когнитивтік
пайымдаулар нышаны ғылыми еңбектерден өз
көрінісін тапқан. Қ.Жұбанов «Әр сөз өз алдына
жеке ұғым (представление). Мысалы «бор»
дегеннің не екенін білмек болсақ, оның неше
түрлі қасиеттерін біліп үйренеміз. Осы
үйренуіміздің жинағы «ұғым» представление
болады», - деп келтіреді . Мұндағы сөз болып
отырған «үйренуіміздің жинағы» санадағы
«ғаламның тілдік бейнесі» екені даусыз.
6 слайд
Жалпы қазақ тіл білімінде кейінгі 10 жылдықта ғана осы бағытта ізденістер жасалуда. Бұған дейін арнайы сөз болмаса да когнитивтік пайымдаулар нышаны ғылыми еңбектерден өз көрінісін тапқан. Қ.Жұбанов «Әр сөз өз алдына жеке ұғым (представление). Мысалы «бор» дегеннің не екенін білмек болсақ, оның неше түрлі қасиеттерін біліп үйренеміз. Осы үйренуіміздің жинағы «ұғым» представление болады», - деп келтіреді . Мұндағы сөз болып отырған «үйренуіміздің жинағы» санадағы «ғаламның тілдік бейнесі» екені даусыз.
#7 слайд
Ұғым (представление) сөздікте былай анықталады екен:
«представление форма отражения в виде наглядно –
образного знания, одно из проявлении памяти, следовой
образ ранее бывшего ощушения или восприятия». Бұдан
басқа Қ.Жұбановтың «одағайларға» қатысты айтылған
ойларында тілдің әлеуметтік жағдайға тәуелдігі, адамның
сөйлеп тұрған уақыттағы психологиялық күйіне тікелей
қатысы ескерілуі қажеттігін меңзейтіні оны Бадуэн де
Куртененің тілдің индивидтің санасында, психикасында,
жанында өмір сүретіндігін айтқан идеяларымен сәйкес
келеді.
7 слайд
Ұғым (представление) сөздікте былай анықталады екен: «представление форма отражения в виде наглядно – образного знания, одно из проявлении памяти, следовой образ ранее бывшего ощушения или восприятия». Бұдан басқа Қ.Жұбановтың «одағайларға» қатысты айтылған ойларында тілдің әлеуметтік жағдайға тәуелдігі, адамның сөйлеп тұрған уақыттағы психологиялық күйіне тікелей қатысы ескерілуі қажеттігін меңзейтіні оны Бадуэн де Куртененің тілдің индивидтің санасында, психикасында, жанында өмір сүретіндігін айтқан идеяларымен сәйкес келеді.
#8 слайд
Бұл ретте, әсіресе, этнолингвистикалық зерттеулердің үлесі
ерекше (Жоғарыда когнитивтік лингвистика әуелі
этнолингвистика мен типологиялық тіл білімі шендесуі
ретінде басталғанын айтқанбыз - Н.А.) Бұл негізде жемісті
еңбек еткен қазақ ғалымдарының (Ә.Қайдар, Е.Жанпейісов,
Ж.Манкеева, т.б.) зерттеулері тек этнолингвистика үшін емес,
когнитивтік зерттеулер үшін де 28 құнды мазмұнға ие. Ал
соңғы уақыттағы таза когнитивтік бағыттағы ізденістер жалпы
алғанда нәтижесіз емес. 1998 жылы Г.Г.Гиздатовтың «Сөйлеу
қызметіндегі когнитивтік модельдер: типологиясы мен
динамикасы» атты докторлық диссертациясы қорғалды. Қазақ ғалымдарының
зерттеулері
Әбдуәли Қайдар
8 слайд
Бұл ретте, әсіресе, этнолингвистикалық зерттеулердің үлесі ерекше (Жоғарыда когнитивтік лингвистика әуелі этнолингвистика мен типологиялық тіл білімі шендесуі ретінде басталғанын айтқанбыз - Н.А.) Бұл негізде жемісті еңбек еткен қазақ ғалымдарының (Ә.Қайдар, Е.Жанпейісов, Ж.Манкеева, т.б.) зерттеулері тек этнолингвистика үшін емес, когнитивтік зерттеулер үшін де 28 құнды мазмұнға ие. Ал соңғы уақыттағы таза когнитивтік бағыттағы ізденістер жалпы алғанда нәтижесіз емес. 1998 жылы Г.Г.Гиздатовтың «Сөйлеу қызметіндегі когнитивтік модельдер: типологиясы мен динамикасы» атты докторлық диссертациясы қорғалды. Қазақ ғалымдарының зерттеулері Әбдуәли Қайдар
#9 слайд
Қ.Жұбановтың когнитивтік көзқарасын талдауға арналған
Б.Хасанұлының еңбегінде ғалымның когнитивтік үрдістегі
ой-тұжырымдары тіл мен ұлт санасының
байланыстылығын танытатын этимологиялық зерттеулері
деректерімен мысалдар келтіре отырып, дәлелдейді .
С.Ақаев «Сөздің когнитологиялық сипаттары
мақаласында когнитология түсінігіне тоқталып, ғылым
ретінде қалыптасуына, кейбір когнитологиялық ұғымдарға
талдау жасайды. Ол «Когнитологиялық талдау бірнеше
сала әдістерінің үйлесімі және ойлау, ой түю, қабылдау,
қорыту сияқты абстрактілік құбылыстарды нақтыландыру
әдісі тұрғысында қарастырылады» деп келтіреді.. Жалпы
алғанда, қазақ тіл біліміндегі когнитивтік зерттеулер
қатарының толысып келе жатқаны байқалады
(Қ.Жаманбаева, Исабеков С.Е., Манкеева Ж., т.б.).
9 слайд
Қ.Жұбановтың когнитивтік көзқарасын талдауға арналған Б.Хасанұлының еңбегінде ғалымның когнитивтік үрдістегі ой-тұжырымдары тіл мен ұлт санасының байланыстылығын танытатын этимологиялық зерттеулері деректерімен мысалдар келтіре отырып, дәлелдейді . С.Ақаев «Сөздің когнитологиялық сипаттары мақаласында когнитология түсінігіне тоқталып, ғылым ретінде қалыптасуына, кейбір когнитологиялық ұғымдарға талдау жасайды. Ол «Когнитологиялық талдау бірнеше сала әдістерінің үйлесімі және ойлау, ой түю, қабылдау, қорыту сияқты абстрактілік құбылыстарды нақтыландыру әдісі тұрғысында қарастырылады» деп келтіреді.. Жалпы алғанда, қазақ тіл біліміндегі когнитивтік зерттеулер қатарының толысып келе жатқаны байқалады (Қ.Жаманбаева, Исабеков С.Е., Манкеева Ж., т.б.).
#10 слайд
Тілдік күрделі жүйе қандай да бір психологиялық
механизмге сүйенері шындық. Тіл ғылымындағы
психологизм жалпы лингвистер үшін ХІХ ғасыр
классиктерімен (А.А.Потебня, Г.Штейнталь, В.Вундт,т.б.)
ассоциацияланады. Лингвистика теориясында Л.В.Щерба
негізін қалаған экспериментальды тәсіл өз бағасын алды.
Психология мен лингвистиканың байланысы
экспериментальды әдісті қолдануында ма, әлде
психолингвистикалық ұстанымдарының ұштасуында ма
дегенде ортақ тұжырым жоқ. П.Б.Паршин «Когнитивтік
зерттеу ұстанымдары психолингвистиканың дәстүрлі
бағдарымен ұштасады. Айырмашылығы,
психолингвистика лингвистикалық болжамдардың
психологиялық шындығын (анықтығын), психологиялық
негіздемесін түсіндіреді.Психологиямен
байланысы
10 слайд
Тілдік күрделі жүйе қандай да бір психологиялық механизмге сүйенері шындық. Тіл ғылымындағы психологизм жалпы лингвистер үшін ХІХ ғасыр классиктерімен (А.А.Потебня, Г.Штейнталь, В.Вундт,т.б.) ассоциацияланады. Лингвистика теориясында Л.В.Щерба негізін қалаған экспериментальды тәсіл өз бағасын алды. Психология мен лингвистиканың байланысы экспериментальды әдісті қолдануында ма, әлде психолингвистикалық ұстанымдарының ұштасуында ма дегенде ортақ тұжырым жоқ. П.Б.Паршин «Когнитивтік зерттеу ұстанымдары психолингвистиканың дәстүрлі бағдарымен ұштасады. Айырмашылығы, психолингвистика лингвистикалық болжамдардың психологиялық шындығын (анықтығын), психологиялық негіздемесін түсіндіреді.Психологиямен байланысы
#11 слайд
Лингвистикалық семантика когнитивтік лингвистиканың дереккөзінің бірі. Когнитивтік лингвистика дәстүрлі
семантиканың әдіс тәсілдерін дамыта отырып, кейбір жалпы ұғымдық категорияларды адам танымының әлемді
когнитивтік игеруі нәтижелері ретінде қарастырады. Когнитивтік семантика ерекше терең құрылымды семантика
ретінде анықталады, сондай-ақ семантикалық ойлардың табиғи дамуы сипатын да қарастырады. Дәстүрлі
лингвистикадағы тілді имманентті зерттеу арқылы қол жеткізу мүмкін емес тілдік жүйе қызмет етуінің креативтік
аспектісіне назар қоюға мүмкіндік береді. Лингвистикалық семантика когнитивтік
лингвистикан байланысы
11 слайд
Лингвистикалық семантика когнитивтік лингвистиканың дереккөзінің бірі. Когнитивтік лингвистика дәстүрлі семантиканың әдіс тәсілдерін дамыта отырып, кейбір жалпы ұғымдық категорияларды адам танымының әлемді когнитивтік игеруі нәтижелері ретінде қарастырады. Когнитивтік семантика ерекше терең құрылымды семантика ретінде анықталады, сондай-ақ семантикалық ойлардың табиғи дамуы сипатын да қарастырады. Дәстүрлі лингвистикадағы тілді имманентті зерттеу арқылы қол жеткізу мүмкін емес тілдік жүйе қызмет етуінің креативтік аспектісіне назар қоюға мүмкіндік береді. Лингвистикалық семантика когнитивтік лингвистикан байланысы
#12 слайд
Инженерлік пән когнитивтік лингвистиканың тағы бір негізгі
бастауы ретінде анықталады. Қазір жасанды интеллект деп
аталып жүрген бұл пәннің дамуы нәтижесінде когнитивтік
ғылымдар ( когнитология, когитология ) пайда болғаны мәлім.
Ол табиғи тілді түсіну бағдарламасын құру негізінде өрістеп,
адам білімінің құрылуы мен қалыптасуы жөнінде ізденіс жасауға
талпыныс жасады. Кейін машина мүмкіндігіне терең үңілген
мамандардың қабілетін ескеру нәтижесінде басқа нәрсеге,
сананың, адам миының жемісіне көңіл қоюға бетбұрыс
жасалды. Яғни, мұнда табиғи тілді машинаның түсініп, қабылдау
деңгейі басты назарға алына зерттелуі,ақырында адам
қабілетінің мүмкіндіктеріне үңілуге әкелді. Когнитивтік лингвистиканың инженерлік пәнмен
байланысы
12 слайд
Инженерлік пән когнитивтік лингвистиканың тағы бір негізгі бастауы ретінде анықталады. Қазір жасанды интеллект деп аталып жүрген бұл пәннің дамуы нәтижесінде когнитивтік ғылымдар ( когнитология, когитология ) пайда болғаны мәлім. Ол табиғи тілді түсіну бағдарламасын құру негізінде өрістеп, адам білімінің құрылуы мен қалыптасуы жөнінде ізденіс жасауға талпыныс жасады. Кейін машина мүмкіндігіне терең үңілген мамандардың қабілетін ескеру нәтижесінде басқа нәрсеге, сананың, адам миының жемісіне көңіл қоюға бетбұрыс жасалды. Яғни, мұнда табиғи тілді машинаның түсініп, қабылдау деңгейі басты назарға алына зерттелуі,ақырында адам қабілетінің мүмкіндіктеріне үңілуге әкелді. Когнитивтік лингвистиканың инженерлік пәнмен байланысы
#13 слайд
Аитова Н.Н. Қазақ тіліндегі түр-түс
атауларының когнитивтік семантикасы.
Ақтөбе, 2006
01 Оразалиева Э. Қазақ тіл біліміндегі
когнитивтік парадигма (Филология
ғылымдарының докторы ғылыми
дәрежесін алу үшін дайындалған
диссертация) Алматы, 200702Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
13 слайд
Аитова Н.Н. Қазақ тіліндегі түр-түс атауларының когнитивтік семантикасы. Ақтөбе, 2006 01 Оразалиева Э. Қазақ тіл біліміндегі когнитивтік парадигма (Филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация) Алматы, 200702Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
#14 слайд
Назар
аударғандарыңызға
рахмет!!!
14 слайд
Назар аударғандарыңызға рахмет!!!
шағым қалдыра аласыз













