Материалдар / Күрделі және үйірлі бастауыштардың жасалуы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Күрделі және үйірлі бастауыштардың жасалуы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауышқа берілген анықтамалар мен күрделі және үйірлі бастауыштардың жасалуы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қараша 2023
1198
1 рет жүктелген
900 ₸
Бүгін алсаңыз
+45 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +45 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материалдың қысқаша түсінігі
Бастауыш қа берілген анықтамалар. Күрделі және үйірлі бастауыштар Орындағандар: Жамал Айжан, Молдағали Нұршат

1 слайд

1953 ж. «Қазіргі қазақ тілі» оқулығында бастауышқа мынандай анықтама берліген: «Сөйлемде айтылатын ойға негіз болатын, баяндау

2 слайд
1953 ж. «Қазіргі қазақ тілі» оқулығында бастауышқа мынандай анықтама берліген: «Сөйлемде айтылатын ойға негіз болатын, баяндауыш арқылы айтылған қимылдың не басқа сапаның иесі болатын мүшені – бастауыш дейміз». С.Аманжолов, А.Әбілқаев, И.Ұйықбаев «Қазақ тілі» : «Сөйлемде атау септігінде тұрып, іс-оқиғаның иесін білдіретін тұрлаулы мүшені бастауыш дейміз». Р.Әмір, Ж.Әмірова «Жай сөйлем синтаксисі: «Сөйлемде айтылған ойдың кім, не туралы екенін атап, баяндауыш арқылы айтылған қимылдың, сапаның кімге қатысты екенін білдіретін сөйлем мүшесін бастауыш дейміз».

4. Бердібай Шалабай “Қазіргі қазақ тілі”: « Мағыналық жағынан алғанда (мағыналық белгісі) бастауыш сөйлемдегі іс-қимылдың иесі.

3 слайд
4. Бердібай Шалабай “Қазіргі қазақ тілі”: « Мағыналық жағынан алғанда (мағыналық белгісі) бастауыш сөйлемдегі іс-қимылдың иесі. Грамматикалық белгісі атау тұлғада тұратыны (тәуелденіп те, тәуелденбей де, жекеше де, көпше тұлғада да), сондықтан оның сұрағы: кім, не, кімі, несі, кімдер, нелер?». 5. Х. Басымов: “Бастауыш болатын сөз мағынасы жағынан сөйлемдегі ой іргесінің иесі болады”. 6. М. Балақаев : “Сөйлемнің кім? не? туралы екенін білдіретін, айтылған ойға негіз болатын тұрлаулы мүшені бастауыш дейміз”. 7. Т. Сайрамбаев : “Бастауыш - сөйлемдегі ойдың иесі бола отырып, баяндауыш арқылы барлық қасиеті айқындалатын, белгілі тұлғада онымен тікелей байланыстағы және өзіндік сұраулары бар сөйлем мүшесі”.

Біріншіден, бастауыштың ойдың иесі болуы. Екіншіден, ең алдымен, оның қандай сұрауларға жауап беретіндігі бірінші орынға, ал о

4 слайд
Біріншіден, бастауыштың ойдың иесі болуы. Екіншіден, ең алдымен, оның қандай сұрауларға жауап беретіндігі бірінші орынға, ал ойдың иесі болуы екінші орынға қойылуы. Үшіншіден, ойдың иесі деуден гөрі ойдың, баяндауыш арқылы айтылған қимылдың, сапаның кімге қатысы басты нәрсе болуы. Төртіншіден, бастауыштың басқа мүшелерге бағынбайтындығы. Бесіншіден, бастауыштың тұлғалық ерекшеліктеріне, яғни атау септікте келетіндігі. Алтыншыдан, сөйлемдегі басқа сөздермен, баяндауышпен синтаксистік қатынастары. 1. Бастауыш сөйлем арқылы айтылған ойдың кім, не туралы екенін білдіреді, ол – субъектіні білдіретін мүше. Субъектіні атау, соны білдіру бастауыш мүшенің ең бастапқы әрі қазіргі негізгі қызметі. 2. Бастауыш баяндауышпен синтаксистік байланысқа түсіп, предикативтік қатынасқа негіз болатын мүшенің бірі. 3. Бастауыш – грамматикалық бітімі жағынан басқа сөйлем мүшелерінен тәуелсіз мүше. 4. Бастауыш мүшенің негізінен атау септіктегі зат есімнен жасалады. Бұлай болуы бастауыштың басты қызметі – субъектінің атауы болуына байланысты.

Зат есімді күрделі бастауыштар . Күрделі бастауыштар кемінде екі немесе одан да көп сөздерден құралады. Күрделі бастауыштардың

5 слайд
Зат есімді күрделі бастауыштар . Күрделі бастауыштар кемінде екі немесе одан да көп сөздерден құралады. Күрделі бастауыштардың жасалуында мағынасы бар бірнеше сөз, негізгі сөз бен көмекші сөздер, тұрақты тіркестер мен сөйлемдер де қолданылады. Осы ерекшеліктеріне сәйкес күрделі бастауыштарды түйдекті тіркесті, сөз тіркесті, тұрақты тіркесті деп бөлінеді. Күрделі бастауыштың дара бастауыштарға қарағанда сөз санынан да, мағыналық жағынан да өзіндік айырмашылығы бар. Күрделі бастауышта күрделену процесі әртүрлі. Бірақ күрделену процесінде негізгі сөздер зат есімде немесе негізгі сыңары зат есім болып, оған күрделі анықтауыштық топтағы сөздер де мағыналық жағынан бірлікте жұмсалады.

Мысалы: Шешелері Ұлберген жасы қырық бес шамасындағы кісі. Йемен Халық Демократиялық Республикасының астанасы Аден деген қа

6 слайд
Мысалы: Шешелері Ұлберген жасы қырық бес шамасындағы кісі. Йемен Халық Демократиялық Республикасының астанасы Аден деген қала осы екен ғой деген сөйлемдердегі Шешелері Ұлберген, Аден деген қала бастауыштарының жасалуында мағыналық бірлік басты фактор болып табылады. Сөз табы жағынан алғанда бірінші сөйлемдегі күрделі бастауыштар әртүрлі тұлғадан келіп құралса, екінші сөйлемдегі бастауышта зат есімдермен бірге оларды байланыстырушы көмекші етістік те бар. Былай қарағанда Аден деген қала сөзін анықтауыш деп те айтуға болады, бірақ тек қала деген зат есім бастауыштық қасиетке бір өзі ие бола алмай, айқындауыштың жаңа формасын қалыптастыра бастады.

Сын есімді күрделі бастауыштар . Сын есімді күрделі бастауыштар күрделі сын есімдердің заттануынан жасалады. Мұндай кезде күрде

7 слайд
Сын есімді күрделі бастауыштар . Сын есімді күрделі бастауыштар күрделі сын есімдердің заттануынан жасалады. Мұндай кезде күрделі сын есімдер әдеттегі дара сын есімдерше заттық мағынаға ие болады. Күрделі сын есімді бастауыштарға келгенде екі нәрсеге баса назар аудару қажет. Бірінші - сын есімдерді күрделендіретін жайттар, екінші - күрделі сын есімді бастауыштардың тұлғасы. Мысалы: Есіктен салқын ауамен бірге үстіне калың тон киген жуан қара кіріп келеді (Т. Ахтанов). Қасқыр ішікті, түлкі тымақты жуандар үй-үйге кіре бастады (С. Көбеев).

Сан есімді күрделі бастауыштар . Сан есімдердің ішінде күрделі бастауыш қызметінде таза сан есімді түрлері көп жұмсалады. Ілік

8 слайд
Сан есімді күрделі бастауыштар . Сан есімдердің ішінде күрделі бастауыш қызметінде таза сан есімді түрлері көп жұмсалады. Ілік жалғаулы сан есім мен тәуелдік жалғаулы сан есім тіркесі арқылы жасалады. Ондай кезде бағыныңқы сыңарлары ілік жалғаулы сан есімнің екінші сыңарлары есептік, реттік және топтау сан есімдері тәуелдік жалғауында келеді. Мысалы: Әлде екеуінің біреуі қора маңында адасып жүр ме екен? Бұл екеуінің біріншісі - Нияз, екіншісі Отар еді. Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты.

Күрделі есімдікті бастауыштар. Жіктеу есімдігі және оның тіркесі арқылы жасалады. Ондай кезде күрделі бастауыштардың бірінші

9 слайд
Күрделі есімдікті бастауыштар. Жіктеу есімдігі және оның тіркесі арқылы жасалады. Ондай кезде күрделі бастауыштардың бірінші сөзі атау тұлғада не ілік жалғаулы есімдіктер болады. Мысалы: Өзгенің өзіңе көрсеткен қызметін ұмытпа да, сенің өзің көрсеткен қызметтеріңді ұмыт. Кейде өз есімдігіне сан есімнің тіркесі арқылы да күрделі бастауыш жасалады: Бүкіл заводты бір өзің жүргізіп тұрсаң ғой.

Етістікті күрделі бастауыштар . Етістікті күрделі бастауыштар туралы осы күнгі еңбектерде онша сөз бола бермейді. Негізінд

10 слайд
Етістікті күрделі бастауыштар . Етістікті күрделі бастауыштар туралы осы күнгі еңбектерде онша сөз бола бермейді. Негізінде, етістіктер күрделі бастауыш қызметінде екі түрлі жағдайда кездеседі. Біріншіден, таза етістіктер арқылы жасалса, екіншіден, етістіктер өзінің жетегінде басқа да сөз таптарымен мағыналық бірлікте ғана күрделі бастауыш болады: Көшіп келе жатқан Абай ауылы мен көрші ауылдар. Қызара білу, ұяла білу - адам бойындағы ең тамаша адамгершілік қасиет .

Үстеудің бастауыш қызметінде жұмсалуы . Үстеудің де бастауыш қызметінде жұмсалуы туралы әуелден-ақ ғылыми әдебиеттерде азда

11 слайд
Үстеудің бастауыш қызметінде жұмсалуы . Үстеудің де бастауыш қызметінде жұмсалуы туралы әуелден-ақ ғылыми әдебиеттерде аздап болса да сөз болды. Бірақ үстеулердің бастауыш қызметінде жұмсалуын тек тәуелденіп тұруы арқылы келгенін ғана көрсетеді. Үстеу сөздер септеліп те, көптеліп те, тәуелденіп те жұмсала береді. Үстеулердің бастауыш қызметінде жұмсалуын былайша көрсетуге болады. Нөлдік тұлғадағы үстеулердің заттануы арқылы. Мысалы: Бүгін - өткеннің нәтижесі әрі болашақтың бастамасы. Өлімнен басқаның ертесі жақсы . Кеше деген әлсіздіктің екінші аты .

Одағайдың бастауыш қызметінде жұмсалуы. Одағайлар жалпы алғанда сөйлем мүшесі болуға тиіс емес. Олар сөйлемде басқа сөздерме

12 слайд
Одағайдың бастауыш қызметінде жұмсалуы. Одағайлар жалпы алғанда сөйлем мүшесі болуға тиіс емес. Олар сөйлемде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейтіні белгілі. Бірақ одағай сөздер кейде түрлі морфологиялық өзгерістерге түсуге байланысты ғана бастауыш қызметінде жұмсалады. Мысалы: Үһлеулер үдей түсті. Қиқулары тынық ауаны толқытып тұр. Еліктеуіш сөздер арқылы бастауыштың жасалуы. Мысалы: Әр жерде электр лампалары орнатылған... вагонеткаға айдаушы жұмысшылардың тарсылы естіледі.

Тұрақты тіркестердің бастауыш қызметінде жұмсалуы . Мысалы: Тағы директордың табалдырығын тоздыру басталды. Көңіл араздығы тос

13 слайд
Тұрақты тіркестердің бастауыш қызметінде жұмсалуы . Мысалы: Тағы директордың табалдырығын тоздыру басталды. Көңіл араздығы тосқауылдың тар кезеңінде кездесіп отырмыз ғой, ала көңіл артта қалсын. Осындай шытырман оқиғалардың үстіне, мына жақтан жандарал келеді деген алып қашпа хабар да естілді.

Бар, жоқ сөздерінің бастауыш қызметінде жұмсалуы. Мысалы: Ал біздің барымыз осы. Қысқарған сөздердің бастауыш қызметінде жұм

14 слайд
Бар, жоқ сөздерінің бастауыш қызметінде жұмсалуы. Мысалы: Ал біздің барымыз осы. Қысқарған сөздердің бастауыш қызметінде жұмсалуы . Мысалы: Жалпы ЗАГС дегенің жай сөз . Жеке дыбыстардың бастауыш қызметінде жұмсалуы . Мысалы: Оның үстіне фотокөшірмеде оның қандай дивизия екені көмескі шығыпты, д-сы айқын да, оның алдындағы әрпі адам танығысыз. «М» жатыр «У» -дың қасында, «Жу» деген сөз жоқ расында. Бір сөздің қайталануы арқылы жасалған бастауыштар . Мысалы: Әдемінің әдемісі сендей-ақ болар, қарағым. Сағын атамның әкесінің әкесі мен Қабыш ағамның әкесінің әкесі ағайынды екен. Алданыштың «папа» дегені қызғаныш тудырар, тағы-тағылар сылтау іздеген адамға толып жатқан жоқ па.

Үйірлі бастауыш Үйірлі бастауыш – кемінде екі не одан да көп сөзден құралып, бастауыштық-баяндауыштық қатынастан тұратын, бір

15 слайд
Үйірлі бастауыш Үйірлі бастауыш – кемінде екі не одан да көп сөзден құралып, бастауыштық-баяндауыштық қатынастан тұратын, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқаратын сөздер тобы. 1. Аяғы жаман төрді былғайды, аузы жаман елді былғайды. Сөйлемнің бірінші компоненті зат есіммен тәуелдік жалғауының ІІІ жағы, екінші компоненті сын есімнен болып тұр. 2. Бауыры жоқ бағананы құшақтайды. Сөйлемнің бірінші компоненті зат есіммен тәуелдік жалғауының ІІІ жағы, екінші компоненті модаль сөзден болып тұр. 3. Қадірі кеткен елде отырмас. Сөйлемнің бірінші компоненті зат есіммен тәуелдік жалғауының ІІІ жағы, екінші компоненті есімше арқылы жасалған етістік болып тұр. Яғни, бір сұраққа жауап береді, бір сөйлем мүшесінің және синтаксистік тіркестің бір сыңарының қызметін атқарады.

Пайдаланылған әдебиеттер: 1. М. Балақаев “Қазіргі қазақ тілі”- Алматы “Ана тілі”, 1992. 2. Т. Сайрамбаев “Қазақ тіл білімінің

16 слайд
Пайдаланылған әдебиеттер: 1. М. Балақаев “Қазіргі қазақ тілі”- Алматы “Ана тілі”, 1992. 2. Т. Сайрамбаев “Қазақ тіл білімінің мәселелері” - Алматы, 2014. 3. Р. Әміров “Жай сөйлем синтаксисі” А., 1998. 4. https://stud.baribar.kz/14240/bastauysh-zhane-o nynh-qyzmeti/ 5. Б. Шалабай “Қазіргі қазақ тілі”.

17 слайд

17 слайд