Күз мезгілінің үлестірмелі қағаздары
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
1 слайд
Күз мезгілінің
үлестірмелі
қағаздары
1 слайд
Күз мезгілінің үлестірмелі қағаздары
2 слайд
№ 1
Бақылау: Жаңбырды бақылау.
Мақсаты: Жаңбырды бақылай отырып , оның бұлттан жауатындығы
және түрлерін айтып түсіндіру.Мысалы;Жай жаңбыр, өткінші
жаңбыр, нөсер жаңбыр.
Еңбек : Ағаш түптерін қопсыту.
Мақсаты: Балаларды еңбек сүйгештікке тәрбиелеу, өздеріне берілген
тапсырманы тиянақты орындауын қадағалау.
Жеке жұмыс: Ал керемет бұл қандай?
Төгіледі төбеден.
Көк теңізден құйғандай
Көл-көсір су не деген? (Жаңбыр)
Мақсаты: Жұмбақ жаттатаотырып, балалардың есте сақтау
қабілеттерін арртыру, сөздік қорларын дамыту, сөзді мәнерлі айтуға
дағдыландыру.
Ойын: « Айгөлек-ау айгөлек » .
Мақсаты: Балаларды ептілікке, шапшаңдыққа баулу.
Қимылдық ойын: « Сұр қоян » .
Ойын барысы: Ойыншылардың біреуі қоян болады.Барлық қалған
балалар дөңгеленіп тұрады.Қоян дөңгелектің ортасынан орын
алады.Балалар тәрбиешімен бірге мынадай өлең айтады:
Бармақ болып тоғайға сұр көжек,
Жуынып жатыр бүгжеңдеп:
Тұмсығын жуды,
Құйрығын жуды,
Құлағына жуды-түртінді,
Құп-құрғақ боп сүртінді.
Қоян өзіне байланысты қимылдардың бәрін жасайды:тұмсыгын,
құйрығын , құлағын жуады, бәрін сүртеді.Қос аяқтап кіріп,
дөңгеленіп тұрғандардың біреуіне жақындай береді(қонаққа келе
жатыр). Ол бала қоянмен ауысқандаойын аяқталады.
Балалардың өз бетімен ойнауы:
1.Сазбалшықтан « қала » құрастырайық.
2. « Тәтті тоқаштар » пісірейік .
Тренинг: « Қолшатыр » .
2 слайд
№ 1 Бақылау: Жаңбырды бақылау. Мақсаты: Жаңбырды бақылай отырып , оның бұлттан жауатындығы және түрлерін айтып түсіндіру.Мысалы;Жай жаңбыр, өткінші жаңбыр, нөсер жаңбыр. Еңбек : Ағаш түптерін қопсыту. Мақсаты: Балаларды еңбек сүйгештікке тәрбиелеу, өздеріне берілген тапсырманы тиянақты орындауын қадағалау. Жеке жұмыс: Ал керемет бұл қандай? Төгіледі төбеден. Көк теңізден құйғандай Көл-көсір су не деген? (Жаңбыр) Мақсаты: Жұмбақ жаттатаотырып, балалардың есте сақтау қабілеттерін арртыру, сөздік қорларын дамыту, сөзді мәнерлі айтуға дағдыландыру. Ойын: « Айгөлек-ау айгөлек » . Мақсаты: Балаларды ептілікке, шапшаңдыққа баулу. Қимылдық ойын: « Сұр қоян » . Ойын барысы: Ойыншылардың біреуі қоян болады.Барлық қалған балалар дөңгеленіп тұрады.Қоян дөңгелектің ортасынан орын алады.Балалар тәрбиешімен бірге мынадай өлең айтады: Бармақ болып тоғайға сұр көжек, Жуынып жатыр бүгжеңдеп: Тұмсығын жуды, Құйрығын жуды, Құлағына жуды-түртінді, Құп-құрғақ боп сүртінді. Қоян өзіне байланысты қимылдардың бәрін жасайды:тұмсыгын, құйрығын , құлағын жуады, бәрін сүртеді.Қос аяқтап кіріп, дөңгеленіп тұрғандардың біреуіне жақындай береді(қонаққа келе жатыр). Ол бала қоянмен ауысқандаойын аяқталады. Балалардың өз бетімен ойнауы: 1.Сазбалшықтан « қала » құрастырайық. 2. « Тәтті тоқаштар » пісірейік . Тренинг: « Қолшатыр » .
3 слайд
№ 2
Бақылау: Бұлтты бақылау.
Мақсаты: Бұлттың түзілуі және олардың түрлерін :шарпы,
будақ,қабатты бұлииарды ажырату .
Еңбек :Ауладағы гүлдерді суару.
Мақсаты: Балаларды қоршаған әлемге қамқорлықпен
қарауға, табиғат әсемдігін сезіне білуге тәрбелеу.
Жеке жұмыс: Аспанға ұшар бу болып
Жерге қайтар су болып. (Бұлт)
Мақсаты: Жұмбақ жаттата отырып, балалардың тіл
байлығын байыту, дыбыстардың дұрыс айтуын
қадағалау.Ойлау қабілетін арттыру.
Ойын: « Кімге қандай құрал керек? »
Мақсаты: Қандай жағдайда әр нәрсенің қажеттілігін білу
мақсатында ойнату.Шапшаңдыққа баулу.
Қимылдық ойын: « Соқыр теке » .
Ойын барысы: Соқыртеке кең бөлмеде , аулада ойнауға
болатын қызықты ойын.Шеңбер сызылып , оның ортасына
көзі байланған « соқыртеке » жіберіледі.Қалғандары оны
« соқыртеке бақ-бақ » ,- деп мазақтап түртіп қашады.Бірақ олар
шеңберден шығып кетпеуі тиіс.Егер соқыртеке
ойыншылардың бірін ұстап алса, даусына қарап оның атын
айтады.Дәл тапса ұсталған адамның көзі байланып
« соқыртек » болады.Ойынщылардың көзі байлаулы адамды
әдейі сөзбен жетектеп отырып, алдап , шұңқырға , бағанаға
қарай бағыттайды.Бұл ойынды көңілді, күлкілі етеді.
Дербес ойындар:
1.Әткіншектебу.
2. Тартылғышқа тартылу.
Тренинг: « Біз тату баламыз » .
3 слайд
№ 2 Бақылау: Бұлтты бақылау. Мақсаты: Бұлттың түзілуі және олардың түрлерін :шарпы, будақ,қабатты бұлииарды ажырату . Еңбек :Ауладағы гүлдерді суару. Мақсаты: Балаларды қоршаған әлемге қамқорлықпен қарауға, табиғат әсемдігін сезіне білуге тәрбелеу. Жеке жұмыс: Аспанға ұшар бу болып Жерге қайтар су болып. (Бұлт) Мақсаты: Жұмбақ жаттата отырып, балалардың тіл байлығын байыту, дыбыстардың дұрыс айтуын қадағалау.Ойлау қабілетін арттыру. Ойын: « Кімге қандай құрал керек? » Мақсаты: Қандай жағдайда әр нәрсенің қажеттілігін білу мақсатында ойнату.Шапшаңдыққа баулу. Қимылдық ойын: « Соқыр теке » . Ойын барысы: Соқыртеке кең бөлмеде , аулада ойнауға болатын қызықты ойын.Шеңбер сызылып , оның ортасына көзі байланған « соқыртеке » жіберіледі.Қалғандары оны « соқыртеке бақ-бақ » ,- деп мазақтап түртіп қашады.Бірақ олар шеңберден шығып кетпеуі тиіс.Егер соқыртеке ойыншылардың бірін ұстап алса, даусына қарап оның атын айтады.Дәл тапса ұсталған адамның көзі байланып « соқыртек » болады.Ойынщылардың көзі байлаулы адамды әдейі сөзбен жетектеп отырып, алдап , шұңқырға , бағанаға қарай бағыттайды.Бұл ойынды көңілді, күлкілі етеді. Дербес ойындар: 1.Әткіншектебу. 2. Тартылғышқа тартылу. Тренинг: « Біз тату баламыз » .
4 слайд
№ 3
Бақылау: Жылы жаққа қайтқан тырналарды бақылау.
Мақсаты: Күзде тырналардың жылы жаққа кететіндігін, қыс
мезгілінде тамақтың тапшылығы, аяздың қаттылығы оларға қиынға
соғатындығын түсіндіру.
Еңбек : Құстарға жем сауыт жасау.
Мақсаты: Құстарға қамқорлық қарауға , аяушылық сезімдерін
оятуға тәрбиелеу.
Жеке жұмыс: Сап-сары боп келе жатқан ,
Сезді мекен күзді олар .
Қарлығаштар ұшып кетті,
Ұшып кетті тырналар.
Мақсаты: Балалардың сөздік қорларын молайтып , тілдің
грамматикасы дұрыс сақтау дағдысын қалыптастыру.
Дидактикалық ойын: « Күзде не киеміз? »
Мақсаты: Күз мезгіліне байланысты адамдардың киімкию үлгісін
көрсете түсіндіру.
Қимылдық ойын: « Аттамақ » .
Мақсаты:Денені шынықтыру, шапшаңдыққа , ептілікке баулу.
Ойын барысы: Бұл ойында үш жіпті керіп ұстап тұрады.Бріншісі-
төмен ,оны аттап өту керек, екінші-биік, оны еңкейіп, үшіншісіінен
тағы да аттап өту керек.Әуелі ойыншыны алып келіп, осы жіптерден
өткізіп , содан соң көзін байлап, бір айналдырып қояберу керек.Ойын
басқарушының белгісімен жіпті керіп ұстап тұрған адамдар жіпті
жинап , алады, ал ойыншы өзінше әрекеттеніп аттап жүреді.
1.Сазбалшықтан « қала » құрастырайық.
2. « Тәтті тоқаштар » пісірейік .
Тренинг : « Тырналар болып ұшайық » .
4 слайд
№ 3 Бақылау: Жылы жаққа қайтқан тырналарды бақылау. Мақсаты: Күзде тырналардың жылы жаққа кететіндігін, қыс мезгілінде тамақтың тапшылығы, аяздың қаттылығы оларға қиынға соғатындығын түсіндіру. Еңбек : Құстарға жем сауыт жасау. Мақсаты: Құстарға қамқорлық қарауға , аяушылық сезімдерін оятуға тәрбиелеу. Жеке жұмыс: Сап-сары боп келе жатқан , Сезді мекен күзді олар . Қарлығаштар ұшып кетті, Ұшып кетті тырналар. Мақсаты: Балалардың сөздік қорларын молайтып , тілдің грамматикасы дұрыс сақтау дағдысын қалыптастыру. Дидактикалық ойын: « Күзде не киеміз? » Мақсаты: Күз мезгіліне байланысты адамдардың киімкию үлгісін көрсете түсіндіру. Қимылдық ойын: « Аттамақ » . Мақсаты:Денені шынықтыру, шапшаңдыққа , ептілікке баулу. Ойын барысы: Бұл ойында үш жіпті керіп ұстап тұрады.Бріншісі- төмен ,оны аттап өту керек, екінші-биік, оны еңкейіп, үшіншісіінен тағы да аттап өту керек.Әуелі ойыншыны алып келіп, осы жіптерден өткізіп , содан соң көзін байлап, бір айналдырып қояберу керек.Ойын басқарушының белгісімен жіпті керіп ұстап тұрған адамдар жіпті жинап , алады, ал ойыншы өзінше әрекеттеніп аттап жүреді. 1.Сазбалшықтан « қала » құрастырайық. 2. « Тәтті тоқаштар » пісірейік . Тренинг : « Тырналар болып ұшайық » .
5 слайд
№ 4
Бақылау: Желді бақылау.
Мақсаты: Желдің түрлерімен таныстыру;салқын жел, жылы
жел, ұйытқып соққан жел.Желдің күштілігі ауа-райының
салқындығын үдететіндігін түсіндіру .
Еңбек : « Әдемі гүлдер »
Мақсаты: Гүлзардағы гүлдерді суару.Өсімдіктерге қамқор болу,
аялау, күту.
Жеке жұмыс: Тақпақ. « Жел »
Мақсаты: Балаларға жел туралы өлең жаттату арқылы тілдегі
дауыс ырғағының мәнерлілігін сезіне білуге мүмкіндік туғызу.
Жел улейді у-у-у.
Құйын келіп билейді зу-зу-зу
Қатты-қатты жел соқтыгу-гу-гу,
Жапырақтар қол соқты ду-ду-ду.
Қимылдық ойын: « Айгөлек-ау, айгөлек » .
Мақсаты: Қандай жағдайда әр нәрсенің қажеттілігін білу
мақсатында ойнату.Шапшаңдыққа баулу.
Қимылдық ойын: « Орамал тастау » .
Ойын барысы: Орамал тастау ойыны қатысушылар араласа
шеңбер құрып отырады.Ойын бастаушының қолындағы орамал
шиыршықталған,ұруға ыңғайлы болады.Ойнаушылар ән немесе
әңгіме айтып отырғанда бастаушы оларды сырттарынан
айналып, біреуді белгілеп, оның артына қолындағы орамалды
тастап кетеді.Егер қайта айналып келгенде әлгі адам өзінің сырт
жағында қалған орамалды байқамаса, басқаоушы оны
орамалмен ұрғылайды.Ал, егер отырған адам өзінің сыртына
орамал түскенін байқаса , бастаушыны қууға тиіс.Ойыншыдан
қашып жүрген бастаушы босап қалғанорынға келіп отырады.
Дербес ойындар:
1. « Желмен жарысайық »
2. « Менің әдемі үйім » (құрастыру)
Тренинг: « Қолшатыр астында » .
5 слайд
№ 4 Бақылау: Желді бақылау. Мақсаты: Желдің түрлерімен таныстыру;салқын жел, жылы жел, ұйытқып соққан жел.Желдің күштілігі ауа-райының салқындығын үдететіндігін түсіндіру . Еңбек : « Әдемі гүлдер » Мақсаты: Гүлзардағы гүлдерді суару.Өсімдіктерге қамқор болу, аялау, күту. Жеке жұмыс: Тақпақ. « Жел » Мақсаты: Балаларға жел туралы өлең жаттату арқылы тілдегі дауыс ырғағының мәнерлілігін сезіне білуге мүмкіндік туғызу. Жел улейді у-у-у. Құйын келіп билейді зу-зу-зу Қатты-қатты жел соқтыгу-гу-гу, Жапырақтар қол соқты ду-ду-ду. Қимылдық ойын: « Айгөлек-ау, айгөлек » . Мақсаты: Қандай жағдайда әр нәрсенің қажеттілігін білу мақсатында ойнату.Шапшаңдыққа баулу. Қимылдық ойын: « Орамал тастау » . Ойын барысы: Орамал тастау ойыны қатысушылар араласа шеңбер құрып отырады.Ойын бастаушының қолындағы орамал шиыршықталған,ұруға ыңғайлы болады.Ойнаушылар ән немесе әңгіме айтып отырғанда бастаушы оларды сырттарынан айналып, біреуді белгілеп, оның артына қолындағы орамалды тастап кетеді.Егер қайта айналып келгенде әлгі адам өзінің сырт жағында қалған орамалды байқамаса, басқаоушы оны орамалмен ұрғылайды.Ал, егер отырған адам өзінің сыртына орамал түскенін байқаса , бастаушыны қууға тиіс.Ойыншыдан қашып жүрген бастаушы босап қалғанорынға келіп отырады. Дербес ойындар: 1. « Желмен жарысайық » 2. « Менің әдемі үйім » (құрастыру) Тренинг: « Қолшатыр астында » .
6 слайд
№ 5
Бақылау: Көшедегі машиналарды бақылау.
Мақсаты: Көшедегі машиналардың жүрісін бақылау.Олардың
түрлерімен таныстыру.Машина адам үшін , уақытын
үнемдейтіндігімен түсіндіру.Машинаға қарсы жүгірмеу, көше
тәртібін құрыс сақтап жүруге үйрету.
Еңбек : Ағаш түптерін қопсыту, су құю.
Мақсаты: Табиғатты аялай білуге, өсімдіктерге қамқор болуға
үйрету.
Жеке жұмыс: « Алтын күз » тақырыбына сурет бойынша
әңгімелесу
Мақсаты: Балаларды сурет бойынша әңгіме құрауға
дағдыландыру; тілдің грамматикалық құралуын одан әрі дамыту
және сөздік қоыр молайту.
Қимылдық ойын: « Ақ қояным »
Мақсаты: Балаларға әртүрлі қимылдар жасату арқылы денелерін
ширату, көңілдерін көтеру.
Қимылдық ойын: « Ұшты-ұшты »
Ойын барысы: « Осы кезде ұшты-ұшты қазан ұшты, ұшты-ұшты
қабан ұшты » ,- дейді. Осы кезде ұшпайтын нәресеге қолын
көтерген кісі айыпты болып есептеледі.Үшатын және ұшпайтын
нәрселер жұртты жаңылту мақсатында әдейі арба- қарға,үйрек-
бүйрек, кептер- кепсер, көже- шөже, іркіт- бүркіт болып
айтылады.Есек ұшты, есік үшты, етік үшты, бесік ұшты деп ұзақ
айтылып келіп, шөмеле ұшты, бөдене ұшты деп жаңылыстыруға
болады.
Дербес ойындар:
•
« Тәтті тоқаштар » пісірейік
•
« Мені қуып жет » .
Тренинг: « Шаңырақ »
6 слайд
№ 5 Бақылау: Көшедегі машиналарды бақылау. Мақсаты: Көшедегі машиналардың жүрісін бақылау.Олардың түрлерімен таныстыру.Машина адам үшін , уақытын үнемдейтіндігімен түсіндіру.Машинаға қарсы жүгірмеу, көше тәртібін құрыс сақтап жүруге үйрету. Еңбек : Ағаш түптерін қопсыту, су құю. Мақсаты: Табиғатты аялай білуге, өсімдіктерге қамқор болуға үйрету. Жеке жұмыс: « Алтын күз » тақырыбына сурет бойынша әңгімелесу Мақсаты: Балаларды сурет бойынша әңгіме құрауға дағдыландыру; тілдің грамматикалық құралуын одан әрі дамыту және сөздік қоыр молайту. Қимылдық ойын: « Ақ қояным » Мақсаты: Балаларға әртүрлі қимылдар жасату арқылы денелерін ширату, көңілдерін көтеру. Қимылдық ойын: « Ұшты-ұшты » Ойын барысы: « Осы кезде ұшты-ұшты қазан ұшты, ұшты-ұшты қабан ұшты » ,- дейді. Осы кезде ұшпайтын нәресеге қолын көтерген кісі айыпты болып есептеледі.Үшатын және ұшпайтын нәрселер жұртты жаңылту мақсатында әдейі арба- қарға,үйрек- бүйрек, кептер- кепсер, көже- шөже, іркіт- бүркіт болып айтылады.Есек ұшты, есік үшты, етік үшты, бесік ұшты деп ұзақ айтылып келіп, шөмеле ұшты, бөдене ұшты деп жаңылыстыруға болады. Дербес ойындар: • « Тәтті тоқаштар » пісірейік • « Мені қуып жет » . Тренинг: « Шаңырақ »