Куратолық сағат. Отбасылық құндылық

#1 слайд
- ҚАРАҒАНДЫ ТЕМІРЖОЛ КОЛЛЕДЖІ
Отбасы құндылықтары
Өндірістік оқыту шебері:
Жунусова Толкын Шакаримовна
16.09.2020ж
1 слайд
- ҚАРАҒАНДЫ ТЕМІРЖОЛ КОЛЛЕДЖІ Отбасы құндылықтары Өндірістік оқыту шебері: Жунусова Толкын Шакаримовна 16.09.2020ж
#2 слайд
- МАҚСАТЫ:
Отбасы тәрбиесі мәселелерінің
өзектілігі, оқушылардың отбасындағы
алатын білімін ауқымдату;
Әр адамның отбасындағы тұлға
екендігін анықтау;
Баланың тұлға ретінде қалыптасуына
отбасының рөлінің маңыздылығы;
Патриоттық көзқарасын
қалыптастыру.
2 слайд
- МАҚСАТЫ: Отбасы тәрбиесі мәселелерінің өзектілігі, оқушылардың отбасындағы алатын білімін ауқымдату; Әр адамның отбасындағы тұлға екендігін анықтау; Баланың тұлға ретінде қалыптасуына отбасының рөлінің маңыздылығы; Патриоттық көзқарасын қалыптастыру.
#3 слайд
- МІНДЕТТЕРІ:
Үлкен ұрпақтың адами тәрбиесінің тәжірибесін
қалыптастыру;
Өз отбасының тарихын білу;
Сұранысты дамыту;
Балалардың моральдық тұрғыдан дамыту;
Адамгершілік тұрғыдан өзін-өзі қалыптастыру;
Өзінің іс-әрекетіне анализ жасау;
Өзін-өзі тәрбиелеу;
Патриоттық және азаматтық тәрбиені дамыту.
3 слайд
- МІНДЕТТЕРІ: Үлкен ұрпақтың адами тәрбиесінің тәжірибесін қалыптастыру; Өз отбасының тарихын білу; Сұранысты дамыту; Балалардың моральдық тұрғыдан дамыту; Адамгершілік тұрғыдан өзін-өзі қалыптастыру; Өзінің іс-әрекетіне анализ жасау; Өзін-өзі тәрбиелеу; Патриоттық және азаматтық тәрбиені дамыту.
#4 слайд
- Отбасы
Отбасы — бірлесіп күн көретін,
туыстық қатынаста тұратын
адамдар тобы. Балалар тәрбиесін
жүзеге асырып, басқа да
қоғамдық тұрғыдан мәнді
қажеттіліктерді
қанағаттандыратын
некелік немесе туыстық
қатынастармен байланысқан
адамдар тобы.
4 слайд
- Отбасы Отбасы — бірлесіп күн көретін, туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы. Балалар тәрбиесін жүзеге асырып, басқа да қоғамдық тұрғыдан мәнді қажеттіліктерді қанағаттандыратын некелік немесе туыстық қатынастармен байланысқан адамдар тобы.
#5 слайд
- Отбасылық құндылықтар дегеніміз?
Бір-бірін сүйіп қосылған жанұялардың
отбасын сақтау үшін қолданатын ежелден келе
жатқан салт-дәстүрі. Әрбір отбасының өз
құндылықтары болады. Ол құндылықтар
ежелден бері келе жатқан немесе жаңадан
шығарылған құндылықтар болуы мүмкін.
Бұдан басқа адамдар отбасылық
құндылықтарды басты 3 топқа бөледі.
Олар дәстүрлі , қазіргі , тәрбиелі
отбасылық құндылықтар деп аталады.
5 слайд
- Отбасылық құндылықтар дегеніміз? Бір-бірін сүйіп қосылған жанұялардың отбасын сақтау үшін қолданатын ежелден келе жатқан салт-дәстүрі. Әрбір отбасының өз құндылықтары болады. Ол құндылықтар ежелден бері келе жатқан немесе жаңадан шығарылған құндылықтар болуы мүмкін. Бұдан басқа адамдар отбасылық құндылықтарды басты 3 топқа бөледі. Олар дәстүрлі , қазіргі , тәрбиелі отбасылық құндылықтар деп аталады.
#6 слайд
-Дәстүрлі отбасылық құндылықтар
Дәстүрлі отбасылық құндылықтар дегеніміз
қарт адамдардың жас отбасыға берген ақыл-кеңестері.
Қазіргі таңдағы жас отбасылардың ажырасу
статистикасы өскеніне байланысты жас отбасыларға
олардың дәстүрлі отбасылық құндылықтары туралы
теледидардан , ғаламтордан көруге болады. Әр
отбасыда бұл құндылықтар әртүрлі. Бірақ олардың
ұқсас жақтары да бар. Мысалы, кез-келген жанұяда
дінді сақтау, некені бұзбау, ұрпақ жалғастыру, баларды
тәрбиелеу деген дәстүрлі отбасылық құндылықтар
ортақ болады.
6 слайд
-Дәстүрлі отбасылық құндылықтар Дәстүрлі отбасылық құндылықтар дегеніміз қарт адамдардың жас отбасыға берген ақыл-кеңестері. Қазіргі таңдағы жас отбасылардың ажырасу статистикасы өскеніне байланысты жас отбасыларға олардың дәстүрлі отбасылық құндылықтары туралы теледидардан , ғаламтордан көруге болады. Әр отбасыда бұл құндылықтар әртүрлі. Бірақ олардың ұқсас жақтары да бар. Мысалы, кез-келген жанұяда дінді сақтау, некені бұзбау, ұрпақ жалғастыру, баларды тәрбиелеу деген дәстүрлі отбасылық құндылықтар ортақ болады.
#7 слайд
- Қазіргі отбасылық құндылықтар
Қазіргі таңдағы отбасылар бұрынғы салт-дәстүрді
ұстануда. Бірақ сол ұстанымның өзгеруіне
байланысты олар әр отбасыда әртүрлі. Ол
ұстанымның өзгеру себептері заманның өзгеруіне
байланысты. Себебі әр замандағы адам әртүрлі.
Мысалы, бұрынғы замандағы отбасы
құндылықтарымен қазір өмір сүру мүмкін емес.
Бұрын адамдар әйелдеріне орамалды сыйға тартса,
қазіргі жас отбасылар бір-біріне гүл немесе көйлек
сыйлайды. Сонымен қатар қазіргі отбасылық
құндылықтарға махаббат, сенім, түсіністік және т.б
жатады.
7 слайд
- Қазіргі отбасылық құндылықтар Қазіргі таңдағы отбасылар бұрынғы салт-дәстүрді ұстануда. Бірақ сол ұстанымның өзгеруіне байланысты олар әр отбасыда әртүрлі. Ол ұстанымның өзгеру себептері заманның өзгеруіне байланысты. Себебі әр замандағы адам әртүрлі. Мысалы, бұрынғы замандағы отбасы құндылықтарымен қазір өмір сүру мүмкін емес. Бұрын адамдар әйелдеріне орамалды сыйға тартса, қазіргі жас отбасылар бір-біріне гүл немесе көйлек сыйлайды. Сонымен қатар қазіргі отбасылық құндылықтарға махаббат, сенім, түсіністік және т.б жатады.
#8 слайд
- Тәрбиелі отбасы құндылықтары.
Отбасын құрғандардың басты мақсаты-
бақытты ғұмыр кешу. Адамдар некеге
тұрғанда көптеген қиындықтарды
бастарынан өткереді. Келіспеушілік болғанда
олар өз қателерін түсініп, кешірім танытып,
қайта бірге болады. Оларды біріктіретін
тәрбиелі отбасылық құндылықтар
Тәрбиелі отбасылық құндылықтарға құрмет,
сыйластық, қолдау, отбасылық естеліктер
жатады.
Балалар өз бойынан ата - анасының бар
болмысын көрсетсе, керісінше ата - аналар да
өмірінің жалғасын балаларынан көреді
8 слайд
- Тәрбиелі отбасы құндылықтары. Отбасын құрғандардың басты мақсаты- бақытты ғұмыр кешу. Адамдар некеге тұрғанда көптеген қиындықтарды бастарынан өткереді. Келіспеушілік болғанда олар өз қателерін түсініп, кешірім танытып, қайта бірге болады. Оларды біріктіретін тәрбиелі отбасылық құндылықтар Тәрбиелі отбасылық құндылықтарға құрмет, сыйластық, қолдау, отбасылық естеліктер жатады. Балалар өз бойынан ата - анасының бар болмысын көрсетсе, керісінше ата - аналар да өмірінің жалғасын балаларынан көреді
#9 слайд
- ДӘЙЕКСӨЗ
«Үлкен алдында жас қарызы, ата алдында бала қарызы - әдеп пен сый »
Мұхтар Әуезов
Отбасының өнегесі – Отан өнегесі
«Ұлт болам десеңіз, бесігіңді түзе»
«Бала тәрбиесі — бесіктен»
Шаңырақ сәні – сыйластық
(Халық мақалы)
9 слайд
- ДӘЙЕКСӨЗ «Үлкен алдында жас қарызы, ата алдында бала қарызы - әдеп пен сый » Мұхтар Әуезов Отбасының өнегесі – Отан өнегесі «Ұлт болам десеңіз, бесігіңді түзе» «Бала тәрбиесі — бесіктен» Шаңырақ сәні – сыйластық (Халық мақалы)
#10 слайд
Б арлы қ ағайы нды
ж ақы ндаст ы руш ы
О т басы
м үш елерінің бір-
біріне деген
сүйіспенш ілігі
Т уы сканды қ,
бірлік
ұғы м дары н
т уды руш ы
О т басы
м үш елерінің бір-
біріне деген
м ейірім ділігі
К іш кене бір
м ем лекет т ік орт а
Ұ рпақ пен
ұрпақт ы
т абы ст ы руш ы Ұ рпақ өрбіт уш і
ерекш е ұяОТБАСЫ
ҚҰНДЫЛЫҒЫ
10 слайд
Б арлы қ ағайы нды ж ақы ндаст ы руш ы О т басы м үш елерінің бір- біріне деген сүйіспенш ілігі Т уы сканды қ, бірлік ұғы м дары н т уды руш ы О т басы м үш елерінің бір- біріне деген м ейірім ділігі К іш кене бір м ем лекет т ік орт а Ұ рпақ пен ұрпақт ы т абы ст ы руш ы Ұ рпақ өрбіт уш і ерекш е ұяОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
#11 слайд
-Б а қ ы т
т
ы
о т
б а с ы н ы ң
1 0 е р е ж
е с і
11 слайд
-Б а қ ы т т ы о т б а с ы н ы ң 1 0 е р е ж е с і
#12 слайд
- 1 - ережесі
Ең әуелі «отбасы» сөзінің мағынасын түсініп
алыңыз. Отбасын құру – махаббатты мәңгі
сақтап, сыйластықты күшейту деген сөз.
Отбасын құрғанда тек өз мүддеңді ғана
ойлауға болмайды, әрбір іс-әрекетті ойланып,
сараптау қажет.
12 слайд
- 1 - ережесі Ең әуелі «отбасы» сөзінің мағынасын түсініп алыңыз. Отбасын құру – махаббатты мәңгі сақтап, сыйластықты күшейту деген сөз. Отбасын құрғанда тек өз мүддеңді ғана ойлауға болмайды, әрбір іс-әрекетті ойланып, сараптау қажет.
#13 слайд
- 2 - ережесі
Бақытты отбасы селкеусіз сенімнен тұрады.
Адалдық пен шыншылдықтың шаңырақта берік
орын алуын қадағалаңыз. Себебі бақытты отбасы
бұл екеуін негізге ала отырып бір-біріне көзсіз
сенеді.
Сонымен қатар бір-біріңізге ашық, еркін әңгіме
айтудан қашпаңыздар.
13 слайд
- 2 - ережесі Бақытты отбасы селкеусіз сенімнен тұрады. Адалдық пен шыншылдықтың шаңырақта берік орын алуын қадағалаңыз. Себебі бақытты отбасы бұл екеуін негізге ала отырып бір-біріне көзсіз сенеді. Сонымен қатар бір-біріңізге ашық, еркін әңгіме айтудан қашпаңыздар.
#14 слайд
- 3 - ережесі
Жұмыс пен қызметтің отбасынсыз құны жоқ.
Егер жұмысыңыз отбасына көңіл бөлуге мұрша
бермейтін болса, ыңғайлы жағын қарастыру
қажет. Себебі жұмыс пен қызмет сізді кез
келген уақытта керексіз етіп тастауы мүмкін,
ал отбасына әрқашан қажетсіз.
14 слайд
- 3 - ережесі Жұмыс пен қызметтің отбасынсыз құны жоқ. Егер жұмысыңыз отбасына көңіл бөлуге мұрша бермейтін болса, ыңғайлы жағын қарастыру қажет. Себебі жұмыс пен қызмет сізді кез келген уақытта керексіз етіп тастауы мүмкін, ал отбасына әрқашан қажетсіз.
#15 слайд
- 4- ережесі
Сабыр және сыйластықпен өмір сүруге
бейімделу қажет. Екеуі де сіздің отбасындағы
тыныштық пен татулыққа, берекеге, қызмет
жасайды. Тіпті келіспей қалған жағдайда ерінің
әйелімен сауғаласып, әйелінің орынсыз сөздер
айтуына шек қою қажет. Бірнеше сағат жеке
қалу сіздің ашуыңызды баса түседі. Ал күйеудің
мұндай сәтте достарына не ата-анасына
барғаны дұрыс емес. Сонымен қатар, ішімдікті
ауызға алу басты қателік.
15 слайд
- 4- ережесі Сабыр және сыйластықпен өмір сүруге бейімделу қажет. Екеуі де сіздің отбасындағы тыныштық пен татулыққа, берекеге, қызмет жасайды. Тіпті келіспей қалған жағдайда ерінің әйелімен сауғаласып, әйелінің орынсыз сөздер айтуына шек қою қажет. Бірнеше сағат жеке қалу сіздің ашуыңызды баса түседі. Ал күйеудің мұндай сәтте достарына не ата-анасына барғаны дұрыс емес. Сонымен қатар, ішімдікті ауызға алу басты қателік.
#16 слайд
- 5- ережесі
Ә йел өзінің орнын біліп, ерін өзінен жоғары
қоюы керек. Себебі күйеуіңізді “пірім” деп
аялай отырып, сізді “асыл жарым” деп айтар
жолға жетелейсіз. Тамағын дәмділеп беріп,
жағдайын жасау арқылы, сізді “отбасымның
берекесін кіргізіп отырған берекелі қосағым”
деген ой қалыптастырасыз. Сырымен бөлісіп,
мұңын тыңдау арқылы жан досына, ақыл
айтар ақылшысына айналасыз.
16 слайд
- 5- ережесі Ә йел өзінің орнын біліп, ерін өзінен жоғары қоюы керек. Себебі күйеуіңізді “пірім” деп аялай отырып, сізді “асыл жарым” деп айтар жолға жетелейсіз. Тамағын дәмділеп беріп, жағдайын жасау арқылы, сізді “отбасымның берекесін кіргізіп отырған берекелі қосағым” деген ой қалыптастырасыз. Сырымен бөлісіп, мұңын тыңдау арқылы жан досына, ақыл айтар ақылшысына айналасыз.
#17 слайд
- 6- ережесі
Бақытты ерлі-зайыптылар бір-біріне көңіл
бөледі. Әсіресе әйелдер қауымы өзіне ерекше
көңіл бөлгенді, сыйлық алғанды жақсы көреді.
Сол секілді жігіттер де сүйгенінен жылулықты,
қамқорлықты қалайды. Бір-бірлеріңіздің
жағдайларыңызды жасау арқылы,
өмірлеріңіздің жандандыру ісін жасайсыздар.
17 слайд
- 6- ережесі Бақытты ерлі-зайыптылар бір-біріне көңіл бөледі. Әсіресе әйелдер қауымы өзіне ерекше көңіл бөлгенді, сыйлық алғанды жақсы көреді. Сол секілді жігіттер де сүйгенінен жылулықты, қамқорлықты қалайды. Бір-бірлеріңіздің жағдайларыңызды жасау арқылы, өмірлеріңіздің жандандыру ісін жасайсыздар.
#18 слайд
- 7- ережесі
Ортақ келісім мен ортақ шешім. Отбасы – қос
жүректің одағы. Сондықтан кез келген мәселе
мен қиындықта бірге ақылдасу мен бір-бірінің
ойына құлақ асу, көзқарасымен санасу одақтың
орнықты, орынды болуына алып келеді.
18 слайд
- 7- ережесі Ортақ келісім мен ортақ шешім. Отбасы – қос жүректің одағы. Сондықтан кез келген мәселе мен қиындықта бірге ақылдасу мен бір-бірінің ойына құлақ асу, көзқарасымен санасу одақтың орнықты, орынды болуына алып келеді.
#19 слайд
- 8- ережесі
Сүйген адам кешірімді. Әйел мен ердің
кішіпейілділігі мен мол түсінігі түсініспеушілік
атаулының кез келгеніне төтеп бере алады.
Сонымен қатар бақытты отбасыдағы ерлі-
зайыптылар бір-бірінің кез келген қателіктерін
кешіре алады. Отбасында түсіністік пен сенімді
басты орынға қояды.
19 слайд
- 8- ережесі Сүйген адам кешірімді. Әйел мен ердің кішіпейілділігі мен мол түсінігі түсініспеушілік атаулының кез келгеніне төтеп бере алады. Сонымен қатар бақытты отбасыдағы ерлі- зайыптылар бір-бірінің кез келген қателіктерін кешіре алады. Отбасында түсіністік пен сенімді басты орынға қояды.
#20 слайд
- 9- ережесі
Жақсы отанасы болыңыз. Себебі, отбасында
барлығы әйелдің қолында. Үй тірлігін
міндетсімей, тау қопарып жатқандай
жасамаңыз және күйеуіңізге тұрмыстық
ауыртпалықты түсірмеңіз. Сонымен қатар
үйдегі кеңістікті ұтымды үйлестіріңіз. Тәтті
тағамыңыз бен таза үйіңіз, жылы қабағыңыз
үйдің берекесін келтіреді.
20 слайд
- 9- ережесі Жақсы отанасы болыңыз. Себебі, отбасында барлығы әйелдің қолында. Үй тірлігін міндетсімей, тау қопарып жатқандай жасамаңыз және күйеуіңізге тұрмыстық ауыртпалықты түсірмеңіз. Сонымен қатар үйдегі кеңістікті ұтымды үйлестіріңіз. Тәтті тағамыңыз бен таза үйіңіз, жылы қабағыңыз үйдің берекесін келтіреді.
#21 слайд
-
21 слайд
-
#22 слайд
-
Назарларыңызға рахмет!!!
22 слайд
- Назарларыңызға рахмет!!!
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген